Зорастризмнің пайда болу тарихы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары :

Кіріспе

1. Иран діндері тарихы

2. Дін негіздері

3. Иран діні ерекшелігі

Пайдаланылған әдебиеттер

Зорастризмнің пайда болуы

Зорастризм б. д. д. X-VІІғғ Көне Иранда пайда болған дін, оның негізін салушы Зоратуштра данышпан. Дін өз атын осыдан алады ж/е діннің басқада аттары бар: маздаейзм-жоғарғы құдай Ахура Мазда атымен байланысты; Авеста діні -қасиетті кітабының аты; магизм-абыздардың маг тайпасынан шығуына байланысты; отқатабынушылар-от қасиетті саналып оған табынғандықтан; митрайзм-күн ж/е ай құдайы Митра атына байланысты; парсизм-көне ирандықтардың аты, қазіргі кезде Үндістандағы зардүштер осылай аталады; гебрлар-Ирандағы зардүштерді мұсылмандардың

айтуы. Қазіргі уақытта әлемде шамамен 100-200 мыңдай діннің өкілдері бар.

Дін өз бастауларын көне үндіиран тайпаларының көптәңірлік сенімінен алады. Жаңа діннің негізін салушы Зоратуштраның тарихи немесе аңыздық тұлға екендігі әлі айқын емес. Ол бір деректерде б. д. д. 1500-1200 жж. аралығында, басқа мәліметтерде б. д. д. VІІ ғ. соңы-VІ ғ. басында өмір сүрген деп көрсетіледі. Діни жазбаларда Зоратуштраның қарапайым белгісіз әулеттен шыққандығы, жастайынан абыздық өнерді үйренгені айтылады.

Аңыздарға қарағанда ол тақуалық жолға түсіп, бірнеше жыл ел кезіп ақиқатты іздейді. Оған отыз жасында Ахурамазда құдайдан аян келеді. Өсиеттеріне өз жұртын сендіре алмаған Зоратуштра елінен безіп, басқа елге Бактрия мемлекетіне барады. Онда жаңа дінді уағыздап, ол елдің әміршісі Виштаспа оның ілімін қабылдайды.

Дін сол елде қанат жайып, кітабы жазылады. Б. д. д. VІғ Парсы патшасы Кирдің жаңа дінді қабылдауымен, зорастризм Иранда таралып, кейін мемлекеттік дінге айналды. Мұсылмандар(VІІғ) келгенге дейін зорастризм Иранның негізгі діні болды.

2. Дін негіздері

Сенімілімі.

Зорастризмнің қасиетті кітабы Авеста, оның түсініктемелері Зенд, екеуі қосылып Зендавеста деп аталады. Авеста мәтіні Ясна, Яшта ж/е Видевдата кітаптарынан тұрады. Ясна(құдайға құлшылық) 72 тарудан түрып, оның 17-ін Гаталар құрайды. Гата-Зоратуштраның өзінің өсиеттері. Авеста мәтіндері щамамен б. д. д. VІғ. жазылған.

Зорастризм дуалистік сенімге негізделген дін, ізгілік құдайы Ахурамазда ж/е оның көмекшілері (күн құдайы Митра ж/е т. б. ), ал зұлымдық құдайы Анхрамайню ж/е оны қолдайтын дэвтер(рухтар) . Ахурамазда мен Анхрамайнюдің күресі мәңгілік, сондықтан әрбір адам екеуінің бірін таңдауы тиіс. Зоратуштра адамның ізгілікті таңдағанын насихаттайды, өйткені адамның іс әрекеті оның бұл ж/е о дүниедегі тағдырын анықтайды. Адам ізгілік құдайына сеніп, оған сыйыну тиіс дейді Зоратуштра. Бұл сенім адамды дұрыс ой, сөз ж/е іс әрекет тәрізді моралдық ұстанымдарға негізделеді.

Зоратуштра адамның ойы, сөзі мен ісіне ешқандай құдайлар араласамайды деп үйретеді. Өмірде адам тәні мен рухының саулығына мұқият болуы керек. Тән ж/е жан тазалығына аса күшті мән беріледі.

Осы сенімдердің негізінде зорастризмнің ғұрыптары мен рәсімдері қалыптасып дамыды.

Діни ғұрыптары

Еңбек ғұрпы. Жер өңдеу ж/е жермен жұмыс істеу ерекше дәріптеліп, ізгілік деп қабылданған. Сенімдері негізінде қоршаған ортаға айрықша қатынас қалыптасып, нәтижесінде тазалық ғұрпы пайда болды.

Суды ыдысқа қолды жуып барып құю, жауын кезінде жер мен суды ластамау үшін үйден шығуға тыйым салынған. От қасиетті ж/е таза сондықтан оған сыйынған, храмдарында үнемі от жанып тұрады.

Қазіргі мәңгілік алау осы діннің әсерінен болуы мүмкін. Жалпы зорастризм барлық нәрсеге таза ж/е лас деп екіге бөліп қараған. Таза нәрселерге адам, ит, сиыр, қой, ағаш, өсімдіктер, жеміс пен бақша өнімдері ж/е төрт стихия от, су, жер ж/е ауа жатады. Ал лас нәрселер адам мәйіті, тамақ қалдықтары,

күл-қоқыс, ауру ж/е т. с. с.

Адамнан кейінгі ең қастерлі ит, оған дұрыс күтім жасамағаны үшін иесін жазаға тартқан, өз кезегінде иттіде адамға зиян келтірсе жазалаған(бірінші оң құлағын кескен, тағы қайталанса сол құлағын) .

Жерлеу рәсімдері. Адам мәйіті лас(таза емес) саналып, оны ұстауға тыйым салынады. Мәйітті көметін арнайы адамдар болған, оларға ешкім жақындамайды. Мәйітті биік тау бастарына апарып қояды, кейін арнайы мұнаралар салып сонда орналастырған, ит құс жеп, сүйектерін құдыққа тастайды, онда олар ақырет күнін күтеді, сот күні жауапқа тартылады деген сенім болған. Өлік шыққан үй арнайы тазаланады, оны еске алу рәсімдері өткізіледі(10, 30, 360 күндіктері) . Мұның бәрі өлген адам денесі лас сондықтан зұлым рухтар тіріге зиян тигізуі мүмкін деген сенімнен шыққан. Жерге көмбеген себептері, өйткені жер таза оны ластауға болмайды деп сенген.

Діни құлшылық. Зорастрлер күніне бес уақыт құлшылық (намаз) жасаған, Ахурамазданы дәріптеп арнайы дұға айтылады.

Діни мейрамдары. Жылына жеті рет мейрамдар өткізілген. Оның ішінде ең маңыздысы жаңа-жыл мейрамы -наурыз немесе от мейрамы. Арнайы от жағылып, жеті түрлі нәрседен тағам әзірленген, дастарқанға су, гүл ж/е жаңа піскен нан қойылады.

Діни құлшылық орындары храмдар, онда абыз діни рәсімдерді атқарған, от қасиетті сондықтан храмда үнемі жанып тұрады. Отқа арнайы дайындалған өсімдік шырынын ж/е майын әкелу рәсімі болған.

Мани және манихейлік.

Манихейлік Қытайдан Римге дейінгі аралықта кеңінен таралған діни ілім. Бұл ілімнің негізін салушы Мани(б. д. 216-277ж) . Ол көптеген елдерді аралап жергілікті діндермен танысып, барлығына ортақ дін жасамақшы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Дінінің пайда болуы және даму кезеңдері
Ислам дінінің пайда болуы мен таралуы
Фиолософия дәрістер курсы
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Дін философиясы. Философия танымы
Қазақ халқының философиялық мұрасы
Қазақстан тарихына кіріспе. Дәріс
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz