Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалау


ЖОСПАР
К І Р І С П Е
Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі - бағалау қызметі дамып келеді. Бағалау қызметі қоғамда тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар меншік құқықтары объектісінің өркениетті экономикалық айналысы үшін қажет. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр. Оның актуалдығы сақтандыру қызмет нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселесінің бірі - кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жол-көліктік оқиға және тағы басқа нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.
Автокөлік құралдарын бағалау қажеттігі бүгінгі күні банктік жүйеде меншік иесінің өз автокөлік құралын кепілдікке ұсынып, несие алуына мүмкіндігінің тууымен түсіндіріледі.
Автокөлік құралдарын бағалау - бағалау қызметінің арнайы және ерекше түрі болып табылады, өйткені оның басқа бағалау объектілер түрлерінен өзінше бір айырмашылықтары бар, олар:
- автокөлік құралдарын бағалау объектісі ретінде басқа бағалау объектілер түріне қарағанда, функционалдық, конструктивті және эксплуатациялық айырмашылығы бар;
- автокөлік құралдарына қатысты құнын анықтайтын факторлардың құрамы мен әсері басқа бағалау объектілеріне қарағанда өзгеше;
- автокөлік құралдары басқа бағалау объектілеріне қарағанда, құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және әдістемелік аспектілері жағынан айырмашылығы бар;
- автокөлік құралдары қауіпті объект болып табылады, оның нәтижесінде материалдық залалды өтеумен байланысты құқықтық зардаптар туындайды, және ол бағалауды жүргізуді талап етеді;
- автокөлік құралдары нарығының құрылымы мен параметрлері басқа бағалау объектілерінің тауар нарықтарының сипаттамаларынан айырмашылығы бар, ол автокөлік құралдарының нарықтық құнын анықтауға қажетті әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуде үлкен бір мәселе, мұндай бағалауда негізінен салыстырмалы әдіс қолданылады.
Қазіргі жағдайда автокөлік құралдарын бағалаудың қажеттігі келесі жағдайларда туындайды:
- бизнес-жоспарды әзірлеу, автомобильдік-құрылыс өндірісін құру және дамыту;
- автокөлік құралын өндіріске жіберілгендегі, болжамды нарықтық құнын бағалау;
- «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қордың белсенді бөлігін қайта бағалау;
- жекешелендіру кезінде бағалау;
- мемлекет меншігіндегі автокөлік құралдарымен мәміле жасағанда;
- автокөлік құралдарының кедендік шекара арқылы Қазақстан Республикасына кіргізлгенде;
- мүлік салығын есептеу үшін салық салу базасын анықтау;
- автокөлік құралдарын сату-сатып алу, сонымен қатар аукциондық;
- автокөлік құралдарының кепілдігін рәсімдеу;
- автокөлік құралдарын жалға және лизингке беру;
- кәсіпорынның жарлық қорына салым ретінде автокөлік құралын рәсімдеу;
- қоғамнан шыққанға, қоғам тарағанда және қоғам жойылғанда қоғам қатысушысының (акционердің) салымын еншілеу (бөлу) ;
- кәсіпорынды жалпы бағалауда негізгі қордың бөлігі ретінде автокөлік құралдарын бағалау;
- жою немесе авария, өрт, жарылыс, найзағай соққысынан, нөсерлі жауын-шашын, бұршақ, қалың қар, жер сілкіну, сел, опырылу, көшкін, тасқын, су басу, мұз астына түсіп кету, су құбыры немесе жылу жүйесі нәтижесінде зақымдану жағдайында, сонымен қатар ұрлау (айдап кету) әрекетімен байланысты ұрлау және жойылу (зақымдану) жағдайында автокөлік құралдарын сақтандыру;
- автокөлік құралы зақымданғандағы залал құнын бағалау;
- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- автокөлік құралдарын сыйға тарту (салық салу мақсатында) ;
- автокөлік құралдарын мұраға қалдыру (салық салу мақсатында) ;
- сот шешімімен мүлікті (автокөлік құралдарын) бөлу;
- автокөлік құралдарымен бартерлік мәмілелер;
- мүлікті түгендеу (инвентаризациясы) ;
- автокөлік құралдарын конфискациялау;
- автокөлік құралдарын есептен шығару және жою.
Жалпы курстық жұмысқа тоқталатын болсақ, мұнда алға қойған мақсаттарға жету үшін, автокөлік құралдарын бағалау бойынша ғылыми, әдістемелік, ақпараттық және ұйымдық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар курстық жұмыс автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі аспектілерін ашып көрсетеді. 1-тарауда толығымен және дәлелді түрде автокөлік құралдарының ерекше белгілеріне арналған және оларды бағалау объектісінің жеке класы ретінде қарастырады. Бұл бөлімде автокөлік құралдарын бағалаудың негізгі қағидалары, бағалау мақсаттары, құн түрлері және автокөлік құралдарының жіктелуі сияқты маңызды көрсеткіштері берілген.
1 МАШИНА, КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау және жіктеу
ҚР Азаматтық кодексінің 117 - бабына сәйкес бекітілген:
«Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып табылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде жылжитын мүлікке құқыққа тіркеу талап етілмейді». Сонымен ҚР АК жылжитын мүлікке анық және толық анықтама бермейді; осыған байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемесі, «өзен-теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық обьектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі.
Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне сәйкес көлік құралы болып жолмен адамдарды, жүк пен құрал - жабдықтарды алып жүретін құрылғы табылады. Көлік құралының құрамына механикалық көлік құралдары, тіркемелер, мопедтер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер және осыған ұқсас сипаттағы басқа да көлік құралдары кіреді. Механикалық көлік құралдары құрамына автокөлік құралдары, мотокөлік құралдары, троллейбустар, трамвайлар, әртүрлі тракторлар, өзі жүретін көлік құралдары. Мем СТ 25 478-91 сәйкес автокөлік құралдарына жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар және автопоездар[16] .
Автокөлік құралы - қозғалтқыш арқылы қозғалатын, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүк пен құрал - жабдықтарды алып жүретін, сонымен қатар жеке өзінің 400 кг-нан астам салмағы бар құрылғы. Жүктелген салмағы автокөлік құралының толық жүктелген (жанармаймен, майлармен, суытқыш сұйықтармен және т. б. ) және комплектіленген салмағымен (қосымша дөңгелектерді, құрал - саймандарды және т. б. ) анықталады, оған тек үстіндегі жүгі, жолаушылар, жүргізуші салмағы кірмейді. Автакөлік құралдары жолаушы, жүк және арнайы көлік болып бөлінеді. Жолаушы көлігінің құрамына жеңіл автомобильдер және автобустар кіреді. Жүк автокөлік құралдарына арнайы, жүк автомобильдері жатады. Жеке қызмет автокөлік құралдарына негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған, арнайы құрал - жабдығы бар автомобильдер жатады [3] .
Жеңіл автомобиль - жүргізуші орнын есептемегенде, отыратын орны
8 -ден аспайтын және жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Жеңіл автомобильдер жанағының түрі мен қозғалтқыштың жұмыс көлеміне байланысты жіктеледі, яғни қозғалтқыш цилиндрінің жұмыс көлемі (л) бойынша:
- ерекше кіші (1, 2 литрге дейін) ;
- кіші (1, 3-1, 8 л) ;
- орташа (1, 9-3, 5 л) ;
- үлкен (3, 5 литрден жоғары) ;
- жоғары (регламентелген) .
Автобус - жүргізуші орнын есепке алмағанда, отыратын орны 8-ден астам және жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Автобустар қалалық, қала сыртындағы, қалааралық және туристік болып бөлінеді.
Жүк-жолаушы автомобилі - жүргізуші орнын есепке алмағанда, отыратын орны 3-тен аспайтын және жүк тасымалдауға арналған жабдықталған, платформасы бар автокөлік құралы. Мұндай автомобильдерге жанағына жүкті орналастыру үшін, яғни ауданын үлкейту мақсатында артқы орындықтары жоқ немесе алынып тасталатын жеңіл автокөлігі жатады.
Жүк автомобилі - жүкті тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Жүк автомобилі борттық автомобиль, сонымен қатар тіркемесі бар автомобиль (борттық тягач ), жартылай тіркемесі бар автомобильдік тягачтар, самосвалдар және арнайы автомобильдер болып бөлінеді. Жалпы жүк автомобильдерін толық массасына байланысты 7 класқа бөледі:
- 1, 2 тоннаға дейін;
- 1, 3-2, 0 тонна;
- 2, 1-8, 0 тонна;
- 9, 0-14 тонна;
- 15-20 тонна;
- 21-40 тонна;
- 40 тоннадан жоғары.
Арнайы автомобиль - жартылай тіркеме немесе тіркемесі бар, жүктің белгілі бір түрін ғана тасымалдауға арналған және осыған байланысты арнайы жанағы бар жүк автомобилі. Арнайы автомобильдерге фургоны бар автомобильдер (жалпы мақсаттағы, изотермиялық, рефрижираторлар, нанға, жиһазға, киімге, жануарларға және т. б. арналған) немесе цистернасы бар автомобильдер (сұйық және шашыранды жүкке арналған), контейнеровоздар, ауыстырылатын (алынатын) жанағы бар автомобильдер, ұзын өлшемді жүкті тасымалдауға арналған автомобильдер, ауыр көтергіш автомобильдер, панелевоздар, блоковоздар, фермовоздар, плитовоздар, балковоздар, сантехкабиновоздар, құрылыс қоспаларын және ерітінділерді тасымалдаушы автомобильдер және т. б. жатады[7] .
Жеке қызмет автомобилі - арнайы қызметті орындауға арналған және осыған байланысты арнайы жабдықталған автомобиль. Жеке қызмет автомобильдеріне өрт сөндіру автомобильдері, автокрандар, компрессорлық бекітпелері бар автомобильдер.
Көлік құралының агрегаты жоюға немесе толық жөндеуден өткізуге бағытталады, егер:
1. Базалық және негізгі бөлшектер агрегатының толық бөлшектеп, жөндеуді талап еткенде;
2. Агрегаттың жұмыс қабілеттілігін техникалық себептерге байланысты қалпына келтіру мүмкін емес немесе оған ағымдағы жөндеу жүргізу арқылы қалпына келтіру экономикалық тиімсіз болса.
Ағымдағы жөндеу базалықтан басқа барлық бөлшектерді қалпына келтіру немесе ауыстыру арқылы агрегаттың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған [4] .
- - кесте. Автомобильдің, оның базалық және негізгі детальдарының негізгі агрегаттарының тізімі
1. 2 Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары және қағидалары. Бағалау үрдісі
ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес бағалау мақсаты үшін құнның негізгі түрі нарықтық құн болып табылады. Автокөлік құралдарын бағалауда, бағалау қызметі туралы заң талаптарына жауап беретін құнның негізгі түрлерінің аты мен анықтамалары төменде көрсетілген:
Автокөлік құралының нарықтық құны - автокөлік құралының бәсеке жағдайында ашық нарықта өткізілуі мүмкін ықтимал баға, мұнда мәміле жақтары ойланып, шешім қабылдайды, барлық қажетті ақпарат ашық болады, ал мәміле бағасының көлеміне қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
Шектеулі нарықтағы автокөлік құралының құны - автокөлік құралының ашық нарықта сатылуы мумкін емес немесе қосымша шығынды талап ететін құны. Ол конструктивті немесе экалогиялық қауіпсіздік, арнайы функционалды бағыттағы және т. б. критерийлер бойынша қабылданған заңдарға сәйкес автокөлік құралдарын эксплутатциялау шектелген немесе мүмкін болмайтын кезде бағалау процесінде қолданылады.
Автокөлік құралының белгілі бір жағдайда және оны қолдану мақсатына байланысты құны - автокөлік құралының белгілі бір жағдайға және оны қолдану мақсатына байланысты анықталатын құны. Жаппай эксплуатацияланатын автокөлік құралдарынан елеулі айырмашылығы бар, пайдалану шарттары мен мақсаттары ерекше автокөлік құралдарын бағалауға арналған. Негізінен раритеттік автокөлік құралдарын бағалауға қолданады.
Автокөлік құралының бағалау құны - есептік (анықталатын) көрсеткіш. Автокөлік құралын бағалауда әр түрлі кезеңдердегі құнның түрлері анықталады:
- автокөлік құралын өндіріске дайындап, игеру - жобалық (потенциалды, инвестициялық) құн;
- автокөлік құралын эксплуатациялау - бастапқы (толық бірінші) құны, бастапқы баланстық құны, қалпына келтіру құны, баланстық құны, қайта өңдеу
құны, ауыстыру құны, қалдық құны, нарықтық құны, кедендік құны, сақтандыру құны, жөндеу бойынша құны (қалпына келтіру бойынша), жойылу құны;
- эксплуатациядан шығып қалу - утилизациялық құн.
Жобалық (потенциалды, инвестициялық) құн - автокөлік құралдарының болжамды нарықтық құны, ол бизнес-жоспарды игеру, инвестициялық және өндірістік жобаны қабылдауда, автокөлік құралын шығару бойынша жаңа өндірістік қуаттылықты ойлап табудың технико-экономикалық құжаттарында көрсетіледі.
Бастапқы (толық бірінші) құн - автокөлік құралдарын кәсіпорынға қабылдау құны, яғни ол автокөлік құралының сатып алу мерзіміндегі нақты шығындардың жиынтығымен анықталады[7] .
Бастапқы баланстық құн - кәсіпорын балансына тіркегендегі автокөлік құралының бастапқы құны, ол есептік бухгалтерлік құжаттарда көрсетіледі. Эксплуатациядағы автокөлік құралының негізгі қорды келесі қайта бағалау мерзімі немесе оны қайта жабдықтауды ресми тіркеу мерзімі келгенге дейін, бастапқы құны ескеріледі.
Қалпына келтіру құны - алдын ала сатып алынған автокөлік құралының қазіргі жағдайда бағалар мен тарифтердің өзгеруін ескергендегі, қайта өндіру құны немесе ауыстыру құны. Негізгі қорды қайта бағалағанда, толық қалпына келтіру құны анықталады, яғни алдын ала өндірілген автокөлік құралының қайта бағалау уақытына бағалар деңгейін (тозуды қоспағанда) ескергендегі бастапқы құны. Жалпы жағдайда негізгі қордың толық қалпына келтіру құны шығындардың толық құнын анықтайды, бұл шығындарды оны иемденетін ұым өтейді, оған автокөлікті ұқсас жаңа, нарықтық бағалары және тарифтері бойынша объектіге ауыстырудың мүмкін шығындары, тасымалдау, объектіні орнату (монтажы), шетел объектілері үшін кедендік төлемдер және т. б. кіреді.
Баланстық құн - бухгалтерлік есепте көрсетілген автокөлік құралының құны, ол не бастапқы баланстық құнға, не автокөлік құралының қалпына келтіру құнына тең.
Қайта өңдеу құны - автокөлік құралының бүгінгі күнгі сатылып жатқан немесе өндіріліп жатқан нақты көшірмесінің құны.
Ауыстыру құны - ұқсас функционалды және конструктивті сипаттамалары бар, бағаланып жатқан автокөлік құралы аналогының құны.
Қалдық құн - бастапқы баланстық құннан немесе толық қалпына келтіру құнынан қалдық құнын анықтау мерзіміндегі жинақталған тозу сомасын алып тастағанға тең.
Жойылу құны - автокөлік құралының ұқсас автокөлік құралдары тұрақты қызмет көрсету уақыты аяқталғандағы, аталған автокөлікті пайдаланудан шығарып тастау қажет болғандағы құны.
Утилизациялық құн - автокөлік құралының оның агрегаттарының, тораптарының, бөлшектер жүйесі мен эксплуатациялық материалдарының, оған олардың утилизациялау шығындары қосылады, нарықтық құнына тең құн.
Кедендік құн - автокөлік құралдарын шығарған мемлекеттегі нарықтық құны, оған кіргізілген кедендік территорияға дейін әкелу шығындары (тасымалдау құны, тиеу шығындары, түсіру, қайта тиеу, сақтандыру сомасы), сонымен қатар сатып алушының комиссиондық және брокерлік сыйақыларға кеткен шығындар кіреді, оған тек автокөлік құралын сатып алуға байланысты комиссиондық сыйақыларкірмейді. Автокөлік құралдарының кедендік құнын бағалау кедендік төлемдер мен айыпқұлдарды, сонымен қатар көлемі автокөлік құралдарының кедендік құнына байланысты болатын басқа да төлемдерді есептеу үшін жүргізіледі[18] .
Сақтандыру құны - автокөлік құралының сақтандыру шартына отыру уақытындағы нарықтық құны. Шарттың осы түрінің негізгі талабы болып табылады.
Автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу құны - автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу құны, оған еңбек және материалдық шығындар, құжаттық шығындар, салықтар және басқа да міндетті төлемдер, сонымен қатар табыс.
Автокөлік құралының конструктивті элементтерінің (қосалқы бөлшектерінің) құны - автокөлік құралының конструктивті элементтерінің (қосалқы бөлшектерінің) бәсеке жағдайында ашық нарықта сатып алынуы мүмкін ең ықтимал бағасы, мұндай жағдайда мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді, және мәмілесіне бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
Автокөлік құралын жөндеуге арналған материалдарының құны - автокөлік құралын жөндеуге арналған материалдардың бір өлшем бірлігінің ең ықтимал бағасы, яғни ол бәсеке жағдайында ашық нарықта сатып алынуы мүмкін, ал мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді және мәміле бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді.
Автокөлік құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетулердің құны -
Автокөлік құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетулердің еңбек сиымдылығының бір өлшем бірлігінің ең ықтимал бағасы, яғни ол бәсеке жағдайында ашық нарыққа осы бағамен шығарылуы мүмкін, ал мәміле жақтары ақылмен, барлық қажетті ақпаратты ала отырып қызмет істейді және мәміле бағасына қандай да кенеттен болатын жағдайлар әсер етпейді[8] .
1. 3 Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалаудың құқықтық, ақпараттық қамтамасыз етілуі және методологиялық негіздері
Біздің қоғамда нарық қатынастарының дамуы тауар немесе мүлік құрамының құнына көзқарастың өзгеруіне алып келді. Оғанға дейін бұл құрамға байланысты баға белгілеудің әкімшілік механизміне қатысты ешқандай даулар тумаған. Тұтыну нарығының дамуы, оны нақты шығындарға сәйкестендіру мүлік құнын бағалаудың объективті критерийлерін іздеумен байланысты, және осы мүліктің тұрақты экономикалық айналымда болуы ғылыми білімнің арнайы бағытын іздеуді қажет етті. Оның актуалдығы сақтандыру қызметі нарығының құрылуынан пайда болды, оның негізгі мәселелерінің бірі - кейіннен залалды өтеу үшін апатты зілзала, авария, өрт, жолды-көліктік оқиға және т. б. нәтижесінде туындайтын зардаптар сомасын бекіту.
Сот органдарында сақтандыру компнияларының келтірілген залалдың нақты құнын өтеумен байланысты жұмыстардың саны біраз болуы тауарлар мен шығындарды бағалау тәртібімен түсіндіріледі, мұндай жағдайда екі жақ ҚР Әділет министірлігінің Сот сараптамасының орталығына жолығуға мәжбүр болады және сұрақтарды соттан сырт шешу мүмкіндігін қолданбайды. Бұл жағдай маманданған бағалау ұйымдарының (жылжымайтын мүлік орталығы) аздығына ғана байланысты емес.
Мұндай құжаттар сот тәжірибесінің сауалдары бойынша «соттық тауар тану сараптамасы» шегінде қабылданады. Соттық сараптама түсініктемелік аппараты заң негізінде түбірлі өзгерсе және оның мақсаттары арнайы ғылыми білім негізінде, құқық сақтау және сот қызметін жүзеге асыру процесінде зерттеулерді жүргізу болса, онда әдістемелік кепілдемені жасағанда келесі құқықтық моменттерге ерекше көңіл бөлу қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz