Жекелеген қылмыстармен көптік қылмыстардың ара қатынасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

§1. Жекелеген қылмыстармен көптік қылмыстардың ара қатынасы

Оқулықтың бірінші тақырыбында қылмысты квалификациялау қағидаларының бірі ретінде «квалификацияның толық және дұрыс» болуын атадық. Бұл қағиданың негізгі мағынасы қылмыс уақиғасын-дағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді толық қамту және қолданылып отыр-ған бап қауіпті әрекеттерді толық қамти алмағанда осындай әрекет не­месе зардап қарастырылған өзге баптарды да қолдануды білдіреді. Міне, қылмысты іс-әрекеттерді квалификация жасау кезінде толық қамту қағидасы қылмыстың көптілігі мәселесінде қарастырылады.

Адамдар қылмысты әрекеттермен айналысқанда көпшілік жағдай-ларда бір қылмыс жасаумен шектелсе, кейде бір адамның бір неше қылмыстарды жасайтын кездері болады. Мұндай жағдайдың да көріністері қылмыстық құқықта айтылғандай бір неше түрлерде кезде-седі, яғни адам қылмыстық заңның әр түрлі баптарымен немесе бір ба-бымен қарастырылған қылмыстарды жасауы немесе бұрын қылмыс жасағандығы үшін сотталған адамның қайтадан қылмыс жасайтын кез-дері болады. Осындай кездерде әдеттегі бір қылмыс үшін квалифика­ция жасауға және жауаптылық белгілеуге қарағанда қылмысты әрекеттердің көптілігіне байланысты квалификация жүргізуде және жауапты-лық белгілеу мәселесінде өзгешелік болады немесе арнайы ережелер қолданылады. Бірақ жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың арасында кейде ұқсастық кездесетін кездері болады немесе жекелеген қылмыстардың кейбір түрлері көптік қылмыстарға ұқсас болады деуге болады. Квалификацияны мұндай кездерде дұрыс жүргізу үшін жеке-леген қылмыстардың негізгі белгілерін және оның көптік қылмыстарға ұқсайтын түрлерінің түсінігін, мағынасын қарастыра кеткен жөн. Сондықтан қылмыстық құқықта қылмыстың көптілігі тақырыбы әдетте же-келеген қылмыстардың түсінігімен, оның түрлерімен басталады.

Жекелеген қылмыстар көптік қылмыстардан негізінен қылмысты әрекеттердің көлемі немесе қылмыстық заңмен қорғалатын объектілердің саны, бір неше кінә нысандары бойынша емес, қылмыс құрамдарының көлемі бойынша ажыратылады. Көптік қылмыстардың түсінігін ашуда құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субъектісі ерекшелік байқа-тады, өйткені бұл мәселеде бір адамның бір неше қылмысты іс-әрекеттер жасаған жағдайына құқықтық баға беріледі. Бірақ бұл белгіні де міндетті белгі қатарына жатқызуға болмайды, себебі көптік қылмыстар мәселесі бір неше адамдардың бірлесуі арқылы жасалатын қылмысқа қатысушылықта да кездесе алады. Қылмыс бір адаммен немесе бір неше адаммен жасалсын, бірақ одан көптік қылмыстарды квалификациялау ережесі өзгермейді, тек жасалған қылмысқа байланысты адамның кінәсі болса жеткілікті.

Жекелеген қылмыстар ретінде бір қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттер танылады деп түсіну керек. Мұндай түсінік бір эпизодтан тұра-тын және бір іс-әрекетті орындаумен-ақ аяқталған қылмысты білдіретін жекелеген қылмыстардың қарапайым ұғымын білдіреді. Ал қылмыс күрделі сипатта болғанда, яғни бір неше эпизодтан тұрғанда немесе ұқсас бір неше әрекеттердің жасалуымен анықталғанда бұл іс-әрекеттердің жиынтығы бір қылмысты немесе бір неше қылмысты білдіретінін анық-тау, соған сәйкес квалификация жасау да қиындық туындайды. Мысалы бір неше рет жасалған ұрлық әрекетінің әр қайсысы аяқталған ұрлық қылмыстарын білдіргенде, мұндай әрекеттерді бір неше рет жасалған ұрлық деп тану керек пе немесе ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп ба-ғалау керек пе деген сұрақ туындауы мүмкін. Сол сияқты бір қылмыс-кер бір неше адамды өлтіріп, олардың әр қайсысы жеке қылмысты ни-еттермен жасалғанда, бұл қылмыстарды екі немесе одан көп адамды өлтіру деп түсіну керек пе, әлде қылмыстар жиынтығымен квалифика­ция жасау керек пе деген мәселе туындауы мүмкін. Яғни осы тәріздес жағдайларда іс-әрекеттерді бір жеке қылмыс деп немесе көптік қылмыс ретінде тану туралы мәселе туындауы мүмкін. Мұндай жағдай-ларға құқықтық бағаны дұрыс беру үшін жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстардың түсінігін және олардың айырмашылығын білу ғана қажет емес, сонымен қатар заң нормаларының мазмұнына, іс-әрекеттерді қамту деңгейіне көңіл аудару керек. Заң шығарушы кейбір қылмыстардың жасалуы кезінде жиі орын алатын басқа қылмыстың негізгі белгілерін осы қылмыста да келтіріп, қылмысты бір неше объектілі немесе бір неше әрекеттердің орындалуымен сипаттағанда осы қылмыстың табиғатын көрсетуге және оның қоғамға қауіптілік дәре-жесін анықтауға тырысады. Мысалы зорлық-зомбылықпен ұштастыры-ла жасалатын қылмыстарда адамның денсаулығына, меншікке зардап келуін құрамның негізгі бөлімінде немесе ауырлататын құрамы ретінде келтіруі кездеседі. Айталық, қарақшылық қылмысы үшін жауаптылық қарастыратын 179 баптың 2 бөлімінің «г» пунктінде «қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған» қарақшылық әрекет қарастырылған. Баптың бұл бөлімінде екі қылмыстың, яғни қарақшылық және 251 баптағы қаруды заңсыз алып жүру қылмыста-рының белгілері келтірілген және қарақшылық қылмысында қару қол-дана отырып жасауды осы бөлімде көрсеткенде осы қылмыстың негізгі мағынасын ескере отырып, оның бір көрінісі үшін жеке жауаптылық қарастырған. Қарақшылық қылмысының негізгі мағынасы меншікке қарсы әрекетті адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті шабуыл арқы-лы іске асыруды білдіреді. Олай болса бұл қылмыстың жасалуы кезін-де қару қолдау, жәбірленушінің денсаулығы мен өміріне зардаптың келуі эбден мүмкін және мұндай тәсілдің, зардаптың баптың мазмұнында қарастырылуына назар аудара отырып, екі қылмыс немесе қылмыстың көптілігі ретінде емес, жеке бір қылмыс деп түсініп квалификация кез-інде бір бапты қолдану керек.

Бұл айтылғандар жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыстарды заң нормаларының мазмұнына қарай отырып ажыратуға болатынын білдіреді. Әйтсе де жекелеген қылмыстардың негізгі мағынасы, оның құрылысы қалай болуы керек деген сұрақ туындайды. Әдебиеттерде бұл мәселеге бір келкі жауаптар кездеспейді. Бір зерттеушілер жекеле-ген қылмыстарды «бір мақсатқа жетуге бағытталған бір тектес актілердің орын алуы» түрінде анықтаса, 1 кейбір ғалымдар «бір немесе бір тектес әрекеттермен жасалған және бір кінә түрімен орындалатын, сонымен қатар бір зардап түрінің немесе бір тектес зардаптардың туындауын білдіретін қылмыстар деп анықтайды. 2 Сондай-ақ, «жекелеген қылмыстардың әлеуметтік мағынасы, көбінесе бірге жасалатын, әдетте ортақ объективтік және субъективтік белгілері болатын, өз ара бір-бірімен тығыз байланысты сақтайтын және өзінің қоғамға қарсы мағынасы бой-ынша кейбір қылмыскерлердің санаттарына тән құқыққа қайшы әрекеттердің бейнесі болып табылады. Ал құқықтық нысаны жағынан ал-

Герцензон А. А. Квалификация преступления. М., 1947. С. 20. Яковлев А. М. Совокупность преступлений по советскому уголовному пра­ву. М., 1960. С. 22.

ғанда, жекелеген қылмыстар қылмыстық құқықтық нормалармен бір қылмыс құрамы ретінде қарастырылған әрекеттер болып табылады» деген көз-қараста кездеседі. 1

Жекелеген қылмыстардың мағынасын ашу үшін жеке қылмыстық құрамдарды бейнелеуге арналған қылмыстық заң нормаларының негізгі бағытын, олардың белгілері бойынша әр түрлі деңгейде болатынын ес-керу керек тәрізді. Өйткені жекелеген қылмыстар жоғарыда келтірген кейбір зерттеушілердің айтқанындай қылмыстық заң нормаларында бір әрекет, бір зардап немесе бір кінә нысанымен анықталып, сипатталып жатпайды. Бір әрекет, бір немесе бір тектес зардаптар, бір кінә нысаны кездесетін жекелеген қылмыстар жай немесе қарапайым қылмыс түрлерін білдіреді. Мысалы кісі өлтіру, ұрлық сияқты қылмыстар не-гізінен объектіге қарсы бағытталған бір әрекетпен (адамды өмірінен айыратын, мүлікті жасырын түрде алатын), кінә нысаны қашанда қаса-қаналықпен анықталады. Ал күрделі құрамдар деп аталатын кейбір қылмыстардың құрылымы немесе құрам элементтерін сипаттайтын белгілердің көлемі бұған қарағанда күрделі болып келеді. Қылмыстық заңдағы көптеген қылмыстар негізгі және қосымша түрдегі бір неше объектілермен, объективтік жағының белгілері бойынша бір неше құрамдас іс-әрекеттермен, екі немесе одан көп зардаптармен, сондай-ақ кінәнің екі нысанымен де сипатталады. Мысалы адамды ұрлау, ке-пілге алу сияқты қылмыстарды жасау кезінде жәбірленушінің денсау-лығына әр түрлі дәрежедегі зардаптар келуі, адамның бостандығына қарсы бағытталған әрекеттерді қасақаналықпен жасағанмен жәбірле-нушінің өмірі мен денсаулығына зардапты тек қасақаналықпен ғана емес, абайсыздықпен де келтіруі, соған сәйкес бір неше объекті түріне зиян келтіруі мүмкін. Бір қылмысты орындау кезінде орын алуы мүмкін осындай белгілерді жекелеген қылмыс құрамдарының да қамту дең-гейі әр түрлі деуге болады. Заң баптарының немесе қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің күрделіленуі, эсіресе 1998 жылдан бергі қылмыстық заңда анық байқалады. Өйткені қолданыстағы заң қылмысты жасау кезінде орын алуы мүмкін өзге де немесе негізгі зардаппен са-лыстырғанда ауырырақ зардаптардың, абайсыздықтың да белгілері кез-десуі мүмкін екендігін жеткілікті ескерген және осы қылмыстың негізгі мағынасын, құқықтық табиғатын ашу үшін қолданылатын қажетті белгілерден де басқа осы қылмыстың жасалуы кезінде кездесуі мүмкін, бірақ өзге қылмыстарға тән белгілерді бір қылмыстық құрамның көле-мінде келтіреді. Мысалы жоғарыда аталған адамды ұрлау қылмысының негізгі мағынасын, құрамын ашу үшін қолданылатын белгілер, ол адамның жеке бостандығы, адамды басқа жаққа еріксіз алып кету және мұндай әрекетті қасақана жасау болып табылады. Бірақ адамды ұрла-ғандық үшін жауаптылық қарастыратын 125 баптың өзге бөлімдерінде осы қылмысты жасау кезінде кездесуі эбден мүмкін адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану немесе осындай зардаптар келтіру, қару қолдану, топ адам болып жасау әрекеттері келтірілген. Демек, заң шығарушы қылмыстың ауырлататын құрамдарын ашуды мақсат етіп, ауырлататын белгілерді келтіргенде, осы қылмысты және оның жеке-леген құрамдарын толық ашуға, анық бейнелеуге тырысқан. Сондық-тан жекелеген қылмыстардың мағынасы құрам элементтерінің негізгі белгілерімен анықтаумен ашылмайды. Байқап отырғанымыздай қылмыстық құқықтық нормалардың дамуында жай қылмыстан күрделі қылмысқа көшіру, осы қылмыстың әр түрлі көріністерін бейнелеу, сипаттау байқалады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып айтқанда, «жекелеген қылмыс дегеніміз, қылмыстық құқықтық нормалармен қарастырылған бір қылмыс құрамын білдіретін қылмыстар» деген түсінік тар ұғым деп санауға болады. Ал толық немесе кең мағынада алғанда, жекелеген қылмыстар дегеніміз, қылмыстық заңда белгіленген мазмүлмен қылмыс дәрежесіндегі қоғамға қауіптілікті білдіретін, қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай обьективтік және субьективтік белгілердің жиынтығы болып табылады. Байқап отырсаңыздар біздің бұл жекелеген қылмыс дегеніміз не деген сұраққа беріп отырған жауабымыз, қылмыс құрамының түсінігіне ұқсас келтіріліп отыр. Мұны заңды деп түсінуге болады, себебі «жекелеген қылмыс» және «қылмыс құрамы» деген ұғымдар бір-бірімен ұқсас, тек қолданылатын ортасы бөлек ұғымдар болып табылады, сондықтан олардың анықтамасында ұқсастық байқалуы түсінікті жәйт. Басқаша айтқанда қылмыс құрамы-ның өзі жекелеген қылмысты білдірсе, жекелеген қылмыста, нақты қылмыс құрамын білдіреді. Бұл ұғымдардың ара қатынасындағы бір айырмашылық, ол ҚК Ерекше бөлімнің әр бір бабында, оның бөлімде-рінде нақты бір қылмыс түрі қарастырылған, ал баптың негізгі және қоғамға қауіптілікті ауырлататын немесе аса ауырлататын бөлімдерін-де, сонымен қатар кейінгі бөлімі ауырлатпай келтірілгенде де осы қылмыстың жекелеген құрамдары қарастырылған. Сондықтан жекелеген қылмыспен көптік қылмыстың ара қатынасын нақты бір өлшеммен, белгі түрімен ажырата алмаймыз. Бұл ара қатынасты меңгеру үшін, жекеле-ген қылмыстарды анықтағанда Ерекше бөлім баптары белгілерінің көлемін немесе қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің толықтығын ескеруіміз керек. Ал қылмыс уақиғасында бір қылмыс құрамымен қам-тылмаған, өзге қылмыстың белгілері (қылмыс жиынтығы) немесе бір қылмыстық мақсатты білдірмей бір қылмыстың бір неше рет қайта-лануы (бір неше рет қайталанған қылмыстар) болса, онда көптік қылмыстар орын алады дейміз. Көптік қылмыстар мәселесінде бір субъектінің бір неше қылмыс жасауы арқылы криминогендік бел-сенділігі құқықтық тұрғыдан сипатталатынына байланысты рецидив мәселесі де қарастырылады.

Көптік қылмыстар бойынша квалификация жүргізуде «кінәліде бір қылмысты жасау мақсаты» болған, болмағанын анықтау маңызды деп түсіну керек. Өйткені әр біреуі аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттер бір неше рет жасалғанда, көптік қылмыстар ретінде бір неше рет қайталанған қылмыс деп бағалау керек пе немесе жеке қылмыс ретінде ірі мөлшерде зардап келтіру деп квали­фикация жасау керек пе деген сұрақ туындайтынын жоғарыда келтірдік. Мүндай жағдайларда қылмыскерде ірі зардап келтіру немесе ірі мөлшерде пайда табу мақсаты болса, онда әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір неше рет жасалған әрекет заң бабында келтірілгенде бір қылмыс ретінде бағалануы керек. Мысалы 175 баптың 3 бөлімімен ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп бағалануы ке-рек. Ал әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір тектес әрекеттерде бір мақсат болмағанда және осы бапта қылмысты «бір неше рет қайталау» арнайы келтірілгенде, баптың тиісті бөлімімен бір неше рет қайталанған қылмыс деп квалификация жасау керек.

Көптік қылмыстар мен жекелеген қылмыстардың айырмашылығын анықтау туралы мәселе жеке қылмыстардың бір көріністерін білдіретін созылмалы және жалғаспалы қылмыстарда да пайда болады. Өйткені жалғаспалы және созылмалы қылмыстарда көптік қылмыстарға ұқсас-тық байқалады. Бұл ұқсастық эсіресе жалғаспалы әрекеттерден құралатын қылмыспен бір неше рет қайталанған қылмыстардың арасында кез-деседі деуге болады.

Жалғаспалы және созылмалы әрекеттердің қылмыстың көптілігінен негізгі айырмашылығыда жекелеген қылмыстар мен көптік қылмыс­тардың айырмашылығымен бірдей анықталады, ол бір қылмыс субъектісінің бойындағы қылмыс құрамдарының көлемінде болып табылады. Созылмалы және жалғаспалы әрекеттер жиынтығында бір қылмыс ретінде бағаланады және созылмалы қылмыстарда қылмысты бо-лып саналатын уақыт жиынтығы, ал жалғаспалы қылмыстарда қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қосындысы бір қылмыс уақиғасы деп бағала-нуға жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың қайталануымен күресудегі қылмыстық жазаның тиімділігі
Қылмысқа оқталуды саралау
Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс-әрекеттерді саралау
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Бір неше рет жасалған қылмысты квалификациялау
Қылмыстың көптігінің түрлері
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz