Халық банкінің үжымына 80 жылдық мерейтойына орай тарихи материалдар


МАЗМҰНЫ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Иманғали Тасмагамбетовтың Халық банкінің ұжымына 80жылдық мерейтойына орай арнау сөзі
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Г. А. Марченконың арнау сөзі
Қазақстан Халық банкі Басқармасының Төрағасы Қ. А. Сатылғановтың арнау сөзі
Кіріспе
БАСТАУ
XX ғасыр табалдырығында
Тиын мен сом
Алғашқы самғау, алғашқы құлдырау
1917-1930
Аласапыран кезең
Жаңа дәуір - жаңа амалдар
Қайта өрлеу
1930-1940
Жаңа шешімдер ізденісі жолында
Заемдар мен салымдар - бүкілхалықтың іс
1941-1945
Майданға мол ақша
1945-1960
Реформа және заемдар
1980 - 1980
Өркен жайған экономика - өскен салымдар
Жарғымен өмір сүру
Салымдар мен салымшылар
Жинақ кассасынан жалақы алу, ақша қорының өсуі
1980-1990
Ақшасыз аудару артьқшылығы мен кемшілігі
Аралық қорытынды
Жинақ кассасы банкке айналды
Табыс пен шығыс
"Қор" деген - қадірлі ұғым
1990-2002
Өзгеріс лебі
Банк жүйесінің кадрлары
Қорытынды
ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ҮЖЫМЫНА 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ
Еліміздің ең ірі қаржы институттарының бірі - Қазақстан Халық банкінің ұжымын 80 жылдығымен құттықтаймын. 1923 жылы Ақтөбе қаласында ашылған алғашқы жинақ кассасы қазіргі Қазақстан аумағындағы жинақ ісінің негізін қалады. Осы жылдар ішінде Мемлекеттік еңбек жинақ кассасының жүйесі егемен Қазақстанның аса ірі коммерциялық банкі деңгейіне дейін көтерілді.
Банк Қазақстан халқының терең сеніміне ие болып, қазір соны өзінің күнделікті қызметімен нығайтып келеді. "Қазақстанның 2002 жылғы N1 банкі" атағымен марапатталуы - соның дәлелі.
Халық банкі - өзінің керемет кең жүйесін еліміздің кез келген бұрышына орналастырған әмбебеп коммерциялық банк. Бүкіл әлем қаржыгерлерінің Қазақстанды жақсы тануында да Сіздердің үлкен үлестеріңіздің бар екендігіне сенімдімін. Осы сөзімнің дәлелі ретінде Халық банкінің халықаралық рейтінгінің үнемі жоғарылап келе жатқандығын айтуға болады.
Бірнеше жыл Халық банкі Байқаушы кеңесінің төрағасы болғандықтан, Сіздерге әріптес ретінде лебіз білдіре алатындығыма қуаныштымын.
Іргелі ұжымға жаңа биіктер, баянды табыс, мықты денсаулық тілеймін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Имангали Тасмагамбетов
ҚЫМБАТТЫ ӘРІПТЕСТЕР
Соңғы жылдары республика халқы мен эко-номиканың нақты секторы тарапынан Қазақ-станның банк жүйесіне деген сенімнің қайта қалыптасып келе жатқандығы байқалады. Қазақстан экономикасының соңғы үш жыл ішіндегі даму деңгейі 30 пайыздан жоғары. Осынау маңызды көрсеткішке еліміз айқын әрі дәйектілікпен жүргізілген қаржы саясатының арқасында қол жеткізді. Соңғы үш жыл ішінде -1999 жылғы қазан айынан 2002 жылдың қыркүйегіне дейін халықтың салым-дары 5, 4 есе өсіп, 233, 3 млрд. теңгеге жетті. Қазақстан салым мөлшерінің адам басына шаққандағы көрсеткіші жөнінен ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін екінші орында. Яғни әрбір тұрғынға - 102 долларға жуық. Экономикаға бөлінген банк кредиті соңғы үш жыл ішінде 4, 2 есе өсіп, 2002 жылғы қыркүйек айының аяғында 588, 7 млрд. тең-гені құрады.
Қазақстанның қазіргі заманғы банк жүйесін құру 1990 жылы желтоқсан айында "Қазақ КСР-нің банктері мен банктік қызметі тура-лы" Заң қабылданғаннан кейін басталды. Өткен жылдар еліміздің банк жүйесі үшін қалыптасу және даму жылдары ғана емес, нағыз сынақ уақыты да еді. Қалай болғанда да, тұрақты банк жүйесіне біз енді ғана қол жеткіздік. Ал 1993 жылы елімізде 230 банк болды. Оның жартысынан астамы банк деуге де келмейтін. Алдымызда үйрену, халықаралық тәжірибені зерттеу қажеттілігі тұрды. Бізде бухгалтерлік есеп, қадағалау және аудиттің халықаралық үлгісі де біліктілікпен енгізіліп келеді. Қазір қазақстандық банктер шетелдік әріптестерімен өте еркін, иық тең-естіре бәсекелесе алады. Халық банкінің соңғы 10 жыл ішіндегі жұмысына талдау жасай келіп, ол таңдаған бағыттың дұрыстығы жөнінде батыл айтуға болады. Отандық жинақ ісі дамып келеді. Халықтық жинақ банкінің жекешеленуі Халық банкінің кредит беру, халықтың депозиттерін тарту, пластикалық карточкаларды тарату қызметтерін одан әрі тиімді ете түсуге ықпал етті.
Біздің банк жүйесі жинаған тәжірибе мемлекеттің қаржы тұрақтылығын нығайтуға және бүкіл Қазақстан экономикасын дамытуға жұмыс істейтініне үміттімін. Сондай-ақ мен Қазақстандағы банк бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғарылығына қуанам. Банктеріміз білімнің, өнер мен мәдениеттің дамуына демеушілік қолдау көрсетіп келеді. Халық банкінің Қазақстандағы жинақ ісінің тарихы туралы кітап шығаруы да - сондай қайырымды істердің бірі. Банктің өз тарихы бар. Оны банктің өзі жа-зады. Сіздердің тарихтарыңыз - қалыптасу үстінде. Қаржы әлеміндегі әріптес ретінде Сіздер шынында да салымшылар мен корпоративтік клиенттердің сеніміне ие болдыңыздар. Қол жеткен табысқа тоқмейілсімей, ілгері дами берулеріңізге тілектеспін. Халық банкі өзінің алдына стратегиялық мақсаттар қойған, сол мақсаттарға жететіндіктеріңізге күмән жоқ. Оған қажетті шарттардың бәрі бар. Осы жолда Сіздерге табыс тілеймін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрагасы Г. А. Марченко
"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ" АШЫҚ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ Қ. А. САТЫЛҒАНОВТЫҢ АРНАУ СӨЗІ
2003 жылы Қазақстан Халық банкіне 80 жыл то-лады. Халық комиссарларының өкімі Қазақ-стандағы жинақ ісінің қазығын қақты. Қазіргі Қазақстан аумағындағы алғашқы жинақ касса-сы Ақтөбе қаласында 1923 жылы 15 тамызда ашылды. Кеңес Одағы кезінде Халық банкі КСРО-ның ҚазақЖинақ Банкі деп аталды. Міне, содан бері халықпен жұмыс істеу біздің қызме-тіміздегі негізгі бағыттардың бірі болып келеді. Жекешеленген сәттен бері Халық банкінің қар-жылық көрсеткіштерінің өсу қарқынында елеулі ілгерілеушілік бар. Қазақстан рыногында әрі тұрақты, әрі табысты дамып келе жатқан Банктің қазіргі деңгейі болашаққа батыл қадам жасауға мүмкіндік береді. Халық банкінің 2004 жылға дейінгі даму стратегиясында да банктің капиталын және оның табыстылық деңгейін көбейту мәселесін шешуді көздейтін нақты қадамдар жасалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылғы 28 ма-мырда республика қаржыгерлерінің I Конгресін-де айтқан банкжүйесінің даму стратегиясынан
Халық банкі жұмысының ешқашан алшақ бол-мағанын атап өту керек. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы бүкіл қаржы жүйесініңжұмысы ақша сақгаудыңұйымдастыру үлгілерін құруға ықпал ету керек, ол, біріншіден, халықты ақша жинауға, оның ішінде әлеуметтік мақсаттарға ынталан-дыру, екіншіден, құқығын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі деген болатын.
Халықтың отандық қаржы жүйесіне деген сенімін нығайту үшін, менің ойымша, жүйелі шаралар кешенін әзірлеп, жүзеге асыру қажет, -деген болатын Президент. Тұрғындар мен ме-кемелердің екінші деңгейлі банктердегі салым-дарын банктердің төлей алмай қалу қаупінен қорғауды қамтамасыз ету қажет. Тәуекел мен пайданы бөлу қағидаты бойынша жұмыс істейтін қаржы мекемелері өз клиенттеріне мүмкін болатын қаржы тәуекелдері туралы ақпаратты айтуға тиіс. Банк құпиясын қатаң сақтау қамтамасыз етілсін. Заңға бағынатын шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалар өз салымдарының сақгалуы мен құпиясының қор-ғалуына толық сенімді болуы қажет - бұл Заң-ның басымдық нысаны. Қазақстанның барлық азаматтары мен ұйымдарына тұрғылықты не-месе орналасқан жеріне қарамастан қаржы жүйесіне қол жеткізуі үшін бірдей мүмкіндікжа-салуы қажет. Қаржы жүйесіне тартылған жинақ-тар есебінен инвестициялауды жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер жасалуға тиіс. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан қаржыгерлерінің I Конгресінде республикамыз-дың бүкіл қаржы-банкжүйесіне арнап айтқан осы сөзі тарихи маңызы бар бағдарламалық құжат болып қалды.
Таяуда өткен Қазақстан Республикасы қаржы-герлерінің III Конгресінде Елбасы жалпы қаржы жүйесінің, атап айтқанда, екінші деңгейлі банктердің даму қарқынына жоғары баға берді.
Мемлекет басшысының бұл сөздері бізді жігер-лендіріп, жаңа табысқа жетелейді. 2002 жылдың басынан бастап Халық банкінің қызметінде оң өзгерістер байқалды, бұған қар-жылық көрсеткіштердің едәуір жақсаруы және әрі Қазақстан-дағы және шетелдегі абырой-беделінің өсуі дәлел.
Ең алдымен Халық банкінің таза пайдасы 2003 жылы 1 қаңтарда өткен жылдың осы мерзімі-мен салыстырғанда 11 есе өсіп, К2Т 2, 561 миллиардқа жетті. Банктің таза активтері 2001 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 52%-ға өсіп, К2Т196. 664 миллиардты (11301, 265 млрд. ) құрады. Клиенттің банкке деген сенімінің резерві болып табылатын банк капиталы едәуір ұлғайды. Банктіңтөленген жарғылық капиталы К2Т4. 247 миллиардқа артып, К2Т9. 670 миллиардты ($62, 2 млн. ) құрады. Халықаралық стандартпен есептепген меншікті капитал К2Т10, 5 миллиардқа (98%-ға) көбейіп, К2Т21. 224 миллиардқа ($136, 5 млн. ) жетті. Капиталдыңөсуі артықшы-лықты атаулы акциялардың алтыншы және жетінші эмиссиясын, бағынышты облигациялар-ды орналастыру есебінен, сондай-ақ банктің таза пайдасы есебінен мүмкін болды. Қайта түзетілген кредит саясаты кредит беру процесін реттеп, клиенттік базаның өсуіне ықпал етті. 2003 жылдың қаңтар айының басында банктіңжалпы несие қоржыны К2Т132. 4 мил-лиардты құрады, бұл өткен жылдың көрсеткіш-терімен салыстырғанда 51%-ға немесе К2Т44. 9 миллиардқа (У50288, 7 млн. ) көп. Қазақстандықтардың банкке деген сенімінің ар-туын, соған сәйкес банктің ішкі рынокта даму прогресін айғақтайтын маңызды факторлар-дың бірі - депозит базасының өсуі. К2Т134. 9 млрд. немесе 1) 80867, 5 млн. сомасындағы жалпы депозит базасында талап ету депозит-тері К2П"54, 8 миллиардты құраса, мерзімді де-позиттер К2Т80. 0 миллиардты құрады. Халықаралық қаржылық институттар Халық банкіне инвестициялау объектісі ретінде мейлін-ше қызығушылықтанытып, бірлескенжобаларға қатысу ниетін ісжүзінде көрсетіп үлгерді. Тиімді талаптар негізінде 1) 5052 млн. мөлшерінде бірлестірілген қарыз тартылды. Бірлескен сау-далық қаржыландыру бағдарламәлары жүзеге асырылуда. Халық банкінің инвестор ретінде сыртқы рынокқа шығуы елеулі оқиға болды. Банк әлемдегі аса ірі алмас өндіруші "АЛРОСА" концернінің пайдасына бірлестірілген қарыз болды. Бұл банктіңхалықаралық қаржы рыногымен одан әрі бірлесуі жолындағы жалғыз қадамы емес. Банктің Лондон мен Пекиндегі шетелдік өкілдіктерінің болуы да маңызды роль атқара-ды. Мұнымен қоса клиенттердің бизнесін қол-дау мақсатында 2003 жылдың аяғына дейін Мәскеу мен Ташкентте де осындай өкілдіктер ашамыз.
Клиенттермен жұмыс істеуде қалыптасқан біздіңжақсы дәстүрлеріміз, корпоративтік рух пен үздіксіз енгізілген жаңа банктехнологиясы XXI ғасырда да банктің тартымдылығын есе-лей түсуге ықпал етеді деп сенеміз. Біз үнемі активтің сапасын жақсартып, тәуекелді азай-туға күш саламыз, жаңа табыс көзін іздестіре және шығынға бақылау қоя отырып, конъюнк-тураның өзгерісін ескереміз. Осылайша акционерлер құрамы мен банк бас-қармасындағы барлықөзгерістерден кейін Ха-лық банкі еліміздің банк секторындағы жетекші ұстанымын сақгап қалады және өзінің одан әрі дамуының нақты мақсатын айқындайды. Банк өз саясатында клиент мүддесінің басымдығы қағидатын ұстанады, көрсетілетін қызмет түрін кеңейтуді, сондай-ақбанкорындайтын маңыз-ды әлеуметтік функцияларды сақтап қалуды көздейді. Халық банкін екінші деңгейлі басқа банктерден ерекшелейтін де осы. Қазақстан Халық банкінің мерейтойын қарсы ала отырып, банк басқармасы атынан өз са-лымшыларымызды, клиенттерімізді, іскерлік әріптестеріміз бен акционерлерімізді құттық-таймын. Оларға бізге деген нық сенімі, өзара тиімді ынтымақтастығы үшін алғыс айтамын. Банктің үлкен ұжымына риясыз білікті жұмысы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Қазақстан Халық банкі Басқармасының Төрағасы Қ. А. Сатылғанов
Кіріспе
Сексен жыл - тарих мінберінен қараған-да ұзақ мерзім емес сияқты. Дегенмен өткен ғасырдың аласапыран оқиғалары көз алды-мызда талай мемлекет пен үкіметті, саясат пен адамдарды өзінің асау ағынына таста-ды. Дүлей тасқын өз жолындағы ұсақтың, қажетсіздің бәрін жалмап, жағаға лақтырды. Сарайларды суға батырып, адами астамшы-лықты ауыздықтаған да сол. Оның жолын-да іргесі мәңгілікке қаланған, адамдардың өміріне ауа мен су сияқты аса қажет дүние-лер ғана сақталып қалды. Сол кешегі буыр-цанған өмірден бүгінге жеткені және халық-ть/ң сенімді арқа сүйейтіні - Қазақстанның Халық банк< сақгап, баиытып келе жатқан жинақ жүйесінің озық дәстүрлері.
Қазақстан аумағында алғашқы жинақ кас-сасы 1884 жылы Верный қаласында ашыл-ды. Перовск, Семей және Петропавл уездік қазынашылықтарының жанындағы жинақ кассалары 1895 - 1899 жылдары құрылған. Бір, бес және он тиындық жинақ маркала-рын сатып апып, арнаулы жинақ парақта-рына желімдеу қажет болатын: бір сомға дейін желімдесең, жинақ кассасында шот ашатын едің. Бәрі осылай басталған.
Арналы өзеннің бұлақтан бастау алатыны белгілі. Жинақ ісінде де осылай. Тиыннан тірнектеп жинаған Қазақстан Халық банкі - бүгінде республикадағы ең ірі банк. Сек-сен жылдық тарихында биікке самғап, төменге құлаған да, табысқа жетіп, тар жолда қалған да кездері болды. Өз ісін әрдайым өрге сүйреген күреске толы тарих бұл. Халық банкінің жинақ кассаларында, кейіннен бөлімшелерінде еңбек еткен мамандар замана көшінде бір асылды мұқалтпай алып келді. Ол - банкке салған салым мөлшеріне қарамастан кез келген клиентке деген сыйластық сезім. Олай дейтініміз, сан алуан дағдарыстан соң, әсіресе, соңғы он жылда еліміздегі банк жүйесінің еңсесін басқан күйзелістен кейін халықтың бір кездегі жи-нақ кассасына деген сеніміне сызат түсу керек еді . . . Алайда бәрі басқаша болды. Бұған дәлел - банктің басқа банктерге қарағанда еліміз бойынша ең көп тараған филиалдары, салымдардың өсуі, миллионнан асып үлгерген кредиттік төлем карточкасының орасан зор жүйесі. Қай кезде де қалың жұртшылық Халық банкіне деген сенімін жоғалтқан емес.
Бул арада Халық баню'жуйес/ңдежумь/с Гстейтін тәжірибелі де білікті мамандардың еңбегі ерен. Мыңдаған бақылаушылар мен кассирлер банк саласындағы қызметкер-лердің ең жоғары жалақысы туралы жауыр болған кезекті бір аңызды естіп, ақырын ғана жымиып қояды. Бұл аңыз олар туралы емес, әрине. Мүмкін қандай да бір абстрактілі-жал-пылама "Айрықша банкте" қыруар ақша та-батындар бар шығар, тек мұнда емес. Ха-лық банкінде қарапайым жалақы алатын қарапайым қызметкерлер жұмыс істейді. Мұндағы қызметкерлердің өздері күнбе-күн жүздесетін адамдардан өзгешелігі жоқ, ха-лықпен етене. Халықтық аталуы да сол се-бептен бе дейсің.
Халық банкінде сезіліп тұратын корпора-тивтік рух та тәң қаларлық. Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін. Және бәрі қосылып банктің өсіп, өркендеуін тілейді. Әрине, қиындықтар да кездеседі, онсыз бола ма? Бірақ бұл түйткілді бір жағадан бас шығарып шешуге дағдыланған. Мұнда сені қиындықпен бет-пе-бет қалдырмайды және ешкім өз еркімен өзі қастерлейтін компанияның беделіне нұқсан келтірмейді.
Халық банкі тәрбиелеген кадрлардың ерекше танымал болуының сыры да осын-да шығар. Мұнда еңбек еткен адамды кез келген басқа банк, кез келген коммерциялық немесе мемлекеттік құрылым қуана қабыл-дайды. Халық банкінің мектебін көрген адам-дар бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде және шетелдерде сан алуан жауапты қыз-метте табыспен еңбек етуде. Олардың ешқ-айсысы ұшқан ұясына кір келтірмеді, Банктің биік абыройын аласартпады. Халық банкін-де осыны айтып мақтануы орынды.
Халық банкінің тағдырында сын сағаттар көп болды. Әсіресе Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алатын тұс күрделі еді. Банкте әлі күнге дейін тоқсаныншы жыл-дардағы сом ақшаның аласапыраны ұмыты-лған жоқ: жүз - мыңға, мыңың миллионға оңай айналып жатты. ¥лттық валютаны ен-гізген тарихи сәт те банк қызметкерлерінен үлкен қажыр-қайратты талап етті. Тоқсанын-шы жылдардың аяғында болған дефолт, тең-генің еркін айналымға босатылуы ше? Иә, ол кезде мемлекетімізде басқа амал қалма-ды. Бұл шахматтағы "цуг-цванг" сияқты, қар-сыласың сені мәжбүрлі жүріс жасауға көндіреді, басқа дәрменің жоқ. Сол кездегі жағдайды ат төбеліндей азшылық түсінген-мен миллиондаған адамдардыңсалымдары құнсызданып жатты. Бұқараның ашу-ызасы негізінен Халық банкінің қызметкерлеріне -тағы да сол кассирлер мен бақылаушыла-рға, жергілікті бөлімше меңгерушілеріне төнді. Олар шын мәнінде мыңдаған салым-шылар мен бүкіл жинақ жүйесі арасындағы қарым-қатынастың қыл ұшында келеді.
Өткеннің тағлымы қажет болған тұс та осы! Еліміздің жинақ жүйесінде сексен жыл бойы жиналған тәжірибе салмақтылықты сақтап, жұмысты терең дағдарыс кезінде де жалғастыруға мүмкіндік берді. Жүк ауырын нар көтереді. Көптеген мемлекеттік қарыз-дарды ресімдеу мен қолдау бойынша қыру-ар жұмысты мүлтіксіз атқарған және ақша реформаларының бірқатарын бастан кешкен жинақ кассалары ескіні еске алғаны сол -жаңа ауыртпалықты жұмыла көтерді. Алып күшті иығына артқан тағы да көптен бөле жарылмаған қарапайым жандар болды. Ақша толы қоржынды алыстағы ауылға жеткізу үшін түнімен көз ілмеген, құла түзде қасқ-ырлар мен қарақшыдан қорғанып, қара су-ықта қалған жанкештіні әлдебір дағдарыс пен дефолтты айтып үркіте алар ма едің? Тәулік бойы жұмыс үстеліне таңылған адамдар ше? Бұйрық солай: ауаныңмен атқаратын жар-ты жылдық жұмысты бір аптада бітіру ке-рек.
Атап өтетін тағы бір жәйт. Халық банкінің қызметкерлері соңғы жылдар дүрбелеңін Үкімет те, Елбасы да ұмытпайтынын білді. Қиын-қыстау кезең аяқталып, ерте ме, кеш пе қарыздың қайтарылатынына қалтқысыз сенді. Қандай сергелдеңде де қатарын си-ретпеген сан мың салымшы үміт отын өшірген жоқ. Енді бүгін бұл үмітке үкі тағыл-ды - Президенттің шешімімен кезінде құнсызданған салымдарға кезең-кезеңімен өтемақы төлеу басталды. Өмір өз арнасы-на түсіп, бос қаржы пайда болғанда кет-кеніңнің қайта оралып, кемтігіңнің толуы заңды құбылыс қой. "Сақтап, көбейте біл" -Халық банкінің ғасырға таңдаған осы ұраны салымдарға өтемақы жасаумен жаңа мәнге ие болмақ.
Міне, осы туралы, Халық банкінің қалып-тасу кезеңіндегі қиындықтар, аумалы-төкпелі дағдарыс пен күйінішті де сүйінішті оқиғалар туралы, жалпы банктің бүгіні тура-лы осы кітап баяндайды. Банктің сексен жылдық тарихын өз қолымен қалаған адам-дар кітаптың негізгі өзегі болмақ. Біздің үнде-уімізге үн қосып, өзінің естеліктерін, сурет-тері мен тарихи құжаттарын жіберген елге-зек адамдар арқасында осы кітап жарық көрмек. Сұрапыл соғыс жылдары мен тың дәуірінде жинақ кассаларында қызмет еткен көнекөз қариялардың санасы сайрап тұр. Олар осы кітап беттерінде Халық банкінің XXI ғасырдағы жаңа тарихын жазуға міндетті жасбуынға шежіре шертеді. Олардыңбәріне мың тағзым!
XX ҒАСЫР ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА
Үлкен өкінішке орай, Қазақстанныңжинақ ісінің тарихы әлі жазылмаған. Халық банкі жүйесінде жұмыс істейтін қазіргі буын бәрі қалай басталға-нын, алғашқы жинақ кассаларының үлкен күшпен ұйымдастырылғанын, қызметкерлерінің жиырма-сыншы және отызыншы жылдарда, ¥лы Отан со-ғысы жылдарында қандай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткергенін білмейтіні анық. Қазір біреуінен сұрап көрейікші: ХІХғасырдыңсоңында Семейде, Казначейская мен Облыстық көшелерінің қиылы-сында не болып еді? Жауап бере алмайды. Ал сол кезде, 1887 жылдың наурызында, дәл осы жерде Ресей Мемлекеттік банкінің бөлімшесі ашылған-тұғын. Нақ сол кезде Қазақстан аумағында бірінші рет халықтың артық ақшасын банк шоттарында сақтауға тартуға талпыныс жасалды. Бүгінде банктің облыстық кеңсесі түбірімен жоқ, көшелер де Момышұлы мен Ыбыраев атына көшкен. Тек сол өлкенің шежіре қарты түп-тұқияннан сыр шер-теді . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz