Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі жайында


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Мемлекеттік қызмет
  2. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі

Қорытынды

Кіріспе

Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан - жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атра алатынын анықтайды.

Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында ҚР Президенті 2007 қаңтар айының 13 жұлдызында қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың ережелерін іске асыру мақсатында Үкімет «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жедел түрде әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді.

Заң жобасын әзірлеудің орындылығы азаматтар үшін ақпаратқа қол жетімділік, әкімшілік органдардың қызметінде жариялылық қағидатын мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енгізуді көздейтін әкімшілік реформаны одан әрі іске асыру қажеттілігіне негізделген. Әкімшілік рәсімдерді жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және олардың функцияларды жүзеге асыру арқылы әрбір мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын қабылдауын болжайды.

Мемлекеттік қызмет

Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.

Мемлекеттік қызмет - мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т. б.

Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.

Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т. б. айналысуы мүмкін.

Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т. б.

Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті - қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек.

Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.

Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.

Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді.

Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.

Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс. Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т. б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.

Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.

Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі

Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған (33 бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұцымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым - қатынастардың реттелуін анықтайды.

Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.

Мемлекетті басқару органдарында басқару кадрларын жинаудың, басқару функциялары мен өкілеттіктердің лауазымды тұлғалар арасында бөлінудің арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұрғыдан мемлекеттік қызмет еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.

Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан - жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атра алатынын анықтайды.

Мемлекеттік қызметтің тағы бір белгісі - мемлекеттік қызметкердің басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл дегеніміз - азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне енгізілуін айтамыз.

Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы - мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай режимін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі еңбек тәртібінің типтік ережелерімен және осының негізінде қабылданған басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік басқару органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас элементі болып субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен мемлекеттік қызметкерлер лауазымы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті болып саналады.

Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне сәйкес төленеді. Жалақы алдын - ала қабылданған нормалар негізінде өндіріледі; жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал қосымшасы - мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа жағдайларға (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметте істеген жылдары үшін төлемдер, сыйақы және т. с. с. ) байланысты анықталады, төленетін ақша мөлшері жағынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген минималды мөлшерден төмен болмауы тиіс.

Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруға бағытталған азаматтардың кәсіби қызметі. Келтірілген анықтама бойынша мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы белгілерін былайша айқындаймыз:

  1. мемлекеттік қызмет мемлекеттік мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асырумен байланысты;
  2. мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы экономика, әлеуметтік - саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет көп қырлылығымен басқару функциясының көлемділігімен, ауырлылығымен және ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда бүкіл қоғамның және мемлекеттің мүдделері көрсетіледі;
  3. мемлекеттік қызмет қоғамда басқару қызметін жүзеге асыратын арнайы аппарат аясында жүзеге асырылады. Осындай аппаратсыз жұмыс істеу мүмкін емес, себебі мемлекеттік басқарудың кез келген саласы осындай аппаратты қажет етеді. Экономика, әлеуметтік сала мен әкімшілік - саяси құрылыс дамуындағы мемлекет қызметкері органдар жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл органдар алдында тұрған мақсаттары олардың қызметінің мазмұнын және сәйкесінше мемлекеттік қызметкерлер функциясын анықтайды;
  4. мемлекеттік қызметтің спецификасы басқару функциясын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Басқару аппаратында мемлекет функцияларының басқару функцияларымен бірігуі және мемлекеттік қызметкерлердің нақты функцияларының құрылуы арқылы жүзеге асады. Соның өзінде басқару органдарының мақсаттары мен функциялары мемлекеттің мақсаты мен функцияларына сәйкес болуы керек;
  5. мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан сөйлейді, сондықтан да мемлекеттік билік құзіретіне ие;
  6. мемлекеттік қызмет Конституция нормаларына, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және басқа да заңды актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда мемлекетік қызметкерлердің басқару қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының талаптарына сай болуы керек. Бұл жерде Конституция нормаларын және басқа да заң актілерін мемлекеттік басқару аясына сәйкес басқа заң актілерін жүзеге асыру. Мемлекеттік басқарудың бар мағынасы әлеуметтік процестердің мемлекеттің басқаруын ұйымдастыру;
  7. мемлекеттік қызмет - атқарушы сипаттағы ұйымдасқан қызмет. Бұл жерде Констиутция нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен басқа заң актілерінің мемлекеттік басқару аясына сәйкес тәжірибелі түрде іске асыру айтылады. Мемлекеттік қызметтің түйіні әлеуметтік процестердің мемлекеттік басқаруын ұйымдастыру мен сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары мен уәкілеттіктерін жүзеге асыруда жатыр;
  8. мемлекеттік қызмет - жарлықшы сипаттағы қызмет. Бұл дегеніміз мемлекет қызметкерлерінің өзіне жүктелген саласында мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асыру барысында заңды - актілі ұйғарымды қолдануға құқылы. Жарлықшы қызметі қажетті жағдайларда басқару актілерін шығарумен ерекшеленеді. Бұл актілердің көмегімен ведомстволарға қарасты объектілер мен олардың негізгі қызметінің бағыттарына тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік қызмет саясаттандырылған түрімен де ерекшеленеді. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметкерлер өзінің міндетті қызметі мен өкілеттігін атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті мен саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының еш байланыстырмау. Осыған орай мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында саяси партиялар ұйымдарын құру рұқсат етілмейді. Мемлекет қызметкері өзінің басқару әрекетін жүзеге асыруға құқығы бар. Заңдарда бекітілген біріңғай мемлекет саясаты мен мүдделерін басшылыққа алуы тиіс. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңының 1-тарауы - Жалпы ережелер. 1-бабында негізгі ұғымдар, осы Занда мынадай ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі; мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам; лауазымдық өкiлеттiк - заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк; мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар; мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi; ротация - мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны
Ақпараттық себепті жасаудың белгілі бір алгоритмін жасау
Халықаралық маркетинг жүйесі
Шетел банктері инвестицияларының маңыздылығы
Тұтынушылардың ақпараттық құралдарға деген талаптары
Еңбек құқығы қатынастары
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Ресми хат түсінігі және оның түрлері
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Жерлеуге байланысты жүргізілетін қызметтер мен ерекшеліктерді, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жерлеу рәсімдерінің айырмашылықтарын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz