Дене мәдениеті-коғам мәдениеті



І. Кіріспе 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дене мәдениеті.коғам мәдениетінін белігі 4
2.2. Спорттың әлеуметтік жане педагогикалык құбылыс
ретіндегі рөлі 7
2.3. Дене тәрбиесі 9
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер 12
Дене мәдениеті дегеніміз - бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі.
Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын құрайды. Сондықтан, коғамның материалдык және рухани мәдениеті, мәдениеттің ажырамас, міндетті құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Дене мәдениеті, дене жаттығулары мен кимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың табиғи күштерін, тазалығын және еңбек тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, адамдарды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде қызметтік (саналық, педагогикалык, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т.б.) және нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т.б.) жақтары бар. Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік кұрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.
1. http://www.google.kz/
2. http://www.google.kz/search/
3. http://vostokcentrzog.ucoz.kz/news/

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе 3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін белігі 4

2.2. Спорттың әлеуметтік жане педагогикалык құбылыс

ретіндегі рөлі 7

2.3. Дене тәрбиесі 9

Қорытынды 11

Пайдаланылған әдебиеттер 12

Кіріспе

Дене мәдениеті дегеніміз - бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі.

Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын құрайды. Сондықтан, коғамның материалдык және рухани мәдениеті, мәдениеттің ажырамас, міндетті құрамдас бір бөлігі болып табылады.

Дене мәдениеті, дене жаттығулары мен кимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың табиғи күштерін, тазалығын және еңбек тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, адамдарды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде қызметтік (саналық, педагогикалык, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т.б.) және нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т.б.) жақтары бар. Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік кұрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.

Біздің коғамымызда дене мәдениеті мен спорт бүкілхалықтық игілікке айналды, ал оны одан әрі дамытып өркендетуге атсалысу - қоғамның әрбір саналы да зерделі азаматтарыньщ міндеті мен құқығы.

Дене мәдениеті саласында ерекше және жалпы мәдени мұрат-мақсаттары бірге орындала береді. Солардың ішінде, мысалыға, халықты мәдени құндылыктар өндірісі ортасына (қатысушы, жасаушы) тарту, зиялы кадрларды даярлау мен тәрбиелеу, белгілі бір көпшілік пен қауымды білімге, ептілікке, дағдыға. қажеттілікті дамытуға, өзін жеке тұлға ретінде танытуға және көрсетуге, шығармашылықты, тарихты, ұлтаралық қарым-қатынасты және т.б. көрсету үшін, әртүрлі шарттарды, әдістерді, жолдар мен амалдарды пайдалануға жұмылдыру сияқтылар бар.

Дене мәдениеті және спорт.

2.1. Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін белігі.

Дене мәдениеті дегеніміз өзінің ілімі және тарихы, өз маманы мен мекемесі, әдебиеті мен оқу базасы бар күрделі құбылыс. Дене мәдениетінің коғамдағы орны мен мәнін дұрыс үғу үшін жалпы адам мәдениеті жайлы ұғымды білу керек. Мәдениет (культура-возделование, обработка яғни қайта жасау, өндеу) дегеніміз нe?

Қоғамның дамуына қарай мәдениет деген ұғым, жаңа мазмұнда толықтырылды. Жалпы көпшілік қолданыста мәдениет-жеке адамның жүріс- тұрысы, киім киюдегі эстетикалық талғамы, ұқыптылығы, білімділігі, мінез-құлқы, кішіпейілдігі, өз-өзін ұстамдылығы және қоғамдық, кәсіби, сауда, өндіріс жұмыстарындағы мәдени қызметі.

Ғылыми негізде "Мәдениетке" барлық қоғамдық өмірдің формалары, адам қызметі түрлері жатады. Бұл бір жағынан адамның материалдық және рухани қызметі процесінің, екінші жағынан - осы кызметтік қорытындысы, жемісі. Мәдениеттің мазмұнына байланысты кең ұғымдағы сөзге мыналар кіреді: философия, ғылым, саясат, мораль, өнер, спорт, кұқық, жеке адамның жан-жақты дамуы, адамның ойлау қабілетінің деңгейі мен сипаттамасы, оның сөз мәнері жатады. Мәдениетті адамға табиғат берген жоқ. Ол - адамның қоғамдык және жеке шығармашылығы.

Мәдениеттің негізі қоғамның материалдык жағдайы болып саналады. Материалдық мәдениетті (зат, құрал, біліктілік, бұлар материалдық өндірістін онімі болып саналады немесе материалдық өмірге қызмет етеді) және жан азығы (жан азығы шығармашылығының өнімі) мәдениетін ажырату белгіленген.

Адам мәдениет кеңістігінде мына үш аспектіде әрекет-кимыл жасайды:

- мәдениетті ұғады, өткен адам ұрпақтары тәжірибесі негізінде қалыптасып құралған жанды және бағалы материалдық дүниені меңгереді;

- өзі жаңа мәдени байланыстарды табады, құрады сөйтіп ол мәдениеттің одан әрі дамуына негіз болады;

- мәдениеттің одан әрі даму, өркендеу қоры болатындай жаңа мәдени құндылықтарды өзі жасап, өзі жүзеге асырады.

Сонымен бірге, дене мәдениеті қызметінде тәжірибенің жинақталуы мен оның кейінгі ұрпаққа таралып отыруы, жаңа әдістердін, амалдар мен тәсілдердің; жарыққа шығып пайдаланылып жүзеге асырылуы, адамдардың ақыл-ойына, психологиясына ықпал етілуі үнемі айқын көрінетіні байқалады.

Жеке тұлғаның рухани дамып жетілуі, оның жұмыс уакытындағы қызмет түрінде ғана емес, сол сияқты бос уакытында да анықталады. Адамның мәдениет деңгейінің қаншалықты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметгер жүйесінде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Дене мәдениетінің адам қызметтерінің әртүрлі саласымен күрделі, әрі жан- жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі байланысы мен өзара теуелділігі, өзінің әдісі мен тарихы бар.

Адам қоғамының тарихында тіршілік етіп өмір сүрген халыктар мен мемлекеттердің қайсы бірін алсақ та, дене мәденетінің ең қарапайым түріне болса да, қатысы болған. Дене мәдениетінің даму деңгейі мен оның қалыпты деңгейі қай кезде болғанда да географиялық ортаға, еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарттары мен жағдайына, өндірістік күш пен мәдениеттің, әлеуметтік экономикалық және әртүрлі қозғаушы күштердің даму мен жетілу дәрежесіне байланысты болып келген.

Дене мәдениеті материалдық қарым – қатынас пен еңбек, өнер мен дәстүр мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында пайда болады және дамиды.

Еңбек түрлерінің жетілу деңгейінен және табиғи жағдайлардың өзгеруінен, адамдардың қоршаған өмірге, еңбек құралы мен өндіріс жабдықтарын дұрыс пайдалана білу дайындағаның рөлі артты. әрине, барлық бұл процестер барынша жәй, мыңдаған жылдар бойы дамыды. өткен уақыттар барысында адамдар – еңбекке дайыдалу мен оның нәтижесінін арасындағы байланысты саналы түрде терең меңгерді және еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін тереңірек түсіне бастады. Ең бірінші және алғашқы ерте дүниедегі дене мәдениеті амалдарының бірі cm адамдардың еңбек кажеттілігінен туған, қызметтік іс-әрекетіне байланысты табиғи қозғалыстар еді. Алғашқы қауымда дене тәрбиесін ең бірінші ұйымдастыру түрі, ол ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар болды. Бұл ойындарда адамның еңбек қызметінің шартты түрі бейнеленген. Бірақ ерте дүниедегі ең алғашкы қауым ойындарының өзі де қарапайым еңбек қызметіне ұқсас болған емес. Еңбек, ойындарда механикалық айқындалған түрінде емес, шығармашылык талдау қорытындысы барысында көрінеді. Ойын, алғашқы қауым адамдарының одан әрі дамуының бүтіндей бір өзіндік маңызы бар қызметіне айналды.

Алғашқы қауымдық қоғамдағы ойындар мен денешынықтыру жаттығуларының қаншалықты қарапайым болғанымен, олардың адамдарды қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік және ұйымдастырушылык мәні мен маңызы өте зор болды. Ойындар мен денешынықтыру жаттығулары ойлауды, тапқырлық пен зеректіктің дамуына және ептілікті, жігерді нығайтуға, іс-әрекеттерғе ұйымдасқан түрде атсалысу әдеттеріне тәрбиелеуге мүмкіндіктер туғызды.

Дене мәдениеті құлиеленушілер коғамында таптық сипатқа және өскери бағытқа ие болды. Оны құлиеленушілер мемлекет ішіндегі қаналушы бұқараны басып-жаншып отыру және жаулап алу басқыншылық соғыстарын жүргізу үшін, әскери күшті жасақтаудың ерекше бір амалдары ретінде пайдаланды. Бұл үшін әскери-денешыныктыру тәрбие жүйссі, арнайы оқу орындары құрылды, арнайы ғимаратгар мен құрылыстар салынып, әртүрлі дене жаттығулары өткізілді. Дене тәрбиесі кәсібі пайда болды.

Құлиеленуші құрылысы басқа салалар сияқты, дене тәрбиесіне де өзінің таптық құрылыска мәнді бет-бейнесін көрсететін көзқарасы мен құрылымын тудырды. Ежелгі Грецияда денені шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды поэзия, музыка, драматурғия, шешендік өнермен, әскери іспен, мемлекетгік қызметпен бірдей бағалады. Ежелгі грек философы Платон жаза алмаған және жүгіре, жүзе білмегендерді "кемтар" деп атап өткен. Көптеген грек құлиеленушілері, жер исленушілерге және колөнершілерге қарағанда шындығында да жан-жақты, әрі үйлесімді дамыған адамдар болған.

Бұл дәуірде еңбекші бұкара халык, денешынықтыру тәрбиесі ортасынан толығымен шығарылған еді. Еңбекке қажеттілігінен туған дене мәдениеті, еңбекпен уақытша байланысын үзуге тура келді. Ерте дүние олимпиада ойындары мен жарыстарына ерте дүние гректері медицинасының негізін қалаушы Гиппократ, философ Сократ, математик Пифагор, драматургтер Софокл мен Европидтер қатысты. Грецияда әрбір жазушы мен акын спортты мадақтап дәріптеуді өзіне құрмет, абырой деп санады. Ежелгі грек ақындары Томер Геродот, Ксенофонттардың өздерінің шығармаларын дене тәрбиесі мен әртүрлі жарыстарға арналғаны туралы мәліметтер кеп. Философ Платон өзінің саналы мемлекетгі құру жобасын жасағанда барлық адамдардың жастайынан міндетті дене тәрбиесімен шұғылданып, айналысуы керек екеніне ерекше көңіл аударды. Феодалдық дәуірде, халықтың денешыныктыру дайындығы, еңбек қызмет мен әртүрлі қарапайым жарыстары, тұрмыстық, мәдени немесе әскери түріндегі қимылдық-қозғалыстық ойындары негізінде жүзеге асырыдды. Бұл бүтіндей заңді құбылыс, себебі дене тәрбиесі, тікелей еңбек қажеттілігінен туындаған, ал ол, те құл иелену кезеңінде ғана өнерлі, жасанды түрде халықтан аластатылды. Көптеген халықтық көңіл кетеру сауықтык ойындары мен денешынықтыру жаттығуларының жүздеген жылдар бойына өздерінің еңбек пен тұрмысқа тікелей немесе жанама түріндегі байланыстарының сақталып келгені кездейсоқ емес.

2.2. Спорттың әлеуметтік жане педагогикалык

құбылыс ретіндегі рөлі.

Спорт - денешынықтыру жаттығуларын қолдануға және оньщ әлеуметтік мәні бар нәтижесіне (құндылығына) бағытталып негізделген ойындык, жарыстық тәрбиелік қызмет. Ойын қоғамдык тәжірибені меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі, онда жеке бастың тәртібін басқарудын негізі қаланады және жетіледі Ойындық қызмет - бұл шығармашылық белсенділіктің тосыннан, кенеттен көріиігі пайда болу түрі. Спорт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениетінің жүйесі
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Дене мәдениеті-коғам мәдениетінін бөлігі
Болашақ дене мәдениеті мамандарының лидерлік сапасын арттырудың мазмұны
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Студенттерді спорттық жарыстарға дайындаудың педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесі қағидаларын, әрбір дене шынықтыру мұғалім
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесі мен спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру жүйесі
Пәндер