Эем буындары туралы



1 ЭЕМ.нің даму тарихы
2 Бірінші буындағы машиналар
3 Компьютердің үшінші буыны
ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. Буындардың ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-дың элементтік базасының ауысуымен байланысты. Жалпы, компьютерді буынға бөлу шарты, ол негізінен компьютерлердің элеменнтер базасының өзгеруіне, өзінің құрамына кіретін құрылғылардың түрлері мен қасиеттерінің өзгеруі-не және компьютерлер арқылы шығарылатын есептердің жаңа (сандық емес) топтарының пайда болуына тәуелді.
Оларда электрондық шамдар пайдаланылған ЕNIAC және барлық басқа ЭЕМ-дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады(1940-1955 жылдар). Оларды қазіргі ЭЕМ-нің аталары(немесе орысша-әжелері) деп атауға болады. Егер Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-нің арғы атасы деуге болады.

ЭЕМ буындары.
ЭЕМ-нің даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. Буындардың
ауысуы электрондық техникалардың дамуымен, ЭЕМ-дың элементтік базасының
ауысуымен байланысты. Жалпы, компьютерді буынға бөлу шарты, ол
негізінен компьютерлердің элеменнтер базасының өзгеруіне, өзінің
құрамына кіретін құрылғылардың түрлері мен қасиеттерінің өзгеруі-не
және компьютерлер арқылы шығарылатын есептердің жаңа (сандық емес)
топтарының пайда болуына тәуелді.
Оларда электрондық шамдар пайдаланылған ЕNIAC және барлық басқа
ЭЕМ-дер - ЭЕМ-нің бірінші буынына жатады(1940-1955 жылдар). Оларды
қазіргі ЭЕМ-нің аталары(немесе орысша-әжелері) деп атауға болады.
Егер Бэббидж машинасын еске алсақ, оны ЭЕМ-нің арғы атасы деуге болады.

Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын
және мыңдаған электрондық шамдары бар алып құрылғылар еді. Оларға
бағдарламалар мен мәліметтерді енгізу үшін, перфоленталар мен
перфокарталар пайдаланылды. Бұл машиналар үшін бағдарламалар машиналық
командалар тілінде құрылды, сондықтан сол кездерде кез келген адамдарға
онда бағдарламалау мүмкін болмады. Ең жылдам машиналардың есептеу
жылдамдығы секундына 20000 операция болды. 1959 жылға шейін шығарылған
электронды дампалық машиналар, жылдамдықта-ры ондаған мың ас.,
разрядтылығы 31 – 34 бит, жедел жадыларының көлемі 1 – 4 кб, амалдардың
жұмыс ырғағы қатал тізбекті, яғни, келесі орындалатын амал ағымдағы
амалдың орындалуы толық біткеннен соң ғана басталады, енгізушығару
амалдары орындалып тұрғанда орталық процессор тоқтап тұрады. Программа
негізінен машиналық тілде қолмен жазылып орындалады. Жұмыс істеу режімі
ашық болды, яғни, әрбір программалаушы басқару тетігінде өзі отырып
программасын енгізіп жұмыс істетті. Негізінен сандық шамалармен
байланысты есептер шығарылады, символдық шамаларды пайдалану жоқ болды.
Стандартты программалар жасала бастады.
1955жылдан бастап келесі, екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола
бастады. Оларда электрондық шамдардың орнына жартылай өткізгіштер-
транзисторлар пайдаланылды.
Сонымен, ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланылатын
электр қуаты да азайды, сонымен қатар олардың жылдамдығы секундына
бірнеше мыңдаған операцияларға жетті. Бағдарламаларды құру машинаның
моделінен тәуелсіз бола бастады.
Біраз уақыттан кейін электрондық өндіріс орындары интегралды
схемалар жасай бастады. Интегралды схема – бұл шағын жартылай өткізгіш
кристалдар, оларда бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған транзисторлар бар.
Сонан кейін, бірнеше жүздеген мың транзисторлардан тұратын жартылай
өткізгіш кристалл – үлкен интегралдық схема (ҮИС) пайда болды.
Интегралдық схема негізінде құрастырылған ЭЕМ-дер – бұл үшінші буындағы
ЭЕМ-дер. Бұл машиналардың жады үлкен, ал орындау жылдамдығы секундына
бірнеше миллион операцияға жетті. Магниттік таспаларда жинақтаушыларға
қарағанда әлдеқайда жылдам жұмыс жасайтын және ақпараттың шексіз
өлшерін сақтауға қабілетті сыртқы есте сақтау құрылғыларының жаңа түрі
– магниттік дискілер пайда болды. 1968 жылға шейін шығарылды. Олар
транзисторлық компьютерлер, жылдамдықтары жүздеген мың ас.,
разрядтылығы 31 – 48 бит, жедел жадыларының көлемі - 8 – 128 кб.
Процессордың жұмысын үзу және оны өңдеу жүйесі пайда болды (ол
негізінен енгізушығару амалдарын орындау кезінде іске қосыла-ды).
Алгоритмдік тілдерден машиналық тілге автоматты аударатын программалар
– трансляторлар шықты, яғни, программа құру үшін деңгейлері жоғары
программалау тілдері (Fortran. Algol. Cobol және басқалар) қолданылды,
стандартты программалардың қоры үлкейді. Жабық жұмыс істеу режімі
қолданылды, яғни, программалаушы тікелей машинамен жұмыс істемейтін
болды, ол өзінің жоғары деңгейдегі программалау тілінде жазылған
программасын ары қарай машинадан өткізетін қызмет көрсететін топқа
тапсырды. Программалардың жұмыс істеуін бақылау және басқару үшін
алғашқы мониторлық жүйелер пайда болды. Олардың өзінің тапсырмаларды
басқару тілдері болған. Индексті арифметиканың шығуы, тікелей емес
адрестеуді және динамикалық жадыны қолдану, символдық шамалармен жұмыс
істеу мүмкіншілігінің пайда болуы осы буынның құрылымдық ерекшклігін
айқындады.
Компьютердің үшінші буыны - 1970 жылдан бастап интегралды
микросхемалар арқылы жасалынған компьютерлер мен компьютерлер кешені,
жылдамдықтары миллиондаған ас., разрядтылығы 32 – 64 бит, жедел
жадыларының көлемі 64 – 1024 кб. Дамыған түзу жүйесі бар, енгізушығару
амалдарының орындалуы орталық процессордың жұмысымен параллель
жүргізетін қосымша процессорлар (арналар) қолданылады. Бұрын
программалар атқаратын көп жұмыстар, соның ішінде үзуді ұйымдастырумен
өңдетулер аппарат арқылы жүзеге асатын болды. Компьютерлердің сыртқы
ортаны қабылдай және оған әсер ете алатын сенсорлық қондырымдары пайда
бола бастады. Осылар компьютерді алдын ала енгізілген деректерді
детерминді (бірмәнді) өңдейтін құрылғыдан сыртқы ортада туатын жағдайға
қарай жұмыс істей алатын зерделі құрылғыларға айналдырылды. Жедел
жадыны қорғау және динамикалық бөлу іске асты. Көптеген жоғары
деңгейлі, солардың ішінде символдық есептерге (SNOBOL. LISP. REFAL
сияқтылар) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ даму тарихы. Есептеу машиналарының даму бағыттары
Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдері. ЭЕМ-ның даму тарихы
Қазіргі заманғы ЭЕМ - нің түрлері
Ақпараттық процестер және олардың моделдері
Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері
ЭЕМ даму тарихы
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕСЕПТЕУІШ МАШИНА
ЭЕМ - нің буындары
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
Пәндер