Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері



1 Әуелбек Қоңыратбаев . аса көрнекті ғалым.ұстаз
2 Әуелбек Қоңыратбаев.шығыстанушы ғұлама
Қазақ фольклортануы мен әдебиеттануы ғылымдары салаларында іргелі зерттеулер жазған әлем өркениеті ғалымдарының қатарында Әуелбек Қоңыратбаевтың да көрнекті орны даралана көрінеді. Ғалым зерттеулерінің құндылығы талдау нысанына алынған фольклор мұралары мен әдебиет туындыларының тарихи деректі негіздерін саралап көрсетуімен айқындалады. Фольклор мен әдебиет жанрларына арқау болған тарихи кезеңдерді,тұлғаларды деректер аясында қарастыра отырып, өмір шындығына негізделген мұралардың халық тарихымен сабақтас болмысын дәлелдейді.
Ғалымның «Қазақ фольклорының тарихи негіздері» тақырыбы аясына топтастырылған зерттеулері классикалық фольклортану ғылымына қосылған бағалылығымен құнды. Фольклордың тарихи негіздерін дәлелдеуге арналған осы саладағы еңбектері ғылыми- теориялық тереңдігімен, ңазіргі және болашақтағы зерттеулерге методологиялық бағдарлы тұғырымен маңызды: «Сақ тайпаларының салт-санасы және оның қазақ фольклорына тигізген әсері», «Қазақ эпосының табиғаты», «Қазақ ертегілік эпосы», «Қорқыт жырлары», «Қорқыт жырының тегі туралы (кейбір қортындылар)», «Қобыланды жырының тегі», «Ноғайлы жыры туралы», «Ежелгі аңыздар сабақтастығы», «Қазақ фольклорының тарихилығы», т.б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері

Қазақ фольклортануы мен әдебиеттануы ғылымдары салаларында іргелі зерттеулер жазған әлем өркениеті ғалымдарының қатарында Әуелбек Қоңыратбаевтың да көрнекті орны даралана көрінеді. Ғалым зерттеулерінің құндылығы талдау нысанына алынған фольклор мұралары мен әдебиет туындыларының тарихи деректі негіздерін саралап көрсетуімен айқындалады. Фольклор мен әдебиет жанрларына арқау болған тарихи кезеңдерді,тұлғаларды деректер аясында қарастыра отырып, өмір шындығына негізделген мұралардың халық тарихымен сабақтас болмысын дәлелдейді.

Ғалымның Қазақ фольклорының тарихи негіздері тақырыбы аясына топтастырылған зерттеулері классикалық фольклортану ғылымына қосылған бағалылығымен құнды. Фольклордың тарихи негіздерін дәлелдеуге арналған осы саладағы еңбектері ғылыми- теориялық тереңдігімен, ңазіргі және болашақтағы зерттеулерге методологиялық бағдарлы тұғырымен маңызды: Сақ тайпаларының салт-санасы және оның қазақ фольклорына тигізген әсері, Қазақ эпосының табиғаты, Қазақ ертегілік эпосы, Қорқыт жырлары, Қорқыт жырының тегі туралы (кейбір қортындылар), Қобыланды жырының тегі, Ноғайлы жыры туралы, Ежелгі аңыздар сабақтастығы, Қазақ фольклорының тарихилығы, т.б.

Ғалымның бұдан басқа фольклор жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, аңыздар, ертегілер, батырлық жырлар (Қөрұғлы жыры, Қобыланды жыры, Алпамыс жыры, Қамбар жыры, Ертарғын жыры), лиро-эпостық жырлыр (Қозы-Көрпеш-Баян сұлу жыры, Қыз Жібек жыры, Айман-Шолпан жыры, Мақпал қыз, Құл мен қыз, Күлше қыз бен Назымбек, Есім сері-Зылиқа), Тарихи жырлар, Айтыс поэзиясы, Біржан-Сара айтысы, Жамбыл мен Құлмамбет айтысы туралы зерттеулерінде де тарихи негізділік басты ұстаным болғандығымен ерекшеленеді. [ 1, 125-551-бб].

Ахмет Байтұрсынов Әдебиет танытқыш кітабында құндылықтар жүйесіндегі тарихи маңызын атап көрсеткен еді: Тарихты қазақша ұлы дерек деуге әуезе табына жатқызғанмен айғақты әуезе болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы-тарих. Тарихтың қызметі-бүтін адам баласының яки бүтін бір жұрттың я бір таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту. Тарихтың мақсаты-бүтін адам баласының өмірі нендей табиғат заңымен өзгеретінін білу.

... Тарих беретін дерегінің түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бүкіл адам баласы дүниеде қандай өмір шеккенін сөйлейтін тарих Жалпы тарих деп аталады. Адам мәдениет жүзінде жүрген жолдарын баяндайтын тарих Мәдениет тарихы деп аталады. Мәселен,шаруа тарихы, өнер тарихы, дін тарихы, даналық тарихы, ғылым тарихы, әдебиет тарихы, тағысын тағы сондай тарихтар[2, 93-94-бб].

Зерттеуші Ә. Қоңыратбаев фольклортану мен әдебиеттану қисындары сабақтасқан ғылыми тұжырымдарымен ежелгі сақ, скиф, ғұн түркі қағанаттары дәуірлерінен бергі мұралардың белгілі тарихи даму жолдарымен байланыстылығын басты назарға алып зерделеген. Ал, Тарихи жырлар" атты зерттеуінде XVIII-XIX ғасырларда туған Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Шақшақұлы ер Жәнібек, Олжабай батыр, Сырым батыр, фольклорлық-әдеди ерекшеліктерін саралап көрсетеді:

Тарихи жырларды өзінің реалистік сипатына қарай бірнеше салаға жіктеуге болар еді. Мысалы,Ноғайлы жырларында ескі мен жаңа араласып, көп жайда тарихи оқиғалар көмескіленген. Айтушылар сюжетке кейде аңыздық-мифтік желілер де қосып отырады. Бірақ бұл жырлардың белгілі бір тарихи оқиғалардың желісіне қ ұрылғандығына шүбә келтіруге болмаса керек. XVIII ғасырда туған эпикалық жырлардың геройлары көбіне әдеби-тарихи арнада көрінеді. Оның мәнісі, бұл сюжеттер эпос айтушыларының қолынан өтіп, көптеген әдеби өңдеулермен қайта жырланған. Сол себепті образдары бірде әдеби, бірде тарихи бейне түрінде жасалады. Бұл жырлардың реализмі айқындау, авторлық белгісі де басым.Ал, XIX ғасыр оқиғаларын алынған Бекет батыр, Жанқожа, Досан, Сұраншы батыр жырлары, 1916 жыл тақырыбына құрылған халық поэзиясы таза тарихи сипатта көрінеді[1,385-б.].

Әуелбек Қоңыратбаевтың түркітану, шығыстану, еуропалық әдебиет, қазақ әдебиетінің XV-XX ғғ. Тарихы, Абайтану, Мұхтар Әуезов шығармашылығы, қазақ әдеби сыны, көркем әдебиетті оқыту әдістемесі, көркем аударма, мәселелеріне арналған зерттеулері көрнекті ғалымның әлемдік деңгейдегі энциклопедиялық білімдарлығын дәлелдейді.

Қазақ және әлем әдебиеті дамуының классикалық дәстүрлерінің тарихилық негізінде дамуына байланысты айтылған ғұламаның пікірі сөз өнері шығармаларындағы реализмнің теориялық-поэтикалық сипатын түсінуге методологиялық негіз болады. Бұл орайда, ғалым-ұстаздың Реализмнің зор мүмкіндіктері, Жазушы мәдениеті және көркемдік, Дәстүр жалғастығы туралы, Роман туралы ойлар, Қазіргі қазақ прозасы, Көркем өнер тарихы мен теориясы туралы және т.б. ондаған мақаларындағы әдебиет тектері (эпос, лирика, драма) жанрлары шығармалары поэтикасын романтизм мен реализм тұтастығы аясында терең зерделеген тұжырымдарды оқимыз. Зерттеуші сөз өнері туындыларындағы тарихилық негізінде сомдалатын кейіпкерлерді өнер заңдылықтары тұрғысында бейнелеудің теориялық қисындары айқын көрсетеді: Типтендірудің өзі- реализмге тән образдау тәсілі. ... Сонымен бірге ол өмірден туатын сурет болғандықтан, көркем шығармашылықтың төтенше факторының бірі.

Образ характер дәрежесіне жету үшін жинақтау мен даралау бір жерден шығуы тиіс. Белгілі бір ортаның ең мәнді делінген мінез- құлқын бір адамға берсек, бұл жинақтау тәсілі болмақ. Бірақ характер болу үшін бұл тіпті жетімсіз. Геройдың тегін, ортасын, кәсібін айтып өте шығу осыдан туады. Сонымен бірге оның тек өзіне тән жеке адамдық характері болу керек. Мұны даралау дейміз. Даралау жоқ жерде образ жоқ. Даралаудың бір тәсілі психологизм, мінездік талдау. Образ дегеніміз-танылмағанды танытатын философиялық құбылыс. Адамды толық тану үшін оның сыртқы кәсібін, ісін, байлығын, кедейлігін айту жетімсіз. ... образ арқылы көрінетін драматизм- селебелі ауру, қырғында емес, таяқ жеуде де емес, сол геройдың ой- сезім, әрекетінен туатын әсер. Сол әсер күшті болу үшін оның барлық тұлғасы табиғи болып,ішкі дүниесі мол көрсетілуі тиіс. Сонда белгісіз адам белгіліге айналмақ, тип шын мүсін болмақ[3, 366-б].

Ғалымның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
Лиро - эпостық жырлар
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Х. Ерғалиев поэтикасы
Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орны
Пәндер