Зейіннің физиологиялық негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Зейіннің физиологиялық негізі.

1. Зейін туралы түсінік.

2. Зейіннің физиологиялық негізі.

3. Зейіннің түрлері.

4. Зейіннің қасиеттері.

Зейіннің физиологиялық негізі.

Зейін дегеніміз - адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп - белгілі объектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп - объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді:

1) Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды.

2) Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а) тітіркендіргіштердің күші. б) тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары.

Зейіннің физиологиялық негізі.

3ейіннің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы.

Зейіннің физиологиялық негізін Уктамский түсіндірді. Уктамский зейіннің физиологиялық негізін Даменанта теориясы тұжырымдамасымен түсіндіреді. Даменанто дегеніміздің мағынасы - үстем етуші. Бұл теория бойынша сыртқы дүниедегі көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуі миға әсер етеді. Яғни мидың бір алабы күштірек қоздырады. Осындай қоздырған алабты даминанто деп атайды. Мұндай күшті қозғыш алаб қалған алабтардағы қозуды өзіне қосып алады. Осыдан мидың қозған алабы одан бетер күшейеді. Адамның жануарлардан ерекшелігі адам өзінің зейінін басқара алады. Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдына мақсат қоя білудің маңызы зор. Оны адамның өзі тұжырымдайды немесе басқа біреулер ұсынады. Зейін адамның сыртқы пішінінен, жүріс-тұрысынан, мимикасынан білініп тұрады.

Зейіннің түрлері: 1) ырықты. 2) ырықсыз. 3) үйреншікті.

Ырықты зейін деп - адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді.

Ырықсыз зейін деп - адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1) Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2) Жай нәрсенің әсер етуі. 3) Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4) Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар: 1) Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2) Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3) Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.

Үйреншікті зейін деп - басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.

Зейіннің қасиеттері.

1) Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.

2) Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді.

3) Зейіннің аударылуы деп - бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында.

4) Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы.

5) Зейіннің көлемі деп - оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис - тез, скопио - көру деген мағынаны білдіреді.

Психикалық іс әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекеті мен сан әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата - аналарының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз. Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады. Ой-сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс - әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін, анау не, мынау зат не деп, іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін тұрақсыздығы
Зейін және оның қасиеттері
Зейіннің қасиеттері
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі
Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Зейін және тұлға
Зейіннің физиологиялық механизмі
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz