Қазақ диаспорасы


Қазақ диаспорасы
Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ортталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5, 4 млн. деп есептеледі (1997) . Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0, 5 млн. адам. Қазақ диаспорасышоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қ. д. жартылай этн., мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.
Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер18 ғ-дағы жоңғар-қазақ соғыстары, қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы 18 - 19 ғ-лардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің агр. саясаты, Орт. Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы, ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясат. Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі, 2-дүниежүз. соғыс; экон. себептер: Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі, 1960 - 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны, кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық; діни себептер: патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мәдинаға діндарлардың хажылық сапармен баруының қиындауы, әсіресе, кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы, дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.
Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солт. -шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңт. -батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қ. д-ның әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солт. -батыстан оңт. -шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған (1916 - 21) ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 - 1934) 1, 9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солт-нде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. Қазақстан дүниежүз. қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына - тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуыЖаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.
Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.
Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.

1
Қазіргі таңда шетелдегі қазақ диаспорасының жағдайы, тағыдыры, өмір-тіршілігі, олардың тарихи отанына оралмандар болып келуі өте маңызды. 40-тан астам елдерде 4, 5 млн. қазақ тұратындығы аян. 2002 жылғы кейбір есептер бойынша бес миллионның үстінде. Ең көбі, 1, 5 миллиондай (кейбір бейресми пайымдамаларға қарағанда 2 миллионға да жетіп қалады) Қытайда тұрады. Басым көпшілігі өз бетімен емес, тағдырдың жазуымен, озбырлық әрекеттерден өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр болған.
Өркениетті елдер қатарына толық құқықты мүше ретінде еніп отырған Қазақстанның енді оларға қол ұшын беруі, күнделікті өмір-тіршілігіне жағдай жасауы, балаларын оқытуға мүмкіндік жасауы, оралмандардың елге қайтып келуіне себепкер болуы әбден орынды әрі дүниежүзілік қауымдастық басшылыққа алып отырған халықаралық құқық қағидаттары мен нормалырына толық сәйкес келеді.
"Ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртта және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа" - деп айтқан еді Елбасы Н. Назарбаев Түркістанда 2002 жылғы 23 қарашада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ форумында. Бұл орайда Үкімет бекіткен 2001-2010 жылдарға арналған ҚР көші-қон саясатының салалық бағдарламасын айта кеткен де жөн. Онда қазақ диаспорасының елге көшіп келуіне, олардың бейімделуіне, және қазіргі тіршілігінде қолдау білдіру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Әрине жыл сайын белгіленетін квотаның оралмандардың басым көпшілігін қамтымауы бәрімізді алаңдатады. Бірақ, мемлекет тарапынан қазақ диаспорасы үшін жасалып жатқан игі істерді сол мемлекеттің дәулеттілігіне және сыртқы саясатына қарап бағалаған дұрыс.
1996 жылғы желтоқсанда “Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Арада дәл бір жыл өткен кезде “Халықтың көші-қоны туралы” заң күшіне енді. Осы заң бойынша жыл сайын квоталар бөлінетін болды. Мысалы, 2004 жылға репатрианттардың 10 мың отбасына квота белгіленді. 2015 жылға дейін жыл сайын квота 15 мың отбасына өсіп отырады.
Миграцияға және оралмандардың азаматтығын белгілеу масқатында Ресеймен, Беларусьпен, Украинамен екі жақты және Қырғызстанмен, Ресеймен, Беларусьпен көп жақты келісімдер жасалды. Мұндай келісімдерді Өзбекстанмен және Түрікстанмен де жасалмақ. . ҚР Сыртқы істер министрлігі өз тарапынан визалық мәселелер шешуді мұқият бақылап отыр. 2003 жылғы “Виза беру тәртібі туралы” нұсқаулығына сәйкес әрбір отандастың ешбір шақырусыз үш айға жарамды визаны жылына екі рет алуға және виза алу кезінде төлем төлемеуге мүмкіндігі бар.
2002 жылғы наурызда Министр Қасымжомарт Тоқаев Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымның бас директоры Бронсон Маккинлимен және ұйым өкілдігінің басшысы Майкл Чанцпен кездескен еді. Байқаушы болған Қазақстан сол жылы осы ұйымға толық мүше ретінде кіруге ынта білдірді. Бұл ұйым оралмандардың бейімделуіне қолдау білдіруді мақсат тұта отырып, тұрақты түрде қаржылық көмек көрсетеді.
Мәселен, 2001 жылы қазақстандық жобалар 750 мың доллардан жоғары көлемде қаржыландырылды. Шағын грант беру, арнайы семинарлар өткізу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру - осының барлығы да тәрізді ынтымақтастықтың жемісі.
2002 жылғы 24 қыркүйекте Қ. Тоқаев БҰҰ босқындар iстерi жөнiндегi Жоғарғы Комиссарының Басқармасы Өкiлдiгiнiң Басшысы Абдул Карим Гульды Қазақстандағы миссиясының аяқталуына орай қабылдаған болатын. Әңгiме барысында арадағы ынтымақтастық мәселелерiнiң кешенi, босқындарды қорғау, көшi-қон заңнамасын жетiлдiру тілге тиек етіліп, оралмандар мәселелерiн шешу перспективалары қаралды. Қазақстанның шет елдердегі отандастарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасының аясында да
дипломаттардың істеген қадамдары аз емес. Мәселен, 2001 жылы Түрікменстанда орта мектеп бітірген қазақ жастары үшін Қазақстанның жоғарғы оку орыңдарының дайындық курстарына мемлекет есебінен бөлінетін орынның саны 25 болатын. 2001 жылы 25 орынға бағын сынаған 103 талапкер болса, 2002 жылы Қазақстандағы жоғарғы оку орындарының дайындық курстарында білім алуға 167 адам ниет білдірді. 2002/2003 оку жылындағы дайындық курстарында түрікмен казақ жастарын оқыту үшін 50 орын берілді. Қазақстанға барып сынаққа қатысуға тұрмыстық жағдайларының көтермейтіндігін айтып арызданған Түрікменстандағы қазақ диаспорасының өкілдеріне жергілікті жерде сынақтан өту мүкіндігі ұйымдастырылды.
40 елде тұратын қазақ диаспорасы мен Қазақстандағы қазақ халқының алдында тұрған күрделі бір мәселе әліпби бірлігі, өйткені әліпби біркелкі болмағандықтан бұл да қиындық туғызады. Ауызекі сөйлеуінде ешқандай айырмашылық болмаса да, жазу мәселесіндегі жағдай олай емес. 40 елде тұратын қазақтар бір бірінің жазуын түсінбейді. Қытай қазағы төте жазуды пайдаланса, Қазақстан, Моңғолия және Ресей қазақтары кириллицадан бас тарта алмай жүр. Өзбекстан мен Түркіменстан латын әрпіне көшіп те үлгерді. Ирандағы, Ауғанстандағы жазудың түрін айтпаса да болады. Осы орайда “Қазақпарат” агенттігінің мемлекеттік тілдегі хабарларды Интернет жүйесіне латын жазуымен шығаруды ү. ж. 14 сәуірден бастап қолға алғанын
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz