Халықаралық сауда жайында мәліметтер


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

Орындаған: Тоқбергенова Перизат

Жетекші: Бекмурзаева Жанат

ОҚ «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі, Түркістан қаласы. Turkistan. kz

Халықаралық сауда

Халықаралық сауданың артықшылықтары.

Қазақстан әлемдік экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Көпшілігіміз басқа елдерде өндірілген заттарды қолданамыз. Шетелдерден сатып алынған тауарлар мен қызметтер импорт деп аталады. Ал Қазақстандық компаниялардың басқа елдерге сатқан тауарлар экспорт деп аталады.

Сыртқы сауда - басқа елдермен сауда жасасу, яғни елден тауарды экспорттау және басқа елге импорттау.

Экспорт - елде өндірілген, шығарылған, жасалған тауарды шетке шығару.

Импорт - тауарларды және басқа да материалдық құндылықтарды ішкі нарыққа сату мақсатында әкелу. Әр елдің компаниялары жеке адамдар және фирмалар сияқты бір елдің шегінде бір - бірімен сауда жасайды.

Халықаралық саудадан екі жақта ұтады. Бұлай болатын себебі, елдер арасында артық тауарларды шектеулі тауарлармен айырбастауға мүмкіндік алады. Халықаралық сауда тұтынушыға қызмет пен тауарлардың мол таңдауын, ал өндірушілерге - өз өнімдерін сату үшін кең нарықты ұсынады.

Абсолюттік басымдылық . Табиғи ресурстары бар мемлекеттерде климаттық өзгешілікті анықтаушы табиғи басымдылығы бар, сонымен қатар технология, капитал, жұмысшы күші секілді басымдылыққа ие. Кейбір елдер, соның ішінде Қазақстан, пайдалы қазбаларға бай. Егер де қандай да бір ел ресурстары аз мөлшерде пайдалана отырып, нақты бір өнім түрін өндіре алатын болса, онда бұл ел туралы абсолютті басымдылығы бар ел делінеді.

Мысалы , Гватемаладағы бір жұмысшы аптасына 100 кг банан өндіре алады, ал Щвейцария жұмысшысы (қолайсыз климатқа байланысты бананды жылытылған қоймаларға өсіреді) аптасына 10 кг банан өсіре алады, демек Гватемала банан өндіруде Щвейцарияға қарағанда абсолюттік басымдылығы бар ел.

Ел көлемінің теориясы.

Тауар ағымының көлемі мен бағытын түсіндіретін, салыстырмалы басымдылық теориясы жалғыз теория емес. Сыртқы саудаға ықпал етуге Қазақстан үшін ел көлемі (территориясы мен халқының саны) жетіп жатыр. Әрі мемлекеттердің (оған) Қазақстанды да жатқызуға болады) кішігірім мемлекеттерден бірнеше айырмашылықтары бар.

Олар:

  • Негізінен өндірілген өнімдерінің аз бөлігін сыртқы нарыққа сатады және тұтынатын өнімінің аз бөлігін шет елден сатып алады:
  • Әр түрлі ресурстарға ие
  • Ірі көлемді өнімдерді өндіреді

Негізінен дүние жүзіндегі ашық елдер қатарына жатса да, АҚШ сыртқы сауда да кішігірім рөл ойнайды.

Ж. Ұ. Ө. құнына қатысты бұл елде импорт құны 11-13% -дан аспайды. Бұл көрсеткіш көрші Канадада 25-30% құрайды, Англияда 25%, Германияда 30-35%, Норвегияда 50%, Жапония шамамен 12% Ж. Ұ. Ө. -ге қатаысты экспорттың құны Жапонияда 14-15%, АҚШ та 8-9%, Францияда 22-29%, Англияда 26-27%, Германияда шамамен 30%, Норвегияда 50%артық көбіне Нидерланд, Ирландияда секілді кішігірім елдерге қарағанда, ірі елдерге, мысалы, Бразилия, Қытай, Үндістан, АҚШ, Ресейде тұтынатын тауарларының өз мөлшерін импорттап, өз өнімін өз мөлшерінде экспорттайды.

Сыртқы саудада әлемдік көшбасшысы - Германия, Жапония елдері де сауданы ішкі нарыққа бағыттаған, сыртқы сауданың ел көлеміне бағыныштылығын түсіндіретін бірнеше себептері бар:

  • Жер көлемі ірі елдер айырбастаудың тиімді жолын ұйымдастыруға және импортқа тәуелділікті төмендетуге көмектесетін түрлі пайдалы қазбалар мен әр түрлі табиғи - климаттық аймақтарға ие.
  • Сауда үшін орташа арақашықтық ірі мемлекеттерде басымырақ.

Халықаралық саудадағы кедергілер

Егер басқа мемлекет тарапынан келесі бір елдің кәсіпорынына бәсекелестікпен қауіп төндіріп тұрса, үкімет пен саясаткерлер экономикалық теорияның ығыстырып қойып, сауда кедергілерін орната бастайды.

Сауда кедергілері - жоғары кедендік баждар импорттық және экспорттық квота, қатаң валюттік елдер арасында қызмет пен тауарды еркін айырбастауға бақылау түрінде жасанды шектеу қою.

Кедендік тариф - импортқа салық салу. Тарифтің негізгі екі типі бар, оны қолдану екі негізгі мақсатқа негізделеді.

Кеден - мемлекеттік шекарадан тауарды кіргізу және шығаруды бақылаушы мемлекеттік қызмет.

Кедендік баж - мемлекеттік шекарадан өткізілетін жүктен алынатын кедендік ақша жиыны.

Кедендік тариф - бір тауарға төмен бағаны белгілеу және салым салынатын және салынбайтын тауар атауларының кедендік төлемінің жиелеген жинағы. Фискалдық тарифтерді ақша қаражатының ағымын ұлғайту мақсатында қолданылады. Протекционистік тарифті шетелдік бәсекелестіктен, ұлттық өндірісті қорғау үшін пайданылады. Ол шет ел өнімдерін қымбаттау етіп, адамдарды шетел тауарларын сатып алынуға итермелейді.

Квота . Квота дегеніміз - елге әкелінетін тауардың белгілі бір атауының санын шектеу. Протекционизм ( protection латын сөзі - тоқтату, доғару) - отандық өндірушілердің мүдделерінің әр түрлі нарықтық емес әдіспен, тәсілмен қорғау. Протекционизм тарифтері секілді импорттық квота белгілі салада шет елдік бәсекелесті ішкі нарықта бәсеңдетеді. Экспорттық квоталар стратегиялық тауарларды шығаруға тосқауыл қояды.

Қазақстан - әлемдік саудаға қатысушы . Қазіргі таңда Қазақстанның алдында өзінің экономикалық қауіпсіздігін сақтай отырып, әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялық міндеті тұр. 1993 - 2001 ж. ж. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда экономикасы айналымын талдау 1993 - 2001 дейін экспорттық шикізат бағытында басым екенін көрсетті. 1990 жылы миниралды ресурстардың үлесіне 43. 9% және 32. 2% металлургияның өнім өндірісі үлесіне тиесілі. Азық- түлік өнеркәсібінің өнімі- 6, 2% құрады. Мұнайды экспорттау үлесі- 1993ж -2, 8%-дан 2001ж-50%-ға артты, ал қара металды жалға беру - 3. 9-16. 1%, мыс 1. 8-10. 3% ға дейін болды. Елдің 1993-2001жж аралығындағы сыртқы сауда тауарының құрылымын сараптай отырып келесідей қорытынды жасалынды. Егер азық - түлік өнімін импорттауды ұлғайтса, онда отандық өндірушілердің тауары бәсекелестікке қабілетті болу мүмкіндігін жояды. Сыртқы сауда нарығында сатуға тек энергертикалық - жанармай және металлургиялық кешенге сұраныс болып отыр. Бұл елді экономиканың құлдырауынан сақтай отырып, тұрақты кірісті алу мүмкіндігін береді. Дайын Қазақстандық тауарларының бәсекелестікке қабілетті төмен болғандықтан Қазақстанның дамушы елдер қатарына жатқызылады. Қазақстанның импорт негізінде әлем экономикасына интеграциялануда . Біздегі ел азық - түлік, көлік, өндірістік жабдықтар, жұмыс техникасын, парфюмерия, фармацевтік тауарларды импорттайды.

1999жылы импорттық тауар құрылымы келесі түрде көрсетілді:көлік пен жабдық - 46. 1%, минералды өнім 11. 2%, химия өнімі, 12. 3%, азық түлік өнімдері және шикі зат 10. 8%, орман материалдары және ағаштар 3. 2%, құрылыс материалдары 2. 1% басқа тауарлар 14. 8%. Ең негізгі Қазақстанның өнімдерін тұтынушы Италия, Германия, Ұлыбритания, Нидерланды - Батыс Еуропа елдері. Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы сыртқы сауда байланысын одан әрі дамыту көзделіп отыр. Механикалық қондырғылармен жабдықталған, қазандық, реактар сияқты тауарының Қытайға импорттауының өсуін байқауға болады. Қара металл сынықтары, қалдықтары Қытайға Қазақстан экспорты арқылы жеткізілуде. Қытай Қазақстанның мұнайына аса мүдделі, Қазақстан сондықтан аумағында батыс Қазақстан - Синьзянь магистральды мұнай құбырын салу және мұнай кент орындарын игеру үшін инвестиция салуға мәжбүр. Қазақстан үшін Қытаймен сауданы кеңейту пайдалы, себебі мемлекетке мол кірістер әкеледі, сондай-ақ болашақта екі ел бүкіл әлемдік сауда ұйымының аясында қызмет етеді.

Әлемдік сауда ұйымы және Қазақстан.

Біздің ел - халықаралық қоғамдық бірлестіктің мүшесі және мемлекет арасындағы сауда қатынасын белсенді дамытуға ұмтылуда. Алайда, сауда операцияларын ойдағыдай ету үшін - халықаралық қоғамдық бірлестік дәрежесінде әзірленген ереже қажет. Дискриминацияны жою мақсатында әлемдік сауда ұйымы құрылды.

1996жылы 1 қаңтарда Женевада «Уругвай раунд» атымен белгілі келісім шарт нәтижесінде Б. С. Ұ. негізгі қаланды, оған қазір 142 ел мүше. Ә. С. Ұ. -ның қызметі.

  • Сауда келісімін әкімшілік басқару
  • Келіссөз жүргізуге кездесулер ұйымдастыру
  • Пікір талас қорытындыларын өңдеу
  • Қатысушы - елдердің Ұлттық сауда саясатының маниторнигі
  • Басқа халықаралық ұжымдармен қарым қатынас
  • Ә. С. Ұ. халық арасында бейбітшілікті сақтауға, келіссөз жүргізуге. қатысушы елдер арасында өзара қатынасты сауданы орнатуға және еркін сауданы дамытуға мүмкіндік туғызады

Еркін сауда:

  • Күнкөріс минимумынын көлімін арттырды
  • Сапалы тауарлардың әр түрлілігін қамтамасыз етті.
  • Экономикалық дамуды ынталандырды.

Қазақстан ашық демократиялық қоғамды құруда, нарықтық қатынасты қалыптастыруда көптеген мемлекеттермен кең байланысты орнатуда халықаралық саудаға белсенді қатысуда. Сонымен қатар, Ә. С. Ұ. ға кіруге шешімін жариялады.

Халықаралық сауданы қаржыландыру.

Әрбір халықаралық келісімнің бөлігі - бір елдің валютасын келесі елдің валютасына айырбастау. Егер экспорттаушы шетелдік клиенттерінен валюта алған жағдайда өз елінде ұлттық валютаға айырбастауға тура келеді.

Валюта - сол елде пайдаланатын мемлекеттік ресми ұлттық ақша бірлігі.

Қазақсатанның ұлттық валютасы - теңге. АҚШтың ұлттық валютасы доллар.

АҚШ доллоры Қазақстан үшін шетелдік валюта болып саналады, дәл солай АҚШ үшін теңге шетел валютасы.

Валюталық бағам және шетел валютасының нарығы . Қазір тепе-теңдік арасында орнату үшін валюта бағамын пайдаланады. Қазақстанда доллар, рубль иен еуро теңгемен өлшенеді.

Валюта бағамы шетел бағасын ұлттық валютасымен өлшейді. Демек, валюта - тауар, яғни сатып алатын валюта нарығы да бар.

Валюталық бағам - шетел валютасын бірлігіне өз валютасымен төлейтін баға.

Бағам - бір елдің валютасын екінші бір елдің валютасымен айырбастау.

Валюталық нарық - шетел валютасын айырбастау, сату, сатып алу мақсатындағы нарық.

Валютаның құны тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс заңымен айқындалады. Шетелдік валюталар елдің барлық аумағында банкттер арқылысатылады және сатып алынады.

Инфляция және айырбастау бағамы . Егер әр елдегі баға дәрежесі мен айырбас бағамының мәліметтерін сараптасақ, валюта бағамының өзгеруіне инфляця ең негізгі фактор болып табылатындығын көруге болады. Инфляция әсерінен, бір долларға сатып алуға болатын песо, 1983 жылы 144 тен 1988 жылы 2281 ге дейін өсті. Инфляция өте жоғары болса ұлттық валютаның құнсыздануына әкеледі, керісінше инфляця төмен елде, ұлттық валютаның құндылығы артады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
ҚР Ұлттық төлем балансы және оның ерекшеліктеріне талдау
Валюталық бақылаудың субьектілірі Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары, агенттеріменен Республикасының заңдылықтарына сәйкес орындалуы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Молотов Риббентроп пактісі: шығу тарихы және мәні
Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері зерттеген ғалым еңбегін ғылыми тұрғыдан зерделеу
Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына кірудегі өзекті мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz