Баскетбол ойыны

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Баскетбол ойынының тарихы
3. Баскетбол ойынының техникасы
4. Баскетбол ойынын спорт және мектеп саласында дамыту
5. Қазақстанның «Астана» құрама баскетбол клубы жайында

6. Қорытынды

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.

2. Баскетбол ойынының тарихы
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - торқалта, ball - доп)- командалық спорт ойыны. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Дисеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан. Сол кездері АҚШ–та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды. Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді. 1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.
Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк" қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен "Богатырь" қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді. КСРО–ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады. 1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. - КСРО, 1980 ж. - КСРО, 1984 ж. - АҚШ, 1988 ж. - АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ.
Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика, ЖШС «Нұр-пресс»,2005
2. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.
3. Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж.
4. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264.
5. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31.
6. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б.
7. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224.
8. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005.
9. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.
10. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Реферат
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тақырыбы: Баскетбол ойыны

Орындаған: Мәмле Ә. Ә
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тексерген: Ысқақов М. А

Орал-2011
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Баскетбол ойынының тарихы
3. Баскетбол ойынының техникасы
4. Баскетбол ойынын спорт және мектеп саласында дамыту
5. Қазақстанның Астана құрама баскетбол клубы жайында
6. Қорытынды
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: Білім туралы, Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.

2. Баскетбол ойынының тарихы
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - торқалта, ball - доп)- командалық спорт ойыны. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket - себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Дисеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан. Сол кездері АҚШ - та алғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиада бағдарламасынан орын алды. Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді. 1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан. 1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) құрылды.
Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты. Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк" қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол командасын құрып, кейіннен "Богатырь" қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу институты баскетболды денешынықтыру факультетінің бағдарламасына енгізілді. Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО құрыла бастаған еді. КСРО - ның екінші біріншілігі 1924 жылы өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады. 1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын 1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976 ж. - КСРО, 1980 ж. - КСРО, 1984 ж. - АҚШ, 1988 ж. - АҚШ, 1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ.
Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты баскетболшылар деп саналады. Олар 1936 жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары саусақпен санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988, 1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан.
1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team", ұжымдық арман деп аталған. Оның құрамында Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап, жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында, 1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан көрінді.

3. Баскетбол ойынының техникасы
Баскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс-тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады.
Техника тәсілі термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді.
Қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіру
Әрбір даму кезеңіндегі спортсмен техникасы - бұл ойыншыға ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең тиімді іс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибемен тексеріліп өткен тәсілдер жиынтығы. Кенеттен қлыптасатын ойын жағдайларында ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, баскетболшы ойын техникаларының көптүрлілігін толығымен меңгеріп, белгілі бір жағдайда қажетті тәсіл немесе тәсілдер жиынтығын таңдай біліп, тез арада, әрі нақты орындауы керек.
Жоғарғы техникалық шеберліктің критериилері:
- берілген ойын фунцияларын шабуыл және қорғаныстың негізгі тәсілдерімен қоса толыққанды орындау үшін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығын оңай пайдалана білуі;
- берілген ойын тәсілдерін орындаудың нақтылығы, әрі тиімділігі.
- қарама-қайшы факторлар (қатты шаршау, психологиялық ауырлықтар, қиын сыртқы жағдайлар және т.б.) әсеріне қарамастан ойын тәсілдерін орындаудың тұрақтылығы;
- қарсылас ойыншының қарама - қарсы іс - әрекеттеріне байланысты техникалық ойын тәсілдерінің кезеңдерін пайдалана білу;
- ойын тәсілдерін пайдаланудың тұрақтылығы, ол көпкүндік жарыс кезінде ойыннан - ойынға еш ауытқусыз жоғары мергенділікпен анықталады.
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Баскетбол техникасының негізі - қозғалыс. Ойын алаңы бойынша баскетболшының қозғалысы нақты ойын жағдайларының орындалуы барысында құрылатын шабуылдау мәселелерін шешуге арналған іс - әрекеттер жүйесінің белгілі - бір бөлігі болып табылады.
Ойын алаңындағы қозғалыс үшін жүріс, жүгіру, секіру, тоқталыстар, айналуларды пайдаланамыз. Осы ойын тәсілдерін пайдалану арқылы баскетболшы қажетті орын тауып, қарсыласушысынан кетіп қала алады, кеінгі шабуыл жасау үшін тиімді қажетті бағытқа қарай орналаса алады. Сонымен қатар, қозғалыста аяқтардың дұрыс жұмыс жасауынан және тепе - теңдікті ұстап тұруына доппен орындалатын ойын тәсілдерінің тиімділігі тәуелді болады: қозғалыс және секірген кезде допты беру, допты жүргузу және онымен алдату, секіріп лақтыру және т.б..
Ойындағы жүріс басқа қозғалыс тәсілдеріне қарағанда азырақ пайдаланылады. Ол, негізінен, қысқа тоқтамдарда орын ауыстыруға немесе ойын жағдайының интенсивтілігін төмендетуге, сонымен қатар жүгіріспен қоса темпті жайлату үшін пайдаланылады. Қарапайым жүрістен айырмашылығы, баскетболшы аяғында тізесін бүгіп жүреді, бұл оған кенеттен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жүгіру ойындағы негізгі қозғалыс тәсілі болып табылады. Ол жеңіл атлеттің жүгірісінен біршама ерекшеленеді. Ойыншы ойын алаңының шегінде, кез - келген бағытқа, алдымен немесе артымен алға қарай түрлі бастапқы орналасулардан жылдамдығын арттырып отыруы керек.
Қарсыласушыға кенеттен болған, тез арадағы жүгіріс жылдамдығын арттыру немесе бастапқы старт спорт ойындарында талпыныс деп аталады. Талпыныс - қарсыласушы қарауынан босатылуына және бос орынға шығуға арналған негізгі құрал болып табылады. Талпынысты жүзеге асыру үшін алдымен 4-5 қадам өтеді. Олар өте қысқа, әрі жыдам (соққылы) болады. Орындау барысында аяқты аяқ ұшынан қояды. Жүгіру жылдамдығы қадамның созылуына байланысты артады. Осы уақытта ойыншы допты қабылдауға әзір болуы тиіс.
Секірулерді өзіндік әдіс ретінде де қолдануға болады. Көбінесе, ойыншылар жоғарыға және ұзындыққа жоғары қарай немесе бірнеше секіруді қатарынан пайдаланылады. Секіруді орындаудың екі түрін пайдаланылады: екі аяғымен және бір аяғымен итеріліп секіру.
Екі аяғымен итеріліп секіруді көбінесе негізгі қалыптан бастап жасайды. Ойыншы кішкене ғана отырып, қолдарын артқа қарай жібереді де басын көтереді. Жерден тебіну аяқтың қуатты бүгілуінен, дененің және қолдың алға жіне жоғары қозғалысынан туады.
Жүгіріп келіп екі аяғымен итеріліп секіру көбінесе қоржынға допты лақтырғанда және допқа қайта таласқанда пайдаланылады.
Жүгіріп келіп бір аяғымен итеріліп секіру.
Жағдайға байланысты ойыншы жүгірудің бағытының өзгеруі кезінде жүгіріп қарсыластың қарауынан босануға мүмкіндік алады және ары қарай шабуыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Допты билеу техникасы
Волейбол ойын ережесі
Баскетбол сабақтары туралы ғылыми-педагогикалық және техникалық көзқарас
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Баскетбол ойынының тарихы
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Баскетбол тарихы туралы
Баскетбол спорттық ойыны
Волейбол және баскетбол
Баскетбол ойыны туралы
Пәндер