Баланың құрсақ ішінде сабақ оқуы



Адам – ұрпағымен көрікті. Әрбір ата-ана үшін дүниеге дені сау сәби әкелу үлкен бақыт, шегі жоқ қуаныш болса керек. Ұрпақ тәрбиесі өте үлкен жауапкершілікті, сарқылмас қа-жыр-кайратты, баласына арнал-ған ыстық махаббатты талап етеді. Ислам дінімен байланысын тереңге жайған казақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі заңдары, қағидалары талай ғасырлар бойына калыптасқан. Дана халқымыз ұрпақ тәрбиесінің ұлт қалыптастырудағы маңызын терең түсіне білген. Ұлы батыр, қызы ибалы болып өскен қазақ халқы мың жылдық қырғында да ұлттығын, асыл қасиеттерін жоғалтпаған. Бұл да бір кең сайын дала төсіндегі қазақ халқының ерекше қасиеті болса керек. Іште жатқан сәбиге рухани тәрбие беру оның туғаннан кейін сәби үшін аса маңызды болатынын бүгінгі ғылым толықтай дәлелдеді.
Барлық мүшелері енді-енді калыптасып келе жатқан ұрық үшін құрсақ ішіндегі тәрбие оның толыққанды адам болып калыптасу жолындағы тәрбиенің ең алғашқы сатысы болмақ. Құран мен хадиске ата-бабаларымыз тегін жүгінбеген екен. Адамның қалай пайда болатынынан бастап, құрсақтағы, құндақтағы тәрбие жайлы толық білу Қасиетті Құран мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерін арқау етуінің арқасында екен. Құран – бұл дүние өзінің соңына жеткенше жасайтын, күллі адамзат үшін өмірдің барлық салаларында ең жоғары дәрежелі кемел заң үлгісі болатын хақ кітап. Аллаһ тағаланың ғажайып жаратылысының бірі – адам баласының кұрсақта дамуы. XIV ғасыр бұрын Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде мәлім болған жайттарды ғылым ХХ-шы ғасырда ғана дәлелдей алды. Алдыңғы қатарлы ғылыми технологияның көмегімен ашылған әрбір жаңалықтар Құранды тағы бір сатыға көтеріп, жаңартуда. «Құран – Исламның ақырзаманға дейінгі ғажайып дәлелі»– деген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадисінде.
Сондықтан да ғылым дамыған сайын Ислам да, .Құран Кәрім де қарыштап дамиды. Құран Кәрім эмбриолог ғалымдарды да қатты таңғалдырып келеді. Ғалымдар ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан жетістіктері Құранда XIV ғасыр бұрын жазылып қойғандығын естіп-білгенде еріксіз таңғалып, талай ғалымдар Ислам дінін қабылдаған. «Расында, Біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын Оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған жасушаға), сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа). Сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ – ең керемет жасаушы» («Муминун» сүресі, 12-14 аят-тар).

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАНЫҢ ҚҰРСАҚ ІШІНДЕ САБАҚ ОҚУЫ
Адам – ұрпағымен көрікті. Әрбір ата-ана үшін дүниеге дені сау сәби әкелу үлкен бақыт, шегі жоқ қуаныш болса керек. Ұрпақ тәрбиесі өте үлкен жауапкершілікті, сарқылмас қа-жыр-кайратты, баласына арнал-ған ыстық махаббатты талап етеді. Ислам дінімен байланысын тереңге жайған казақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі заңдары, қағидалары талай ғасырлар бойына калыптасқан. Дана халқымыз ұрпақ тәрбиесінің ұлт қалыптастырудағы маңызын терең түсіне білген. Ұлы батыр, қызы ибалы болып өскен қазақ халқы мың жылдық қырғында да ұлттығын, асыл қасиеттерін жоғалтпаған. Бұл да бір кең сайын дала төсіндегі қазақ халқының ерекше қасиеті болса керек. Іште жатқан сәбиге рухани тәрбие беру оның туғаннан кейін сәби үшін аса маңызды болатынын бүгінгі ғылым толықтай дәлелдеді.
Барлық мүшелері енді-енді калыптасып келе жатқан ұрық үшін құрсақ ішіндегі тәрбие оның толыққанды адам болып калыптасу жолындағы тәрбиенің ең алғашқы сатысы болмақ. Құран мен хадиске ата-бабаларымыз тегін жүгінбеген екен. Адамның қалай пайда болатынынан бастап, құрсақтағы, құндақтағы тәрбие жайлы толық білу Қасиетті Құран мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерін арқау етуінің арқасында екен. Құран – бұл дүние өзінің соңына жеткенше жасайтын, күллі адамзат үшін өмірдің барлық салаларында ең жоғары дәрежелі кемел заң үлгісі болатын хақ кітап. Аллаһ тағаланың ғажайып жаратылысының бірі – адам баласының кұрсақта дамуы. XIV ғасыр бұрын Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде мәлім болған жайттарды ғылым ХХ-шы ғасырда ғана дәлелдей алды. Алдыңғы қатарлы ғылыми технологияның көмегімен ашылған әрбір жаңалықтар Құранды тағы бір сатыға көтеріп, жаңартуда. Құран – Исламның ақырзаманға дейінгі ғажайып дәлелі– деген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадисінде.
Сондықтан да ғылым дамыған сайын Ислам да, .Құран Кәрім де қарыштап дамиды. Құран Кәрім эмбриолог ғалымдарды да қатты таңғалдырып келеді. Ғалымдар ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан жетістіктері Құранда XIV ғасыр бұрын жазылып қойғандығын естіп-білгенде еріксіз таңғалып, талай ғалымдар Ислам дінін қабылдаған. Расында, Біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын Оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған жасушаға), сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа). Сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ – ең керемет жасаушы (Муминун сүресі, 12-14 аят-тар).
Тұтас бір эмбриология ғылымын осы үш қана аятқа сыйдырып, тұтастай түсіндіріп берген Құран – Аллаһтан түскен, ең ұлы мұғжиза. Ұрықтың дамуы жалпы 280 күнге, яғни 9 ай, 9 күнге созылады. Ұрықтың жатыр ішіндегі өмірі 3 кезеңнен тұрады. 1-ші эмбрионалъді алды кезеңде зигота бөлініп, көбейе бастайды. Бұл кезең 2,5 аптаға созылады. 5,5 аптаға жалғасатын 2-ші эмбрионалъді кезең басталады. Бұл кезеңде ағзаның басты мүшелері мен жүйелерінің қалыптасуы жүреді. Ал 3-ші феталъді кезең – жүктіліктің 8-ші аптасынан нәрестенің туғанына дейін жалғасады. Бұл кезеңнің бастапқы сатыларында ұзындығы тек 3 сантиметрдей ғана болатын ұрықтың барлық мүшелері қалыптасып, адам кейпіне келе бастайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың 40 күннен тұрады. Ұрық алдымен тамшы, кейін ұйыған қан, сонан кейін кесек ет болады. Осыдан кейін (яғни 120 күннен кейін) ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға 4 нәрсені белгілейді: 1. ризығын, 2. қанша өмір сүретінін, 3. істейтін амалын, 4. бақытты, не бақытсыз болатынын. Ғалымдар баланың 120 күннен кейін ойлау қабілеті пайда болады дейді, яғни жаны бар. Бұл жерде баланың өмірі, оған берілетін тәрбие, көрсетілетін қамқорлық ол дүниеге келгеннен басталады деген қате түсінік. Баланың өмірі аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан басталады. Олай болу себебі, өйткені бұл жасушалардың қосылуының өзі аса зор құдірет Иесі, он сегіз мың ғаламның Жаратушысы Аллаһ тағаланың қалауымен болады. Бойына бала біткен болашақ ананың ағзасы түгелімен өзгеріске түсе бастайды. Құдды бір гүлге оранған әлемдей болған көзқарасында тұңғиық сиқырлы ұшқын пайда болады. Ерекше тылсым сезімдерге толы көңіл-күйімен әсірлене, нұрлана, әдемілене түседі, өзге жұртқа жұмбаққа толы ғажайып жан болып көрінеді. Жаны да, тәні де бойында Тәңірдің сансыз періштелерімен қорғалатын сәбиге бейімделіп өзгере бастайды. Өйткені, ол ардақты ана болуға дайындалуда. Бұл кезде ана мен бала арасында өте тығыз байланыс орнайды. Анасының бүкіл ағзасы алдағы тоғыз ай бойғы жұмысқа толық дайындыққа көше бастайды. Жүктіліктің алғашқы оныншы аптасында ана мен бала арасында белсенді биологиялық алмасу орнайды, анасының ағзасында баласының өсуіне көмектесетін гормондар жасалып, ол баласына берілсе, баласынан анасына жүктіліктің бірқалыпты өтіп, анасының ағзасының сақталып қалуына жауап беретін гормон-дар беріледі. Осы гормондар арқылы баласы анасына не қажет екенін химиялық хаттар арқылы білдіріп отырады. Барлық аяғы ауыр аналар жұмыс кезінде іштегі баласы кедергі келтірмейтінін жақсы біледі, ал бірақ анасы шаршап, демалуға отыра салысымен белсенді түрде қозғала бастайды. Кейде ол тіпті анасын ұйықтатпай, өзіне назар аударып, тілдесуді талап етеді. Бала дүниеге келмес бұрын отбасы ерекше дайындықта болуы тиіс, ол ең бірінші оның әкесіне қатысты. Әкесінің болашақ ұлымен немесе қызымен байланысы оның анасы арқылы орнайды.
Анасының көңіл-күйінің өте жақсы болуы, ренжімеуі, беталды алаңдамауы, рухани түрде бақытты болуы, таза ауада, табиғат аясында көбірек демалуы, нәрлі тағамдармен уақытында қоректене білуі баланың әкесінің мойнында. Балаға ол тумас бұрын ерекше махаббат қажет. Бұл оның ақылды, мықты, дені сау болып тууына өте зор ықпалын тигізеді. Ертеде бір ғұлама ғалымның бір ұлы болған екен. Бірде ғалымның алдына бір адам келіп: – Тақсыр, мен күнде базарда сүт сатып, бала-шағамды бағып жүрген жанмын. Үш күн болды отбасым аш. Себебі, Сіздің бала-ңыз үш күннен бері күнде тығы-лып келіп, месімді бізбен тесіп, сүтімді ағызып кетеді,– дейді. Әлгі адамнан ұялған ғалым кешірім сұрап, қалтасына ақша салып береді. Кешке үйге келген соң болған әңгімені әйеліне баяндап: – Екеуіміз бала тәрбиесінде бір жерден ағаттық жасаған сияқтымыз. Есіңе түсіріп көрші,– дейді. Әйелі: – Отағасы, үйге азық-түлікті өзіңіз әкелесіз, егер тауып жүрген табысыңыз харам болса, Сіз күнәлісіз,– дейді. Сонда ғұлама: – Бүгін күні бойы қай жерден қателік жібердім деп көп ойладым, бірақ ешнәрсе есіме түспеді. Сен де жақсылап ойланшы,– дейді. Ертеңіне әйелі: – Отағасы, күнә менен болған сияқты. Осы балама аяғым ауыр кезімде бір күні көршінің үйіне бардым. Барсам көршіміздің дастарханында лимон тұр екен. Қызығып кеттім. Өзім осы жеміске жерік едім, сұрауға ұялдым. Көршіні су ішкім келіп тұр деп, ол кетісімен дереу кеудемдегі түйреуішпен бір лимонды тесіп, шырынын сордым,– дейді. Сонда ғұлама: Міне, бар пәленің сыры ашылды.
Біздің баламыз қазір алты жаста. Сенің түйреуішің алты жылдың ішінде бізге айналып, месті тесті. Сенің осы бір қателігің баламызды бұзықтыққа жетелеуде. Енді он жылдан кейін не болады? Дереу барып, көршіден кешірім сұра,– дейді. Міне, осы шағын әңгімеде қаншама тәлім-тәрбие бар. Кейбір ата-аналар балаларының көзінше харам ақша тауып, теріс қылықтарға барып жатады. Ұрлық жасап, әлсіздерге қиянат жасайды. Кейін ұрпағы жаңылыс басып, бір пәлеге ұрынып жатса, бар кінәні сырттан іздейді... Тумай тұрып керексіз, туғаннан кейін тастанды болған баланың жүрегінде пайда болатын рухани ауыр жара өмір бойына қалатын көңіліндегі кірбіңге айналады. Бұл кірбіңді ол туғаннан кейін емес, тумай тұрып құрсақ ішінде алады екен. Іштегі бала ешнәрсені білмейді, сезбейді деген адам қатты қателеседі. Баланың анасына деген зор махаббатымен қоса әкесіне деген еркелігі, жақсы көруі тумай тұрып байқала бастайды. Әкесі анасының ішіне қолын тигізіп, сипаса, бала әке алақанының қимылының соңынан басын қимылдатып, еркелейтінін байқауға болады. Туғаннан кейін де әкесін іздейді. Кейде әкесі үйде болмаған кездерде кішкене шарана әкесін іздеп, ешнәрсеге көнбей жылағанда әкесінің киімінің жанына жатқызып қойса, бала тез арада жылағанын қояды. Бұл әке мен бала арасындағы тылсым байланыс болуы мүмкін. Егер әкесі үнемі ананың ішіндегі баласымен әңгіме дүкен құратын болса, туғаннан кейін әкесінің дауысын айнытпай танитын болады. Ата-ананың аялы алақан жылуын сезініп туған бала оған берілетін үлкен нығметтердің бірі. Бес айдан кейін іштегі бала оған көрсетілетін қарым-қатынасқа жауап ретінде жымия да, бұртия да алады. Құрсақ ішіндегі балада өзіндік есте сақтау қабілеті болады. Үлкен адамның жасушаларына қарағанда эмбрион жасушалары анасынан алған барлық ақпаратты өмір бойына сақтайтын қасиетке ие және де есте сақтау көлемі өте ауқымды. Он алтыншы аптаның соңынан анасының ішіне бағытталған жарықты сәби ұнатпайды екен. Бала туған кезде бұл әлемнің махаббатын, қуанышын, жылылығын, қорғанышын сезінуі қажет.
Перзентханаларда нәресте шыр етіп дүниеге келгенде оны дереу анасының ішіне етпетімен жатқызады, сол мезетте жылауын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Дизартрия, классификациясы, түзету жұмыстарының негізгі бағыттары
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Мәнерлеп сөйлеу
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту
Логопедия өзіндік ғылым
Константин Дмитриевич Ушинский педагогика теориясы және оның маңыздылығы
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
Пәндер