Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар . . . 4
  2. Жыныс мүшелері арцапы берілетін инфекциялар . . . 8

ІІІ. Қорытынды . . . 16

І V. Пайдаланған әдебиеттер . . . 17

Кіріспе

Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады? Әсіресе олардың арасындағы қауіптісі ЖҚТБ, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Бұл қатерлі аурулардан сақтану ережелерін сақтау керек. Яғни, кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану, мүшеқап қолдану, жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтап, жылу сумен, жұмсақ сабынмен жуынып тұру керек. Сондай-ақ, сыртқы және ішкі киім-дердің тазалығын сақтап, ешқашан басқаның жөкесімен, сүлгісімен, іш киімдерімен қолдануға болмайды.

Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулардың белгілері: несеп жолдарынан шығатын шығындылар, зәр шығарған кезде ауырсыну, теріде, жатыр мойнағының сілемейінде өзгерістер пайда болып, қызарып бөртпелер шығып, тығыздалу байқалады.

  1. Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар

Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар вирус, микоплазма, бактерия, саңырауқұлақшалар, эктопаразиттар сынды микробтарды қоздыратын 200-ден аса ауруды біріктіреді.

Әлемде миллиондаған адамдар күнделікті бұл қатерлі ауруды жұқтырады не қауіпке шалдығады. Көбіне бұл қауіпке жыныстық қатынасы кезінде қорғанбайтындар душар болады.

Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады? Әсіресе олардың арасындағы қауіптісі ЖҚТБ, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Бұл қатерлі аурулардан сақтану ережелерін сақтау керек. Яғни, кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану, мүшеқап қолдану, жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтап, жылу сумен, жұмсақ сабынмен жуынып тұру керек. Сондай-ақ, сыртқы және ішкі киім-дердің тазалығын сақтап, ешқашан басқаның жөкесімен, сүлгісімен, іш киімдерімен қолдануға болмайды.

Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулардың белгілері: несеп жолдарынан шығатын шығындылар, зәр шығарған кезде ауырсыну, теріде, жатыр мойнағының сілемейінде өзгерістер пайда болып, қызарып бөртпелер шығып, тығыздалу байқалады.

Кейбір аурулар ұзақ уақыт бойы ешбір белгі бермеуі де мүмкін. Кей-кейде ауру белгілері өз-өзінен жоғалып кетеді, бірақ жұқпа адам ағзасында емделмейінше сақталып қалады. Енді, жыныс қатынасы арқылы жұғатын жұқпаларға тоқталайық.

Соз ауруын гөнөкөкк бактериясы шақырады. Соз зәр шығаратын несеп жолдарын, тік ішекті, тамақ аурулары.

Соз ауруының еркектер мен әйелдерде айырмашылықтары бар.

Ер адамдарда жыныс мүшелерінен іріңді шығындылар шығып, жиі-жиі кіші дәретке бару кезінде ауырсыну байқалады.

Жаңа соз 2 ай ауру кезінде және созылмалы соз 2 айдан жоғары деп бөлінеді. Аурудың байқалып, белгі беруі 3-5 күн аралығында пайда болады, кей -кейде 1 күннен 2-3 апта аралығында болады. Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі шығындылар байқалады, 3-4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты білінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару сен ісіну пайда болып, ол тығыздалып, қатты ауырсыну байқалады. Жалпы ағза азап шегеді, әлсіздік, қозғыштық мазалайды. Бұл қолайсыздық психо-эмоционалды стресті қалыптастырады.

Дер кезінде жіті назар бөліп, емделмесе создың созылмалы түріне ауысады. Несептің бөлінуі азайып, онда іріңджік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың жалпы жағдайы біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымдануы, ыстықтың көтеріп, бездің ісінуімен айқын байқалады.

Әйелдерде жатыр мойнынан көкшіл-сары шығындылар шығып, қышынып, зәр шығыру кезінде ауырсыну болады. Тік ішектің созы айналшықта қышу пайда болып, тік ішектен ірің араласқан сасық шығындылар шығады. Тамақ созы өз белгісін көрсетпей өтеді. Соз ешуақытта өздігінен жазылмайды. Міндетті түрде дәрігерде емделу қажет. Создың созылмалы түрінен емделмесе бедеулікке шалдығады. Соз ауруына шалдыққан ананың құрсағындағы нәрестеге де жұқпаның жұғу қаупі бар. Кез-келген аурудың алдын алып, қатерлі ауру дертінен отбасыңызды, ұрпағыңызды және өзіңізді қоршаған ортаны жан-жағыңдағыларды да қорғап уақтылы профилактикалық тексеруден өтіп, аурудың алғашқы белгілерін байқай салып, дереу дәрігерге қаралуды әрбір азамат өзінің абыройлы міндеті санауы тиіс.

Мерез - жыныстық жолмен бері-летін инфекциялық ауру. Осы аурумен ауыратын адаммен сүйі әскенде, ауру адам қолданған ыдыстан, жеке гигиеналық заттарынан, темекі, ерін бояуы арқылы жұғуы ықтимал. Қан берген адамның қаны, ауру ананың емшексүті арқылы жұғу қаупі бар. Ол өзінің белгілерімен, асқынуларымен адам ағзасына қауіп-қатер тудырады.

Мерез 3 кезеңге бөлініп, 3-4 аптадан соң ғана белгісін бере бастайды. Бозғылт спирохета қан арқылы адам ағзасына тарап, 3 айға дейін созылады. Осы уақыт ішінде адам өзінің ауырып жүргенін білмей төңірегіндегілерге жұқтырады. Алғашқы белгі - қатты шанкр. Бозғылт спирохетаның адам ағзасына түскен жерінде пайда болып, түймедей қатып қалатын жалақ, сызат жара. Бұл белгі аурудың аузында, ернінде, жыныс мүшелерінде кездеседі. Бір аптада жараның бездері ұлғайып ісінеді. Әлсіздік, буын-буындары қақсап денесінің қызуы көтеріледі. Екі-үш айдан соң мерездің екінші кезеңі басталып, теріге бөртпелер шығып, ауыз, еріннің ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар пайда болады. Дауыс қарлығуы да мүмкін. Сондай-ақ теріге қыз-ғылт түйіршіктер шығады. Жыныс мүшелерін-дегі майда түйіндер үлкейеді. Адам осы кезде емделмесе екінші кезең 3-4 жылға созылады. Осы сатылардан өткен соң мерездің үшінші кезеңі басталады. Сырқат ағзасы әбден әлсіреп, жұлын, ми жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып, көзі көрмей, өкпе, жүрек, бауыр қызметтері нашарлар, аяғы ауыр болса әйелдер түсік тастайды. Мұрынның кеңсірігі опырылып түсіп, бұл қауіпті аурумен ауырған адам пұшық болып қалады.

Мерез ауруына жеке басының тазалығы жоқ, нәпсі, араққұмар тәрбиесіз, бұзықтар шалдығады. Бұл кеселді түп-тамырымен жою үшін ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару шарт.

Біржасушалы трихоманад паразитын қоздыратын жұқпалы аурулардың бірі - трихоманад. Бұл ауру жыныстық қатынас арқылы жұғады. Еркектердің қуық жолдарын, әйелдердің жыныс мүшесінің қынап жолдарын зақымдайды.

Дер кезінде емделмесе ауру қатты асқынып адам ағзасын әлсіретеді. Бұл жұқпалы аурумен ауырған аналардан туылған балалардың 5 пайызы трихомонозды жұқтырады.

Генитальды герпес - вирусты жұқпа. Бұл ауру жыныс мүшесінен қышып, ауырып шығатын шығындылармен белгісін береді. Бел ауырып адам ағзасы әлсіреп, бас, бел ауырады. Герпес вирусы адам ағзасында өмір бойы болады. Көбіне ол жүйкеде болып, өз белгісін бермей, өзгелерге жұқтырады.
ЖҚТБ жұқпасы және В, С гепатиты. Бұл жұқпа жыныс қатынасы және қан арқылы жұғады. Жұқпаға шалдықпау үшін жыныс қатынасы кезінде мүшеқап киіп, тосын кездесетін жыныс қатынастарынан қорғану қажет. Медициналық емшара кезінде заласыздандырылған құралдар қолдану шарт. Жұқпамен ауыратын ана құрсағындағы нәрестеге бұл қатерлі ауруды жұқтырып, ұрпағының өміріне қауіп тудырады.

Қандай да жұқпалы дерттердің белгілері көріне бастаған сәттен бастап дер кезінде, уақтылы дәрігерге қаралуды міндетіміз деп білейік. Ұрпағымыздың болашағы өз қолымызда. Дені сау ұрпақ мемлекетіміздің тұтқасы. Сондықтан, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп» барлық талап-шарттарды сақтап, өз денсаулығымыздың қорғаушысы болайық, халайық!

Жыныс мүшелері арцапы берілетін инфекциялар

Кейбір жасөспірім өзінің секстік қатынас болғандығына мақтанады. Ол мақтаныш емес. Ондай қатынасқа барғанның алдында оның кейінгі зиянды салдарын ойлау керек. Қыз бала бірінші жыныстық қатынастан кейін өкінішке душар болады, әсіресе, егерде ол баламен кейін байланысты үзіп кетсе. Қыз бала бұл қатынас мәңгілі байланыс болады деп ойлап қалса, ұл бала үшін бір мәзеттік жан ләзаты болып қалады. Өйткені ол бұның қандай да бір жауапкершілігі бар деп түсінбей жеңіл ойда болумен істейді. Жасөспрім мен жігіт бұл қатынаста бастарын қатерге тігеді.

Қос көзқарас. Қауым арасында жыныстық қатынасқа түскен адамдарды өте қатал тұрғысында сынға алып жатады. Бұндай сынға әсіресе жас қыздыр көп душар болады, жас жігіттерге қарағанда. Жыныстық қатынасты қате жасаған қыздар мен жігіттердің арасында жігітті бір сорақы етіп көрсетіп кінәлап жататында кездер де болады. Жыныстық қатынастың салдарын әйел адам көбірек тартады, ерлерле қарағанда. Сондықтан жасөспірмдерге мейлі қыз болсын, мейлі ұл болсын, некеге тұрмай немесе екі адамның (жігіт пен қыздың немесе жас әйел мен жас еркектің) келісімі болмай жыныстық қатынасқа түсетін болса заң алдында жауапқа екі жақ бірдей тартылады және екі жақ бірдей жауап береді, екі жақ бірдей жазаланады.

Жасөспірім үшін кәмелетке толмаған жасында және некеге тұрмай жыныстық қатынас жасаудың ауыр салдарлары бар:

  • ерте аяғы ауыр болып қалуы, жасөспірім-ана үшін ананың ауруға немесе өлімге апаруы мүмкін, сонымен қатар құрсақтағы сәбидің дұрыс өсіп жетілмей ақаулардың пайда болуын тудырады. Егерде жыныстық қатынас қыздың жасы кәмелетке толған немесе некеге тұрған жауапкершілігі бар қыздар немесе бойжеткенде болған болса бұндай қателіктер мен ақаулық салдарлары болмаған болар еді.
  • жыныс мүшесімен жұғатұғын аурулар (ЖМЖА) (ИППП-инфекция, передаваемые половым путем), АИЖВ/ЖПБИЖС (ВИЧ/СПИД) аурулары болмаған болар еді.

Аурудан қорғайтын антителаның аздығынан және басқа да биологиялық факторлардың жетіспеушілігінен жас кезде жыныстық қатынастардан жұқпалы аурулармен ауырып қалу мүмкіндіктері өте көп.

ЖМЖА дегеніміз не?

ЖМЖА - жыныс мүшесімен жұғатұғын аурулар.

Оған: мерез, соз, урогенитальдық хламидоз (зар бөлу және жыныс мүшелерін ғана болатын инфекция), трихомоноз, гарднереллез, микоплазмоз, ано-генитальный герпес, генитальный кандидоз, гепатит В, С, ано-геитальдық кандилома (барлығы 20-дан астам аурулар) .

ЖМЖА - ның қаупі қандай ?

ЖМЖА қоздырғылары бала пайда болатын және бала туатын дене мүшелерін зақымдайды, белсіздікті, импотенцияны, жатырдан тыс жерде бала пайда болуын, түсік тастауды тудырады.

Мерез ауруын емдемесе, ішкі ағзаларды, орталық миды зақымдайды да тұқым қуалайтын ауруға айналады. Кейбір ЖМЖА қатерлі ісік ауруларына себеп болады.

ЖМЖА ауруы бар адамдар АИЖВ (адамдағы иммундық жетіспеушіліктің вирусы ) ауырып қалуларына 10 есе көп мүмкіндік бар.

Көптеген әйелдер мен еркектерде жыныс мүшелерінің аурулары анықталмай қалады, немесе олардың аурулары аз мазалайды, немесе мүлде байқалмайды да, олар басқа сау адамдарға жұқтыра береді.

ЖМЖА белгілері нақты мазаламағандықтан дененің басқа мүшелері мен ағзаларын зақымдай береді де ең соңында қайтадан емдеуге мүмкін болмай қалатын кездері аз емес.

Жыныс мүшесімен жұғатұғын аурулар белгілері қандай ?

Егерде сен жыныс қатынасымен өмір сүріп жүрген болсаң мынадай белгілерден сақ болуың керек:

Әйелдер мен еркектердегі:

  • терідегі және жыныс мүшелерінің шырышты қабатындағы, тоқ ішек маңындағы, ауыздың ішкі шырышты қабатындағы жаралар, көпіршіктер мен түйіншектерден;
  • үлкен дәрет кезіндегі немесе зә шығаруда ауырса және ащыса; тоқ ішектен бөлінетін өзге заттар;
  • жыныс мүшелерінің ісуі және қышуы;
  • денедегі қызу көтерілу, дененің сынып бара жатқандай шаршауды сезінуі, және терідегі бөрткендер;

Әйелдерде:

  • қынаптан жағымсыз иісті аздаған зат бөлінсе;

Еркектерде:

  • қарынның төменгі жағы ауырса,
  • менструация арасындағы уақытта қынаптан қанға ұқсамайтын зат бөлінсе;
  • жыныстық қатынас кезінде қынаптың ішкі жағыннан ауруды сезінсе.
  • зәр шығаратын түтікшеден өгде зат бөлінетін болса

ЖМЖА жұқтырмаудың қандай амалдары бар?

  • Некеге тұрғанға дейін жыныстық қатынастан сақтану.
  • Сүйікті адамыңнан басқаға сенбеу.
  • Өзіңнің сексуалдық талабыңды тежей алмасаң, презервативті қолдан.

Егерде ЖМЖА жұқтырып алсаң, не істеу керек деп ойлайсың?

  • Міндетті тұрде сол саланың маманында (венерологта) ем қолдануға асық. Егерде тез арада және толық емдеу әдісін қолдансаң ЖМЖА көп жағдайда емделіп кетуге болады.
  • Міндетті түрде өзіңнің көңілдес адамыңмен сөйлесіп, оның да емделуге тиісті екенін түсіндір, әйтпесе біреуің емделіп, біреуің емделмесең, емделмегенің қайтадан емделгенге ауруды жұқтырады. Содан сақ болуың керек.

АИЖВ дегеніміз не және ЖПБИЖС дегеніміз не ?

ЖПБИЖС - жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік синдромы - өлімге апаратын қатерлі ауру, бұл ауруды адамның иммундық жетіспеушіліктік вирусы тудырады (АИЖВ) .

АИЖВ - бұл ауру, адамның денесінде иммундық жетіспеушіліктік вирусы бар дегенді түсіндіреді. Бұл инфекцияны жұқтырғаннан кейін адам өзін 5-10 жылдар бойы сау сезініп жүреді. Дегенмен де, вирус ақырындап, дененің иммундық жүйесін бірте-бірте зақымдай береді де, соңында ауру жасайды.

АИЖВ - ның соңғы аурудағы сатысын ЖПБИЖС- дейді. ЖПБИЖС - нан адамның өлімі кәдімгі жағдайда өкпенің, жүйке жүйесінің бұзылуынан және қатерлі ісіктерден қайтыс болады.

АИЖВ емдейтін дәрі бар, ол дәрі вирустың тез көбеюін тежейді, зақымданған дене мүшелерді емдейді. Өкінішке қарай ол дәрі, АИЖВ-тан мүлде емдеп сауықтырып жібере алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парасатты жыныс тәрбиесінің мақсаттары
Жыныстық жолмен таралатын аурулар
Тянь-Шань
Мерездің ауруының белгілері
Жыныстық тәрбие
Нәпсілік қатынас және денсаулық
Инфекциялық және жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар
Гигиена
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары: Соз, Мерез
Жыныстық жолмен берілетін аурулар жайлы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz