Секта – діннің ең қауіпті бағыты


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Секта - діннің ең қауіпті бағыты

«Бөлінгенді бөрі жер». Бабаларымыз жауласқан ағайындарды тарихта осындай аталы сөздермен тоқтатпап еді. Кейде ойланып отырып, әттең бір ауыз сөзбен халықты тоқтатып, ағайынды табыстырған аузы дуалы ақсақалдарымызды сағынады екенсің.

Бір дінде жүрген сияқты болып, адасқанын өздері білмей, болмашы нәрсеге теріс діни жоралғылармен таласып, халқына, ұлтына тіл тигізіп жатқан бауырларымызды көргенде ішіміз қан жылап, әттең осыларыды тоқтатын тарихымыздағы ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қайда деп қаласың. Қазіргі үлкендеріміз ұсақталды ма, әлде заман бұзылды ма жастарға ақыл айтып келелі іске араласатын қарияларымыздың аздығына қынжыласың. Кезінде Бауыржан Момышұлы атамыз «ертегі айтар аталарымыз бен әжелеріміздің азайғанынан қорқамын» деген екен. Барлығының мақсаттары күнделікті күйбең тірліктің әңгімесі. Жастардың болашағына араласатын істерін өте аз көреміз. Қош делік, үлкендердің кішіге айтар назы іспеттес, жастардың да үлкендерге айтар назы - бұл. Бүгінгі жастардың болшағы, жолы қалай болмақ!Бұл биліктің де, халықтың да ойландырған іс болып отыр бүгінгі күнде. Олай дейтін себебіміз де бар. Қазіргі таңда өз дінінен безіп, өзгенің жетегінде жүрген жастар жетерлік. Бұл жөніненде бабаларымыз «Жүзге бөлінгеннен дінге бөлінген жаман» дейді. Бұл қағида тарихта талай мемлекеттің тағдырына талау жасады емеспе. Тарихқа көз жүгірте отырып, болашақты бүгіннен бастамаса ертеңгі тағдырымыздың қалай болатынын байқай білуге болады. Сондықтан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару керек екендігін қазіргі жағдай толыққанды көрсетіп беріп отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сөзімен айтқанда «жан-жағамызда елдің бірлігін көре алмайтынын кейбір теріс ойлы саяси күштер бар». Сонымен бізді бөлінушілікке ұшыратын қандай жағдайлар. Ол әрине жастардың басқа дінге кетіп жатуында. Жастар теріс діни ағымдардың жолына қалай түсіп кетіп отыр. Ол ағымдардан қалай құтылуға болады. Жалған ағымға кірген тұлға кері шыға ала ма? Бұл халықтың жиі қоятын мәселесі. Бабаларымыз «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демейме. Ендеше халқымыздың арасына іріткі салуға ұмтылған теріс ағымдардың туралы тарата айтсақ. Деструктивті діни ұйым ол - тоталитарлық ұйым, жекелеген адамдарды әртүрлі әдістермен қатаң бақылауға бағытталған. Оның салдары жеке тұлғаның психикалық және физикалық жағынан алған әсерлердің қорытындысында қоғамнан бөлшектенуіне және отбасыны, қоғамды, мемлекетті күйретуге дейін залал келтіреді. Неге сектаға тартылған адамның қайта қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік аз? Өйткені, деструктивтік діни ұйымдар қоғамда берілетін барлық ақпараттарды жоққа шығаруға тырысады. Қалай? Мысалы, теледидар көру, радио тыңдау, қоғамдық газеттер оқуды және өз мүшелерінен басқалармен, қоршаған ортамен байланысты, ақпарат алмасуды барынша шектейді. Сенушілерге тек өз әдебиеттерін, аудио және бейне материалдарын насихаттайды. Жаңадан мүше болып кірген адамның бос уақытының болмауын қадағалайды. Сөйтіп, оның жеке өмірін қатаң кесте бойынша жүргізеді. Яғни, секта бір сөзбен айтқанда, адам психологиясын өз дініне, өміріне, еліне, ата-анасына және т. б. қарсы қойып, араздастыруды көздейтін, түп-төркініде қазақ елін құртуға әкелетін - діннің ең қауіпті бағыты.
Айталық, теріс жалған ағымдар отанға қауіп төнсе де қолға қару алмауды секта мүшелерінің миына әбден сіңіріп тастаған. Яғни, адам бойындағы отаншылдық сезімін жойған. Жатқа Отанын, елін, жерін соғыссыз бере салуға үндейді. Сонымен қатар, жақын адамы өлім аузында жатып, қан беру керек болса, қан бермейді. Бұл секталар спортпен шұғылданғанды да қолдамайды. Бұл секталардың басты мақсаты - өздерінің қауымына кірген жаңа мүшелерін есінен адастырып, үй, басқа да заттарын өздеріне алып қалу. Аталмыш жалған ағымдардың өздеріне еліктіріп әкететін мықты тактикалары бар. Адам мен қоғамды қатар қоя отырып, жағымсыз бейнелерін заманның кінәсі деп ысыра салады, өздері сүттен ақ, судан таза. Бір қызығы, олардың қазақ тіліндегі кітап-журналдары өте сауатты, әрі көпшілікке тартымды тілде жазылған. Еріксіз ойға қаласың, осылардың бәрін жасап жүрген өз қандастарым емес пе деген сұрақ туады?

Біздің қоғамда қалың көпшілік біле бермейтін осындай қитұрқы діни ұйымдар бар. Іс-әрекеттері қағаз жүзінде заңды болғанымен, іс жүзінде іріткісі көп пәле. Олар қайдан келді, қандай мақсаты бары санаулы адамдарға ғана белгілі. Бізге анығы - Қазақстандағы халықтар арасында әдейі «араға от жағу» жұмыстарын жүргізуге келген, халқымызға іріткі салуға келген шетелдік миссионерлердің қам-қарекеті екендігі.

Тағы бір шынайы мұсылман дінімізге іріткі салып жүрген және діни экстремизмнің бағыты - ваххабизм. Соңғы кезде ваххабизм күрделі саяси мәселеге айналып тұр. Бұл біздің қоғамға өте қауіпті. Шынтуайтына келсек, мұсылмандық жолға бет бұрдық деген қыздарымыздың қазақ аруына тән емес паранджа киюі, жігіттеріміздің ұсқынсыз сақал қоюы қоғамда дүдәмал ой туғызып отыр. Әдебиетіміз бен тарихымызда жастайынан сақалды жөнсіз өсірген мәдениетті естіген жоқпыз. Біз мұнымен кімге еліктейміз? Осы салаға бет бұрған қыз-келіншектердің құдды бір қазаға ұрынғандай қара жамылып, бет-ауызын тұмшалаған қылығы жаныңа батады. Дұрыс, әурет жеріңді жауып жүру шариғатта парыз саналғанымен, бүркемелеп паранджа киіп, қазақша орамал тартуға болмайды деген сөз жоқ. Қазақта қара- қайғының, ақ -жаулықтың белгісі. Ендеше жас өрімдей қыздарымыздың ақ немесе қарамен жамылуын немен түсіндіреміз. Ілімсіздіктің кесірі, өзге елдің жымысқы саясатын тықпалап, аруларымызға қазақ әйеліне тән емес, салтымызға қайшы «перде» жабуға мәжбүр етті. Исламда адамның иманы сыртқы киіммен өлшенбейтіні бесенеден белгілі. Қазірде ислам діні десе жұрттың төбе шашы тік тұратыны да содан. Аталмыш жалған ағымның мақсаты имани таза мұсылман дініне іріткі салу.

Ислам атын жамылған діни ағымның бір түрі - «Хизбут - ТаҺрир» партиясы. Бұл ұйым да мұсылмандар арасына жік салуда. Алдымен, бұл ислам партиясы болып табылмайтындығын және исламды таратумен күреспейтіндігін атап өткен жөн. «Хизб-ут Таһрир» ар бостандығы, жеке бас бостандығы, дауыс беру бостандығы, жеке меншік бостандығы сияқты 4 негізгі демократиялық бостандықтың біреуін де мойындамайды. Бірінші кезекте, ұйым эмиссарлары терең діни білімі жоқ жастарды тарта бастайды. Қазақстанда «Хизб-ут Таһрир» ұйымы экстремистік болып табылады және оның қызметіне республика аумағында тыйым салынады.

Келесі бір әулиелеріміз бен аталарымыздың аруағын қорлап, мәдениетіміз бен ислам дінін ұштастырып, қаншама қандастарымызды адастырып, психологиялық, моралдық, материалдық зиянға ұшыратқан «Ата жолы». Міне бұл жалған ағымдар халқымызды біраз адастырған болатын. Қазіргі таңда құмырсқадай қаптап кеткен жалған ағымдардың халықты өз соңына ертудің түрлі әдістерін жоспарлайтыны соншалық бірнеше айда қатарын ондап адамдармен толықтырып жатады. Бұған қарсы тұрар ең басты күшіміз бірлік, және де әрбіреуіміздің дін-саяси сауаттылығымыз. Ата-аналарымыз үшін балдарын көзден таса қылмау. Олай деуімізге басты себеп деструктивтік діни ағымдардың шырмауына тартылатын жоғары оқу орнына барған бірінші курс студенттері. Ауылдан қалаға барған жасөспірім жастың бастапқы кезде өмірдің түрлі қиындықтарға ұшырайтыны белгілі. Міне осындай жағдайларда ол жастың өмірінде теріс діни ағымдар пайда болмақ. Ал келесі бір халық арасында мәселе болып жүрген іс сектаға кірген тұлға кері шығама деген сұрақ. Әрине адам баласы болған кері шығады. Бірақта өте қиын жағдайда орын алады. Өйткені бұл тән жарасы емес, жан жарасы. Олай дейтініміз олардың сол жалған ағымның жетегінде қанша уақыт жүруімен байланысты(халыққа түсінікті болу үшін осылай жазып отырмыз) . Халықты дұрыс жолға бағыттау жолында республикамыздың әр облысында ақпараттық, консултативтік, сауықтыру орталықтары жұмыс жасап келе жатыр. Соның бірі біздің облысымызда жұмыс жасап жатқан «Жайық» орталығы. Біздің орталыққа осы кезге теріс жалған ағымдардың жетегінде кеткен 100-ден астам тұлғалар ақпараттық, психологиялық көмекке жүгінді. Осындай теріс ағымдардың жетегіне еріп кетпеудің, олармен ауырмаудың сақтандырғыш жолдарын алдарыңызға ұсынамыз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресу
Адастырушы діни ағымдар
Секта – дін бұзатын ағым
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz