Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде



1 Мемлекеттік биліктің бірегей жүйесі
2 Тежемелік және тепе.теңдік жүйесі
3 Әлеуметтік қорғау
4 Жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп жазылған. Қазақстанның демократиялық мемлекет ретіндегі сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген бөлімдерінің мазмұнынан туындайды. Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы Конституцияның, тұтас алғанда халықтың, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жекелеген адамдардың заңды мүдделерін қорғауға тілек білдірген, ынталы және қабілетті өкілдерін өкілетті органдарға ұсынып, сайлауға мүмкіндік беретін демократиялық нормаларды белгілеуімен көрінеді.
Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану, біріншіден, мемлекеттің, оның органдарының халықтың еркі бойынша қалыптасатындығын білдіреді. Президентті, Парламентке депутаттарды нақ халықтың өзі сайлайды, сөйтіп мемлекеттің жоғары заң шығарушы органы Прламентті және жергілікті өкілді органдарды құрады және қалыптастырады. Екіншіден, қалыптасушы, дамушы ұлттық құқықтың негізінде Қазақстан халқының мемлекеттендірілген еркі жататындығын білдіреді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп жазылған. Қазақстанның демократиялық мемлекет ретіндегі сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституциясының көптеген бөлімдерінің мазмұнынан туындайды. Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы Конституцияның, тұтас алғанда халықтың, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жекелеген адамдардың заңды мүдделерін қорғауға тілек білдірген, ынталы және қабілетті өкілдерін өкілетті органдарға ұсынып, сайлауға мүмкіндік беретін демократиялық нормаларды белгілеуімен көрінеді.
Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану, біріншіден, мемлекеттің, оның органдарының халықтың еркі бойынша қалыптасатындығын білдіреді. Президентті, Парламентке депутаттарды нақ халықтың өзі сайлайды, сөйтіп мемлекеттің жоғары заң шығарушы органы Прламентті және жергілікті өкілді органдарды құрады және қалыптастырады. Екіншіден, қалыптасушы, дамушы ұлттық құқықтың негізінде Қазақстан халқының мемлекеттендірілген еркі жататындығын білдіреді. Республикалық референдумда Конституцияны қабылдай отырып, халық тек мемлекеттік құрылым нысандарына, басқару, мемлекеттік биліктің жоғары және жергілікті органдары нысандарына қатысты еркін ғана білдіріп қоймайды. Халық сонымен бірге қоғамның экономикалық құрылымдарына, олардың құрылу және қызмет ету принциптеріне қатысты еріктерін де білдіреді. Конституцияда қоғамдық қатынастарды құқықтық жағынан реттеудің басты қырлары айқындалған. Демек, Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы қалыптасушы ұлттық құқықтың негізін қалады.
Мемлекеттік билікті тікелей халық жүзеге асырады[13]. Конституция билікті тікелей халықтың жүзеге асыруының екі нысанында:
Республикалық референдум арқылы;
Президенттік, Мәжіліс, Мәслихат депутаттарын, әкімшіліктерді және басқаларын сайлауға қатысты жолымен жүзеге асырады. Билікті тікелей жүзеге асырудың ерекшелігі мынада, халық маңызды мемлекеттік мәселелерді шешкен кезде өз еркін ешқандай қысымсыз, мәжбүрлеусіз білдіреді.
Халық мемлекеттік билікті тікелей ғана емес, жанамалап та жүзеге асырады. Өзінің билігін мемлекеттік органдарға беруге халықтың құқығы бар. Мемлекеттік органдар ұғымы барлық мемлекеттік органдар түріндегі ұғымды білдірмейді. Тұтас алғанда, халық билігін өзі сайлайтын субъектілерге-Президентке, және парламенттің сайланбалы депуттарына ғана (мәжіліс депутаттарына) береді. Аталған субъектілерге халық өз билігін жүзеге асыруға құқылы екендіктен халық тек соларға ғана өз атынан билік ету құқығын береді. Конституцияның қарастырылған ережесінде әңгіме, біріншіден, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретіндегі халық туралы, халық өз билігін жүзеге асыру құқығын беретін жоғары мемлекеттік билік туралы болып отыр.
Қазақстан республикасында мемлекеттік билікті ешкім халықтың еркінен тыс өз бетімен иелене алмайды. Аталған ретте әңгіме жоғары мемлекеттік биліктің барлық тармақтары: заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары жайлы болып отыр. Аталған қағиданың терең мәні мынада, тек халық ғана Парламентті құруға, Президентті сайлауға құқылы. Конституция негізінде халық сайлаған парламент депутаттары және Президент мемлекеттік билікті халықтың атынан жүзеге асыруға құқылы. Жеке адамның және қайсыбір ұйымның, қайсыбір қоғамдық бірлестіктің мемлекеттік билікті иеленуге құқығы жоқ. Әңгіме республика көлеміндегі, сондай-ақ аймақ (облыстар, аудандар ж.т.б.) көлеміндегі мемлекеттік егер кімде-кім билікті иемденуге әрекет етсе, онда ол қылмыстық заңмен жауапқа тартылады.
Конституция ҚР Президенті мен Парламентіне халық атынан сөйлеу құқығын берді, өйткені оларға халық өзінің мемлекеттік билікті жүзеге асыру құқығын берді. Президент және Парламент халық атынан сөйлейді. Бұл олардың өз акциялары (нормативтік-құқықтық актілер, үндеулері және басқа іс-әрекеттері) арқылы халықтың еркін білдіретіндігін көрсетеді. Президенттің және Парламент депутаттарының кез-келген акциясы халықтың еркі ретінде қабылданатындықтан, олар өз іс-әрекеттеріне жоғары жауаптылық сезіммен қарау керек. Президент және Парламент мемлекет атынан сөйлейді. Президент оның басшысы ретінде мемлекет атынан сөйлейді. Президент билік тармақтарының бірде-біріне жатпайды, бірақ олардың барлық мәселе бойынша қатысы бар. Бұл Президенттің Конституция және басқа нормативті-құқықтық актілері, мәртебесі шеңберінде жүзеге асырылатын әрекеті, акциялары төменнен жоғарыға дейінгі барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті екендігін білдіреді. Парламентте мемлекет атынан сөйлейді. Егер Президент мемлекет атынан жоғары лауазымды тұлға ретінде әрекет етсе Парламент мемлекет атынан халық ұсынған алқалы әрі өкілді орган ретінде әрекет етеді.
Конституцияда парламенттің халық пен мемлекет атынан өзінің Конституциялық өкілеттігі шегінде сөйлейтіндігі айтылған. Бұл парламенттің өкілеттігі Конституцияда түбегейлі көрсетілді деген сөз. Аталған қағида парламенттің қызметін жүзеге асыру процесінде тежемелік және тепе-теңдік тетігінің құқықтық негізгі ретінде қызмет етеді. Парламенттің мәртебесіне және оның қызметінің рәсімдеріне әдейі арналған нормативтік-құқықтық актілерде оның өкілеттігін кеңейтетін нормалары болмауы тиіс.
Конституцияға сәйкес Үкімет және өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан сөйлей алады. Өзге де мемлекеттік органдар деген ұғым орталық, жергілікті мемлекеттік органдар ұғымын білдіреді. Үкімет және өзге де мемлекеттік органдар оларға берілген өкілеттіктер шегінде мемлекет атынан әрекет ете алады. Аталған ретте берілген өкілеттіктер деп Конституция мен Үкіметтің және өзге де мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын арнайы құқықтық актілермен және басқа нормативтік-құқықтық актілермен орнықтырылатын өкілеттіктер ұғынылады[14].
Мемлекеттік биліктің бірегей жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік және аумақтық тұтастығының шешуші шарты және егемендігінің көрінісі болып табылады. Біртұтас Қазақстан Мемлкетінде мемлекеттік биліктің бірлігі жоғары органдардың: Парламенттің, Жоғары Соттың, Үкіметтің бірегей жүйесі бар екендігін білдіреді. Аталған органдар, Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірегей жүйесінің әр түрлі тармақтарын көрсетет келе әр түрлі байланыстар мен қатынастарда бола отырып, барлығы бірге біртұтас мемлекеттің қызметін жүзеге асырады.
Мемлекеттік билікті тік жоғары және орталық органдар ғана емес, сонымен бірге бірегей жүйенің табиғи құрамдас бөлігін құра отырып, жергілікті мемлекеттік органдарда жүзеге асырады.
Мемлекеттік биліктің бірлігі оны тік және көлбеу тармақтар ретінде бөлу принципіне негізделген. Біртұтас Қазақстан мемлекетінде биліктің тік бөлінуінің өкілеттікті шектеу саласында ерекшелігі бар. Заң шығару билігін-Парламент, атқарушы билікті-Үкімет және жергілікті атқарушы органда, Сот билігін- Жоғарғы Сот және жергілікті соттар жүзеге асырады. Әрине, билік тармақтарының бірде-біріне де кірмесе де, мемлекеттік билікті Президент те жүргізеді. Бірегей мемлекеттік билік жүйесінде Президент ерекше орын алады. Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары өз өкілеттігін жүзеге асыру процесінде өзара қарым-қатынаста болады. Мұндай өзара қарым-қатынас бастамашылық емес, қатаң құқықтық негізе атқарылады. Конституцияда және басқа нормативтік-құқықтық актілерде олардың өзара іс-әрекеті дәл белгіленген.
Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде қайсыбір мемлекеттік тармақтың биліктің Конституциялық және басқа да нормативтік –құқықтық нормаларының шегінен шығып кетпеуі, басқа тармақтың өкілеттігін иеленбеуі және айналып келгенде, биліктің өктемдік жүргізбеуі үшін Конституцияда тежемелік және тепе-теңдік жүйесі белгіленген[17].
Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі – ол мемлекеттік билік тармақтарының өз өкілеттіктері шеңберіндегі қызметін қамтамасыз ететін оны артық қолданғаны үшін жауаптылық көздейтін ұйымдық және құқықтық шаралар жиынтығы.
Тежемелік – ол билік тармақтарының қызметін заң шеңберінде ұстаудың Конституциялық әдісі. Айталық, Парламент заң шығару қызметін тек Конституцияда көрсетілген мәселелер бойынша жүзеге асыра алады. Конституцияда көрсететілмеген басқа қоғамдық қатынастар заңға сәйкес актілермен реттеледі. Жоғарғы Сот тек сот тәжірибесі, т.б. мәселелер бойынша нормативтік қаулылар қабылдауға құқылы.
Тепе-теңдік- ол өзінің Конституциялық өкілеттігін қорғау және конституцияның бұзылуына жол бермеу үшін бір билік тармағының екінші бір билік тармағына қарсы әрекет жасайтын конституциялық әдістері. Парламенттің Конституцияға қайшы келетін заңдар қабылдауына қарсы әрекет қолдану үшін Президентке тиым салу құқығы берілген. Егер Үкіметтің алдында тұрған және басқа міндеттерге оның бағдарламасы жауап бере алмаса Парламент оны қабылдамай тастауға құқылы.
Қазақстан республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстанның зайырлы мемлекет болып табылатындығы айтылған. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты онда ресми, мелекеттік діннің болмайтындығынан –көптеген діни уағыздың бірде бірінің міндетті немесе басым болып танылмайтындығынан көрінеді Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуімен сипатталады. Бұл сонымен бірге мемлекет органдарының діни бірлестіктердің құызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол бермеу қажеттігін білдіреді. Оның үстіне мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмауы тиіс.
Одан әрі қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол бермеуден де көрінеді. Конституцияда толық айтылмаған идея бар сияқты. Онда саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне жол бермеу туралы айтылады. Бұдан саяси партияларды діни негізде құруға тиым салынбайды деген ой тумайды. Әрине, бұл қағиданың Конституцияда жоқтығы өзінен-өзі түсінікті. Мәселе мынада, егер партияның діни негіздегі қызметіне тиым салынса, онда мұндай партияны құруға юолмайды. Мұндай партияларды мемлекеттік органдарда тіркеуге болмайды. Ал тіркелмеген партиялар заңсыз деп танылады[19].
Мемлекет діннен бөлінгендіктен діни бірлестіктер мемлекеттің саясатына, мемлекеттің ісіне араласпауы тиіс. Мұны діни бірлестіктердің құқығына нұқсан келтіру деп қарауға болмайды. Өйткені олар діни парыздарын өтеу үшін құрылады, сондықтан тек дінге сенушілердің сұранысын қанағаттандыруға қызмет етуі тиіс. Қандай дінді ұстайтындығына қарамастан азаматтардың саяси құқықтары болады. Дін ұстаушылар сияқты, дін қызметкерлері де тиісті конфессиялардың өкілі ретінде емес, басқа да азаматтар сияқты мемлекеттік органдарға сайлана алады.
Мақсаты мен әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, діни алауыздықты ушықтыруға бағытталған діни бірлестіктерді құруға және олардық қызметіне тиым салынады. Сонымен бірге мемлекет діни бірлестіктердің заңды қызметін қорғайды.
Діннің мемлекеттен бөлінуі діни парызды мемлекеттік оқу орындарында оқытуға жол берілмейтіндігін білдіреді. Діни бірлестіктердің, олардың өкілдерінің кез-келген мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысуы, мысалы, ашылатын мемлекеттік мекемелерде, олар өнім шығаратын кәсіпорындарда қызмет көрсетуі және басқалары, сондай-ақ онда қайсыбір діни рәміздік белгілерін орналастыру бұл принциппен сиыспайды.
Діни бірлестіктердің жарғысы республиканың әділет органдарында тіркеледі. Діни бірлестіктің жарғысын тіркеген мемлекеттік орган олардың өздерінің жарғыларын сақталуын қадалайды. Жарғылық құжаттардың талабын немесе тіркелу шартын орындамаған діни бірлестіктердің қызметшілері заңға сәйкес жауаптылыққа тартылады.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекетті орнықтыру жолына, құқыққа негізделген мемлекет құру жолына түсті.

Мемлекеттің бірінші принципі заңның жоғары тұруы, оның қоғам өміріндегі үстемдігі болып табылады. Қоғам өмірінің маңызды бағыттары тікелей заң арқылы реттелуі тиіс.

Құқықтық мемлекеттің маңызды факторларының бірі заң талаптарын орындауға барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың бірдей міндеттілігі.

Азаматтардың заңды мүлтіксіз орындауы құқықтық мемлекеттің маңызды принципі болып табылады. Ол үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін белгілейтін заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жақсы білуі қажет.

Со тәуелсіздігі принципінің Конституцияда бекітілуі құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі болып табылады. Мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі болғандықтан сот құқықтық мемлекетте маңызды орын алады. Конституцияның 77-бабында Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады... деп жазылған.

Мемлекет дамыған ұлттық құқықтық жүйесі болғанда ғана емес, ол іс жүзінде жүзеге асырылғанда ғана құқықтық мемлекет деп таныла алады. Мемлекеттің құқықтық сипатының деңгейі мемлекеттің халықаралық құқықпен қалай қатынас жасайтынымен, өз бойына барынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Қазқстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы
Қазақстан Республикасының демократиялық және зайырлы, құқықтық аспектілерін анықтау
Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет
Қазақстан Республикасы біртұтас, зайырлы мемлекет
Қазақстан Респубикасы - демократиялық мемлекет
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы
Мемлекеттің биліктің бірегей жүйесі
Билік органдарын сайлау
ҚР конституциялық құрылысы
Пәндер