Дүние жүзі тарихы



Кіріспе.
1 Цин династиясының кол астындағы Қытай
2 Тайпин шаруалар соғысы
3 Қытайдағы реформаторлық қозғалыс
4 Қытайдың жартылай отарға айналуы
1911.1913 жылдардағы Синъхай революциясы
3 Ұлы Моғол империясының ыдырауы.
4 Осман империясының құлдырауы.
5 Европалык державалардың Түркия үшін күресі
6 Танзимат (1839.1870 ж.ж.)
7 Жас түріктер революциясы
8 Токугава сегунаты дәуіріндегі Жапония
9 Ирандағы бабидтер көтерілісі
10 1905.1911 жылдардағы Иран революциясы
11 XIX ғасырдағы Алжир және Эфиопия
12 1905.1908 жылдардағы Индиядағы революциялыщ өрлеу
13 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Шығыс елдері
14 Феодалдық Монғолия цин династиясымен күресі.
15 Корея
16 Тропикалық Африка отарларының әлеуметтік .экономикалық және саяси жағдайы
XX ғасырдың үлкен бөлігі адамзаттың даму тарихында «Батыс" деп аталған бірнеше үстем елдерден құралған атпен белгілі болды (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания, Ресей (СССР) АҚШ, Канада) әлемде Еуроцентристік немесе, Еуро-Американ центристік көзқарас қалыптасты. Қалған халықтар, аймақтар және мемлекеттер тек қана Батыс тарихы мен байланысты болғаны үшін есепке алынды.
Азия, Африка Америка жерлерін Еуропа халықтарының игеру дәуірі XV-XVІ ғасырдағы теңіз жолдарының ашылуынан кейін басталуы осының нәтижесінде XІX ғасыр аяғында ұлы отардық елдер пайда болды.
Қазіргі таңда «империяң термині латынша «императорң мағынасын береді. Ежелден империялар болған Македонский, Шыңғысхан, Рим және Византия империясы. Жаңа кезенде ол термин бірінші рет XІX ғасырдың 30 жылдарында Францияда Наполеонға қатысты қолданылды. Европа XІX- XX ғасырда империализмді капитализм дамуының бір сатысы ретінде есептей бастады. Әлемде үстемдік ету үшін күрес басталды.
Империализм бұл әлсіз халықтарды отарға айналдыру. Бір халықтар ірі, басқасы ұсақ, біреулерінде дамыған өндіріс орындары бар, біреулері өте қалақ. Әлемде бір уақытта мықты мемлекеттер әлсіздер үстінен үстемдік еткен.
Тарих көрсеткендей әр бір мықты өркениет империалық сипатта болған. Соңғы 500 жылдықта әлемді жаулап алу Еуропалықтар қолында болды.
1. Стэнли Лэн-Пулъ. "Мусульманские династии". Москва-Ташкент-Бишкек, 1998
2. Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфец А.Н. Новая история стран Азии и Африки. М.,1982
3. Розалиев Ю.Н. Новая и новейшая история стран Азии и Африки. М., 1987
4. Новичев А.Д. История Турции. —Л., 1973.-т.З
5. К.Аманжолов. Түркі халықтарының тарихы. Алматы. 1999
6. Новичев А.Д. История Турции. Л, 1978-т.4-ч.З
7. Фадеева И.Е. Мидхат-паша. Жизнь и деятеяьностъ. М.,1977
8. Очерки новой истории Японии (1640-1917). -М.,1958
9. Эйдус Х.Т. Очерки истории Японии с древнейших времен до наших дней. —М., 1968.
10. Хрестоматия по новой истории. —М., 1963.-т.1
11. История Ирана. М ,1977 Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфед А.Ы. Новая история стран Азии и Африки. М., 1982
12. Кузнецова Н.А. Иран в первой ноловине XIX века. М., 1983
13. Иванов М.С. Антифеодальные восстания в Иране в середине XIX века. М.,1982
14. Очерки новой историн Ирана. М.,1978
15. Гуоер А.А., Ким Г.Ф., Хейфец А.П. Новая; история стран Азии и Африки. М., 1982
16. Васкльев Л.С. История Воссока. М.. 2000.
17. Розалиев Ю.Н. Новая я новейшая история стрaн Азии и Африки. М., 1982.
18. 4. Очерки новой истории Ирана. М.,1978
19. Ланда Р.Г. Борьба алжирского народа против европейской колояизации (1830-1918), М., - 1976 г.
20. Бартницкий А., Манпель - Нечко И. История Эфиопии. — М., 1976 г.
21. Васин И.И. Политика капиталистических держав в Эфиоиии (80-90 годы XIX в.) М., 1974.
22. Васильев Л.С. История Востока. М., Бысшая школа, 2001
23. Акимкина Н.А., Люксембург М.А. Практикум по истории стран зарубежного Востока. М., 1963
24. И.Ганди М.К. Моя жизнь. М., 1969
25. Райков А.В. ГІробуждетіне Индии. М., 1968
26. Новейшая история стран Азии и Африки. XX век. 1900-1945. Под редакцисй доктора исторических наук А.М.Родригеса. М., ВЛЛДОС, 200
27. Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфец А.Н. Новая история стран
Азии и Африки. М., 1982
28. Илюшечкин В.П. Крестьянская война тайпинов. М.,1967
29. Ефимов Г. Очерки по новой и новейшей истории Китая. М., 1951
30. Скачков К.А. Пекин в дни тайпинского восстания.-М.,1960.
31. Белелюбский Ф.Б. Идея равенства у тайпинов // Народы
Азии и Африки.-1975.-М 2.
32. История Китая с древнейших времен до наших дней.-М., 1974

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
1.Жања дєуір ќарсањындаѓы Шыѓыс
2.Феодалдыќќатынастардыњ даѓдарысы
3.Жања тарихтыњ негізгі кезењдері
XX ғасырдың үлкен бөлігі адамзаттың даму тарихында Батыс" деп аталған
бірнеше үстем елдерден құралған атпен белгілі болды (Ұлыбритания, Франция,
Германия, Италия, Испания, Ресей (СССР) АҚШ, Канада) әлемде Еуроцентристік
немесе, Еуро-Американ центристік көзқарас қалыптасты. Қалған халықтар,
аймақтар және мемлекеттер тек қана Батыс тарихы мен байланысты болғаны үшін
есепке алынды.
Азия, Африка Америка жерлерін Еуропа халықтарының игеру дәуірі XV-XVІ
ғасырдағы теңіз жолдарының ашылуынан кейін басталуы осының нәтижесінде XІX
ғасыр аяғында ұлы отардық елдер пайда болды.
Қазіргі таңда империяң термині латынша императорң мағынасын береді.
Ежелден империялар болған Македонский, Шыңғысхан, Рим және Византия
империясы. Жаңа кезенде ол термин бірінші рет XІX ғасырдың 30 жылдарында
Францияда Наполеонға қатысты қолданылды. Европа XІX- XX ғасырда
империализмді капитализм дамуыныњ бір сатысы ретінде есептей бастады.
Әлемде үстемдік ету үшін күрес басталды.
Империализм бұл әлсіз халықтарды отарға айналдыру. Бір халықтар ірі,
басқасы ұсақ, біреулерінде дамыған өндіріс орындары бар, біреулері өте
қалақ. Әлемде бір уақытта мықты мемлекеттер әлсіздер үстінен үстемдік
еткен.
Тарих көрсеткендей әр бір мықты өркениет империалық сипатта болған. Соңғы
500 жылдықта әлемді жаулап алу Еуропалықтар қолында болды.
XІX ғасырда болѓан өндірістік революциясы Европалық
державалардың экспансиясына жаңа түрткі берді. Жерлерді жаулап алу
байлық арттыру, әскери күшін көрсету, дипломатиялық қарым - қатынаста
үстемдік ету жаѓдайында қарастырылды.
Ірі өндіріс орындары дамыған державалар арасында аймақтар үшін, тауарларын
өткізу үшін тартыс басталды. XІX ғасыр аяғы еуропалық ірі мемлекеттер
арасында әліде болса жаулап алынбаған Азия, Африка және мұхит жерлері үшін
таластың күшейе түсуімен белгілі.
XX ғасыр басында үлкен отарлық елдер тізімі пайда болды. Солар ішінде
ең үлкені Ұлыбритания болып, шығыста Гонгконгтан, батыста Канадаға дейінгі
жерлерді алып жатты. Еуропа экспансиясыныњ ұлы дәуірі аяқталды.
Көптеген соғыстар нәтижесінде еуропалық халықтар өзінің билігін барлық
әлемге орнатты.
XІX -ХХғасыр басында еуропалық емес халықтар еуропалық ғылыми -техникалық,
экономикалық, жетістіктерін игеруі әлсіз болды. Жапония 1868 жылы Мейдзи
ревалюциясының нәтижесінде капиталистік даму жолына түсті. Реформа
нәтижесінде мемлекеттің экономикасы дамыды. 1941 жыл 7 желтоқсанда Жапон
авиациясының Америкалық Перл-Харбор әскери теңіз базасына шабуыл жасады,
еуроцентристік әлемнің күні біткенін дүниежүзіне әшкереледі. Жаңа тарихи
кезең басталды. Бірақ XX ғасыр 2 жартысына дейін батыс мемлекеттері әлемге
өзінің ықпалын жүргізді.
Әлемнің мемлекеттерін отарына немесе жартылай отарына айналдырған,
монополиялар жүздеген миллион халықты қанау арқылы үлкен байлық арттырды.
Бұл мемлекеттер шикізат жеткізіп беріп отырды. Бірақ отарлық құрылымның
жаңа әдісі бұл капиталды енгізу болды. Қарызға ақша беру нәтижесінде
державалар үлкен қаражат арттырды. Банктер бүкіл бір мемлекетті бақылауында
ұстады.
Банктер мемлекеттегі кен орындарын, жер асты байлықтарын, өндіріс
орнындарын бақылауында ұстады. Мысалы Индонезияда апиын және су
монополиясына бақылау орнатты. Кореяда жапон банкі мемлекеттік банк
қызметін атқарды, банкноттар, облигациялар (ќұнды ќаѓаздар) шығарды. Сондай
қызметтерді Египеттегі орталыѓы Лондонда болған Ұлттық банкң атқарды.
Туркия мен Иранды өздеріне тєуелді ету маќсатында Ағылшын Француз Осман
банкің мен ағылшын Шахан-Шахң банкі жұмыс жасады. 1904 жыл Англияда 50
отарлы банктер болса, 1910 жыл олардың саны 72 - ге жетті. Банктер тек қана
экономикаға емес саясатқа да ықпалын тигізді.
Метрополиялар өзінің отарлығына ауыл шаруашылығында қандай өнім өсіруді
хабарлап отырды. Көп мемлекеттер тек қана бір өнім өсіруге құқылы болды.
Мысалы: Ява, Цейлон, Ассам-шай өсірді. Бенгалия-джут Вьетнам күріш, Уганда,
Египет мақта өсірді.
Отарларда темір жолдар, телеграф линиялар, порттар құрылысына капитал бөлу
арқылы державалар үлкен әскери-стратегиялық маңызға ие болған орындарға
бақылау орнатты. Неміс монопалиясына Бағдат темір жолын құрды, тек қана
Оңтүстік Африка Одағында Белгия мен Француз отарларында 7000 миль темір жол
құрылды. Отаршылдар Египетте Суэц каналына қызығушылық танытты.
Отарлыќ мемлекеттерде өндіріс орындарын ашып, бұл жерлерде жер асты
байлығын тонаушылыќпен игере бастады. Сол мақсатпен монополиялар
концесияларды иелене бастады. Концесия териториясы бұл мемлекет ішіндегі
мемлекет болып қалды. Ирандағы ағылшын - парсы мұнай компаниясы сондай
концесия болатын.
Қытайдағы концесияларда державалардың соты, полициясы болған. Мұнай,
фосфат, көмір руда, түсті металл барлығы шетел монополияларының қолында
болды. Мұнай компаниялары Араб мемлекеттерінде бақылау орнатты. Шетелдіктер
Египетте, Вьетнам, Туркия елдерінде тұз сату үшін монополия орнатты.
Индиядағы, Африка мемлекеттеріндегі бай алмаз, алтын кен орындары ағылшын,
француз, белгия компанияларының қолында болды. Шетел компаниялары Шығыс
мемлекеттерінде ішкі және сыртқы базарларын жаулап алды. Кедендерге бақылау
орнатты.
Батыс Европа мен солтүстік Америкада өндіріс төңкерісі болуына байланысты
XІX ғасыр аяғында миллиондаған халқы бар континеттер отарға айналды. Ќаржы-
өндіріс монополияларға дәстүрлі өндіріс және аграрлық құрылымын өзгертіп
жібереді.
Шығыс елдерін негізгі шаруашылығы бұл ауыл шаруашылығы болған. Ауыл
шаруашылығында халықтың 32 бөлігі еңбек еткен.
Шығыста саяси процестар XX ғасырдың 1 жартысында үлкен державалардың
бақылауымен жүрді. XІX ғасырдың аяғында тек отарлар үшін соғыс емес, ол
державалардың отар үшін соғысқан уақыты. Испан - Американ соғысы, Ағылшын -
бур соғысы, орыс-жапон соғысын мысал келтірсек болады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс Азия елдерінде ояну басталды.
Осман империясы Ресейге қарсы соғыста түркі халықтарының біріккен күшін
пайдалануға әрекет жасады. Ал ол кезде Ресейде 20 мың мұсылман халқы болып,
ол Осман империясынан да көп болатын. Германия болса Ресеймен Англияға
қарсы күресте мұсылмандар күшін пайдалануға әрекет жасады.
Бірақ соғыс нәтижесінде Шығыста отарларда ревалюциялық көзқарас
қалыптасты. Біріншіден, Германия кейін Антанта елдерінің Осман империясы,
Кавказ, Қрым, Орта Азияға әскер орналастырғанына халық наразы болып,
қолында қару алып қарсы күресті. Грузияда меньшевиктер, Түркістанда Қоқан
автономиясы, Қазақстанда Алаш Орда мемлекеттерін еске түсіреміз. Түрік
халқының Мұстафа Кемал басшылығында азаттық күресін атап өтеміз.
Екінші дүниежүзілік соғыс Шығыс халықтарына бірінші соғыстан кем әсер
еткен жоқ. Соғыста Азиялық және Африкалықтардың үлкен бөлігі қатысты.
Үндістанда 2,5 млн адам, Африкада 1 млн адам армияға шақырылды. Соғыста
Қытай 10 млн, Индонезия 2 млн, Филлипин 1 млн адам жоғалтты.
Қазіргі заман тарихы кезінде Азия мен Африка елдері өзінің артта қалуы және
отарға айналғанын артта тастап әлемнің өмірінде үлкен рөл атқара бастады,
ал бір неше дамыған мемлекеттер батыстың экономикалық және саяси
бәсекелесіне айнала бастағаны байқалды.

Тақырып 1: Цин династиясының кол астындағы Қытай

Жаңа кезеңнің басындағы Қытай.
Цин империясының құрылуы.
Мемлекетік құрылымы идеологиясы.
Қытайдың жабылуы.
XIXғ. капиталистік мемлекеттердің Қытайды ашылуы
Әдебиеттер
Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфец А.Н. Новая история стран Азии
и Африки. М., 1982
Сидихменов В.Я. Китай: страницы прошлого. М., 1978
Ефимов Г.Е. Очерки по новой и новейшей истории Китая. М.,1951
История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974
Хрестоматия по новой истории (1640-1815). Том 1, М., І963

Қытай— Азияның шығыс бөлігінде ориаласк,ан. Территориясы— 9 мли. 957мың
шаршы км. Халкы— 1 млрд. 221 млн. 462 мың (1995 ж.)

1. ХҮП ғасырдың басында Қытай 1368 жылы билік басына келген Мин
династиясының басқаруында болған дамыған феодалдық мемлекет еді. Сол кездің
өзінде кейбір қалаларда мануфактуралар жұмыс істейтін. Жеке
мануфактуралардың пайда болуы Қытайда жаңа өндірістік қатынастары мен
элементтерінің пайда болғанын көрсетеді. Негізінен алғанда Қытайда
капиталистік қатынастардың элементерінің пайда болу кезеңі туралы мәселе
оншалықты жақсы зерттелмеген. Кейбір мәліметтерге қарағанда ХҮІ ғасырда
феодалдық Қытайда сауда және қолөнер ісінде жаңа процестер қалыптасты. Ірі
көпестік компаниялар пайда болып, олар мата, фарфор, қағаз сату ісімен
айналысты. Кейбір жағдайда делдал-көпестер қала және ауыл қолөнершілерін
шикізатпен қамтамасыз етіп, оларды өздеріне тәуелді етті.
Феодалдардың үстемдігі Қытай экономикасының дамуына кедергі жасады.
Помещиктер шаруаларды феодалдық жағынан қанауды күшейтуге тырысты, бұл
әрине шаруалар соғысына әкеліп соқтырды. Қытайдың көрші жапоңдармен,
моңғолдармен, маньчжурлармен соғысуына байланысты елде салықты көбейтуі
және шаруалардан жерді тартын алу, орталық және жергілікті аппараттың
коррупциясы, кала және ауыл халқының қайыршылықа ұшырауы Мин империясының
дағдарысын күшейте түсті. Бұл дағдарыс ХҮІ ғасырдың екінші жартысында қатты
байқалды, ал шаруалар соғысы кезінде (1628-1646 ж,ж.) және ХҮІІ ғасырдың 30-
40 жылдары маньчжур басқыншыларының шапқыншылығы кезінде одан әрі
тереңдеді.
Феодалдық қанау, ашаршылық, қайыршылық Қытай шаруаларын қанаушыларға қарсы
күрес жүргізуіне итермеледі. ХҮІІ ғасырдың 30-40 жылдары шаруалар соғысы
Шэньси, Хэнань, Хубэй, Сычуань провинцияларын қамтды. Күрес барысында
көтерілісшілердің, 2 лагері қалыптасты: 1. Хубэй және Шэньси
провинцияларында. Мұнда шаруаларды Ли Цзы чэн басқарды.
2. Сычуань провинциясында. Бұл жерде көтерілісшілердің көсемі Чжан
Сянь чжун еді. Қытай маньчжур тайпаларымен күрес жүргізіп жатқан кезде
шаруалар көтерілістері кең етек жая бастады. Кезінде маньчжур тайпалары
Кытайға вассал болып табылатын. Олар қазіргі Қытайдың солтүстік-шығысында
мекен етті, бұл тайпа Қытайдың аудандарын басып алуды көздеді. Қытай
императоры маньчжур майданынан бірнеше әскерді босатып, оларды шаруалар
көтерілісін басып тастауға жіберді. 1638 жылға таман Қытай императорының
әскері көтерілісшілер армиясын басын тастады. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді.
1639-1640 жылдары көтеріліс жаңа күшпен бұрқ ете қалды. Көтерілісті Ли Цзы
чэн басқарды. Мин әскері жеңіліске ұшырай бастады. 1644 жылы шаруалар
әскері Пекинге басып кірді. Көтерілісшілер Ли Цзы чэнды император етіп
жариялады. Осы кезден бастап Мин династиясы өмір сүруін тоқтатты. Мин
династиясының ең соңғы императоры өзін-өзі өлтірді. Шаруалар көтерілісі
Солтүстік Қытайды толығымен қамтыды. Көтеріліс барысында бұл территорияда
ескі салықтар, шаруалардың қарыздары жойылды, жер шаруалардың қолына өтті.
2. Қытайдың өзінде шаруалар көтерілісі жүріп жатқан кезде, үкімет әскері
сол кезде маньчжур тайпаларымен күресіп жатты. Маньчжурларға қарсы
күрестің басшысы У Сань гуй еді. Шаруалар көтерілісінің көсемі Ли Цзы чэн У
Сань гуйге маньчжурларға қарсы күресте өзінің көмегін көрсетуді ұсынды.
Бірақ У Сань гуй және кептеген феодалдар өздерінің басты жауы көтеріліске
шыққан шаруалар деп есептеді. Олар керісінше қайта маньчжур билеушілерімен
келісім жасауға көнді. Сатқын У Сань гуй және біріккен маньчжурлар Пекинге
бағыталды. Кетерілісшілер шайқассыз-ақ қаланы босатты. 1644 жылы маусым
айында маньчжурлар толығымен Пекинді басып алды. Осы кезден бастап Қытай
астанасында маньчжурлық Цин династиясы кұрылды. Кетерілісшілер әскері қала
түбінде күресті жалғастыра берді, бірақ күш тең емес еді. Сонымен шаруалар
көтерілісі жеңіліспен аяқталды. Солтүстік Қытай маньчжурлардың қол астында
болды. Көтерілістер Қытайдың басқа аудандарында жалғасты, бірақ олар
ақырында басып-жаншылды. Сөйтіп Қытайда Цин династиясының билігі толығымен
орнатылды. Маньчжурлар қытайлықтарға тәуелділік белгісі ретінде барлық
қытай ер азаматтарының басының айналасындағы шашын қырып тастап, ал
төбесіндегі шашын өріп жүруін талап етті.
3. Цин империясының саяси қондырмасы феодалдық өндірістік қатынастырды
сақтауға және қорғауға бағытталды. Мемлекет басында билігі шексіз
монарх—богдыхан тұрды. Боғдыханның қарамағында жоғарғы өкімет Әскери
кеңестің қолында болды, ол маньчжур аксүйектерінен тұрды. Министрлер
кабинетінің қызметін "любу" атқарды (алты палата): ол шенеуніктік, салық,
салтанатты істер, әскери, қылмыстық, қоғамдық жұмыстар істерімен айналысты.
Ең жоғарғы сословиеге маньчжурлар жатты, олардың артықшылықтары мұрагерлік
бойынша берілді: императордың туыстары және ұрпақтары— "сары белбеулілер"
деп аталды. Өйткені олар императордың белбеуі түстес сары белдік тағатын.
"Қызыл белбеулілер" және "темір дулығалылар" — бірінші маньчжур
императорының жақындарының ұрпақтары болған. Жоғарғы сословиеге сондай-ақ
"шэныни"- ғалымдар жатты, олардың атағы мұрагерлік бойынша берілмейтін.
Шэныни болу үшін емтихан тапсырып, сөйтіп ғылыми атаққа ие болатын.
Шэнынилердің ішінен қала басқарушылары, соттар т.б. шенеуніктер шықты.
Европалықтар оларды "мандариндер" деп атады (портутал "мандар"- басқару).
Сословиелік-иерархиялық сатының ең төменгі қатарында жер өңдеушілер, қол
өнершілер, саудагерлер тұрды.
4. Бастапқы кезде цин өкіметі европалық миссионерлерге мейіріммен
қарады, себебі қажет жағдайда европалықтарға сүйеніп қытай
халқының наразылығын басып тастауға болады деп есептеді. Сондықтан да
шетел кемелеріне Қытайға кіруге рұқсат берілді. ХҮІІ ғасырдың
екінші жартысында Пекинге голланд, португал, француз, ағылшын көпестері
келе бастады.
Сонымен бірге Қытайға көптеген католик миссионерлері ағылып келді. Олар
христиан дінін насихаттады. Тіпті кейбір миссионерлер
императордың кеңесшілеріне де айналды. Шетел миссионерлерінің қызметі
халық арасында қарсылық тудырды. Халық Европаның ықпалынан қауіптенді. 1724
ж. жаңа боғдыхан Юнчжэн христиан шіркеулерін жабуға және миссионерлерді
елден шығаруға бұйырды. 1757 жылы император Цяньлун кезінде Қытай
порттарында европалықтармен сауда қарым-қатынасын жүргізуге тыйым салды.
Осы кезден бастап Қытай Батыстан оқшаулану саясатын жүргізе бастады.
Европалықтар Қытайға ене алмады, олардың кемелері тек Гуаньчжоуға кіре
алды. Оқшаулану саясаты шетел отаршыларының Қытайға ену әрекетін тоқтатты.
Сондай-ақ бұл саясат арқылы маньчжурлар өздерінің Цин династиясының
үстемдігін және феодалдық тәртібін сақтап қалуға тырысты.
5. Үндістанды басып алып, билеп жатқан Англияның билеушілері
ендігі кезекте Қытайды отарлап алуды мақсат етті. Британ отаршылары Қытайды
ашу керек еді, Ұлыбритания қысым көрсету мақсатымен 1793 жылы Қытайға
бірнеше әскери кемелерден тұратын арнайы миссияны жіберді. Қытайға
Англияның әскери және өнеркәсіптік күш-қуатын көрсетпекші болған ағылшын
қонақтары боғдыханға сыйға түрлі қару-жарақ т.б. әкелді. Миссияны ірі
британ қызметшісі, дипломат лорд Макартней басқарды. Макартней боғдыханнан
ағылшын көпестеріне Қытай порттарында сауда жүргізуіне рұқсат алуды мақсат
етті. Сонымен бірге бұл миссия ағылшындарға бір Қытай аралын ашу, ағылшын
тауарларына баж салығын азайту, ағылшын және қытай үкіметінің арасында
байланыс орнатуды көздеді. Бірақ Макартней бұл жоспарын жүзеге асыра
алмады. Ағылшындар бұған қарсы әрекет ретінде өздеріне қолайлы амал тапты
ол— Қытайта апиынды енгізу. 1700 жылы Үндістаннан Қытайға тек 200 жәшік
апиын әкелінді, оның әр жәшігі 133 фунттан тұрды, 1800 жылдан бастап
Қытайға апиынды енгізу 2000 жәшікке жетті. 1800-1838 жылдары Қытайға
апиынды енгізудің жылдық көлемі 20 есе өсе түсті— 2 мың жәшіктен 40 мың
жәшікке дейін. 1868 ж. Қытай экспортының 55 %-і шайдан, 37 %-і жібектен
тұрды. Ал импорттың 40 %-ін апиын, 30 %- мақта-мата, 9 %-жүн-мата, 6 %-
мақта құрады. Апиынды елге әкелудің нәтижесінде Қытайдан үлкен көлемде
күміс әкетілді. Мұның нәтижесінде Цин үкіметінің қаржы жағдайы нашарлай
түсті.

Тайпин шаруалар соғысы
1. Тайпин шаруалар соғысының себептері.
2. Тайпин мемлекетінің жариялануы.
3. Жер жүйесі.
4. Тайпин мемлекетінің құлау.
Әдебиеттер:
1. Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфец А.Н. Новая история стран
Азии и Африки. М., 1982
2. Илюшечкин В.П. Крестьянская война тайпинов. М.,1967
3. Ефимов Г. Очерки по новой и новейшей истории Китая. М., 1951
4. Скачков К.А. Пекин в дни тайпинского восстания.-М.,1960.
5. Белелюбский Ф.Б. Идея равенства у тайпинов Народы
Азии и Африки.-1975.-М 2.
6. История Китая с древнейших времен до наших дней.-М., 1974

1. 1840-1842 жылдардағы бірінші апиын соғысы Цин династиясының шет ел
агрессорларының алдында өзінің әлсіздігін көрсетті. Бірінші апиын соғысы
Нанкин келісімінің қабылдауымен аяқталды. Бұл келісімге 1842 жылы 29
тамызда қол қойылды. Келісім бойынша Қытай Англияға 5 портын ашты:
Сямынь
Фучжоу
Нинбо
Шанхай
Гуанчжоу
Сонымен бірге Қытай Гонконгты беруге тиіс еді және 21 миллион юань
контрибуция төлеуге міндеттелді.
1840-1850 жылдары Қытайға апиынды әкелу 2,5 есе өсті. Шет ел
отаршынарының елге енуі феодалдық Қытайға қатты ауыр тиді. Халықтың
көпшілігі Бұл жағдайға шыдамай наразылығын білдірді. Бұл наразылық ақыры
шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Қытайдағы халық қозғалыстары
Үндістандағы халық толқулары секілді капиталистік Англияның отарлық
саясатына қарсы берген жауабы ретінде болды. Бірақ ескере кететін жайт, ол
Үндістандағы халық көтерілістері тікелей ағылшын басқыншыларына қарсы
бағытталса, ал жартылай отарға айнала бастаған Қытайдағы шаруалар
көтерілістері негізінен маньчжур династиясына және феодалдық қанауға қарсы
бағытталған еді. Шаруалар көтерілісінде жиі кездестірілетін бір ерекшелік,
ол халық қозғалысының діни сипатта болуы. Соның ішінде тайпин шаруалар
соғысы оған нақты мысал бола алады. Тайпин шаруалар соғысының басшысы және
идеологы Хун Сю-цюань болды. Ол 1843 жылы Қытайдың оңтүстігінде өзінің
қызметін бастап, өзінің қарамағында жақтастарын топтастырды.
Хун Сю-цюань жай қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі оны 7
жасында мектепке береді, бірақ кейінірек материалдық жағдайдың нашарлығына
байланысты ол мектепті тастап жұмыс істеуге кіріседі. Кейінірек ол Гуанъдун
провинциясында, яғни сол провинциядағы өзінің ауылына мұғалімдікке тұрады.
Ол ежелгі Қытай авторларының шығармаларын оқиды. Өсе келе ол
миссионерлермен танысып христиандықтың негіздерін түсіне бастады. 1837 жылы
Хун Сю-цюань қатты ауырады. Кейінірек ол жұрттың бәріне ауырған шағында
оған христиан құдайы келіп оны аспанға шақырды, сөйтіп оған Қытайды
шайтандардан тазартсын, әділеттілікті орнатсын деген -тапсырма берді деп
айтады. Ақыры ол өзін Иисус Христостың кіші інісі деп жариялап, өзінің діни
үгіт-насихатын бастайды. Оның негізгі насихаты ол - теңдік идеясы. Хуи Сю-
цюань берекелі өмірді құруға тырысты "ол өмірде дүниесі бары да, жоғы да
бір-бірін сыйласа, қиыншылықта бір-біріне көмектессе, үйлердің есіктері
түнде жабылмаса, жолда жоғалтқан затқа ешкім тиіспесе, әйелдер және ер-
азаматтар бір-бірін құрметтесе" деп армандады. Сөйтіп ол осы идеяларды
тарата бастады. Хун Сю-цюань "құдайға құлшылық ететін қоғамды" ашты. Өзінің
қызметінің орталығы етіп ол Гуаньдун провинциясымен шекаралас жатқан таулы
Гуанси провинциясында бастайды. Бұл ауданда цин үкіметінің билігі оншалықты
күшті болмады.
Хун Сю-цюаньның қоғамына негізінен шаруалар, кебейлер, сондай-ақ Цин
династиясына қарсы көпестер мен помещиктер де кірді. 1850 жылы Хун Сю-цюань
қоғам мүшелеріне үйлерін, мал-мүлкін сатуға бұйырды және түгелбей отбасымен
көтерілісшілер отрядына қосылуға шақырды. Оларға ортақ қоймалардан киім-
кешек және ауқат берді. 10 мыңнан аса шаруалар Бұл іске
қосылды-
Көтерілісшілердің максаты:
Қытайды маньчжур басқыншыларынан азат ету.
Феодалдық үстемдікті жою Тайпин көтерілісі 4 кезеңнен тұрады:
1850-1853 ж.ж.— Цзиньтяньда жиналып Нанкинді басып алғанға дейін
1853-1856 ж.ж. — Нанкинді басып алуы, тайпидердің бөлінуі
1856-1860 ж.ж.— тайпин көтерілісінің құлдырай бастауы
1860-1864 ж.ж, — тайпиндердің манъчжурлармен және шетелдіктермен күресі,
тайпиндердің жеңілуі
2. 1850 жылы желтоқсанда көтерілісшілер үкімет әскерімен шайқаста жеңіске
жетті. 1851 жылы 11 қаңтарда Хун Сю-цюаньның туған күнінде Цзиньтянь
деревнясында "Тайпин тяньга" мемлекетінің құрылғаны жарияланды. "Тайпин
тянъго" дегеніміз "Аспан астындағы Ұлы Шарапаттылық мемлекеті мағынасын
білдіреді, Сол кезден бастан көтерілісшілер өздерін тайпиндер деп атады.
Хун Сю-цюаньды жаңа мемлскеттщ имлераторы етіп жариялады, оган "аспан
князі" деген атак. берілді. Оны қолдаушылар князь, яғни "ван" деген атақкэ
ие болды, олар Тайпин тяньгоның үкіметін күрады.
1852 жылы көтерілісшілер Янцчы озені бойындағы Иочжоу портын басып
алады. 18521853 ж.ж. Хаиькоу, Ханьян, Учан қалаларын басын алды
(Шығыс К,ытай). Бұл жеңістен кейін көтерілісшілердің саны күрт есті.
Тайпиндер помещиктердің үстемдігін жоюға шақырды. Шенеуніктерді аямаңдар,
өлтіріңдер деп үндеу тастады. Басып шығарған қалаларда байлар салық төледі.
1853 жылы 19 наурызда тайпиндер Қытайдың ең үлкен қаласын
Нанкинді басып алып, оны өздерінің астанасы етіп жариялады.
3. Нанкинді басын алған соң тайпин мемлекеті "Аспан
династиясының жер жүйесі" деген құжат қабылдады. Ол тайпин мемлекетінің
конституциясы есебінде болды. Бұл құжат жерді үлестіру, тайпин әскерін
құру, мемлекеті басқару жүйесін негіздеді. Құжат бойынша жерге жеке меншік
болмады. Жерді отбасы мүшесінде қанша адам болса, сонша адамға бөлді.
Әйелдер мен ер-азаматтарға берілетін жер үлесі тең болды. 16 жасқа жетпеген
бала ересек адамдарға берілетін жердің жартысын алатын. Өнімді жинау
науқаны аяқталғаннан кейін 25 отбасыдан тұратын қауым келесі науқанға дейін
жетерліктей бидай алатын. Әр отбасыдан 1 адам әскерге шығарылатын. Әр сенбі
сайын балалар тайпин шіркеулеріне баруға тиіс болды.
4. Маньчжур династиясын құлату үшін тайпиндер солтустікке жылжып Пекинді
алу керек болды. Тайпиндер болса Нанкинді алған соң солтүстікке жорығына
жақсы дайындалмады. Бұл олардың басты қателігі болып табылады. Тағы бір
қателігі, тайпиндер өздері басып алған жерлерді мықты басқармады. 1853
жылы мамырда ғана тайпиндер солтүстікке жылжыды. Маньчжурлармен күресте
олар жеңіліске ұшырады. Солтүстік Қытай тайпиндерге қосыла қоймады.
Солтүстікке жасаған жорықтан кейін тайпин әскері батысқа жылжыды яғни Янцзы
өзенінің орта ағысындағы территорияларға қарай. Қытай помещиктері бұл жақта
тайпиндерге қарсы күш көрсетті. Бірақ тайпиндер Орталық Қытайда мықты
тұрақтанды. Тайпин мемлекетінің территориясы жүз мыңнан аса шаршы
километрден тұрды, ал халқы 10 миллионнан асатам болды. 1850-1856 жылдары
тайпин мемлекеті үшін табысты болса, ал 1856 жылдың жазынан бастап тайпин
мелекетінде шиеленістер басталды. Мемлекеттің ішінде талас-тартыс байқалды.
Тайпин мемлекетіне кірген көпестер, помещиктер мемлекеттен антифеодалдық
бағытқа қарсы шықты, яғни өзара шиеленіс күшейе түсті. 1862 жылы Шанхайда
шетел консулдары жиналып тайпин мемлекетіне қарсы басқыншылықты жүргізу
туралы шешім қабылдады. Сөйтіп тайпиндерге қарсы күрес күшейді. Мысалыға,
Чанчжоу деген қалада олар 20 мың тайпинді өлтірді. Тайпин тяньго 1851-1864
жылдар арасында өмір сүрді. Нетізінен танпин мемлекетінің жеңілуіне
себтігін тигізген, ол шет ел державалары, дәл айтқанда Англия, Франция.
АҚШ. Сондай-ақ тайпин мемлекетінің ішіндегі өзара келіспеушілік те кері
әсерін тигізді.

Қытайдағы реформаторлық қозғалыс
1. 1884-1885 жылдардағы франко-қытай соғысы.
2. 1894-1895 жылдардағы жапон-қытай соғысының себептері және
нәтижелері.
3. Реформаторлық қозғалыстың пайда болуы.
4. Кан Ю вэй және 100 күн реформасы.
5. Ихэтуаньдар қозғалысы
Әдебиеттер:
1. Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфец А.Н. Новая историл стран Азии и Африки.
М., 1982
2. Ефимов Г.Е. Очерки ио новой и нокейшей исторки Китая. М.1451
3. Сидихменов В.Я. Китай: страницы іірошлого. М., Пяука. 1978.
4. Кодониальная политика капиталисшчески* держав. М., 1967
5. Калюжная Н.М. Восстание ихэтуаней. 1898-1901). М,, 1978
6. Табохаси Киеси. Дигоіоматическая история яноно-китайской войны. М.,
1956

1. XIX ғасырдың екінші жартысында Қытай екі ірі соғысты басынан кешірді.
Ол:
1. 1884-1885 ж.ж. франко-қытай соғысы.
2. 1894-1895 ж.ж. жапоп-кытай соғысы.
Бұл екі соғыстан да Қытай көптеген зардап шегіп, өзінің иеліктерінен
айрылды. Осы соғыстардың нәтижесінде Қытай жартылай отарға айналды.
Жартылай отар дегеніміз—сөз жүзінде жеке мемлекет, оның өзіндік үкіметі,
басқару жүйесі болады, ал іс жүзінде дамыған капиталистік державаларға
саяси және экономикалық жағынан тәуелді болып табылады. Апиын соғыстары,
тайпин кетерілісінің құлауы шетел капиталының Қытайға енуіне қолайлы жағдай
жасады. Цин үкіметінің батыс державаларына тәуелділігі күшейе түсті.
Қытайға Англия, Россия және Франция көзін тікті.
Француз отарлық саясатын жаңғыртқан республикашылдар тобының көсемі Жюль
Ферри еді. Ол Францияның болашағы оның жүргізген отарлык саясатына
байланысты деп көрсетті. 1880-1890 ж.ж. аралығында Францияда саяси жағынан
мықты нығайған отарлық партия қалыптасты. Оны Жюль Ферри басқарды.
1885 ж. 28 шілдеде Жюль Ферри депутаттар палатасында отарлык саясат
мәсслесін қозғаған болатын. Ол өз сөзінде отарлаудың екі түрі бар деп
көрсетті:
1. Халқы өте көп мемлекет отарлаудың нәтижесінде өзінің халқына пана тауып,
жұмыспен қамтамасыз етеді. Отарлық саясаттың Бұл түрі халқы өте көп немесе
кебей мемлекетке тән.
2. Отарлық саясаттың екінші түрі де болады. Ол капиталы немесе тауары өте
көп халыктардың отарлық саясаты. Бұдан көп пайда табуға болады. Бұл
отарлаудың жаңа түрі. Отарланған ел—бұл жаца рыноктың құрылуы болып
табылады.
Жюль Ферридің ойы бойынша ұлы нәсілдер кез-келген төменгі нәрсеге қарағанда
ерекше құқықты иемденеді. Франция өзінің отарлық саясатында Оңтүстік-Шығыс
Азия мемлекеттерінде үсіемдігін орналуына мүлделі болды. Францияның
Вьетнамды басып алуы франко-қытай қатынастарының шиеленісуіне әкеліп
соқтырды. Франиуз буржуазиясы вьетнам халқына қарсы соғыс жүргізе отырып,
Қытайға да өздерініц позициясын нығайтып, Юньнань провинциясын басып алуға
тырысты.
1884 ж. Оңтүстік-Қытай теңізінде француздардың елеулі әскери-теңіз күштері
орналасты. Француздар Қытай үкіметіне өздерінің талаптарын қойды:
1. Қытай үкіметі Вьетнамның француздардың кол астында болатындығын
мойындау керек еді.
2. Вьетнамның солтүстік аудандарынан Қытай әскерлері шығу керек
еді.
3. Қытай Францияға ақшалай контрибуция төлеуге тиіс болды.
1884 ж. тамызда Франция соғысты бастады. Оның флоты
Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауындағы порттарын талқандады.
Француз әскерлері Тайваньды, Пэнхуледао аралдарын басып алды.
Мұнымен қатар қытай-вьетнам шекарасында да әскери іс-қимылдар
жүргізілді. Дамуы жағынан артта қалып кеткен Қытай капиталистік Францияға
тойтарыс көрсете алмады. Жас революционер Сунъ Ят-сен күйінішпен былай
деген еді: ''Француздарда әскери темір кемелер, ал бізде епетейсіз ағаш
қайықтар", Француз флоты қытай қалаларын талқандады. Әрине мұндай жағдайда
Қытай жеңіліске ұшырады. 1885ж. тамызда Тяньцзинде франко-қытай келісіміне
қол қойылды. Қытай үкіметі Вьетнамда орнатылған франиуз
протекторатын мойындады, француз көпестері емін-еркін Юньнань
провинциясында саудасын жүргізе алды.
2. Азиядағы басқыншылық саясатты жүргізген бірден бір мемлекет — Жапоиия.
Жабық есік саясатының арқасында бұл ел отарланбады, енді XIX ғасырдың
соңына таман Жапония басқа елдерге өзінің көзін тіге бастады. Жапония
Кореяны жаулап алуды мақсат етті. 1876 жылы Жапония Кореямен тең емес
келісім жасасты, оның сыртқы саудасын өз қолына алды. Қытайға қарсы ұлт-
азаттық қозғалыста Кореяға көмек көрсетеміз деген сылтаумен жапондықтар
өздерінің ықпалын күшейткісі келді. Сонымен бірге Қытайға да ықпал
жасалынды. 1885 жылы Тяньцзиньде жапон-қытай келісімі қабылданды. Ол
бойынша Қытай да, Жапония да бір-бірінің келісімінсіз Кореяға әскерін
кіргізе алмады. Ол кезде Корея құжат жүзінде, яғни формалды түрде Қытайдың
қол астында болды. 1893 жылы Кореяда жаппай шаруалар қозғалысы басталды
(тонхактар). Қытай Кореяға ол көтерілісті басу үшін өзінің әскерін
кіргізуге мәжбүр болды. Жапония бұл жағдайды пайдаланып өзінің әскерін
Корея түбегіне әкеліп қондырды. Сөйтіп жапондықтар Қытайға Тяньцзинь
келісімін бөзды деген кінә тақты. Жапония жапондық жолдағы корей үкіметін
құрады, сөйтіп дереу Жапониядан көмек сұрайды. 1894 жылы 25 шілдеде соғысты
жарияламай-ақ жапон кемесі қытай солдаттары отырған ағылшын кемесін суға
батыртқызды. Жапон әскері Кореяға басып кіреді. Біртіндеп әскери іс-
қимылдар Қытай территориясына өтті.
1895 жылы 17 сәуірде Симоносэкиде бейбіт келісім жасалынды, Ол бойынша:
1. Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады.
2. Қытай Жапонияға Тайвань, Пескадор және Ляодун аралын беруге тиіс еді.
3. Қытай 300 млн. иена контрибуция төлеуге мәжбүр балды.
4. Жапонияға бірқатар порттарын ашуға тиіс боады.
Ресей және оның одақтастары Франция, Германия Симоносэхи келісімінің бір
бабын қайта қарастыруды сұранады. Нәтижесінде Жапония Ляодун аралынан бас
тартады, бірақ контрибуция 350 млн. иенге жетеді. Жапондықтар Тайваньда
1895 жылдан бастап 1945 жылға дейін билік етеді.
3. 1895 жылы Қытайда реформаторлық қозғалыс пайда болды. Бұл қозғалыстың
пайда болуына төмендегі себептер әсер етті:
1. Жаңа қоғамдық күштердің көтерілуі.
2. Феодалдардың капиталистік қатынастардың дамуына жасаған кедергілері.
3. Цин үкіметінің шетелдік державалардың алдында елдің мүлдесін қорғай
алмауы.
4. 1884-1885 ж.ж, франко-қытай соғысы.
5. 1894-1895 ж.ж. жапон-қытай соғысындағы Қытайдың жеңілісі.
6. Симоносэхи келісімне қарсылық.
Реформаторлық қозғалысқа қытай буржуазиясының және либералдық помещиктердің
өкілдері қатысты. Қозғалысты белгілі конфуцишілдық ілімгер Кан Ю вэй
басқарды.
Реформаторлық қозғалыстың алғышарттары франко-қытай соғысынан кейін-ақ
байқалды. Реформаторлар елде күрделі экономикалық және саяси өзгерістерді
жүргізуді талап етті. Қытайда парламентті шақыру және мемлекетті
конституцлялық манархияға айналдыру секілді ойлар кең тарады. Сол кезде
жарияланған кітаптардың бірінде конститутциялық монархия жолы былай
жазылтан еді: "Монархия кезінде билік жоғарғылардың, халық билігі кезінде
төмендегілердің қолында саналды, ал егер де билік басында қатарымен монарх
пен халық болса, онда билік тепе-тең жағдайда болар еді".
1888 жылы Кан Ю вэй имнератор Гуансюйге өзінің ең бірінші меморандумын
тапсырды. Ол императордан елді күшейтуді, капиталистік державалардың
агрессиясына қарсы тұруды талап етті. Әсіресе реформаторлық қозғалысына
күшті түрткі болған 1894-1895 ж.ж. жапон-қытай соғысы. 1895 ж. сәуір айында
Пекинде емтихан тапсыру үшін 1200-ге жуық ғалымдар жиналнағ болатын. Бұл
кез Симоносэхи келісімін қабындаумен тұспа-тұс келді, Осы 1200-ге жуық
ғалымдар Кан Ю вэйдің басшылығымен құрған "Колективтік меморандумын"
қолдап, оны императорға тапсырды.
Бұл меморандум екі бөлімнен тұрды:
1. Бұл бөлімде Симоносэхи келісімінен бас тарту және соғысты жалғастыру
үшін қажетті кеңестер беріледі,
2. Мұнда саясат, әскери қызмет, экономика және мәдениет салаларына кеңес
енгізу жоспары көрсетілді.
Меморандумның авторлары император Гуансюйге төмендегібей ұсыныстар жасады:
1. Жапон-Қытай соғысында Қытайдың жеңіліске ұшырауына кінәлі қолбасшарды
жазалау.
2. Астананы Пекиннен Сианьға көшірту.
3. Әскерді батыс үігісі бойынша қайта құру.
4. Дарынды, жас қолбасшыларға қолдау көрсету.
5. Қытай эмигранттарын мемлекеттік қызметке тарту.
6. Қажеті жоқ мекемелерді жою.
7. Теміржолдар салу, машиналар, пароходтар шығару.
8. Мемлекеттік почта жүйесін жасау.
Реформаторларды қызметі жалпы қытай саяси қозғалыс сипатына ие болды.
Пекинде реформаларды қолдаушылар "Мемлекетті күшейту ассоциациясы" деген
атпен өздерінің клубын ашты.
Астаналық сановниктер Кан Ю вэйге үкіметке қарсы шықты деген айып тақты.
Солардың қысымымен император реформаторлардың газеттер жариялауына және
клубына жұмыс істеуіне тыйым салды.
4. 1897 жылы Шаньдунда 2 неміс миссионері өлтірілді. Германия Бұл жағдайды
пайдаланып Қытайға әскери-теңіз эскадрасын жіберіп Шаньдун жартыаралындағы
Цзяочжоу аралын басып алды. Цин үкіметі Германияға кондессиялар беруге
мәжбүр болды. Германияның Цзяочжоуды басын алғандығы Қытай реформаюрларының
наразылығын күшейтті. Кан Ю вэй қайтадан өзінің жақтастарын жинай бастады.
1898 жылы Кан Ю вэй император Гуансюйге жаңа меморандумын тапсырды. Бұл
меморандумда ол шетел агрессиясының алдында Цин үкіметінің қарсы тұра
алмағандығын айыптады. Ол император Гуансюйге Петр 1 және Мэйдзи секілді
реформаларды жүргізуде басшылықты өз қолына алуды талап етті. Император
мұныы жөн көріп Кан Ю вэйді өзінің қарамағана алды, 1898 жылы 11 маусымда
Мемлекеттің жоспарлары туралы императорлық бұйрық жарияланды. Ол
реформалар саясатын қолына алды. Реформалардың жобаларын Кан Ю вэй, Лян Ци
чао, "Гань Сы тун даярлады. 103 күн бойы, яғни 11 маусым мен 21 қыркүйек
аралығында (1898 ж.) реформаторлар император Гуансюйге сүйене отырып
жоспарларын жүзеге асыруға тырысты. Бұл кезеңді тарихта "100 күн реформасы"
деп атайды. Реформаторлардың мақсаты: Қытайды жаңарту және оны күшті,
тәуеусіз мемлекетке айналдыру.
Гуансюй бұл мерзімнің ішінде 60-қа жуық реформалар жөнінде қаулылар
шығарды. Императордың қаулыларының негізінде 4 негізгі басқарма құру
жосларланды:
1. өнеркәсіп және сауда
2. тау-кен өндірісі
3. ауыл шаруашылық
4 теміржол
Астанада және провинцияларда маңызы жоқ басқармаларды жою жоспарланды.
Пекин университетін ашуға дайындалды. Император Гуансюй және реформаторлар
әскерден қолдау табуға тырысты. Сол үшін олар жаңа әскердің басшысы етіп
Юанъ Шикайды тағайындады. Реакционер Юань Шикай оларды сатып жіберді. 1898
жылы 21 қыркүйекте патшайым Цыси мемлекстік төңкеріс жасады. Ол император
Гуансюйды қамауға алды, реформаторларды қудалауға ұшыратты.
5. Елдің жартылай отарға айналуы Қытай хадқының шетел миссионерлеріне
деген наразылғын тереңдте түсті. Қытай шаруаларының арасында құпия
қоғамдар әлі де үлкен ықпалға ие болды. Әсіресе "Ихэтуань" көпия қоғамының
маңызы зор еді.
"Ихэцюань" дегеніміз - "Әділеттілік пен бейбітшілік үшін көтерілген жұдырық
" деген мағынаны білдіреді. Ихэцюаньдар өздерінің ізбасарларынан апиынды
шекпеуді, жұдырық күресін меңгеруді талап етті.
1899 ж. "Ихэцюань " қоғамы "Ихэтуань " деп ауыстырылды. "Ихэтуань''
дегеніміз —"Әділеттілік пен бейбітшілік топтары" секілді мағынаны
білдіреді.
Ихэтуань қоғамының басшысы Чжу Хун-дэн "Цинды қолдаймыз, шетелдіктер өлімге
ұшырасын!" деген ұран тастады. Олардың ұрандары халық арасында қолдау
тапты. 1898 ж. құпия қоғам енді ашық үгіт-насихат жүргізуте көшті. Елде
әскери топтар қалыптасты. 1899 жылдан бастап ихэтуаньдар Шаньдун
провшщиясының үлкен бөлігінде бақылауын орнатты.
Ихэтуаньдар көтерілісін тарихта "боксерлар көтерілісі" деп те атайды.
Мұндай атаудың берілуіне байланысты екі себепті айқындап көрсетуге болады:
1. Қоғам мүшелері өздерінің орталарында шығыс күресін үйретті.
2. Көтерілісшілердің туында қара түсті жұдырық бейнеленген. Бұл белгіні
шетелдіктер боксерлік перчатка ретінде қабылдады.
Ихэтуаньдар көтерілісінде 3 кезеңді белгілеп қарастыруға болады:
1. 1899 жылдың соңы—ихэтуаньдардың қызметі Шаньдун провинциясынан аспады.
Манчжурлар мұнда (Шаньдун) губернатор етіп Юань Шикайды тағайындады, ол
ихэтуанъдарды қудалады.
2. 1900 ж. көктемі—ихэтуандар астаналық провинция етіп, халықтың тығыз
жағына тартты. Ихэтуаньдардың арасынан қайықшы Чжан Шчэн, солдат Цзо Футчнь
секілді көсемдер шықты.
Көтерілісшілерде ортақ, жоспар, біріккен әскер болмады. Көтерілісті басу
үшін елге ірі державалардың интервенттері жіберіліді. Ол Россия, Англия,
Франция, Италия, Германия, Австро-Венгрия, AҚШ, Жапония секілді
державалардың интервенттері. Жаңашыл топтардың басшысы болып герман
фелъдмаршалы Вальдерзее тағайындалды.
3. Ихэтуанъдардың жеңілуі. Шетел державалары көтерілісті басып -жаншыды.
1901 ж. 7 қыркүйекте шетелдік державалар мен Қытай арасында келісім
жасалынды. Цин үкіметі 39 жыл бойы 450 млн. сомасында шетелдік державаларға
контрибуция төлеуге міндеттелді. Шетелдіктерге Солтүстік Қытайда әскер
ұстауға рұқсат берілді. Пекинде тек шетелдіктер тұратын арнайы квартал
құрылды.

Қытайдың жартылай отарға айналуы
1. XX ғасырдың басындағы Қытай.
2. Революциялық жағдайдың қалыптасуы.
3. Сунь Ят-сеннің 3 халықтық принципі.
Әдебиеттер:
1. Губер А.А., Ким Г.Ф,. Хсйфец А.Н. Новая история стран Азии и Африки.
М., 1982
2. Нфимов Г.Е. Очерки по новой и новейшей истории Китая. М., 1951
3. Сидихменов В.Я. Китай: сіраницы пропілого. М., Наука, 1978.
4. Микифоров В.Н. Сунь Ят-сен. Октябрь 1869 г. 2 недели из жизни
китайского революциоиера. М., Наука, 1978

1. 1900 жылға қарай Қытай толығымен империалистік державалардың жартылай
отарына айналды. Цин үкіметі шетелдіктер үшін 100-ге жуық Қытай қалаларын
ашты. Ол терряторияларда шетел компаниялары ондаған сентльмент аудандарын
құрды, онда шетел кәсіпкерлері және көпестері ерекше артықшылықтарға ие
болды. Ол жерлерде шетел котнцессиялары іскерлігін бастады (концессия-
мемлекеттің кәсіпкерлермен жасасқан келісімі, ол бойынша кәсіпкерлер сол
жерге, өнеркәсіп орнына эксплуатация жасауы мүмкін). Шетелдіктердің
Қытайдағы капитал қорлары осы сентльмент аудандарында шоғырланды.
1909 жылы Англия, Франция және Германия банкілерінің консорциумы
құрылды, олар Қытайға империалистік державалардың бақылауын күшейте түсті.
1910 жылы ол консорциумға АҚШ қосыллы.
Феодалдық қанау, экономикалық жағынан артта қалушылық, ұлттық мүлдені
шетелдіктерге сату, осының бәрі Цин монархиясының елге жасаған зияндығын
көрсетеді. Сондықтан да елде антиманьчжурлық козғалыстар көбейді.
2. XX ғасырдың басында Қытайда бірқатар патриоттық
одақтар пайда болды. Ең күшті одақтардың бірі ол Қытай Өрлеу
Одағы. Бұл одақты Токиода тұрған Сунь Ят-сен басқарды.
Өзінің елінде және эмиграциядағы халық Біріккен Қытай
революцияшыл Одағын құрды. Оның төрағасы Сунь Ят-сен
болды, 1906 жылы ондағы халықтың саны 10 мыңға жетті, олар
газеттер, журналдар шығарды. Күштердің бірігуінің нәтижесінде
революционерлердің ықпалы елде күшейе түсті. Жапонияда 1905 жылы "Біріккен
Қытай революциялық Одағының" газеті "Минь бао" (Халықтық газет) шықты. Онда
революционелер өздерінің мақалаларын жариялады.
3. Сунь Ят-сен кұрған "Біріккен Одақтың" декларациясында төмендегібей
мақсат белгіледі:
1. маньчжур варварларын елден қуу
2. Қытайды өрлету
3. республиканы орнату
4. жерге деген құқықты теңестіру.
Сунь Ят-сен сөйтіп өзінің "үш халықтық прииципін" шығарды. Үш халықтық
принцип 1905 жылы "Минь баоның" бірінші санында алғаш рет жарық көрді. Ал
1907 жылы ол оны жүйелеп, қайта өңдеп жариялады. Ол үш принципі:
"ұлтшылдық", "халық билігі", "халық игілігі":
1.Ұлтшылдық— бұл талапты жіктесек, ол басқыншы маньчжур Цин
династиясын құлатуды және таза қытай әкімшілігін құруды білдіреді.
Халық билігі— бұл монархнялық құрылымды жою және республиканы орнату
дегенді білдіреді.
Халық игілігі— бұл жерге деген құқықты теңестіру, яғни біртіндеп жерді
ұлттандыру.

1911-1913 жылдардағы Синъхай революциясы
1. Революцияның басталуы
2. Екінші революция.
3. 1911-1913 ж.ж. революцияның нәтижесі және тарихи маңызы.
Әдебиеттер:
1. Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфсц А.Н. Новая история стран Азии и Африки.
М., 1982
2. Ефимов Г.Е. Очерки по новой и новейшей истории Китая. М., 1951
3. Сидихменов В.Я. Китай: страницы прошлого. М., Наука, 1978.
4. Никифоров В.Н. Сунь Ят-сен. Октябрь 1869 г. 2 нсдели из жнзни
китайского революционера. N4., Наука, 1978

1. XX ғасырдың басында Қытайда толқулар кезеңі болды. Мысалыға, Қытайдағы
ең ірі деген Шанхай, Ланьчжоу, Нанкин деген қалаларында көтерілістер болды.
Хубэй, Гуандун, Сычуань т.б. провинцияларында шаруалар толқулары болды.
1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясының басталуына негіз болған Учан
көтерілісі. Полиция "Қытай біріккен одағының" ("Тунмынхой") құпия пәтерін
тауып алып революционерлерді қамауға алды, Соған байланысты Учанда
революционерлер көтерілісті ерте бастауға мәжбүр болды. Сөйтіп 10 қазанда
көтеріліс бұрқ ете қалды. Яғни бұдан шығатын қорытынды: Учан көтсрілісі— ол
1911-1913 ж.ж. революцияның бастамасы болды, 1911 жылы 10 қазан күні-
революция басталған күн болып есептелінеді. Тарихқа ол қытай халқының Ұлт-
азатық Синьхай революциясы деген атпен енді.
"Синьхай "дегеніміз - ол 1911 жылдан 30 қантарынан бастап 1912 жылдың 17
ақпанына дейінгі аралықты Қытай күнтізбесі бойынша "Сииьхай 'деп атайды.
Тунмынхойдың дәл сол кезде басқарушылары қалада болмады, Сунь Ят-сен
Америкада болды, оның жолдасы Хуан-син Қытайдың оң-түстігінде еді (Ухань
шығыста). Сөйтіп Тунмынхой комитеті полковник Ли Юань-Хунге революциялық
әскерге басшылық етсін деген ұсыныс жасады (кезінде ол маньчжур үкіметіне
қызмет еткен болатын). Кейінірек революциялық үкіметтің басшысы Учанда
"Біріккен Одактың" қайраткері Хуан- Син болдьі.
Бірнеше күннің ішінде Учан көтерілісіне төңірегінде жатқан Ханькоу және
Ханьян қалалары қосылды. Ол қалаларда Цин үкіметінің билігі жойылды. 1-2
айдың ішінде көтеріліске Шэньси, Шанъси, Аньхой, Гуаньдун провинциялары
қосылды. Қараша айының басында көтерілісшілер Шанхайды алды. 15 провинция
Цин үкіметіне тәуелді болудан бас тартты.
1911 жылғы революцияның ерекшелігінің бірі, революциялық күш негізінен
елдің оңтүстігінде қарқынды дамыды. Себебі Қытайдың оңтүстігі өнеркәсіп
қатынасы жағынан жақсы дамыған еді, Өнеркәсіп орталықтары Щанхай, Ханькоу,
Нанкин, Кантон т.б. болды. Сондай-ақ, оңтүстік провинцияларда феодалдық
қанау өте ауыр еді. Тунмынхой да өзінің ісін, қызметін оңтүстікте белсенді
жүргізді. Негізінен революцияның қозғаушы күші интеллигенция ұсақ қала
буржуазиясы, ал ең басты күш шаруалар еді. Бірнеше айдың ішінде Тунмыихой
мүшелерінің саны 10 мыңнан 300 мыңға дейін өсті. 1911 жылдың соңында
революцияның көсемі Сунь Ят-сен Қытайға оралды. Ол америкада болған кезінде
Учан көтерілісі туралы телеграмма арқылы біліп, хабардар болды. Сунь Ят-сен
тез арада еліне қайта оралып, Батыс Европа елдерінің басшыларынан Қытайдағы
жағдайға көзқарастарын біліп алмақшы болды. Сунь Ят-сен Лондонда және
Парижде сыртқы істер министрлерінен Цин үкіметіне ақшалай көмек берілмейді
деген мәлімдемесін естіді. Сунь Ят-сеннің революциялық Қытайға қарыз алу
әрекеті сәтсіз болды. Державалар қайсы укімет елде нақты билікке ие болса,
сол үкіметке қарыз ақша береміз деп нақты жауап қайтарды.
Көп жыл қуғыннан кейін Сунь Ят-сен Отанына қайта оралды. Оңтүстікте
революциялық қозғалыстың басшылары провинциялардың өкілдерінен конференция
шақырды. 29 желтоқсанда Сунъ Ят-сен республиканың уақытша президенті болып
сайланды. 1912 жылы 1 қаңтарда Қытай Республикасы ресми түрде жарияланды.
Цин үкіметінің жағдайы қатты нашарлады. Сөйтіп олар өздері көтерілісті баса
алатындай басшы іздеді. Нәтижесінде кезінде Цин үкіметіне көп қызмет еткен,
үкіметтік aппаpaттa жұмыс істеген Юань Ши-кайды өз қолдарына алып, оған
билікті берді. Шет ел державалары да Юань Ши-кайды қолдады. Ағылшын өкілі
Джорджан Юань Ши-кайды қолдайтынын және де республиканың президенті болу
үшін кемек көрсететіндігін хабарлады. Ағылшын үкіметі Юань ПІн-кайды
қолдаған себебі, олар оны өз жағында пайдаланбақшы болды, Империалисттер
революциялық оңтүстікті әскермен қорқытып-үркітті. Сунь Ят сен егер де ол
президент болып қала берсе, онда державалардың интервенциясы болып кетуі
мүмкін, сөйтіп республика басып жаншылады деп қауіптенді, сондықтан да ол
шегінуді ұйғарды. 1912 жылы 14 ақпанда Сунь Ят-сен Ұлттық жиналыста
(провинция өкілдерінің жиналысы) президенттіктен кететіндігін мәлімдеді
және елді біріктіру мақсатында президентікке Юань Ши-кайдың кандидатурасын
ұсынды. 16 ақпанда Ұлттық Жиналыс Юань Ши-кайды уақытша республиканың
президенті етіп сайлады. Сунь Ят-сен болса саяси күрестен уақытша бас
тартты. Ол темір жолдардың басты директоры қызметіне тұрып, экономикалық
мәселелермен теміржол құрылысымен айналыса бастады. 1912 жылы 10 наурызда
Ұлттық Жиналыс Қытай республикасының уақытша конституциясын қабылдады.
Конституция бойынша болашақ парламент 2 палатадан тұру керек еді, сайлау
құқығы тек 21 жастан асқандарға берілді, ол сол жерде 2 жылдан астам тұру
керек еді, мал-мүлкі 500 сомнан асу керек еді. Юань Ши-кай өз кезінде халық
толқуларын басуға кірісті. Ол мемлекеттік аппараттан және әскерден
республикашыларды, Сунь Ят-сеннің қолдаушыларын қудалады.
2. Юань Ши-кай саяси бағытында өзінің әскери диктатурасын құруды мақсат
етті. "Біріккен Одақ" оған оппозиция ретінде барды. 1912 жылы "Біріккен
Одақ" басқа да ұйымдармен біріге отырып гоминьдан партиясының негізін
қалады. "Гоминьдан" ол халық партиясы деген мағынаны білдіреді. Оның
төрағасы Сунь Ят-сен болды. Гоминьдан партиясы республикалық құрылысты және
жергілікті баскдруды күшейтуді мақсат етті.
Қытай парламентіне сайлауда гоминьдан партиясы көп орынға ие болды. Бірақ
Юань Ши-кай парламентпен санаспады, ол гоминьдандықтарды кызметтерінен
босата бастады. Сунь Ят-сен Юань Ши-кайға қарсы шықты. Ол Юаньның орынды
босатуын талап етті. Сунь Ят-сен халықты "Екінші революцияға" шақырды. 1913
жыны 13 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Араб-парсы деректерін орта мектепте тарих пәніне оқыту барысында пайдалану әдіс-тәсілдері
ІІІ ғасырдың ақындары мен аға анналистері
Римнің алғашқы жылнамасы және рим дәстүрінің шығуы
Ұлы географиялық ашылымдар мен оның себеп-салдарлары
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен салдары
Бокс - спорт түрі
Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Пәндер