Шаңғымен трамплиннен секіру



Шорт.трек
Спорттық бағдарлау
Фристайл
Тау шаңғысы спорты
Биатлон
Шаңғы жарыстары
Мәнерлеп сырғанау
Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған трамплиннен шаңғымен секіруді қамтитын спорт түрі. Трамплиндерді К-95 және К-125 деген түрлерге бөледі. Секірулерді орындау бес төрешімен бағаланады: орындау техникасы стилі (максимальді саны – 20 балл) және секірудің ұзындығы (арнайы кесте бойынша). Қатысушының нәтижесі екі есептік талпыныс балдарының сомасы бойынша анықталады. Ұлттық командадан жарыстың әрбір түрінде төрттен аспайтын спортшы қатыса алады.
Шорт-трек – ішкі хоккей алаңында қашықтықты барынша тез бағындырумен қорытындыланатын конькимен тез жүгіру түрі (айдынның шеңбері – 111,2 м). Жарыс бағдарламасына жүгірудегі жекелей біріншілік – 500 м, 1.000 м, 1 .500 м (ерлер мен әйелдер) және 3.000 м (әйелдер) мен 5.000 м (ерлер) эстафеталық жарыстар енеді. Спортшылар сағат тіліне қарсы айдынның сопақ шеңбер бойымен жүгіреді. 3.000 м және 5.000 м жүгіруде эстафетаны бір спортшыдан екіншіге қашықтықтың кез келген жерінде дененің кез келген тұсына қол тигізу арқылы табыс етеді. Спортшы қашықтықты тез жүгіріп өтуіне ықпалдаса отырып, командадағы өз жолдасының артынан итеріп отырады. Спортшының костюмі дулығадан, қолғаптан, жіліншікке және тізеге кигізілетін қалқандардан тұрады. 1.000 мен 5.000 м қашықтықта төрттен аспайтын спортшы қатысады. Эстафетада әр командадан бес спортшы қатысуы мүмкін.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Шаңғымен трамплиннен секіру
Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған трамплиннен шаңғымен секіруді қамтитын спорт түрі. Трамплиндерді К-95 және К-125 деген түрлерге бөледі. Секірулерді орындау бес төрешімен бағаланады: орындау техникасы стилі (максимальді саны – 20 балл) және секірудің ұзындығы (арнайы кесте бойынша). Қатысушының нәтижесі екі есептік талпыныс балдарының сомасы бойынша анықталады. Ұлттық командадан жарыстың әрбір түрінде төрттен аспайтын спортшы қатыса алады.

Шорт-трек
Шорт-трек – ішкі хоккей алаңында қашықтықты барынша тез бағындырумен қорытындыланатын конькимен тез жүгіру түрі (айдынның шеңбері – 111,2 м). Жарыс бағдарламасына жүгірудегі жекелей біріншілік – 500 м, 1.000 м, 1 .500 м (ерлер мен әйелдер) және 3.000 м (әйелдер) мен 5.000 м (ерлер) эстафеталық жарыстар енеді. Спортшылар сағат тіліне қарсы айдынның сопақ шеңбер бойымен жүгіреді. 3.000 м және 5.000 м жүгіруде эстафетаны бір спортшыдан екіншіге қашықтықтың кез келген жерінде дененің кез келген тұсына қол тигізу арқылы табыс етеді. Спортшы қашықтықты тез жүгіріп өтуіне ықпалдаса отырып, командадағы өз жолдасының артынан итеріп отырады. Спортшының костюмі дулығадан, қолғаптан, жіліншікке және тізеге кигізілетін қалқандардан тұрады. 1.000 мен 5.000 м қашықтықта төрттен аспайтын спортшы қатысады. Эстафетада әр командадан бес спортшы қатысуы мүмкін.

Спорттық бағдарлау
Спорттық бағдарлау – қатысушылар карта мен компастың көмегі арқылы жер-жерлерде орналасқан берілген бақылау пунктерінің (БП) санын жүріп өтуге тиіс спорт түрі, ал нәтижелері қашықтықты жүріп өткен уақыты (белгілі бір жағдайларда айып уақытын есепке ала отырып) немесе жинаған балдардың саны бойынша анықталады.
Шаңғымен бағдарлау жарыстары екі түрден тұрады: таңбаланған жолда немесе осы түрлердің комбинациясында, мәселен, Ориентатлон, Ski-O-thlon белгіленген бағытпен жүру. Таңбаланған жол түрінде қатысушыға белгіленген бақылау пунктерінсіз (БП) жазғы спорт картасы ұсынылады. Таңбаланған шаңғы жолдарымен жүріп отырып, қатысушы бақылау пунктеріне кездеседі, және оның міндеті картаға ине қадау арқылы картаға оның орналасқан жерлерін салу болып табылады. Мәреде төрешілер бақылау пунктінің орналасқан жерін анықтау дәлдігін анықтайды және айып салады. Айып ретінде қосымша уақыт пен айып шеңберлері болуы мүмкін.

Фристайл
Фристайл – акробатика мен могулдан құралған шаңғы спорт түрі. Акробатикадан спортшылар арнайы трамплиндерден күрделілігі бойынша әртүрлі  секірулер жасайды. Трамплиндер үш түрлі: үлкен (биіктігі 3,5 м) орташа (3,2 м) және кіші (2,1 м). Жерге қону алаңы жұмсақ қармен төселген болуы керек. Ұпайлар орнынан қозғалу техникасына, ұшу биіктігі және ұзындығына, акробатикалық элементті орындау сапасына, жерге қону техникасына қарап есептеледі. Жеңімпаз екі рет секіргені үшін жинаған балдарының сомасы бойынша анықталады.
Могул – міндетті түрде екі рет секіру арқылы күрделенген құламалы кедір-бұдыр жол бойымен шаңғымен төмен құлдырау. Жеңімпаз бұрылыстар мен секірулерді орындау техникасы үшін алған балдарының көп сомасы бойынша, сондай-ақ жолды жүру жылдамдығы бойынша айқындалады.

Тау шаңғысы спорты
Тау шаңғысы спорты бес спорт түрінен тұрады: слалом, үлкен слалом, ірі гигант, шапшаң түсу, альпілік қоссайыс. 7-қысқы Азия ойындарының бағдарламасына слалом, үлкен слалом, супергигант, шапшаң түсу енгізілген. Таудан төмен түскен уақытта спортшылар қақпалармен және жалаулармен белгіленген арнайы жолдарды бағындырулары қажет. Нәтижелері әртүрлі жолдарда – бір слаломда және бір талпыныста – басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорт ойындары жайлы
Шаңғы спорты
Шаңғы спорты туралы
Шаңғы дайындығы бойынша коньки жүрісінін түрлері
Тау шаңғысы туризмінің ерекшеліктері
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Тау Шаңғы Спорты - шаңғы спортының бір түрі
Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі
28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада – 2017 қорытындысы.Алматы қаласы (биатлон)
Шаңғы спортының мәні
Пәндер