Қазақстандағы жұмыссыздықты реттеу және шешу жолдары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері
1.1.Жұмыссыздық: типтері, түрлері, халықаралық салыстыру ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жұмыссыздық кедейшілік мәселесін шешудегі ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3. Жұмыссыздық мәселелерін шешудегі мемлекеттің саясаты ... ... ... ...10
2. Қазақстан Республикасында кедейшілік пен жұмыссыздық мониторингінің негізгі көрсеткіштері
2.1.Қазақстандағы жұмыссыздықты халық жынысы бойынша сипаттау, тал.дау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңейін талдау ... ... ... ... ...16
3.Қазақстандағы жұмыссыздықты реттеу және шешу жолдары
3.1.Еңбек рыногын реттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
3.2. Жұмыссыздықты реттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.3. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – «Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі және оның ерекшеліктері» деп аталады. Жұмыссыздық қай мемлекеттің болмасын ұлттың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін №1 әлеуметтік дерт болып табылады. Қылмыс пен кедейшіліктің, жезөкшілік пен қайыршылықтың түп-төркіні жұмыссыздыққа келіп тіреледі. Жұмыссыздықтың зардабынан Африкадағы, Таяу Шығыстағы дүрбелеңдер төңкеріске ұласты. Бұл елдерде жұмыссыздық 10-14 пайызды құраса, біздің ел тұрғындарының 5,8 пайызы ғана жұмыссыз екен. Біздің елімізде жұмыссыздардың жалпы санын да, ресми көрсеткішін де дәл анықтау мүмкін емес. Ауылдықтар аудан орталығына барып, есепке тұруға мәжбүр. Қаламызда ресми есепке тіркеуде тұрған жұмыссыздардың 90 пайызын балалар мен тұрғын үй жәрдемақысын алатындар құрайды. Түрлі жәрдемақы алуға мүмкіндігі жоқтар құр әуре сарсаңға түскісі келмейді. Бүгінгі жұмыссыздың әлеуметтік портреті сан қилылығымен ерекшеленеді. Олардың арасында дүкені мен көлігі бары да, пәтер жалдап тұратындары да бар.
Курстық жұмысымның өзектілігі: қазіргі таңда жұмыссыздық ең маңызды мәселенің бірі болып отыр. Себебі, жұмыссыздықтың артуы нәтижесінде халықтың белсенді тобы жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық не себептен туындайды, жұмыссыздарға қандай әлеуметтік көмек көрсету керектігін ашып көрсету.
Бұл жазылған курстық жұмыста жұмыссыздық түрлері, оның себептері, әлеуметтік қорғау мәселелері біршама айқын көрсетілген.
Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде жұмыссыздық пен кедейшіліктің теориялық негіздеріне тоқталамын, оның типтеріне, түрлеріне аса көңіл бөлемін.
Екінші бөлімінде қала мен ауыл кедейшілігінің сипаттамасын салыстырмалы түрде қарастырамын. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне талдау жасаймын.
Жұмыссыздықты реттеу әдістері мен жұмыспен қамту жайында үшінші бөлімінде қарастырылған.
Жалпы осы курстық жұмыста жұмыссыздық себептері, түрлері және реттеу әдістерін ашып көрсетуге тырысамын.
Мен осы курстық жұмысымда жұмыссыздыққа қарсы мынадай бағыттарды ұсынамын: «Елбасымыз биылғы Жолдауында жұмыссыздардың сұранысқа сай кәсіптерге оқыту туралы тапсырыс берді, яғни жұмыссыздарды жаңа мамандыққа оқыту үрдісін дамыту. Сұранысқа ие емес кейбір мамандардың артық даярлануын тоқтату. Жұмыссыздардың мәселесі жаңаша көзқарасты қажет етеді. Жұмыссыздықты ауыздықтау үшін үкіметіміздің таяуда 41 млрд. теңге қаржы бөлгені көңілге аз да болса үміт ұялатады.
Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан – ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Ахметов, К. Қазіргі жағдайда еңбек рыногын зерттеудің тұжырымдамалық негіздері: [Трибуна молодого исследователя]// Вестник ун-та "Туран".- 2005.- № 1-2.-С. 198-200
2.Қайсар. Жұмыссыздық және жұмыс жайы елордада қалай шешілуде? [Сараптама]// Егемен Қазақстан.- 2007.- 1 қаңтар.- 4 б.
3.Жүсіпұлы, Сапабек. Кедейшілікпен неге күресе алмаймыз?// Жас Алаш.- 2005.- 1 желтоқсан.- 3-6 б.
4. Бисенғазиев, Мұқаш Бейсенғазыұлы. Макроэкономика [Мәтін]: (Мемлекеттің экономикалық саясат негіздері). Лекциялық курс / Батыс Қазақстан мем. ун-ті.- Орал: [Б.ж.], 2000.- 170 б.
5.Бұлашев, Айтбай. Жұмысшы кадрларын даярлау басты назарда болуға тиіс : [С.Сейфуллин атындағы Қазқ Ұлттық агро-техникалық университетінің ректоры, қалалық мәслихаттың депутаты]// Астана хабары.- 2006.- 28 қыркүйек.- 2 б.
6.Вячеслав Бобков, Литвинов, В. Степанова, Т. Маликов, Н.Гулюгина, А. Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары : редактирование Лукина, Л. Исламова, С. Саламова, С.Бұйракулова, А.- Алматы: UNDP, 2004.- 140 б.
7.Дауылбайұлы, А. Жастардың еңбек биржасы: // Астана хабары.- 2006.- 21 қыркүйек.- 2 б.
8.Демеуова, А. Жұмыссыздар қатары азайып келеді Тікелей тілдесу// Астана хабары.- 2007.- 5маусым.- 3 б.
9.Жарылқасын, С. Өзің қалаған жұмысты істе : [Еңбек жәрмеңкесі]// Астана хабары.- 2005.- 24 мамыр.- Жоқшылық сыр шертеді : 2000 жылға арналған Адам Дамуы туралы Ұлттық Есепті дайындау барысында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің материалдары / жобаны әзір. Ж. Жандосова ; ред.: Ж. Жандосова, А. Таєатова ; "Сандж" зерттеу орталығы.- Алматы: С-Принт, 2005.- 32 б.: сурет.
10.Жолдасбаев, С. Халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейі : [Адам құқығы]// Заң газетi.- 2006.- 14сәуір.- 3 б.
11.Жұмабаев, Серік. "...Отыра берсек, аштан келетін түріміз бар" дейді жұмыссыз жастар: [Жастар мәселесі]// Білім әлемі.- 2005.- 30 сәуір.- 13 б.
12.Жұмабекұлы, Серік. Дамуымыз қай деңгейде?: [Экономика және біз]// Қазақстан Zaman.- 2005.- 22 шілде.- 5 б.
13.Қазақстан бойынша халықтың экономикалық белсенділігі: статистикалық жинақ : 1996-2005 / жинақты әзірлеуге жауапты: Н. Кривко, А. Қатарбаева, Г. Семибратова ; ред. басқ.: Б. Сұлтанов; ҚР Статистика агенттігі.- Алматы: Қазстан ақпарат, 2006.- 360 б.
14. Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі: 1995-2004 : статистикалық жинақ / жинақты әзірлеуге жауапты: Н. Кривко, А. Қатарбаева, Г. Семибратова; ред. басқ.: Қ. Әбдиев; Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.- Алматы: Қазстатақпарат, 2005.- 100 б
15.Нұрғалиев, Ғ. Қазақстандағы еңбек нарығының ерекшеліктері: // Азия -Транзит.- 2007.- № 7-8.- 38-42 б.
16.Нұрмұхамедова, Ш. Жұмыссыздық - кедейшіліктің басты себептерінің бірі: [Экономика]// Қаз ҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.- 2005.- № 2.- 132-134 б.
17. Сақтағанова, Оразбике. Еңбек-жұмыссыздық пен кедейліктен арылудың жолы [Мәтін]: [Жасампаз құжаттың жалыны жалпақ жұртты қуантты]// Егемен Қазақстан.- 2005.- 30 желтоқсан.- 9 б.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Жұмыссыздықтың теориялық негіздері
1.1.Жұмыссыздық: типтері, түрлері, халықаралық салыстыру ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Жұмыссыздық кедейшілік мәселесін шешудегі ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Жұмыссыздық мәселелерін шешудегі мемлекеттің саясаты ... ... ... ...10
2. Қазақстан Республикасында кедейшілік пен жұмыссыздық мониторингінің негізгі көрсеткіштері
2.1.Қазақстандағы жұмыссыздықты халық жынысы бойынша сипаттау, тал-дау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңейін талдау ... ... ... ... ...16
3.Қазақстандағы жұмыссыздықты реттеу және шешу жолдары
3.1.Еңбек рыногын реттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3.2. Жұмыссыздықты реттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.3. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы - Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі және оның ерекшеліктері деп аталады. Жұмыссыздық қай мемлекеттің болмасын ұлттың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін №1 әлеуметтік дерт болып табылады. Қылмыс пен кедейшіліктің, жезөкшілік пен қайыршылықтың түп-төркіні жұмыссыздыққа келіп тіреледі. Жұмыссыздықтың зардабынан Африкадағы, Таяу Шығыстағы дүрбелеңдер төңкеріске ұласты. Бұл елдерде жұмыссыздық 10-14 пайызды құраса, біздің ел тұрғындарының 5,8 пайызы ғана жұмыссыз екен. Біздің елімізде жұмыссыздардың жалпы санын да, ресми көрсеткішін де дәл анықтау мүмкін емес. Ауылдықтар аудан орталығына барып, есепке тұруға мәжбүр. Қаламызда ресми есепке тіркеуде тұрған жұмыссыздардың 90 пайызын балалар мен тұрғын үй жәрдемақысын алатындар құрайды. Түрлі жәрдемақы алуға мүмкіндігі жоқтар құр әуре сарсаңға түскісі келмейді. Бүгінгі жұмыссыздың әлеуметтік портреті сан қилылығымен ерекшеленеді. Олардың арасында дүкені мен көлігі бары да, пәтер жалдап тұратындары да бар.
Курстық жұмысымның өзектілігі: қазіргі таңда жұмыссыздық ең маңызды мәселенің бірі болып отыр. Себебі, жұмыссыздықтың артуы нәтижесінде халықтың белсенді тобы жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - жұмыссыздық не себептен туындайды, жұмыссыздарға қандай әлеуметтік көмек көрсету керектігін ашып көрсету.
Бұл жазылған курстық жұмыста жұмыссыздық түрлері, оның себептері, әлеуметтік қорғау мәселелері біршама айқын көрсетілген.
Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде жұмыссыздық пен кедейшіліктің теориялық негіздеріне тоқталамын, оның типтеріне, түрлеріне аса көңіл бөлемін.
Екінші бөлімінде қала мен ауыл кедейшілігінің сипаттамасын салыстырмалы түрде қарастырамын. Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне талдау жасаймын.
Жұмыссыздықты реттеу әдістері мен жұмыспен қамту жайында үшінші бөлімінде қарастырылған.
Жалпы осы курстық жұмыста жұмыссыздық себептері, түрлері және реттеу әдістерін ашып көрсетуге тырысамын.
Мен осы курстық жұмысымда жұмыссыздыққа қарсы мынадай бағыттарды ұсынамын: Елбасымыз биылғы Жолдауында жұмыссыздардың сұранысқа сай кәсіптерге оқыту туралы тапсырыс берді, яғни жұмыссыздарды жаңа мамандыққа оқыту үрдісін дамыту. Сұранысқа ие емес кейбір мамандардың артық даярлануын тоқтату. Жұмыссыздардың мәселесі жаңаша көзқарасты қажет етеді. Жұмыссыздықты ауыздықтау үшін үкіметіміздің таяуда 41 млрд. теңге қаржы бөлгені көңілге аз да болса үміт ұялатады.
Нарықтық қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі - еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан - ақ белсенді түрде қамтыла бастаған болатын. Оның дамуына бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әртүрлі экономикалық дағдарыстар, 1930 жылдардағы Қазақстандық ұлы тоқырау, халықаралық еңбек ұйымының шешімдері үлкен әсерін тигізді
1. Жұмыссыздық пен кедейшіліктің теориялық негіздері
1.1. Жұмыссыздық: типтері, түрлері, халықаралық салыстыру
Анықтама бойынша жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің жасауға қабілетті жұмыс таба алмауы.
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
* Фрикционды
* Құрылымдық
* Циклдық
Фрикционды жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс берудің структурасын жақсарту арқылы жетуге болады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен өндіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек ресурстары өте көп.
Жұмыссыздық пен өндірістегі шығындар арасында Оукен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5%*потенциальный выпуск.
Өнім шығару потенциалды деңгейден төмен болғанда, шығындар қатты сезіледі. Бұл мемлекеттің салық төлемдерінен қағылуына алып келеді.
Көпшілік экономистер фрикциондық, және құрылымдық жұмыссыздық болуға тиісті дейді. Абсолютты толық қамту болмайды. Олай болса толық 1 қамтылу жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі фракциондық, құрылымдық жұмыссыздыққа тән. Жалпы айтқанда табиғи жұмыссыздық деңгейі болады.
Табиғи жұмыссыздық деңгейімен байланысты өндірілген нақты ұлттық өнім көлемін экономиканың өндірістік потенциалы дейді.
Табғи жұмыссыздық деңгейі жалпы еңбек ресурстарының 5,5 - 6 процентін құрайды.
Жұмыссыздық деңгейін анықтау
Жұмыссыздық деңгейі-жұмыссыздар саны жұмыс күші саны х 100%. Мысалы: АҚШ 1988 ж. жұмыссыздық деңгейі -6701 мың 123669 мың х І00% - 5,5%
1988 жылы АҚШ та 17 млн. адам өз еркімен жартылай жұмыс істеуді талғады, ал 5 млн. адам толық жұмыс күн істегісі келеді яғни өзіне қажетті жұмыс таба алмады, немесе жұмыс күшіне сұраныс азаюуы мен байланысты жартылай жұмыс күндік жұмысқа көшті. Бұл екі жұмыссыздар категориялары жартылай жұмысқа қамтылғандар, жартылай жұмыссыздар есепке алынбайды сондықтан жұмыссыздар ара салмағы төмен болады.[2]
Жұмыссыздар категориясына кіру үшін жұмысты белсенді іздеу керек. Жұмысты ұқыпты, белсенді іздемейтіндер жұмыс күші құрамынан шығарылады. Экономиканың төмендеу нышанында бұлар көп болады, ал жанданған, көтерілген жағдайдың өзінде 1988 ж. АҚШ та 1 млн. адам болды. Бірқатар жұмыссыздар жұмыс іздеп жүрмін, таба алмадым деп жұмыссыздар тізімінде тұрады.Олар жұмыссыздыққа жәрдем алады немесе әлеуметтік қам-сыздандыру көмегін (пособиясын) алады. Одан басқа көлеңкелі экономика жұмыссыздар санын көбейтеді, себебі жұмысшылары есепте жоқ.
Тым жоғары жұмыссыздық үлкен экономикалық және әлеуметтік шығындарға соқтырады.
Жұмыссыздықтың бағасы - өндірілмеген өнім. Экономика қажетті жұмыс орындарын жасақтай алмаса ол жағдайда тауар өндіру, қызмет көрсету елдің өндірістік потенциалын (қуатын) кері қайтпайтын шығынға әкеледі. Математик Оукеннің заңы бойынша егер нақты жұмыссыздық деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейінен бір процент асса жалпы ұлттык өнімнің 2,5 %-тін жоғалтады.
Жалған орташа цифрлардың арқасында жұмыссыздықтың кеселі, шығындары орынды көрсеткішке айналады.
Циклдық жұмыссыздық - бұл экономикалық бақытсыздықтан да жоғары, бұл әлеуметтік катастрофа (апат). Депрессия әрекетсіздікке (енжарлыққа), әрекетсіздік мамаңдықтан айырылуға, өзін өзі сыйлауды қоюға, моралдық қасиетің төмендеуіне, семьяның бұзылуына, сонымен қатар коғамдық-саяси жөнсіздікке әкеледі.
Экономикалық белсенді халық - тауарлар мен қызмет түрлері өндірісі үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, экономикалық белсенділікті өлшеу үшін белгіленген жастағы шоктың бір бөлігі. Жұмыссыздық - экономикалық белсенді шақтың бір бөлігі жұмыс таба алмауы мүмкін әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздық деңгейі - экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар үлесі. Ал енді өзіміздің Астана қаласында жұмыссыздарға байланысты атқарылған мәліметтерді айта кетсек, өткен 9 айдың қорытындысы бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығы "Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес" Бағдарламасында қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру бағытында жұмыс жасап отырды. Жұмыспен қамту саясаты жұмыссыз азаматтардың жұмысқа тұрып кетуіне ықпал жасап, мақсатты топтағы азаматтарға барынша көмек көрсетіп, енбек нарығына сай мамандықтар бойынша оқыту, және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Есеп беру кезеңіне қаладағы еңбек нарығындағы жағдай жақсара түскені және аса маңызды өзгерістер бола коймағаны байқалады, жұмыс күштеріне келіп түскен сұраныстар өсе түсті, бірақ бұл сұраныстар еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес келмейді. Бос орындарына келіп түскен сұраныстар көбіне жұмыс орындарының босауынан, яғни жұмысшылардың жұмыстан шығуына байланысты, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуынан болып отыр. Ал біздің есебімізде жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған азаматтардың көбісі әр түрлі себептермен жұмыстан босағандар, бірінші рет жұмыс іздеушілер, ұзақ уақыт жұмыс жасамағандар, оралмандар. [4]
Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі тұрғылықты әлеуметтік көмекті тек қана мұқтаждылықты қажет ететін жанұяларға ғана беруді қағида етіп, ал халықты жұмыс істеуге, жұмыспен қамту жөніндегі белсенді саясатын жүзеге асырып, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға белсенді камту болып отыр.
2010жылдың басынан бері жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 35,4 мың адам тіркелді. 2010 жылдың қазан айының 1 жұлдызына жұмыссыздардың жалпы саны 496,5 мың адам. Тіркелген жұмыссыздардың басым көпшілігі, яғни 280,8 мың әйелдер, 33,6-ы 16-24 аралығындағы жастар. Жұмыссыз азаматтардын негізгі бөлігі аз қамтылғандар тобы, еңбек шарттарының бітуіне байланысты жұмыстан шыққандар, жастар, ұзақ уақыт жұмыс істемегендер. Жұмыссыздардың орташа жасы 35-44 жас аралығындағылар. Орташа алғанда тіркелген жұмыссыздардың жұмыс іздеу уақыты 3-6 ай болып отыр. Жұмыссыз есебінде тіркеліп тұрғандардың білімі бойынша талдау жасағанда; оның ішінде жалпы орта білімі барларының саны 180,2 мың адамға өсе түскені байқалады, ал басқа білім деңгейлері бойынша азая түскен, яғни жоғарғы білімділер 118,5 мың адам, арнаулы орта білімділер 128,5 мың адам болып отыр. Қаладағы жұмыссыздықтың белен алуының негізгі себебі жұмыс күшіне келіп түскен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы білікті мамандық құрамының сәйкессіздігі, кәсіби мамандыкқа дайындау кезіндегі енбек нарығының талабына сай емес мамандықтарға оқыту. Олар көбісінің кәсіби деңгейлері төмен, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемегендер, еңбек тәжірибесі жоқ оқу орындарын бітірген жас мамандар, сонымен қатар еңбек заңдарын бұзып, жұмыстан босағандар. Жұмыс берушілердің қойған талабы өте жоғары және қатаң. Олар еңбек нарығының сұранысы бойынша жоғарғы білікті мамандар, жаңа техника мен технологияларды жақсы меңгерген мамандарды талап етеді. Сонымен қатар көптеген кәсіби мектептер жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес мамандар дайындай алмайды, себебі олардың оқу құрал-жабдықтары тозып, қазіргі заман талабына сай жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндіктері жоқ. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты жұмыс берушілер кейбір жоғарғы білікті кұрылыс мамандарын жақын және алыс шет елдерден шақыртып отыр, ол экономикалық әлеуметтік жағынан тиімсіз.[3]
1.2. Жұмыссыздық- кедейшілік мәселесін шешудегі рөлі
Жұмыссыздық - Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебінің бірі болып отыр. Кедейлік себептерінің катарына жұмыссыздық пен қатар халықтың шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол жеткізуінің, жүмыс істейтін кедейлер жалақысынын төмен деңгейін, коммуналдық және көлік қызметтерге, денсаулық сақтау және білім саласындағы қызметтерге қол жеткізудің төмендігін, әлеуметтік, қорғаудың қазіргі жүйесінің жеткіліксіз тиімділігін адамзаттардың жекелеген санаттарының масылдық, көңіл-күйін, сондай-ақ кедей халықтың төмен хабардарлығын және қоғам өміріне қатысу дәрежесінің төмендігін жатқызған жөн.
Экономикалық белсенді халық - тауарлар мен қызмет түрлері өндірісі үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, экономикалық белсенділікті өлшеу үшін белгіленген жастағы шыктың бір бөлігі. Жұмыссыздық - экономикалық белсенді шақтың бір бөлігі жұмыстаба алмауы мүмкін әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздық деңгейі - экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар үлесі. Ал енді өзіміздің Астана қаласында жұмыссыздарға байланысты атқарылған мәліметтерді айта кетсек, 2007 жылдың өткен 9 айдың қорытындысы бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығы "Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес" бағдарламасында қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру бағытында жұмыс жасап отырды. Жұмыспен қамту саясаты жұмыссыз азаматтардың жұмысқа тұрып кетуіне ықпал жасап, мақсатты топтағы азаматтарға барынша көмек көрсетіп, енбек нарығына сай мамандықтар бойынша оқыту, және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Еңбек рыногының негізгі индикаторлары
Есеп беру кезеңіне қаладағы еңбек нарығындағы жағдай жақсара түскені және аса маңызды өзгерістер бола коймағаны байқалады, жұмыс күштеріне келіп түскен сұраныстар өсе түсті, бірақ бұл сұраныстар еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкес келмейді. Бос орындарына келіп түскен сұраныстар көбіне жұмыс орындарының босауынан, яғни жұмысшылардың жұмыстан шығуына байланысты, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуынан болып отыр. Ал біздің есебімізде жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған азаматтардың көбісі әр түрлі себептермен жұмыстан босағандар, бірінші рет жұмыс іздеушілер, ұзақ уақыт жұмыс жасамағандар, оралмандар.[16]
2010 жылдың қазан айының 1-ші жұлдызында 3 мекеме өз жұмыстарын толық тоқтатты. 16 мекеме өз жұмыстарын жартылай тоқтатып, 57 жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болды, 42 адам қысқартылған кесте бойынша жұмыс істеуде. 2010 жылдың 1-ші қазан айына экономикалық белсенді тұрғындардың ішінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтардың үлесі 0,4 пайызды құрап отыр, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеген. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі тұрғылықты әлеуметтік көмекті тек қана мұқтаждылықты қажет ететін жанұяларға ғана беруді қағида етіп, ал халықты жұмыс істеуге, жұмыспен қамту жөніндегі белсенді саясатын жүзеге асырып, сонымен қатар жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға белсенді камту болып отыр.
2010жылдың басынан бері жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 35,4 мың адам тіркелді. 2010 жылдың қазан айының 1 жұлдызына жұмыссыздардың жалпы саны 496,5 мың адам. Тіркелген жұмыссыздардың басым көпшілігі, яғни 280,8 мың әйелдер, 33,6-ы 16-24 аралығындағы жастар. Жұмыссыздардың орташа жасы 35-44 жас аралығындағылар. Орташа алғанда тіркелген жұмыссыздардың жұмыс іздеу уақыты 3-6 ай болып отыр. Жұмыссыз есебінде тіркеліп тұрғандардың білімі бойынша талдау жасағанда; оның ішінде жалпы орта білімі барларының саны 180,2 мың адамға өсе түскені байқалады, ал басқа білім деңгейлері бойынша азая түскен, яғни жоғарғы білімділер 118,5 мың адам, арнаулы орта білімділер 128,5 мың адам болып отыр. Қаладағы жұмыссыздықтың белен алуының негізгі себебі жұмыс күшіне келіп түскен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы білікті мамандық құрамының сәйкессіздігі, кәсіби мамандыкқа дайындау кезіндегі енбек нарығының талабына сай емес мамандықтарға оқыту. Олар көбісінің кәсіби деңгейлері төмен, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемегендер, еңбек тәжірибесі жоқ оқу орындарын бітірген жас мамандар, сонымен қатар еңбек заңдарын бұзып, жұмыстан босағандар. Жұмыс берушілердің қойған талабы өте жоғары және қатаң. Олар еңбек нарығының сұранысы бойынша жоғарғы білікті мамандар, жаңа техника мен технологияларды жақсы меңгерген мамандарды талап етеді. Сонымен қатар көптеген кәсіби мектептер жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес мамандар дайындай алмайды, себебі олардың оқу құрал-жабдықтары тозып, қазіргі заман талабына сай жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндіктері жоқ. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты жұмыс берушілер кейбір жоғарғы білікті кұрылыс мамандарын жақын және алыс шет елдерден шақыртып отыр, ол экономикалық әлеуметтік жағынан тиімсіз.[5]
1.3. Жұмыссыздық мәселелерін шешудегі мемлекеттің саясаты.
Казір көптеген мекемелер әлде қашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама-қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училищелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет:
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бұл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн.
Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар ықпал етеді:
* ғылыми - техникалық прогресс;
* экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
* сыртқы экономиканың бәсекелестіктің күрт күшеюі.
2006-2008 жылдары кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негізгі мақсат еңбек нарығында белсенді саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшілікті азайту және тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапасын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қантардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру 902,1 мың жаңа жұмыс орнын құру, 403,1 мың адамды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, 333,5 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, 70,8 мың жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу есебінен еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.
Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін өсіруді ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылу саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру көзделеді. Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негізгі мақсат экономикалық өсу, жұмыспен қамтудың өнімділігі, еңбек рыногындағы белсенді саясат және халық табысын көбейту, кедейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне қол жетімділігін арттыру, әлеуметтік қорғаудың атаулылығын жақсарту және шешімдер қабылдауға қоғамдық институттарды тарта отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
- шағын бизнесті қоса алғанда кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы
жағдайлар жасау;
қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және шағын кредит беру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы белсенді шараларды одан әрі дамыту және жетілдіру;
денсаулық сақтау, білім беру секторларындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін, әрі қол жетімділігін арттыру;
халықтың кедей және осал таптарының мүдделерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру;
елдегі кедейшілікті азайтуда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру;
жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын дамыту бағытында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, ішкі еңбек рыногын қорғау;
елдің еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамассыз ету арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
еңбек рыногының икемділігін арттыру, мақсаты халық топтарына кіретін адамдарды тиімді қолдануды қамтамассыз ету;
азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамашылығын қолдау;
жұмыс орындарын құру мониторингі бойынша ақпараттық базаны жасау, республикаға шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде қазақстандық азаматтарды даярлау және қайта даярлау;
еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтарды кәсіптік даярлауды арттыру;
еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты мониторингін, сондай-ақ орталық және жергілікті органдардың жұмысын жұмыссыздық мәселелерін шешу тұрғысынан бағалауды жүзеге асыру;
жұмыссыздық проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Жұмыспен қамту саласындағы саясат халықтың жұмыспен өнімді қамтамасыз етілу мақсатарға сүйенгенде ғана табысты болуы мүмкін. Бұған еңбек ресурстары сапасын қамтамасыз ету арқылы ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық өсуді қамтамассыз ету үшін қажетті еңбек ресурстарының сапасы адам ресурстарын дамыту стратегиясы арқылы мүмкін болады. Бұл, өз кезегінде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігіне оң әсер етеді.
Кедейшілік пен жұмыссыздық мәселелерін шешуде қысқа мерізімді және орта мерізімді мақсаттар жігін айқын ажырату қажеттігі туындауда.
Орта мерзімдегі жоспардың(2005-2010жылдар) басты мақсаты:
экономикалық құрылымдық реформалар арқылы жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру:
кәсіпкерлік үшін қолайлы орта қалыптастыру;
инвеститциялық қызметті ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
адам капиталының сапасын жақсарту;
жалақы мен табысқа кепілдік беру;
халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін дамыту.
2010жылдың 01. 05-на жұмысқа орналасуға жүгінген адамдар саны 624, жұмыспен қамту бөлімінің көмегімен 370 адам жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қала мекемелерінен қажетті мамандармен кәсіпкерлерді саралап отырады, еңбек рыногында қажеттіе мамандыққа жұмыссыздарды оқыту және қайта оқыту туралы жұмыс жүргізеді. № 20 КЛ білім мекемесімен тығыз жұмыс істей отырып (жоспар бойынша) жыл басынан 79 адам мына мамандықтар бойынша: есепші, кең көлемді іскер, электрик оқуға жіберілді. Жол картасы бойынша кәсіптік оқуға 68 адам 5 мамандық бойынша (слесарь-сантехник, газэлектрмендәнекерлеуші, электромонтер, ағаш ұстасы, қалаушы) жіберілді. Жұмыссыз азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатыса отырып табыс табуы жұмыссыздық мәселелерін шешудің бірден - бір тиімді тәсілі болып табылады. Жыл басынан қоғамдық жұмыстың 18 түріне, 240 жұмыссыз азаматтар қатысқан. Халықтың ынталы тобына жататын азаматтарды өндіріс орындарына бекіту әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызады. Жыл басынан бастап, мына кәсіпорындарда: Су Құбыры МКМ, Благоустройство МКМ 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, сол мекемелерде тұрақты жұмысқа орналасты. Жол картасы бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адам жіберілді, 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 56 адам Жастар практикасына жіберілді. Кедейшілік шегінен төмен тұратын 535 өтініш берген азаматтарғаи 11,4 м.т. мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларына 1093 балаға жәрдемақы 4887,0 мың. теңге төленді, тұрғын үй көмегі 843 жанұяға (соның ішінде жеке үйлердегі 138 жанұяға) төленді. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына 39 адамға 257,0 мың теңге көлемінде төленді. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге компенсация 42 адамға 537,1 мың теңге төленді. Жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға берілеті көмек 7 аз қамтылған отбасыларына 1310,0 мың теңге көлемінде берілді. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арнайы 16875,0 м.т. (соның ішінде республика бюджетінен 10975,0 м.т., жергілікті бюджеттен 5900,0 м.т.) көлемінде материалдық көмек төленді. Қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 79 адамға көмек көрсетеді, оның ішінде ҰОСҚ және ҰОСМ - 3 адам, жалпы ауру мүгедектері - 10 адам. 9 әлеуметтік қызметкер әлеуметтік көмеккөрсетеді.
Жалпы, мамандардың пайымдауынша, бұл мәселенің оңтайлы шешілуі үшін алдымен мынадай ұсыныстар ескерілуі керек:
а) Үкімет ең алдымен ұлттық кәсіби жұмысшы табын қалыптастыруға мән беруі тиіс. Жасыратыны жоқ, 1992-1993 жылдары дайындалған кәсіби-техникалық мамандықтардың базасы бұл күні нарықтық заманға сәйкес келмей қалды. Қазір жаңарған техниканың тілін білетін қазақ азаматтары некен-саяқ. Сондықтан орта кәсіби мамандарды жаңа технологияның тілін білуге бейімдегеніміз жөн.
ә) Елдегі жұмыссыздықты жоя алмай тұрып, гастарбайтерлерді қаптату жұмыс күшін өзімізде қалыптастыруға кері ықпал етеді. Сондықтан гастарбайтерлерге қатысты заңды ғана қатайтып қоймай, сөлін ішіне жиған мықты бағдарламалар арқылы жұмыс істеуіміз керек.
б) Сондай-ақ біртіндеп уақыт талабына сай ішкі миграциямызды да жөнге келтіріп алуымыз қажет. Қолайсыз аймақта тұрып жатқан халықтың қолайлы аймақтарға қоныс аударуына жағдай жасасақ оларды жұмыссыздықтан құтқарар едік.
Міне, жұмыссыздық мәселесін шешуде біздің Үкіметтің басты мән беретін бағыты осы болуы тиіс. Ал одан соң, әрине, өндіріс орындарын көбейтіп, агроөнеркәсіпке жан бітіріп, шикі өнімді өңдеудің тілін таба білсек, жұмыссыз қалу жайын талқылап та жатпайтын едік.
2.Қазақстан Республикасында кедейшілік пен жұмыссыздық мониторингінің негізгі көрсеткіштері
2.1.Қазақстандағы жұмыссыздықты халық жынысы бойынша сипаттау,талдау
Еркектер мен әйелдердің экономикалық, теңсіздігі ең алдымен еңбек рыногынан көрінеді. 2010 жылғы статистика деректері бойынша экономикалық белсенді еркектер әйелдерден шамамен 4%-ға артық болған. Бұған керісінше, халықтың экономикалық белсенді емес санатында әйелдер көп. Осы жағдайды әйелдердің үй қожасы мансабына өз ықтиярларымен көшу себебімен ғана түсіндіруге болмайды. Әйелдер өз еңбектерін белсенді түрде ұсынады, 2008-2010 жылдарда жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 15%-ға өсті, ал еркектердің мұндай көрсөткіші - небәрі 4% ғана. Алайда жұмыспен қамтылған шық құрылымында әйелдердің үлесі төмендеу.
Жұмыссыздық "әйел шырайлы": жұмыссыздардың жалпы санында әйелдердің үлесі басым (2009 жылы - 57%, 2010 жылы - 59%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі еркектермен салыстырғанда әйелдер арасында жоғары (2010 жылғы деректер бойынша - 11,2 және 7,5).
Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі - олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.
Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.
Жас қыздар оқығанды жөн көріп, жұмыс іздемейді. 15-19 жастағы қыздардың саны экономикалық белсенді халық құрамында еркектрден 17%-ға аз. Бірақ осы жастағы жұмыссыз қыздардың саны жұмыссыз бозбалалардан 3%-ға көп. 20 жастан 54 жасқа дейінгі жалпы жұмыссыздар санының 61%-ын әйелдер құрайды және жұмыссыз еркектер санынан 54% артық. 60 жастан әрі жағдай әйелдердің пайдасына қарай түзеле бастайды, осы жастағы жұмыссыз еркектер саны әйелдерден 2,1есе көп.
Мәліметтердің жеткіліксіздігі осы құбылыстың себептерін дәл анықтауға мүмкін-дік бермейді. Бірақ мынадай жәйтті шамалауға болады. Әйелдер өздерін еңбек рыногында білім алғаннан, алғашқы босанудан және бала тәрбиесінен кейін шамамен 25 жастан бастап көріне бастайды да (экономикалык. белсенділік деңгейі 72%-ға тең), 60 жасқа дейін іс жүзінде осы белсенділіктен танбайды. Белсенділіктің шырқау биігі 35-49 жастың еншісінде, әйел өзінің бала табу міндетін орындап шығып, енді мансаппен айналысуға жол ашылады. Бұл ретте әйелдер жүмыс берушілердің жасырын алалауы себептерінен еңбек рыногында азырақ талап етіледі (осы жастағы жұмыссыз әйелдер еркектерден 1,7 есе көп). 60 жастан кейін әйелдердің экономикалық белсенділік деңгейі күрт төмендейді I (60-64 жастағы топта 35%-дан, 65 және одан жоғары жастағы 12%-ға дейін), осы жастағы әйелдердің басым көпшілігі үй шаруашылығымен айналысқанды жөн көреді (немесе шарасыздан). Осы жаста санатындағы еркектердің белсенділігі әйелдерден жоғары (2 есеге жуық), бірақ олардың үлесі де кеми бастайды (39%-ға). Мәселен, еркектердің табиғи азаюынан және көпшілік әйелдердің жұмыстан бас тартуларынан, қалған әйелдердің жұмысқа орналасуға мумкіндіктері көбейеді де, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі темендейді.[13]
Жұмыссыз халықты жынысы,жасы және тұратын жері бойынша бөлу
Жоғары деңгейдегі білім жұмыс іздеу кезінде, әсіресе әйелдер үшін артықшылық береді. Әйелдердің жоғары білімділік деңгейі жұмыспен қамтылған адамдар арасында олардың сан жағынан басымдығына септігін тигізеді: жоғары білімі барлар 16%-ға, арнайы орта білімі барлар 11%-ға артық.
Жұмыссыз халықты білім деңгейі бойынша бөлу
Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі, бастауыш білімі бар жұмыссыздар-ды қоспағанда, білім деңгейіне қатыссыз жұмыссыз еркектердің деңгейінен жоғары Бастауыш білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдер еркектерден 11%-ға артық, ал жұмыссыз әйелдер саны еркектерден 5%-ға кем. Бәлкім, бұл төмен білімді адамдарға ұсынатын мамандықты талап етпейтін жұмыстарды (сыпырушы, ыдыс-аяқ жуушы, т.б.) қалыптасқан дәстүр бойынша әйелдердің атқаратынынан болса керек. Жоғары білімді еркектер мен әйелдер жұмыссыздығы деңгейлөрінің арасындағы шамалы ғана алшақтық осы фактордың халықтың әл-ауқатына қатысты маңыздылығын тағы бір рет екшеп көрсетөді.
Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі жұмысқа екінші қайтара орналасудың қиындығымен тереңдей түседі. Жұмыссыздық ұзақтығының жалпы өсуі тұрғысында әйелдер жұмысқа орналасу үшін көбірек уақыт жұмсайды.[11]
2.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейін талдау
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде экономиканың тұрақтандырып, жұмыссыздықты жою мәселелеріне шындап кірісе бастады.
Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Бұл - мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің жарлығымен іске қосылады. Онда күрделі мәселелер өте көп.
Жұмыссыздық және кедейлік - бұлар экономикалық және әлеуметтік түсініктер. Баланс бойынша жұмыссыздық бүгінде 13,5 %, ресми тіркелгені -3,9 % , ал шын мәнінде көптеген аймақтарда оның деңгейі әлде қайда жоғары. Жұмыссыздық неге көп, неліктен осылай болып отыр дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктердің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол.
Жоғары да айтып өткендей, жұмыссыздық - бұл әлеуметтік экономикалық құбылыс. Қазақстан республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы заң бойынша, жұмыссыз деп мынадай еңбекке қабілетті адамдар саналады: еңбекке жарамды жасқа жеткен, өздеріне байланысты емес себептерден еңбек қатынасында, еңбек ақысы (еңбек табысы) жоқ адамдар. Жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер және осы орган лайықты жұмысты ұсынысын жасаиаған, жұмыс іздеп жүрген, еңбек еткісі келетіндер.
Жұмыссыз болу дегеніміз - бұл тұрақты жұмысы жоқ және соның ізденісінде жүргендер. Жұмыс іздеумен айналысқандар жұмыссыздар қатары болып саналады, ал оны іздемегендер - жұмысшы күшіне қосылмайды.
Жұмыссыздықтың ресми деңгейі - бұл экономикалық белсенді тұрғындарға % жүзіндегі жыл аяғындағы тіркелген жұмыссыздардың саны.
ҚР статистика жөніндегі агентігінің мәліметтері бойынша жұмыссыздықтың ресми деңгейі 1994 ж - 1,1 %, 1996 ж -4,2 %, 1997 ж - 3,8 %, 1999 ж -3,7 % құрады.
Елімізде, соңғы жылдары нарықтық саясатқа көшумен байланысты еңбек қатынасының реттелмеуінен жалпы әлеуметтік экономикалық - құлдыраушылықтар орын алды. Ендігі кезекте адам үшін осынау ең маңызды да абыройлы міндеті мемлекеттік тұрғыдан шешу еліміздің Қазақстан - 2030 стратегиялық бағытымен үкіметіміздің іс-қимыл бағдарламасының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздегі осы мақсатта жүргізіліп жатқан еңбек қатынастарын реттеу мен жұмыспен қамту саласындағы сандық және сапалық өзгерістер соңғы кезде экономикалық қызметпен айналысушылардың азаюымен, жеке меншік түрлері бойынша жұмыс істейтіндердің қайта бөлінуімен, қызметкерлердің жұмыстан босатылуының белсенділігімен, сондай-ақ еңбек нарығында шетелдік жұмысшы күшінің басымдылығының төмендеуінің және басқада факторларымен сипатталады. Бұның бәрі айналып келгенде жұмыссыздықтың сақталуына, халықтың бір бөлігінің әлі еңбекке қатынасының толық шешімін таппауына әкеліп соғып отыр.[14]
Нарықтық экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты.
Біріншісі, өндірістің нарықтық тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік - экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайдыға саяды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік - экономикалық факторларға бағынышты. Осыған сүйене отырып, кәсіпкерлер, жұмыскерлер және үкімет әлеуметтік қатердің осы түрін басқару жөнінде айрықша қаржы жүйесін құруға тиіс, сөйтіп, бірлесе отырып, жалпы күшпен бұл қатерге қарсы тұрулары және оны төмендету мен жою үшін жауапкершілікті өзара бөлісулері керек.
Екінші себеп, мемлекеттік органдардың өз азаматтарына еңбекке құқығын қамтамасыз етудегі конституциялық міндеті болып саналады.
Бұл құқық көптеген мемлекеттердің конституцияларында бекітілген: Португалияда, Жапонияда, Испанияда және басқа елдерде.
Жоғарыда көрсетілгендей жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының бірі жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету болып табылады.
Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны құрудың негізгі көзі жұмыскерлердің олардың жұмыспен қамтылған кездегі өздерінің қаржылық аудармасы болып табылады. Олардың құрылуы мен жасалуы қамсыздандырудың қор жинау жүйесіне ұқсас болып келеді. Олар жұмыссыздық басқа түскен кезде Қамсыздандырулық төлем болып саналады.
Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы мемлекеттің еңбеккерлер алдындағы олардың конституциялық Еңбекке құқығын сақтауының нақты көрінісінің бірі болып саналады. Ол, егерде жұмыссыз адам шын мәніндегі жұмыссыз болып шықса толығымен сақталған болады. Яғни, ол жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істеуге ықыласы бар және бұған оның физиологиялық және психологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz