Конфуцизмнің өмірі


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Конфуцизмнің өмірі (б. з. д. 551-479 ж. ж. )
2. Конфуцизмдегі қасиетті кітаптар
3. Конфцуизмдегі тәңірге сенім
4. Конфуцизмде моральдық-этикалық принциптер.
Қорытыныды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қытайда қазіргі кезде Иудаизм, Христиандық және Исламды қоспағанда, ресми сипатқа ие үш дін бар. Қытайлықтардың Сан Киау (үш дін) деп атайтын бұл діндері: Конфуцизм, Таоцизм, және Буддизм. Конфуцизм мен Таоцизм жергілікті әрі ұлттық дін болса, Буддизм сырттан келген әлемдік дін болып табылады.
Ежелден-ақ Қытайда аталмыш діндерден бұрын ата-бабаларға құрмет ету, көк пен табиғат тәңірлеріне табыну, келешектен сәуегейлік хабарлар беру, киелі нәрселерге құрбан шалу және «Шанг-ти» деп аталған ұлы болмысқа деген сенім бар еді. Қытай халқының діни ғұрыптарында ата-бабалар культі өте маңызды рөл атқарған. Қытайда әр кезеңнің діни ерекшелігі - ата-бабаларға құрмет көрсету және олармен байланыс орнату болып саналады. Кейбір тайпаларда ата-бабаларға табыну маңызды іс саналса да, қытай дініндегі туыстық және жанұялық байланыс одан да маңызды рөл атқарды. Қытайлықтар адамның үйленбей немесе артына ұрпақ қалдырмай тұрып өлуін үлкен күнәға жатқызды және оның ақыры адам төзгісіз азапқа душар болу деп есептеді. Ата-баба әруақтарына құлшылық етуді жалғастырар ұрпағы жоқ болса, онда нағыз тірі өлікке баланып, пәлекет әкелген албасты, мақұлық күйінде бақытсыз өмір сүруге мәжбүр болады.
Әр отбасы ата-баба әруағын желеп-жебеуші, қорғаушы деп түсінді және үйдің оңтүстік-батыс жағынан оларға арнайы орын жасап қойды. Әрбір үйде ата-бабалардың есімдері арнайы жазылған тақтайшалар болды. Жанұя қожайыны үйдің негізгі басты бөлмесінде немесе ата-бабаларға арналған орынға орналастырылған тақтайшалардың алдында оларға ас-ауқат әкеліп, хош иісті заттарды түтететін. Некелесу, үйлену сияқты маңызды істер осы жерлерде жасалды. Салтанатты діни рәсімдерде әкей үш тал хош иісті бұтақты тұтатып, тақтайшалардың алдына келеді, (Бұл жазба тақтайшалар үш-төрт ұрпаққа дейін сақталып, ата-бабаларға тиісті ғибадатханаларға табысталды) түтетілген бұтақты маңдайына дейін көтеріп, хош иіс жағылатын табаққа салады. Үш мәрте тізерлеп отырып, тоғыз рет ұрады немесе үш рет басын иеді. Кейде аталар шақырылып, оларға маңызды мәселелер жайында хабар жіберіп, көмек сұрайды.
Қазіргі ата-бабалар культі тақтайшаларда, жерлеу рәсімінде және қорым-мазарлар төңірегінде көрініс береді. Конфуцизмде жерлеу рәсімдеріне қатты мән беріледі. Мазарлар, қорымдар көктем мезгілінде сыпырылып, тазаланады және ол жерлерге сыйлықтар әкелінеді. Сыйлық әкелу күзде де жалғасын табады. Ырыс, құт-береке әкеле берсін деген ниетпен мазарлар егістіктерде орнатылады.
Қытайлықтардың ата-бабаға құрмет ету қағидасы сияқты біріктіруші факторлардың бірі - «Ин» және «Янг» принципі. Бұл принциптер үш қытай діни ғұрыптарында да бар. Ин - теріс, болымсыздықты, жағымсыздықты, ал Янг - оң, болымдылық, жағымдылықты бейнелейді. Жер мен көктің арасындағы байқалған әрқандай құбылыстарды осы екі принциптің тоғысуынан пайда болады деп санайды.
Ин және янг принциптерін қытайлықтар жақсы-жаман, жарық-қараңғылық, ыстық-суық, еркек-әйел, жер-көк сияқты үлгілерге қолданады.
Негізін Конфуций салған Конфуцизм - Қытайда ғалымдардың, жазушылардың, бюрократтардың, ханзадалардың және имперторлар әулетінің діні ретінде қабылданды. Бұл дін Ву-ти (б. з. д. 140-87ж. ж. ) заманынан басталып, 1912 жылға дейін мемлекеттік дін мәртебесінде болды. Император бас діни басшы ретінде бұл ахлақи-саяси культті, салт-дәстүрлерді, діни рәсімдерді жалғастырып келді. Б. з. І-ғасырында Буддизмнің Қытайға енуі және Даосизмнің б. з. д. ІІ ғасырда дамып-жетілуінің нәтижесінде бұл елде тұңғыш рет жеке, ерікті түрде дін таңдау мәселесі сөз болды. Соңғы жеті ғасыр ішінде Қытайда ресми түрде «Үш дін» (Сан Киау), басқаша айтқанда «Халық діні» қалыптасты.
1. Конфуцизмнің өмірі (б. з. д. 551-479 ж. ж. )
«Конфуций» сөзі - «Кунг» ұстаз мағынасындағы Кунг Фу Цзудың латыншасы. Қытайлықтарда бұл ат - Кунг Чьиу (Чун чи) түрінде айтылады. Конфуций - қытайдың ұлы данышпан философы әрі Конфуцизмнің негізін қалаушы. Ол Ин патшалығы әулетінен саналса да, ата-бабалары мен жанұясы жөніндегі мәліметтер кейінгі кезеңдік әдебиеттерге тән болғандықтан, сенімділігі жоқ дерліктей.
Конфуций Қытайда, қазіргі Шан-Тунгтың бір аймағына жататын Лу провинциясындағы Цауда дүниеге келді. Үш жасында әкесінен айырылады. Өмірінің бастапқы жылдары таршылықпен өткеніне қарамастан, білімге деген құштарлығы басымдау болып, толыққанды біліммен сусындады. Он тоғыз жасында үйленді, екі балалы болды. Жиырма жасында шәкірт тәрбиелеуді қолға алды. Методикасы - бұрынғы өткендердің хикметтерін, даналық сөздерін жан-жақты қарастырып, оған түсініктеме беру еді. Атағы жер-жерлерге жайылып, өз қолдаушарын тапты. Луда өте маңызды саналмайтын қызметтер атқарды. Бірақ ол бұрынғы өткен данагөйлердің адамгершіліктері мен ізгіліктерін ту ететін жолмен «бейбітшілік, тыныштық әкеледі» деп есептелген саяси бір жүйе қалыптастырды. Бұл жүйенің түпнегізінде барша адамзаттың бақытты болуы үшін адам табиғатының кіршіксіз таза екендігіне сенудің және үлгі бола білудің маңыздылығы жатыр еді.
Ол бұл саяси жүйеге көңіл бұрып, насихаттарын тыңдайтын басшы табу үшін өз өлкесін тастап, ел кезіп кетеді. Қытай империясы құрамындағы бір аймақтан екінші бір аймаққа өтіп, өзін түсіне білетін басшылар іздеді. Саяси қастық жасауға үйреніп қалған басшылар оған қызығушылық танытпады. Оның болмыс-бітімі, мінез-құлқы да қоғамға сай келе қоймады. Ол мақсаты орындалмай, отанына кері қайтып оралады. Бірақ ол кезде Конфуций қарттыққа аяқ басқан еді. Өмірінің соңғы бес жылын әйгілі еңбектерін жазуға арнайды және шәкірт тәрбиелеп, өз доктринасын үйретумен өткізеді. Оның ең маңызды еңбегі - Конфуцизм болды. Ұлттық діннің негізін салумен қатар, ол ұйымдастырушылығымен, басқарушылығымен үлкен құрметке ие болды.
Чьиу Фуда дана, данышпан, білгір адам болып дүниеден өтті. Өлімінен кейін оның атақ-абыройы жан-жаққа тарай бастады. Оның мазары зиярат (қажылық) ететін киелі орынға айналды. 1912 жылға дейін Қытай императоры жылына екі мәрте - көктемде, күзде оған арнап сыйлықтар ұсынатын болған.
Конфуций өз өмірі жайлы былай сыр шертеді: "15 жасымда өзімді біліп-таныдым. 30 жасымда ерік-жігерімді бағындырдым. 40 жасымда күдік-күмәндарымнан арылдым. 50 жасымда көктің әмірін үйрендім. 60 жасымда сезіміммен кез-келген нәрсені ұғына алатын жағдайға жеттім. 70 жасымда туралыққа зиянымды тигізбей, жүрегімнің қалағанын жүзеге асырдым".
Өмір бойы Қытайдың атам заманнан бері бар екендігін дәлелдеген және мәдениетін тірілтуге бар күшін салған Конфуций өзі жайында: «Мен - көнені жақсы көретін, олардың білім-хикметтеріне қол жеткізу жолында бар күшімді сарқа жұмсаған адаммын», - деп сыр шертеді.
2. Конфуцизмдегі қасиетті кітаптар
Конфуций көне қытай жазбаларының барлығымен таныс болды. Оның мақсат-мұраты - әлеуметтік өмір, салтанатты жиындар, ел басқару туралы мағлұматтарды жинақтау, моральдық-этиканың және салт-дәстүрлердің үзілмей жалғасуын қамтамасыз ету, сөйтіп ата-бабалар культіне негізделген қытай мәдениетін қалыптастыру еді. Осылайша Конфуций мен оның шәкірттері ежелгі қытай философтары мен данышпандарының жазып қалдырған баға жетпес құнды дүниелерін жинақтап, оларға түсініктеме жазды. Конфуцийге шынайы берілген және одан әдебиет, тарих, философия дәрістерін алған шәкірттері өлімінен кейін оның сөздерін жинастырды.
Конфуцизмнің қасиетті кітаптарын құрайтын екі коллекция бар еді. Олар: Бес классикалық кітап (Воу Кинг) және Төрт кітап (Се Чоу)
Бес классикалық кітап:
1. Реформалар кітабы (Йи Кинг) : Мистикалық және метафизикалық құбылыстар.
2. Тарих кітабы (Шу Кинг) : Маңызды құжаттары және тарихи мәліметтері.
3. Өлең-жырлар кітабы (Ши Кинг) : 305 әр түрлі өлеңдері
4. Рәсімдер кітабы (Ли Кинг) : Діни жоралғылар мен рәсімдерге қатысты естеліктері (этика, әдеп) .
5. Көктем мен күз жылнамалары (Кун Киу) : Көктем мен күзге байланысты күнделікті жазылып отырған оқиғалар қамтылған
Төрт кітап: ХІ ғасырда Сунг ақсүйектер әулеті кезінде топтастырылған бұл коллекция ел басқарушы кластың тәрбиелік негізін құрады. Қызметке алыну үшін жасалған емтихандарда ел билеушілері осы кітаптарды пайдаланып отырды. Аталмыш төрт кітап мыналар:
1. Конфуцийдің айтқан нақыл сөздері. (Лунь Ю)
2. Менсиустың сөздері (Монг Це) .
3. «Орта» жол доктринасы (Чонг Ионг) .
4. Үлкен дерек-мәлімет (Та Хио)
3. Конфцуизмдегі тәңірге сенім
Конфуцийдің өсиеттері Қытайдың ұлттық дініне айналуы - ұзақ уақыт даму кезеңінің нәтижесі. Конфуций өзіне «діннің негізін қалаушы» деген атақ бермегенді. Осыған қарамастан, оның доктринасы кейіннен дін ретінде қабылдана бастады. Оның басты мұраты - елдегі шиеленіскен саяси жағдайды реттеу үшін ескі салтанатты рәсімдерді қайта қалпына келтіру болды. Сол ғасырлардан бастап үкімін жүргізіп келген ұлттық діни дәстүрлерді қайта жандандырды.
Конфуцизм Конфуцийден бастау алатын, Қытайға тән наным-сенімдер мен діни ғұрыптардан тұратын дін. Қытайдың діни тарихында қай кезеңде болмасын, Ұлы Тәңір - Көк Тәңір туралы түсінікті кездестіруге болады. Мұны «Тиен» деп атады. Аталмыш Көк тәңірі Тиен - аса жоғары Тәңір, Көктің қожайыны. Одан төменгіде көрінбейтін жаратылыс әлемі, әуедегі жын-перілер, бұлттағы, судағы және таудағы жындар мен ата-бабалар аруақтары тұрады.
Конфуций адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығымен қоса, өмір және өлім құбылыстарының, атақ-абыройдың бәрі көктен келгенін айтады. Шанг-Ти деп аталған Ұлы болмысқа сенім онда да жалғасын тапқан. Бірақ ол бұл Ұлы болмысты түсіндіруде әуелгіде қолданылып жүрген «Тиен» сөзін таңдап алды. Оның пайымдауынша, «Тиен» - Ұлы болмыс, табиғаттың жүйелі тәртібін басқарады, барлығынан биік тұратын болмыс, жаратушы құдірет еді. Конфуций өзін қорғайды және қызметке тағайындайды деп есептеген Ұлы болмысқа жан-тәнімен сенді Оның пікірінше, ұлы билеуші болған Тәңірі - құрмет пен құлшылық етуге әбден лайықты зат. Әлемнің жүйелі заңдылығын орнатқан - Сол.
4. Конфуцизмде моральдық-этикалық принциптер.
Конфуцизмді діннен гөрі, моральдық-этикалық, философиялық хикметтерге толы жол дегенге саяды. Конфуцизмнің моральдық жүйесі жалпы қоғам мен ұлт игілігіне арналды. Мақсаты - ұлттың саяси санасын оятып, әрі тәрбиелеп, мәңгілік бақытқа жеткізу болды.
Конфуцийдің діни әрекеттері Қытайдың көне діни ой-пікірлерін, дүниетанымдарын қалпына келтірумен басталды. Қаншама дау тудыратындығына қарамастан, ол «о дүниенің» бар екенін жоққа шығармады. Ол істелген күнәлардың жазасыз қалмайтынын, ондай күнәлардың есесі о дүниеге қарағанда бұл дүниеде-ақ қайтатынын, жамандық істеген адамның өз қателігін мойындап, кешірім өтіну керектігін баса айтты.
Дұға мен құлшылық - ол міндет, борышың. Бірақ үнемі жасалуға тиісті емес. Бұл діни тұрғыдан алғанда ораза тұтып, күнәдан арылғаннан кейін шалынған құрбандықтан тұрады. Конфуций моральдық-этикасының негізгі принциптері «Үлкен деректе» өзіңді, үй-ішіңді, ұлтыңды басқару, бейбітшілікті сақтаудың жолын табу деп тізбектеліп келе береді. Конфуций «Сұхбаттар» кітабында дүниеде бес нәрсені бес нәрсемен жүзеге асыру қабілеттілігін - «кемелді адамгершілік қасиеттері» деп түсіндіреді. Бұл адамгершілік қасиеттер: байсалдылық, жомарттық, ақ пейілділік, туралық және инабаттылық. Осыларды былайша тарқатып түсіндіре кетеді: «байсалды болсаң, құрмет атаулыға ие боласың. Жомарт болсаң, қалағаныңа қол жеткізесің. Ақпейілді шыншыл болсаң, халқың саған сенім артады. Турашыл болсаң, көптеген жетістікке жетесің. Инабатты болсаң, өзгелерді өзіңе қызмет еттіре аласың». Ол абыройы биік адамды «қиналғандарға қол ұшын беретін, байлардың дүниесін арттырмайтын адам» деп түсіндіреді. -Жоғары дәрежелі адам мен төменшікті адамның арасындағы айырмашылық мынада, - деп түсіндіреді: - Ұлы мәртебелі адам ізгілікті, адамгершілікті іздейді, ал рухы төмен адам өз рахатын ойлайды. Мәртебесі жоғары адам заңға бағынып іс атқарса, төменшікті адам өз пайдасын күйіттеп кетеді. Ұлық адам тек туралықты ойласа, рухы төмен адам тек пайданы ойлап тұрады».
Конфуцийдің пайымдауынша, адам сыртқы сұлулықтан гөрі ізгілікке, адамгершілікке баулитын моральдық-этикалық приниптерге көңіл бөлсе, жанұясына қызмет етуде күш-жігерін аямаса, қожайындарына өмір бойы бас исе, достарымен арасындағы қарым-қатынастары шынайы болса, егер жұрт оны «түк білмейтін надан» деп есептесе де, ол өте данышпан, білгір адам болып қала береді.
Конфуцизмде жақсылық, турашылдық, әдептілік, ақылдылық және сенімділік - бес негізгі адамгершілік қасиет болып табылады. Бұл бойынша табысқа, жетістікке жету шарт емес. Өйткені Конфуций: «Табыс, жетістік әрдайым адамгершіліктің бар екендігіне дәлел бола алмайды Даналық пен адамгершілік дегеніміз - табысқа жетсең де, жетпесең де, ештеңеге қарамастан, жақсы, ізгі амалдарды қатаң жалғастыру», - дейді.
Конфуцийдің адамды өзіне төрт нәрсе арқылы иландырады:
1. Мәдениет.
2. Ел басқару. Жұмыс атқару.
3. Жоғары дәрежелі адамдардың алдында өзін дұрыс ұстау.
4. Сөзінде тұру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz