Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау. Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер
1.1 Шәкәрімнің дін туралы көзқарастары ... ... ...5

1.2 «Үш анық» шығармасының негізгі мазмұны.

II тарау. Шәкәрім дүниетанымының басқа философтардың көзқарасымен байланысы

2.1 Шәкәрім философиясына Абайдың ықпалы.11

2.2 Шәкәрімнің негізгі шығармалары ... ... ... ... ..14

2.3 Шәкәрім дүиетанымына грек философиясының әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

Қорытынды ... ... ... .19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...20
Қазақ қауымы ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Осы Шәкәрім бабамыздың жаңғырып келе жатқан туындыларын әрі қарай жалғастырып, ол жайында зерттеп ізденіп жатқан жазушыларымыз да аз емес.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығарма- шылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты - Шәкәрімнің шығармаларындағы этикалық, діни мәселелердің мәнін ашып көрсету және қазақтың ұлы Ақыны Абайдың оның философиясына тигізген ықпалын көрсету болып табылады.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты - туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ – түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңір, нұр, күн, табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
1. Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. Философия тарихы. Алматы «Жеті Жарғы» 1999ж. 251-253бб, 262-265бб
2. Ш.Құдайбердіұлы. Жолсыз жаза. Жалын. Алматы 1988.321-323 бб.
3. Қ. Бейсенов. Философия тарихы. Шымкент 2005, 122б
4. М.Мағауин.Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы 1988ж, 52-56бб.
5. Дүкенбай Досжан. «Абай айнасы»., Алматы 1990ж, 325-326бб.
6. Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Иманым» Алматы 2000ж, 169-171бб.
7. Ғабитов «Философия». Алматы 2003ж, 200-205бб.
8. Тұрғынбаев «Философия». Алматы 2005ж, 152-153бб
9. Б.Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы әдебиет» Алматы 1993ж, 156-160бб.
10. Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева «Мәдениеттану» Алматы 2005ж, 268-269бб
11. Қ. Мырзағалиев. // «Қазаққа қазақты танытқан» Ақиқат журналы 1995ж №4 63-66 бб.
12. // ХХ ғ. «Шәкәрім әлемі» №1, 2006ж 13-18бб, 22-26бб.
13. Абай энциклопедия. Атамұра баспасы 1995ж, 327бб.
14. Б.Б.Әбдіғалиев, Қ.Ж.Жамалов, Б.М.Сатершинов. «Саяси ой тарихы» Алматы-2003ж, 112-114бб, 145-147бб.
15. «Қазақ даласының ойшылдары» 13-15ғ, Алматы 2001ж, 45-56бб.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3

I тарау. Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер
1.1 Шәкәрімнің дін туралы көзқарастары ... ... ...5

2. Үш анық шығармасының негізгі
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .8

II тарау. Шәкәрім дүниетанымының басқа философтардың көзқарасымен
байланысы

1. Шәкәрім философиясына Абайдың
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
... ... .11

2. Шәкәрімнің негізгі шығармалары ... ... ... ... ..14

3. Шәкәрім дүиетанымына грек философиясының
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... .18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . 20

Кіріспе
Қазақ қауымы ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы
үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің
жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Осы Шәкәрім
бабамыздың жаңғырып келе жатқан туындыларын әрі қарай жалғастырып, ол
жайында зерттеп ізденіп жатқан жазушыларымыз да аз емес.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығарма- шылығының
негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім
Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу
орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп,
сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты - Шәкәрімнің шығармаларындағы
этикалық, діни мәселелердің мәнін ашып көрсету және қазақтың ұлы Ақыны
Абайдың оның философиясына тигізген ықпалын көрсету болып табылады.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті
елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің
басты шарты - туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай,
оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі
сақ – түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады.
Тәңір, нұр, күн, табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Шәкәрімнің қазақ рухани өміріндегі жаңаша болмысы оның дінге деген
көзқарасынан айқын танылады. Әлбетте, Шәкәрім - өз заманының перзенті.
Ұғым, наным, түсінік шектеулі шеңберде. Алайда ақын бас ұрған ақиқат,
ождан, шын иман, - адаспайтын айқын жол - адамдық, кісілік. Атақ, пайда
іздемей, - Ойында мақтан жоқ болса, - Қиянатты көздемей, - Қанағатқа тоқ
болса, - пұтқа табынған мәжусидің өзі әулиемен тең. Дүние қуып, пайда
іздеген, алдау-арбаумен күн өткізген молда, сешітте мың жыл отырса да,
бейіштің есігінен сығалай алмақ емес. Ақын ұғымында бар кінә иманын малға
айырбастаған молдада ғана жатқан жоқ. Бұл күнде алланың аяты да,
пайғамбардың хадисі де бұзылған. Бұзған бірді-екілі адам емес, бүкіл
қауым. Және дін бұзған, ізгі уағыз, қасиетті кітап жолынан ауған жалғыз
Мұхамед үмбеті ғана емес. Таурат теріс түсіндіріледі, Зәрдһөштің өсиеті
ұмытылған, Будданың ілімі жаңсақ ұғылып, Айсаның айтқандары бұрмаланған.
Біз ақиқатқа жету керек дейді Шәкәрім. Ал ақиқатқа жетудің амалы –
осы заманғы оқу-өнерді игеру. Жоқтың орнын толтыратын, жеке адамды ғана
емес, тұтас халықтарды бақытқа бөлейтін – ғылым-білім ғана. Шәкәрім қазақ
қоғамындағы кемшіліктерді , қазақ халқының басындағы ауыр халді ең алдымен
осы Еуропа өнер-ғылымынан кенде қалу нәтижесі деп есептейді.
Ағасы сияқты Шәкәрім де негізінен өз бетімен оқып, білімдар болған
адам. Оның өлеңдерінен алғашқы кездегі философиялық көзқарастарына Абайдың
зор ықпал еткені байқалады. Этикалық-эстетикалық ой толғауларында да Абай
ықпалының ізі жатыр. Ол тіпті, Абайға ұқсап әкім болсам халқыма көбірек
пайдам тиетін шығар деген оймен 25 жасында болыс таболып көрген екен.
Алайда халық ағарту ісінде болыстықтың пайдасы тиеді деген үміттің алдамшы
екенін тез ұғады. Бұл мақсатқа ғылым мен білімнің тезірек жеткізетінін
пайымдайды.
Шәкәрімнің Үш анық деген атпен 1991 жылы жарық көрген еңбегі 28
жыл бойы жүргізген философиялық зерттеу жұмысының нәтижесі екен. Бұл еңбегі
арқылы Шәкәрімнің философиялық дүиетанымы ұзақ эволюциялық дамудан соң,
аңғал материалистік сарыннан діни-идеалистік бағытқа ойысқанын көреміз. Бұл
орайда, көзге ұрып тұрған нәрсе Шәкәрімнің Шоқан, Абайларға қарағанда
философия тарихын түбегейлі зерттеп, кәсіпқой философ дәрежесіне
көтерілгенін және де өзінің ақиқат туралы діни-идеалистік көзқарасына
саналы түрде келгенін пайымдаймыз.

I тарау. Шәкәрім шығармашылығындағы рухани ізденістер.
1.1 Шәкәрімнің дін туралы көзқарастары
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі.
Әль-Фараби мен Қ.А.Ясауи, Абай мен Мағжан, жалпы шығыс ғұламалары бойынша,
адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады.
Әсіресе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен
адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі – Нұр.
Оған адамның жәй ақылы жетпейді, оны аңғарту, түсіну, жан дүниеңмен
қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (пәниден бақиға) көшу, басқа
сөзбен айтқанда бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы.
Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бат болса, тұрған денесі
орын алуға жарамаған соң, денеден шыққанда бір жола жо,алып кетпейді. Құр
ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай
болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді. Осы негізгі
шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол жаңа замандағы қазақ
кәсіби философиясының алғашқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада
айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм
және идеализм тәрізді екі анық пен Шәкәрім шектелмейді, өз жолы – үшінші
анықты ұсынады:
Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір
Ар ілімі оқылса [3].

Яғни, басты мәселе – ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі
этиканы Шәкәрімнің ар ілімі деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның
негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ождан. Бұл категорияны
түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: Әрине, жаның өлген соң тазарып,
жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғарылауына нанған кісі
өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ождан, совесть
жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянатқылғанына қатты кейіп, жақсылық
қылғанына жете қуанса керек. Олай болса, нанбай, ождан, совесть құр ғана
көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы
жоқ болса керек.
Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан
өміріне нана алмай ождан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш
екеніне нана алмаған кісінің жүрегін еш бір ғылым, өнер, ешбір жол, заң
тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ождан соның
азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам
атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін
жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп
жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе, жаратушыда білім бар, өлген соң да
бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы – ождан, совесть
деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор жардамы
үш анық дегеніміз осы [4].
Жалпы, Шәкәрім қай салада жазылған кітаптарды оқымасын, ол
адам және әлем сырын білмекке ұмтылған. Жан не? Дін не? Барша ғалам қалай
жаралған? Міне осы сұрақтарға жауап іздеген. Және соның бәрін ол ноқтасыз
оймен тексердім дейді. Осы оймен Меккеге барғанын да айтады. Шәкәрімнің
дінмен жұлдызы жараса бермегенін дәл осы арада айта кетуіміз керек. Рас,
құдайға сенген. Бірақ талай дінді тексердім, ешбірі миға сиған жоқ дейтін
де Шәкәрім. Тегінде тереңірек ой жіберіп қарайтын болсақ, ақынның дүниеге
көзқарасы жағынан деизмге ойысатындай. Өйткені, әлемде жоғалған ешбір зат
жоқ, өзгеріп түрленеді ойла, шырақ, - деп ешбір қосу – алусыз ой қозғайтын
да Шәкәрім ғой.
Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз - деген Абай қағидасын
берік ұстаған Шәкәрім, діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерінің
азғындығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да толғаусыз табына
бермейді, өз ақылына жүгініп, сыншыл ой көзімен қарап оқиды.
Философ сөзін оқыдым,
Талайын ойға тоқыдым.
Кітабын да көргемін
Әулие мен сопының,
Бәрін де сынға салғанмын.
Керектісін алғанмын... – дейді[5].
Шәкәрім Меккеге барғанда, Шариғаттың мұсылмандарға міндет еткен бес
парызының бірі – қажылық борышын өтеп және қажы деген оймен бармаған.
Анығы Шәкәрім тіршілік, тағдыр туралы сауалдарына жауап іздейді.
Оқу іздеу аймағын кеңейте түседі. Дін тану емес, ел тану, жер көру
мақсатында қажыға барып қайтады.
Бұл сапар оның ой өрісін кеңейтеді, ақын қазақ халқы дін қуған
мұсылманшылдық жолы емес, ғылым-білім қуған Еуропа халықтарының жолын
таңдауы керек деген ойға беки түседі.
Негізігі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай
кітапханалары бар Париж, Стамбул қалалары болған. Әдейілеп іздеп барғанда,
ақын өзіне керегін сол қалалардан тапқан.
Шәкәрім дін мәселесіне айтылған, фанатик емес, ол схоластик, дінді
тіпті мойындамаған, діни соқыр сезімнен мүлдем аулақ, сыншыл еркін ойдың,
өз сөзімен айтқанда ноқтасыз ойдың, сау ақылдың адамы.
Ақылмен таппай иман жоқ,
Ойлаудан ақыл тиған жоқ.
Талайдан дінді тексердім,
Ешбірі ойға сиған жоқ, - дейді ақын[6].
Шәкәрім патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте орыс
мәдениетінен шабыт пен күш-қуат алды, өзге халықтардың мәдениеті мен
тарихына аса зор құрметпен қараған. Бұл оның өміртанымындағы өзгеше бір
сипат еді.
Мен ұлтшыл емеспін,
Жақыным мынау демеспін, -
деп тұжырымдайды ол бұл жөніндегі өз ұғымын. Ол бұл арада адамдар
арасындағы шынайы қарама-қатынастан бастау алатын халықтар достығы мен
туыстығы идеясы тұрғысынан әбден нақты ой-толғам жасаған. Сондықтан да оның
жан-жүрегімен айтқан сөздері біздің бүгінгі күнімізбен толық үндесіп
жатқандай.
Ақынның осы ғасырдың басында-ақ бүкіл адамзат қамын ойлап, жер бетінде
бейбітшілік сақтау керектігі туралы жыр толғағын тиісінше бағалаған жөн. Ол
өзінің Адам туралы деген философиялық өлеңінде адамдар бойында ар-ұят
сезімін шақырады.
Қару-әскер тас-таудың жөні келмес,
Неге десең біріне – бірі сенбес,
Тәмәм адам періште болмай тұрып,
Ал түзелуші дегенге ешкім көнбес [7].

2. Үш анық шығармасының негізгі мазмұны
Шәкәрімнің Үш анық атты шығармасы негізгі философиялық
шығармалардың бірі болып табылады. Мұнда философия тарихына байланысты көп
мағлұматтар аламыз. Мұның бұл шығармасындағы сөз болатын басты мәселе ар-
намыстың негізі болып табылатын нәрсе. Адамдағы: ынсап, әділет мейірім –
үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша совесть деп атайды.
Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта
алмайды... ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның
жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды - деп жазған философиялық толғау бүгінгі
күн талабымен де үндесіп жатыр.
Шәкәрім Үш анық деп аталатын трактатын жазуға 30 жылдай уақыт
сарп етті. Бұл ақынның ғылымға деген үлкен жауапкершілігі мен тазалығы
болса керек. Ол мұнда батыс пен шығыс мәдениетінің рухани қазына көздеріне
бас қойып, жаратылыстану ғылымдары салты бойынша да көптеген Еуропа
ғалымдарының еңбектерімен таныс болғандығына көз жеткіземіз. Ол көп
нәрсенің сырын оқып, өз дүниетаным қорытындысында Шәкәрім, біріншіден,
затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы теологтардың
дүниетанымы бірінші, екінші анық деп көрсетеді де:
Іздедім, таптым анығын
Тастадым ескі танығын, - деп өзі ғұмыр бойы шарқ ұрып ізденіп
тапқан жолы үшінші анықты ұсынады. Ол – үшінші анығы Абайда кеңінен сөз
болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы
күрделі проблеманы көтереді. Мұнысы Шәкәрімнің ұзақ жылдарға созылған
ғылыми-шығармашылық ізденіс үстьінде келіп туған ой-қорытындысы ретінде
берілетін негізгі ой тезисі:
Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса ,
Жанар көңіл, қайнар өмір
Ар ілімі оқылса, -

деп тұжырымдалған танымында жатыр. Яғни Шәкәрімнің Үш анықтағы
мақсаты ар түзейтін бір ғылымды табу болғандықтан, өмір бойы осы жолда
ізденген.
Шәкәрімнің ұжданы И.Канттың категориялық императив ұғымдарымен
астарлас. Ұждан, - ынсап, әділет, мейірім дегеніміз.
Шәкәрім айтады: Тіршілік туралы адам арасында көптен бері
айтылып келе жатқан екі түрлі жолы бар. Бірі дене өлсе де жан жоғалмайды,
өлгеннен соңда бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар.
Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде
жақсы болудың қылу керек дейді.Мұны ақырет өлген соңғы өмір жолы дейді.Енді
бірі бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай
қылайын деп жартқан иесі жоқ дейді [1].
Енді осы екі жолдың анық- қанығын тану зерделі адамдардың бәріне
міндет.Біз аққиқатты танып білуіміз қажет дейді.
Шәкәрім дүниенің түп негізі деп төрт нәрсені –от, су, топырақ, ауа деп
айта отырып Грек философтарының бұл жөніндегі пікірлерімен таныс екенін
білдіреді. Сондай- ақ дүние бөлінбейтін түпнегіз атомдардан тұратындығын
айта отырып, оның арабша аты мадда немесе әсер деп атады. Оның қазақша аты
жоқ болған соң оны біздер Европашы атом, мадда деп атаймыз дейді. Атомдар
туралы тұңғыш Грек философтары айтқанын да философиялық тұрғыдан тұжырымдап
береді.
Шәкәрім философияның негізгі өзегі адам болып табылады.Адамның
мәні оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана оның табиғатына тән
нәрсе дейді.
Ол Үш анықта дүниенің жаратылуы барлықтың бәрі өздігінен
жаратылып жатыр, оны былай қылатын жаратқан ие жоқ деген жол бұрыннан
айтылып келе жатса да бұл идея 17-19 ғасырларға дейін Еуропада кең таралып
келеді.
Осыған орай Шәкәрім өз трактатында айтылып жүрген осы бес нақты
дәлелдерді келтіреді. Олар мына төмендегідей:
1-дәлел: қайта айналыс жолы. Барлық нәрсенің түп себебі
бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) атом.Әр нәрсені өсіп- өндіретін
сол дүниеде нәрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді.
2-дәлел: жаратылыс жолы.Мұқым барлықтың бәрін бар қылып тұған
жаратылыс жолы.Сондықтан білім жаратушы ие деген бекер сөз. Бұл дәлел
Дарвинің табиғи эволюциялық сұрыпталу теориясымен тікелей сәйкес келе тұрса
да,бірақ оны Шәкәрім Лирерие деген философтардың атымен байланыстырады;
3- дәлел: тұқымдастықтың жолы. Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе
өздігінен жаралып жатқан соң, жаратушы деген жоқ.Құрғақтағы хайуандар,
адамдар өсімдіктер, құстар- бәрі теңізден туған;
4- дәлел: дене сезімі.Біз бәр нәсені денедегі сезімімізбен
білеміз. Мұқым барлықтың бәрі жаратылыс жолымен еріксіз болып жатқанын
көріп біліп тұрмыз.
Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерін түк
керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар
болғаннан соң бұл себептердің керегі не? Сондықтан білім жаратушы жоқ
дейді. Бұл Бюнхер сөзі.
5- дәлел: әр түрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы басқа
өсімдіктер, хайуандар, адамдар,су, от сияқты, тіпті, біріне- бірі
ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл нәрсе қалай болса солай кезі
келгендіктен себебіне қарай жаралып жатыр.Оны былай болсын деп жаратушы жоқ
екені осыдан мәлім дейді.Бұл Ғайсадан үш жүз жыл бұрынғы Демокрит сөзі[7].
Бұл дәлелдердің нақты дәлдігіне қарамай Шәкәрім оны қабылдап,
философиялық материализм жағына шығаруға асықпады. Оған қашанда
жартылыстану ғылымдары адам жанына табиғатына аз мән беретін сияқты болып
көрінеді.
Оның пайымдауынша дене әр қашан өзгеріп тұратын болғандықтан,
жылдар уақыттарөту себепті, бір жола өзге денет болып ауысады. Адамның әр
түрлі сезімі, әр істі істеуі сол мидың өзіне ғана біткен сезу ескертулер.Ол
дене әрқашан өзгеріп тұрмайды. Адам өлген соң, дененің құралдары шашылып-
бытырап басқа бір өсімдік, хайуандарға кіріп араласады.Сөйтіп әркім өзіне
арнаулы жаны болмай, біреуден біреуге көшіп жүретін болған соң, не жан
қайта тірілуі жоқ. Онда неге жан біржола жоғалуға тиіс? Міне бұл
сұрақтарға Шәкәрім өмір бойы іздеумен болды[8].

II тарау. Шәкәрім дүниетанымының басқа философтардың көзқарасымен
байланысы
1. Шәкәрім философиясына Абайдың ықпалы
Шәкәрімнің философиялық көзқарасының қалыптасуы сөз болғанда оның
өміріндегі Абай рөлі, Абай ықпалы жайлы арнайы айтпай болмайды. Шәкәрім
әкеден жетім қалды деген аты болмаса жетісдік көрмеген, Құнанбайдың ерке
немересі болып өскен. Туысынан талантты, табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын
білуге құштар, зерделі, зерек, қабілетті, талапты жанға тән ерекше тән
мінезін Абай Шәкәрімнің бойынан бала кезінде байқаған. Жас шағынан бастап,
құштар болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмір бойы шыңдап, өркендетіп,
өсіріп отырған. Балалышқ шағында туған ауылында түрікше сауат ашып, Абай
жасаған ортаға таралған шығыс қисса-дастандармен, көптеген ел аузындағы
аңыз-әңгімелермен де хабардар болып өсті.
Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой-өрісі тереңдеп өсе
бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара
бастайды.
Жиырмадан өткенде,
Аз ғана ғылым оқыдым.
Алғызып кітап шеттен де,
Көңілге біраз тоқыдым
Білмегенді сұрадым, -
деп ұлы ұстаз Абай ағасының: Ғылым таппай
мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым
кітапта, ерінбей оқып көруге - деген ақылын саналы інісі – Шәкәрім ғылым-
білім іздеуге білек сыбанып, құлшына кірісіп, тіпті шеттен де кітап
алғызып құныға оқуға салынды. Білмегенді сұрап білетін ақылшысы қасында
болды.
Өлеңмен сөзді шеберлеп айтқанын мақұл болар деп, анық ақындық
жолына түскенде, он тоғыз жасында жазған өлеңін, өзі құрбылас талапты
жастарға арнап, оларды Абайдан үлгі-өнеге үйреніп, тағлым алуға
шақырады[9].
Шәкәрім ақын ағасы Абаймен туысқандық немесе ұстаздық, шәкірттік
байланыста ғана емес, бертін келе теңдес-тізелес ақындық дәрежеде сыйлас,
мәжілістес болып Абай маңында өтіп жатқан әңгіме-дүкенге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Шәкәрім поэтикасы
Абай тұлғасы
ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
ХХ ғасырдағы ағартушылардың дүниетанымын, шығармаларының өзектілігі
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрім және Гете: поэзиядағы көркемдік пен таным үндестігі
Пәндер