Шерменде дәуір шежірешісі
1 Қалтай Мұхамеджанов
2 Мұхамеджановтың өмірі
Мұхамеджановтың сахналық тетралогиясы
2 Мұхамеджановтың өмірі
Мұхамеджановтың сахналық тетралогиясы
Қалтай Мұхамеджанов – қазақ драматургиясындағы қайталанбас тұлға. Оған ойдағыдай қанығу үшін ең әуелі бір сәт көз алдымызға осыдан қырық тоғыз жыл бұрынғы Алматыны елестетейікші. Етектен тауға қарай шаншыла шапшыған Дзержинский көшесі. Оның бір шеті бөтекедей бұлтиған жасыл бөктерлерге, екінші шеті кеуіп қала жаздаған тұңқима сайға барып тірелетін Виноградов көшесімен қиылысатын мүйісі. Шығыс бетінде – ат шаптырым жерді бір өзі алып жатқан қара сұр үй. Қашан көрсең де, әлгінде ғана өлік шығарғандай мөлиеді де тұрады. Сыртына көзің түскеннен-ақ, қаралай қаймығасың. Аты да – абайлап айтпасыңызға болмастай. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті. Батыс бетінде – қамыс бумалардан қауқита салған қарапайым ғимарат. Келін түсіріп жатқандай, күнде-күнде абыр-сабыр. Республикалық қазақ драма театры. Осының өзінен-ақ аталмыш кезеңдегі ұлттық драматургия кеңістігінің қаншалықты бостан болғандығын шамалай беруге болатындай.
Ол кездегі театр, расында да, гардеробтан басталатын. Табалдырықтан аттамас бұрын, босағаға сүйеулі тұрған сыпыртқыны алып, шылапшын толы суға малып, аяқ киіміңізді тазалайсыз. Ішке кіргесін гардеробқа барып, бас киіміңізді, үс киіміңізді, галошыңызды тапсырасыз. Сосын аядай фойеге өтіп, ағылып-төгіліп келіп жатқан театршыл қауымды қызықтайсыз.
Әлі ешқандай қоңырау соғылмай тұрғанда, басын сәждеге беріп, намазға жығылатын пірәдардай екі құлақ шекесін алақанымен басып, аһылап-уһілеп, Әлжекең (Әлжаппар Әбішев) келеді. Сосын марқұм Жақан Сыздықов ағамыз айтқандай, «алшайта тастап аяғын, аспанға шаншып таяғын» Әбекең (Әбділда Тәжібаев) пен шалқар көлдің желді күнгі толқынындай уда-дуда көкбурыл шашын шалқасынан қайырып, шалқақтай басып, Шахмет Құсайынов көрінеді. Олардың соңында емпеңдеп келе жатқан етжеңді кісі – Мұқатай Ақынжанов. «Ыбырай Алтынсарины» мен «Исатай Махамбеті» облыстық театрлардың, «Алтын сақасы» балалар театрының сахнасынан түспейді. Солай бола тұра, көп көрерменнің бірі сияқты. Ортаңғы қатарға барып, қонжия кетеді.

Қалтай Мұхамеджанов – қазақ драматургиясындағы қайталанбас тұлға. Оған
ойдағыдай қанығу үшін ең әуелі бір сәт көз алдымызға осыдан қырық тоғыз жыл
бұрынғы Алматыны елестетейікші. Етектен тауға қарай шаншыла шапшыған
Дзержинский көшесі. Оның бір шеті бөтекедей бұлтиған жасыл бөктерлерге,
екінші шеті кеуіп қала жаздаған тұңқима сайға барып тірелетін Виноградов
көшесімен қиылысатын мүйісі. Шығыс бетінде – ат шаптырым жерді бір өзі алып
жатқан қара сұр үй. Қашан көрсең де, әлгінде ғана өлік шығарғандай мөлиеді
де тұрады. Сыртына көзің түскеннен-ақ, қаралай қаймығасың. Аты да – абайлап
айтпасыңызға болмастай. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті. Батыс бетінде –
қамыс бумалардан қауқита салған қарапайым ғимарат. Келін түсіріп жатқандай,
күнде-күнде абыр-сабыр. Республикалық қазақ драма театры. Осының өзінен-ақ
аталмыш кезеңдегі ұлттық драматургия кеңістігінің қаншалықты бостан
болғандығын шамалай беруге болатындай.
Ол кездегі театр, расында да, гардеробтан басталатын. Табалдырықтан
аттамас бұрын, босағаға сүйеулі тұрған сыпыртқыны алып, шылапшын толы суға
малып, аяқ киіміңізді тазалайсыз. Ішке кіргесін гардеробқа барып, бас
киіміңізді, үс киіміңізді, галошыңызды тапсырасыз. Сосын аядай фойеге өтіп,
ағылып-төгіліп келіп жатқан театршыл қауымды қызықтайсыз.
Әлі ешқандай қоңырау соғылмай тұрғанда, басын сәждеге беріп, намазға
жығылатын пірәдардай екі құлақ шекесін алақанымен басып, аһылап-уһілеп,
Әлжекең (Әлжаппар Әбішев) келеді. Сосын марқұм Жақан Сыздықов ағамыз
айтқандай, алшайта тастап аяғын, аспанға шаншып таяғын Әбекең (Әбділда
Тәжібаев) пен шалқар көлдің желді күнгі толқынындай уда-дуда көкбурыл шашын
шалқасынан қайырып, шалқақтай басып, Шахмет Құсайынов көрінеді. Олардың
соңында емпеңдеп келе жатқан етжеңді кісі – Мұқатай Ақынжанов. Ыбырай
Алтынсарины мен Исатай Махамбеті облыстық театрлардың, Алтын сақасы
балалар театрының сахнасынан түспейді. Солай бола тұра, көп көрерменнің
бірі сияқты. Ортаңғы қатарға барып, қонжия кетеді.
Араға сәл толас салып, екінші қоңырау соғылады. Сол-ақ екен, үлде мен
бүлдеге малынып, Ғабең (Ғабит Мүсірепов) аттайды. Ой, пәлі! Десеңізші!
Театрға келген адам деген осындай болмас па?! Неткен паң, неткен сән!
Баяғыдағы түрік қызының бетіндегі бүргедей меңге бола, Самарқан мен Бұхарды
қоса қабат сыйлап жібере жаздаған Сағди ақындай сақилар табылып жатса,
біздің Ғабеңнің башмағына Баласағұнды, қалпағына Қашғарды, шалбарына
Шанхайды, пиджагіне Парижді түк қиналмастан қия салуы ғажап емес екен-ау!.
Еркек біткенді таңғалтып, ару біткенді тамсантып, шеттерінен шалқаларынан
түсіре жаздаған тарлан сері көз біткеннің сұғын сарқып, қаздай қалқып,
алдыңғы қатарға қарай аяңдайды.
Өз тілдерін өздері жұтып қойғандай, бір сәт сілтідей тынып қалған
көпшілік кенет аспаннан біреу томп еткізіп батпан құйрық тастай салғандай,
гу ете түседі. Есіктің жақтауынан қолтығында – бәйбішесі, басында – түлкі
бөркі, үстінде – түйенің жүнінен тоқылған шекпенімен сырып қаптаған тері
ішігі бар Сәбит Мұқанов балпаңдай басып, ішке енеді. Қашан көрсең де,
жайраңдап жүретін жайдары кісі кішкентай көздерін сыдырта қыдыртып, сығырая
қарап, жүзін жылытып, мұртын жібітіп, жан-жағынан жан тастамай, басын изеп,
түгел амандасып шығады.
Олардан кейін қол созым жерде жұртты қаралай қорқытатын қаһарлы журналдың
бас редакторы Қайнекей Жармағамбетовты қарлыққанша қарқылдата күлдіріп:
Әй, Қайнекей, Қайнекей, ақшаң бар ма, қанеки?! Ақшаң болса, Қайнекей,
рестораның – әнеки, Садықбегің – мінеки, – деп, ішек-сілесін қатырып,
сатирик Адамбеков сайқымазақтанып келеді.
Ең соңынан: Батыр болсаңыздар, кәні, менсіз бастап көріңіздерші, түге!
– деп, тепсіне басып, есікті шалқасынан қайырып, жұлқына ашып, мөлттей қара
костюм мен қардай аппақ көйлекке еркек мысықтың мұртындай сертитіп,
едірейте бантик тағып, қолындағы сәнқой таяғын тақтай еденге тарс еткізіп,
Әзірет Әлі ұстаған Зұлпықардай, қадалта шаншып, беті бедірейіп, көзі
ежірейіп, еріні қыбырлап, мұрты жыбырлап, кеңірдегі кернеуі жоғары электр
сымындай ышқына шіреніп, атынан айналайын Константин Сергеевич
Станиславскийден басқаларға пысқырып та қарамайтын қатал да қайсар сахна
Зевсы Асқар Тоқпанов нөсерлі түндегі жай отындай жарқ ете қалады.
Есік алдындағылар сыртқа қарай соңғы рет мойындарын созады. Машинадан
түсіп жатқан ешкім көрінбейді. Қара шал Алматыда жоқ болды ғой! – деп,
іштерінен күбірлеп, есікті бекітеді. Әдетте үшінші қоңыраудың алдын ала
Мұхтар Әуезов келетін болса керек. Ол бүгін келмейді, – дегендей, айқайға
басып, ақтық қоңырау шар етеді.
Жұрттың назары есікті тастап, сахнаға ауады. Ол кезде қазақ драма
театрының қай ойыны да осындай ұлы жиын, думан тойға жиылғандай, өзінше бір
сәнді салтанатпен басталатын. Басқалар келмесе де, драматургтер тайлы-таяғы
қалмай, түгел жиылады. Сол бір жолы да дәл осылай болып еді. Лениншіл
жастың бір топ штаттан тыс тілшілері студенттерге бағышталған арнайы сан
шығарғалы жатқанбыз. Өнер бөліміне кіргенімізде: Ертең, демалыс күні сиыр
сәскеде драма театрында жаңа қойылым тапсырылады. Артынан қоғамдық талқылау
болады. Біздің жігіттермен бірге барып, қатысып қайтыңыздар, – деген
тапсырма алғанбыз.
Шымылдық ашылғаннан жұрт езуіне ие бола алмады. Үсті-үстіне шапалақ ұрып,
қыран-топан күлкіге батты. Бірақ, артындағы талқылау кезінде бәрі де
молдаға берген балалардай монтия қалысты. Ағынан жарылып, мақтай
жөнелгендер табылмады. Ұрынып-берініп ірей сынап жатқандар да көрінбеді.
Бәрі де неге екені белгісіз, әңгіменің артын сиырқұйымшақтатып сипақтай
сөйледі. Ойын кезіндегі көңіл күй мен талқылау кезіндегі көңіл күйден
атшаптырым алшақтық аңғарып, аңтарылып қайттық.
Арада әлденеше апта өтті. Мерзімдік басылымдардың ешқайсысы жаңа қойылым
жөнінде жақ ашпады. Кенет Лениншіл жастың үшінші бетінен Біз бұл күлкіге
дән ырзамыз деген тақырып жарқ ете қалды. Авторы – анау-мынау емес, Мұхтар
Әуезов. Жақында ғана Сергей Коненков, Сергей Прокопьев, Галина
Улановалармен бірге Лениндік сыйлық алып, атағының аспандап тұрған кезі.
Атағымен бірге өзі де әлемді шарлап, ауылда тұрмайды. Сыңайы, сондай бір
сапарынан Алматыға оралғанда, өз үйіндей болып кеткен етене театрдағы жаңа
қойылымды есітіп, әдейілеп барып көрген. Қатты ұнаған. Алған әсерін жас
оқырмандарға жайып салған.
Сол-ақ екен, пәлен күннен бері ауыздарына су құйып алғандай, тым-тырс
жатқан газеттер жарыса мақтай жөнелді. Сөйтсе, жас автордың кейіпкерлерінің
ауыздарынан шыққан әр реплика қышыған жерлерінен дөп басып, айыздарын
қандырғандарымен, әліптің артын бағып үйренген, әдеби пікір ағыл-тегіл
болып ағынан жарылуға батылдық ете алмапты. Өйткені, бұрын құлақ сарсыта
қоймаған жаңа есімнің көрермен назарына ұсынып отырғаны күнде-күнде
кездесіп жүрген үйреншікті жайттар болғанымен, көркемдік шындық ретінде
алға тосылуы қазақ сахнасында алғаш рет еді.
Оның үстіне, бір кездегі Белинскийдің таныс бейтаныс ретінде
түсіндіретін типтік бейнесін тапсынған таптық сана қатып семген саяси
стандарттарға – ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерге жіктейтін. Әр алуан адам
мінездерінің шарпысуынан өрбитін психологиялық үдерістердің ар жағынан
қоғамдық астар іздейтін сыншыл реализм жақ-жақ, тап-тап болып жаға
жыртысқан текетірестерді қызықтайтын социалисте реализмге айналған. Ол
қисынға салсаңыз, Қалтай Мұхамеджанов ұсынып отырған шығармада, ең алдымен,
социалисте реализм эстетикасының айдан анық талаптарына жауап бере
алатындай бірде бір жағымды кейіпкер жоқ еді. Олардың арасындағы, бұл
тұрғыдан келгенде, иман жүзділігі бар жалғыз адам – Алматыдағы тойға
қияндағы ауылдан қап арқалап келген қара шал еді. Оның өзі де көргендерінің
бәрінен бетін басып, қайдан келдімге түсіп, басымен қайғы болып кетіп еді.
Сонда қарапайым еңбек адамын осынша шошынтып жүргендерді қалайша кеңестік
заманның кейіпкерлері деп, олар құрып жатқан тұрмысты қалайша социалистік
қоғамның шындығы деп айта алмақсыз?! Ал олардың бәрін мансұқтап, жалғыз өзі
сары уайым сапырып жүрген сандалбай отағасыны жақтайын десеңіз, оның өзінің
де бетін шымшып, жүрегін ұстағаннан басқа, бітіріп жүргені шамалытын.
Бұның бәрі, негізінен сахналанған ұлттық эпос, революциялық пафостағы
идеологиялық жарнамалар мен хроникалар, өндірістік репортаждар мен Үгітші
блокноты мақалаларын еске салатын саяси-әлеуметтік диспуттардан, сосын
азғантай мөлшердегі әлеуметтік және жалпы кеңестік аударма классикадан
тұратын репертуарлық ая ауқымындағы шетаймақ театры үшін нағыз жүрек
жұтқандық пен шын мәніндегі идеялық-көркемдік ересь еді.
Мұндай жағдайда, маркстік догматшыл эстетиканы ұстанатын әдебиет пен
театр сынының үндесе, не дейтіні белгілі. Одан да осы ауыз ашпай жатқаны
дұрыс. Өз көрермендерін осындай тығырыққа әкеп тіреген тұмса қаламгердің
драматургияға келердегі тұсауын алтын қайшымен өз қолынан қиып берген
айтулы суреткер Мұхтар Әуезовтің сонда бөркін аспанға атып, мұншама
қуануының сыры неде? Оны М.Әуезов көп ұзамай Литературная газетадағы өз
заманының кейіпкері туралы ой-толғамдарында ашып та, аршып та айтты.
Сөйтсе, оқырман әлемінің ауызына жаппай ілігіп жатқан қазақ жазушысын
алғашқы бесжылдықтар тұсындағы алысқан жауын алып ұрып, жықпай қоймайтын
әпербақан күрескерлік, кейінгі бесжылдықтар тұсындағы көбірек насихатталған
айтқан мақсатына жетпей тынбайтын тұқшыңдаған табандылық мүлдем
қанағаттандырмайды екен.
Ол сондай өліміңді сатып, өзегіңді үздіретіндей ентелететін ерен
мақсаттың қайдан, қалай өрбіп жүргендігіне терең қанығып, оның енді қалай
өрістеп, нендей нәтижеге жеткізетіндігін мейлінше зерделеп, өз таңдауының
оң-терісін ар безбеніне тартып, таразылай алатын талдамалы талғамға,
сарапшыл санаға, салиқалы парасатқа ие кемел ақылды кейіпкерлерді аңсайды
екен.
Сол жолдағы соны ізденістердің соңына түсіпті. Жас әріптесінің тырнақалды
туындысынан да сондай өзімен үндес талпынысты байқапты. Әдебиеттегі адам
тағдырын заманауи шындықтың айнасына балайтын ескі кескіндемеден кетіп,
адам бойындағы құштарлықтарды қоғамдық тіршілікті өзгертуші күш-жігер
ретінде қарастыратын жаңа түсінікті қарабайыр әлеуметшілдіктен арылтуды
айрықша ыждаһаттауды жақтапты. Ол үшін адамдар заманға төнген нәубетті,
қоғамға төнген тауқыметті өз басындағы рухани дағдарыстардан іздеуге,
табуға, тануға үйренсе лазым. Әуезовке Мұхамеджановтың өз кейіпкерлері
кептелгелі тұрған кесірлі тығырықтарды айналып өтпей, тыңғылықты
зерделемекке талпынғаны ұнаған тәрізді.
Бұл ретте Мұхамеджанов қазақтардың өзін-өзі жатсынуын, өз қақтарынан
өздері жерінуін, өз болмысын өзі менсінбей, өз қалпындағы өзі болып
көрінуден арланып, өзге біреу болып көрінгісі келетін әсіреңкі тыраштығын,
ұлттың іштей құнарсызданып, іштей жемірілуін көрсетуге алғаш рет дәті
тұрғандардың біреуі болды. Оның Арыстаны мен Марфуғасы – бүгінгі қазақтар
үшін таңсық емес ұлттық әрсәрілік психологиясының алғашқы өкілдері еді.
Бүгін ондай рухани ояздықтың төл дәстүрлерді тірілей жұтып, өзіндік
сипаттардың келешегін қылтасынан қырқып жатқан шын көкжалдары өсіп шықты.
Қалтай солардың, расында да, бөрік астындағы бөлтірік кезеңін қапысыз
аңғарып, қаз-қалпында бейнелеп үлгеріпті.
Рок-н-роль мен Чарльстонды жіліктей шағып, Буги-бугидің майын ішкен
стилягалармен тап жауындай күрескен сол кездегі тасыраңбай патриотизм
өзін жегідей жеп жатқан шын жемірді тап басып, танымапты. Жас ұрпақты
жағалай бастаған жаттекі хиппимен жағаласамыз деп жүріп, әр отқа бір
шарпылып, әбден ауыздары күйген егде әлеуметтің жоғарыдағыларын даңғаза да
дарақы әкімгерлік, төмендегілерін сырты бүтін, іші түтін көлгірлік пен
епсектік еңсере бастағанын, ал оның қатты ағашты құртпай тынбайтын жұмсақ
құрттың жымысқы пәрменділігіне ұласпай тұрмайтынын елеп-ескере бермепті.
Бұл әсіре жағымпаздық пен өшпенділік әулекілігінен аулақ тұра алмаған
қауымдардың бәріне тән зауал еді.
Жалпыадамзаттық социумды шайқалтпай дамыту үшін оны түзіп тұрған
әлеуметтік, этникалық, өркениеттік түзілімдерді бір-біріне айдап салып,
өзара атыстырып-шабыстырмай, жарыстыра, жарастыра дамыту керек еді. Оны
атомдық, молекулалық дәрежеге дейін ыдыратып барып, қайтадан жаңаша
қалыптастыра аламыз деушілік ақылға сыймас мәңгінің қиялы еді. Тарихи
тамырларды шынықтырып, кемелдендірудің орнына қолдан қыспақтап, аямай отап
бағуға тырысу қапталдан анталасқан арамза тамырлардың аянбай бас көтеруіне
әкеліп ұрындырады. Бірақ, олар табиғи тамырлардың қорегіне қол сұғатын
қомағайлық пен көрсебасарлық арқылы өркендейтін.
Басқаның қомағай ындынына бауырын төсеген бассыздық ешкіемер емізіп
үйренген есірік ешкінің өз лағынан өзі безініп кететін кебін киеді. Ондай
қауым өз базарын өзі тарқатып, өз бақытын өзі тебеді. Ол өзін өзі
алалаушылық пен өзін өзі жатсынушылықтан басталады. Арғы-бергі
тарихымыздағы зұлмат атаулының бәрі бізге солай тап болған-ды. Бұл
қасіретті ақиқаттан басқалар мақұрым болса да, отыз жасында алғашқы
пьесасын жазуға отырған Қалтай Мұхамеджанов бейхабар емес-ті. Оның бірден
биік кәсіби деңгейден көрінгені Мәскеу, Ташкент театр оқу орындары тауысқан
тыңғылықты білімдарлығының арқасы десек, әп дегеннен кескекті әлеуметтік
тақырыптардың жалына жармасқаны өзі тікелей бастан кешкен қиын тағдырдың
ықпалы еді.
Алпысыншы жылдарғы бір айқай-сүрен жиналыс естен кетпейді. Кенет мінбеге
әдебиетшілер айдаудан келгендіктен Сібір Омар деп айтатын Қасым Тоғызақов
шыға келді. Шақшақайдай шақылдап шапшаң сөйлеп, шапшаң қимылдайтын шытымыр
мінезді, шымыр денелі кісі еді. Осында Қалтай Мұхамеджанов бар ма екен?
Бар болса, тұрсыншы! – деді. Залдың бел ортасынан шашы қауқиып, Қалтай аға
түрегелді. Оу, не болып қалды! – дегендей қоқиған қоңқақ тұмсығын мінбе
жаққа тіктеді. Тоғызақов насыбайға шашалғандай көзін сығып, тұмсығын басып,
ауызын кемсеңдетті. Кешір, бауырым. Ауыр тисе де, естіп ал. Мәскеудегі он
күндікте маған Жамбылдың қасында жүріп, тілмаштық етуді тапсырды. Соған
сеніп, ойымда дәнеме жоқ, оқуды бітірген бойда Алматыға тарттым. Басқаға
тиіссе де, маған тиіспес деп ойладым. Оным күпірлік болды. Келгесін ұзақ
жүргізбей, ұстап әкетті. Бір күні құлқын сәріден бәрімізді абақтыдан айдап
шықты. Ащы ішектей шұбатылып, сапқа тұрғызды. Расчитайтесь на первое,
второе! – деп шаңқылдады. Орындадық. Бірінші тізбектегілер тап сол арада
біздің көзімізше оққа ұшты. Бәрінің аты қайдан есте қалсын?! Екеуінің
есімін ұмытпаппын. Біреуі Қарағандының бір ауданының бірінші хатшысы
Ахметов деген еді. Екіншісі – алдыңғы күні ғана Сыр бойынан айдап әкелінген
ақ сәлделі хазірет еді. Аты – Мұхамеджан. Мына тұрған Қалтайдың туған
әкесі. Менің көз алдымда жендет оғынан шәйіт болды, – деді. Көңілшек ақын
көзін тағы бір сығып, абақтыда отырып Мәскеуде өтіп жатқан партия
құрылтайының төралқасына жазған Терең суда қайырлап тұр қайығым, – деген
өлеңін оқи жөнелді. Екі беті күлдей болып, көгіс тартқан Қалағаң сүлесоқ
орнына шөкті. Сілті ішіп қойғандай, сілейіп біз отырмыз. Үзіліс кезінде
Қазақ әдебиетінде бірге істейтін Әбіраш Жәмішев, Әбілмәжін Жұмабаев
ағалардан естідім: Иманды болғыр Мұхамеджан тақсыр арғы түбі пайғамбар
әулетінен өрбитін тірі теолог ғұлама екен. Сыр бойы мен Оңтүстік
мұсылмандарына асқан діни білімімен танылған, қақ-сұқпен шаруасы жоқ, Құдай
жолын қуған, мейлінше пірәдар адам болыпты. Ол халық жауы атанғанда
білетін халық жағаларын ұстапты.
Мұндай қиянатты кім кешіре алмақ?! Әрине, Қалағаң да кешіре алған жоқ.
Оның жүрегіне жазылмастай жара болып байланған шемен бала кезден көрген
аштық, жалаңаштық, жарлылық, жақыбайлық емес еді. Ол кезде шекесі шылқып
жүрген ешкім жоқ еді. Оның бәрі – көппен көрген ұлы той ғой. Оның жанына
батқаны – осы бүкіл қауымның алдында сүтке тиген күшіктей қылып алабөтен
көзге шұқығаны еді. Осындай көзапара қиянатқа жол берген қауымның аттаған
сайын аяғына жармасатын ойқысы мен шойқысы әлгіндей жәбір көрген жаралы
жүрек тарапынан өткір ыза мен зілді кекесіннен басқа не шақыра алмақшы?!
Сондықтан да, ол өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаның ұңғыл-шұңғылына
шұқшия зер салды. Қиямет шеккен жаралы жүрегі қалай қабылдаса, оны еш
құбылтпай, дәл сол қалпында толғады. Қалтай Мұхамеджановтың суреткерлік
таланты мен дүниетанымдық көзқарасының таңданудан гөрі талдауға, мақтанудан
гөрі, мансұқтауға бейімірек болып келуінің, міне, осындай себебі бар еді.
Алайда, өзі мықтап озбырлық көріп қалған адам өзгелер көріп отырған
озбырлыққа аяушылықпен көз салмаса, табалаушылықпен қарамайды ғой. Өзі
жәбір көріп қалған жаралы жүрек өзгелердің тартып жатқан тауқыметіне де
үлкен мүсіркеушілікпен үңіледі ғой. Қалтай Мұхамеджанов шығармаларындағы
асқақ әлеуметшілдік қарымның терең адамгершілік мейіріммен астасып жатуының
да сыры осында секілді.
Мұхамеджановтың Бөлтірік бөрік астында, Құдағи келіпті, Қуырдақ
дайын, Өзіме де сол керек атты сахналық тетралогиясы осы өзара алауыздық
деп аталатын әлеуметтік мерездің қазақ қауымын қалай кеміре бастағанының
күйзелісті үдерісін ұлттық характерлер мен тұрмыстық коллизиялар арқылы
егжей-тегжейлі зерделеуді мақсат етті. Таптық психология мен әлеуметтік
бірөңкейлік философиясын малдана отырып, саяси баққұмарлық пен тоғышар
пайдакүнемдікті астыртын өрбіткендер билік, байлық, қоғамдық ықпал
жолындағы тіміскі күрестеріне ұлттық дәстүрлер мен тарихи қалыптасқан
менталитеттік жол-жоралғыларды қалай шебер пайдаланып, ұлттық даму мен
ұлттық мүддені көксейтін шын ұлтжандылықты қалай оп-оңай құрбандыққа шалып
жіберетіндігін көрсетті.
Ұлттық дамуды оңдырмай мешелге ұрындыратын үш жегі – сыртқы экспансия,
ішкі әуейілік, этникалық томаға-тұйықтық. Үшеуі де ұлттық даму мен ұлттық
намысты дүниеқоңыз өзімшілдікке жем ету арқылы өрбиді. Бұның қай-қайсысын
да біздің бойымызға терең дарытып, қанымызға қапысыз сіңірген баяғы хандық,
бұрнағы күнгі патшалық кезеңдер емес, күні кешегі тапшылдық дәуір еді. Ол
біздің ұлттық санамызды рухани мүгедектікке ұшыратып бақты.
Ұлт ретінде кемтарлану кемелденген социализм жағдайында күшеймесе,
әлсіремейтінін алғаш түйсінген сезімтал қаламгерлердің бірі Қалтай
Мұхамеджанов болды. Кейін Ғабиден Мұстафин ағамыз әлденеше рет күйзелген
ұлтсыздануды ең алғашқы комедиясында Қалтай Мұхамеджанов көркем бейнелер
арқылы көтерді. Оның баққұмарлықты асқындыру арқылы жүзеге асатынын бірінші
болып сахнада кейіптеген де сол еді. Ол аталмыш тетралогиясында – тапшыл
социализм жасақтаған тартысшыл әлеуметтік мобилизм жағдайында байырғы
дәстүрлердің көбінің мәні түбегейлі өзгеріп, отаншылдықтың өгей ене
бауырсақтыққа, намысшылдықтың даңғойлыққа, ақылдылықтың – айлакерлікке, ал
айлакерліктің арамзалыққа ұласпай тұрмайтынын дәлелдеді. Бірте-бірте
иманданудың орынына таптық мүддені сылтауратып, бірінің ізін бірі
шабақтайтын бірін-бірі жатырқаушылық пен бірте-бірте қаныпезерлену үрдіске
ене бастады.
Кешегі қауымның тұрмыстық, моральдық келеңсізденуін әзіл мен сайқымазақ
тілінде осылай жеріне жеткізе әшкерелей алған асқан талантты комедиограф
осыншама жойымпаз әлеуметтік індеттердің саяси-философиялық астарларына
бойламай тұра алмады. Асқына түскен әлемдік әлеуметтік апаттар жағдайындағы
ұлттық элита тағдырын бағамдауға батылы барған жаужүрек суреткерлердің де
ең сүлейлерінің бірі – Қалтай Мұхамеджанов еді. Ұлт болашағына гитлершіл
демагогияның көмегімен араша түсеміз дегендердің қалай мұзға отырғандығы
Жат жерде жан-жақты зерделенді. Дәл сондай ұлт тағдырын қаралай қараң
суға алдырған қасіретті кепті ала бағанның бергі жағында қалғандар да киді.
Сонау отыз жетінші жылдар эпопеясынан сөз қозғайтын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz