Салық түрлері туралы



1 Корпорациялық табыс салығы
2 Жер салығы
3 Акциздер
4 Экспортталатын шикi мұнайға, газ
конденсатына салынатын рента салығы
5 Көлік құралдары салығы
6 Қосылған құн салығы
Салық-ол өкiлеттi орган ретiнде мемлекет белгiлеген бiржақты тəртiппен жəне құқықтық үлгiде мiндеттi төлемге жататын немесе мемлекет кiрiсiне белгiлi мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз, баламасыз жəне тұрақты сипаттағы таза төлем.
Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:
Салық түрлері:
1) Корпорациялық табыс салығы. (КТС)
2) Жеке табыс салығы. (ЖТС)
3) Қосылған құн салығы. (ҚҚС)
4) Акциздер.
5) Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсантына рент салығы.
6) Салықтар жəне жер қойнауын пайдаланушыларға арнайы төлемдер.
7) Əлеуметтiк салық.
8) Жер салығы.
9) Көлiк құралдары салығы.
10) Мүлiк салығы.
11) ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен жасалған түзетулердi ескере отырып Салық кодексiмен көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден (алынған) алынуға тиiс табыстардан тұрады.
1. ҚР Салыққ Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай. Бөлім № 4
2. ҚР Салық Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай. Бөлім №12
3. ҚР Салық Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай. Бөлім №9
4. ҚР Салық Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай. Бөлім №5, 6
5. ҚР Салыққ Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай. Бөлім №11
6. ҚР Салыққ Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай. Бөлім №9-1
7. ҚР Салыққ Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай. Бөлім № 10
8. ҚР Салық Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай. Бөлім №13
9. ҚР Салық Кодексі 01.01.2005ж. жағдайына қарай.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Салық-ол өкiлеттi орган ретiнде мемлекет белгiлеген бiржақты тəртiппен жəне құқықтық үлгiде мiндеттi төлемге жататын немесе мемлекет кiрiсiне белгiлi мөлшерде жүргiзiлетiн, қайтарымсыз, баламасыз жəне тұрақты сипаттағы таза төлем.
Жаңа Салық кодексіндегі салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды құрайды:
Салық түрлері:

Корпорациялық табыс салығы. (КТС)
Жеке табыс салығы. (ЖТС)
Қосылған құн салығы. (ҚҚС)
Акциздер.
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсантына рент салығы.
Салықтар жəне жер қойнауын пайдаланушыларға арнайы төлемдер.
Əлеуметтiк салық.
Жер салығы.
Көлiк құралдары салығы.
Мүлiк салығы.
ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен жасалған түзетулердi ескере отырып Салық кодексiмен көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден (алынған) алынуға тиiс табыстардан тұрады.
Табыстың негiзгi пункттерi – бұл тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн табыс, мүлiктi жалға беруден түсетiн табыстар, активтердi өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыстар, мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар, өтеусiз алынған мүлiк, дивиденттер, сыйақылар және тағы басқа да табыс түрлерi. Салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысы түзетiлуге жатады.
Қазақстан Республикасындағы төлем кезiнен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасынан тағы басқа табыс түрлерiнен алынған дивиденттер одан алып тасталуға тиiс.
Жылдық жиынтық табысты алуға байланысты салық төлеушiнiң шығындары салық салынатын табысты, мәселен, сатып алынған немесе өндiрiлген тауарлардың, жұмыс, қызмет көрсетудiң, көлiк шығындарын, коммуналдық қызмет көрсету, амортизация және тiркелген активтердi жөндеу, тағы басқаларының өзiндiк құнын анықтау кезiнде шегерiмге жатады. Бiрқатар шығыс түрлерi заңдылық нормаларында белгiленген шегерiмдерге, мәселен, қызмет бабындағы iссапарлар кезiндегi және өкiлдiк шығыстар бойынша, сыйақы бойынша шығыстар, салықтар, тағы басқа да шығыстар бойынша өтемдер сомалары шегеруге жатады.
Шегерiмдердi жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеушi жүргiзедi. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердiң шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiлуге жатады. Болашақтағы кезеңдердiң шығыстары қай салық кезеңiне қатысты болса, сол кезеңде шегерiлуге тиiс.
Салық салынатын табыс ретiне қарай түзетiлуге жатады.
Салық төлеушiнiң әлеуметтiк саладағы нысандарды ұстауда шеккен залал шығыстары табыс салығының 3 процентi шегiнде табыс салығынан iшiнара алуға жатады.
Корпорациялық табыс салығы
Корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан жəне КТС бойынша салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi қосымшалардан тұрады, салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31-наурызынан кешiктiрмей табыс етедi. Салық төлеушi салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша КТС бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды 31-наурыздан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тəртiбi резиденттер үшiн ережелерге сəйкес жүргiзiледi. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарына тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты табыстардың барлық түрлерi жатады, ал (шегерiмге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтен табыстар алуға тiкелей байланысты шығыстар Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегерiмге жатады. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алынған таза табысына 15 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесiне байланысты емес табыстарына табыс түрлерiне байланысты 5-тен 20-ға дейiнгi проценттiк ставка бойынша шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығын салуға жатады. Мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу жəне төлеу жөнiндегi мiндеттеме мен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға – салық агентiне жүктеледi. Резидент еместердiң табысына салық салу кезiнде Қазақстан Республикасымен бекiтiлген халықаралық келiсiм-шарттардың болуын назарда ұстау қажет, өйткенi, мұндай келiсiм-шарт бар болған жағдайда, оның шарттары Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң нормалары алдында басым болады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйақыларын орналастыру қызметiн қоса алғанда, сақтандыру жəне қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша өзге де қызметтiң табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тiркелген аударымдар түрiнде мына мөлшерде корпорациялық табыс салығын төлейдi:
Жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша – алынуға
жататын (алынған) сақтандыру сыйақылары сомасының 4 процентiн;
Аннуитеттiк сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша – алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақылары сомасының 2 процентiн;
Аннуитеттiк сақтандыру бойынша – алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақылары сомасының 1 процентiн;
Коммерциялық емес ұйымның депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жəне мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық түрiнде алынған табысы салық салуға жатпайды. Жоғарыда аталмаған табыстарға жалпыға бiрдей белгiленген тəртiппен салық салынуға жатады. Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сəйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша жəне жалпыға бiрдей белгiленген тəртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi. Жалпыға бiрдей белгiленген тəртiппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде шығыстардың жалпы сомасындағы коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылуға тиiс сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы табыстардың үлес салмағын негiзге ала отырып, барабарлық əдiсi бойынша анықталады.

Жер салығы
салық салу обьектiсi бар жеке тұлғалар
салық салу обьектiсi бар резидент емес жеке тұлғалар
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, дiни бiрлестiктерден басқа жеке меншiк құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы жəне бастапқы өтеусiз уақытша жер
пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке жəне заңды тұлғалар жер
салығын төлеушiлер болып табылады.
Салық салу объектiсi - жер учаскелерi, елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер
учаскелерiн қоспағанда, ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары
жатқан жер алаптары, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң шешiмi бойынша
консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi, инвестицияны жүзеге
асыру үшiн иемденiп алынған жəне пайдаланылатын жер учаскелерi.
Салық базасы - жер учаскесiнiң алаңы.
Мақсатты тағайындалуына байланысты салық салу мақсатында барлық жерлер
дəрежелерi бойынша бөлiнедi. Сонымен тек ауыл шаруашылық мақсатындағы
жерлер, елдi мекендердiң жерлерi жəне өнеркəсiп жерлерi жер салығын салуға
жатады. Жерлердiң басқа дəрежелерiне оларды тұрақты немесе алғашқы
қайтарымсыз уақытша пайдалануға берген жағдайда салық салынады.
Осылай бөлудiң негiзiнде жер салығының базалық ставкалары белгiленедi. Мысалы,
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары 1
гектарға есептелген бонитет балына барабар белгiленедi жəне топырақтың сапасы
бойынша 0,48 теңгеден 202,65 теңгеге дейiн болып сараланады.
Жергiлiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сəйкес
жѕргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының
ставкаларын, белгiленген жер салығының базалық ставкаларынан елу проценттен
аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар. Салық төлеушiлердiң
белгiлi бiр бөлiгi, мысалы, коммерциялық емес ұйымдар, салықты есептеген кезде
тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады.
Күнтiзбелiк жыл
Салықты есептеу əрбiр жер учаскесi бойынша (ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi
заңды тұлғалар үшiн бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салыұ режимiнде жүзеге
асыратын заңды түлғалардан басқа) жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын
қолдану арқылы жүргiзiледi.
Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi
есептеуге жəне төлеуге мiндеттi. Ағымдағы төлемдердiң сомалары ағымдағы
жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан
кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлестермен төленуге тиiс. Бiржолата есеп
айырысу жəне жер салығын төлеу салық кезеңiнде декларация табыс ету мерзiмi
басталғаннан кейiн он жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
Жер салығы бойынша декларация (бюджетпен есеп айырысуды ауылшаруашылық
өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық
органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей
табыс етiледi. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы
салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi. Ағымдағы төлемдердi
төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлердi қоспағанда, жаңадан
құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеушi
мемлекеттiк тiркеуден өткен айдан кейiнгi айдың 15 - iнен кешiктiрмей табыс етедi.
Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық
ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрiлмейтiн
мерзiмде жүргiзедi. Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1
қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

Акциздер
Акциздерді төлеушілер болып – акциздеуге жататын тауарларды өндіретін немесе
Қазақстан Республикасы территориясында акциздеуге жататын іс-əрекеттерді жүзеге
асыратын, акциздеуге жататын тауарларды Қазақстан Республикасы кеден
территориясына шет елден алып келетін жеке жəне заңды тұлғалар табылады.

Акциздеуге жататын тауарларды
спирттың барлық түрі
алкогольді өнімдер
табак өнімдері жəне құрамында табагі бар өзге де өнімдер
бензин (авиациялық бензиннен басқасы)
дизельді отын
жеңіл автокөліктер (арнайы мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын
автокөліктерден басқалары)
шикі мұнай
газ конденсаты
Акциздеуге жататын іс-əрекеттер
ойын бизнесі
лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу
Акциз төлеушінің жасаған жəне (немесе) алған жəне (немесе) құйған акциз алынатын
тауарлармен жүргізген операциялары: акциз алынатын тауарларды берушілік
(давалдық) негізінде сатуға немесе қайта өңдеуге жіберуі, жарғылық капиталға үлес
қосу, табиғи төлем жағдайында акциз алынатын тауарларды қолдану, тауар
өндірушінің өзінің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын акциз алынатын
тауарларды түсіру, тауар өндірушінің өз өндіріс мұқтаждықтары үшін өндірген жасаған
жəне (немесе) алған жəне (немесе) құйғанен акциз алынатын тауарларды қолдануы,
бензинді (авиациялық бензиннен басқасын) жəне дизельді отынды көтерме бағамен
сату, тəркіленген жəне (немесе) иесіз, мұра негізінде мемлекетке өткен жəне
қайтарымсыз мемлекет меншігіне берілген акциздеуге жататын тауарларды сату, ойын
бизнесі саласында жұмыс жүргізу, лотерея ұйымдастыру мен өткізу, акциздеуге
жататын тауарларды, акцизды маркаларды бүлдіру, жоғалту.
Нақты акциз мөлшерлемесі (табиғи шамада) – салық базасы табиғи шамадағы
өндірілген, сатылған акциздеуге жататын тауарлар көлемі ретінде анықталатын
акциздеуге жататын тауарларға қолданады.
Акциздардың адвалорлық мөлшерлемесі (%-да) - салық базасы өндірілген,
сатылған акциздеуге жататын тауарлар құны ретінде анықталады. Бұл
акциздеуге жататын тауарлар құрамына акциздар жəне қосымша құн
салықтары қосылмаған, тауар өндіруші осы тауарларды сол бағамен жеткізіп
беретін, құнымен анықталады.
Импортталатын акциздеуге жататын тауарлар – салық базасы табиғи көріністегі
импортталған акциздеуге жататын тауарлар көлемі бойынша қатты акциз
мөлшерлемесіне қарай жəне сондай-ақ, акциздардың адволарлық
мөлшерлемесіне қарай анықталады, салық салынатын база - импортталатын
акциздеуге жататын тауарлардың кедендік құны ретінде анықталады. Мұндағы
импортталған акциздеуге жататын тауарлар Қазақстан Республикасы кеден
заңына сəйкес анықталады.
Лотереяларды ұйымдастыру жəне өткізу жұмыстарын жүзеге асыру барысында
– салық салынатын база, жүлде қорына кіретін сомманы алып тастағандағы,
лотерея билеттерін сатуға шағармай тұрып, жəне оның құнына акциз соммасын
қоспай, салық органдарында тіркеу барысында лотереяны ұйымдастырушының
өзі баяндаған кіріс соммасы ретінде анықталады. Лотереялық билеттің
шыққаны тіркелгеннен кейін өзгерту мүмкін емес.
Ойын бизнесі бойынша – акциз соммасын есептеу, салық кезеңінде салық
алынатын нысандар көлеміне қарай бекітілген акциз мөлшерлемесін қолдану
арқылы жүргізіледі.
Акциз соммасын есептеу бекітілген акциз мөлшерлемесін салық базасына қолдану
арқылы жүргізіледі. Акциз мөлшерлемесін Қазақстан Республикасы үкіметі бекітіеді.
Акциздеуге жататын тауарлар үшін - салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде
жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші жұлдызында; салық кезеңінің
екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші
жұлдызында; салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар
бойынша есеп беру айынан кейін келетін айдың үшінші жұлдызында.
Берушілік (Давалдық) шикізаттан жəне материалдардан жасалған акциздеуге
жататын тауарлар үшін - өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші
нұсқаған тұлғаға берген күні.
Қазақстан Республикасының территориясында алынған шикі өңделмеген
мұнайды, газ кондетсатын өндірістік қайта өңдеуге беру барысында – оны беру
барысында.
Импортталған тауарлар үшін – Қазақстан Республикасы кеден заңы кеден
төлемдерін өтеу үшін анықтаған күні.
Маркировкаға жататын импортталған акциздеуге жататын тауарлар үшін –
акцизды маркаларды алған күнге дейін немесе алған күні.
Күнтізбелік ай.
Əрбір салық кезеңі аяқталған кезде салық төлеуші өзі тіркелген жерде орналасқан
салық органдарына акциз бойынша декларацияны, салық кезеңінен кейін келетін
айдың 15-жұлдызына дейін тапсыруға міндетті.
Жеке табыс салығы
салық салу обьектiсi бар жеке тұлғалар
салық салу обьектiсi бар резидент емес жеке тұлғалар
Төлем көзiнен салық салынатын табыстар-жұмысшының табысы, бiржолғы
төлемдерден түсетiн табыстар, дивидент, сыйақы, ұтыс, зейнетақы қорларының
зейнетақы төлемдерi, стипендиялар, жинақтау сақтандыру келiсiмiнiң табыстары
түрiндегi табыстар.
Салық салынуға мүлiк табысы, жеке кəсiпкерлiк табысы, адвокаттар мен жеке
нотариустардың табыстары, Қазақстан Республикасынан тыс аумақтағы табыс
көзiне жеке табыс салығы салынбайды.
Жеке тұлғалардың салық салуға жатпайтын табысы- атаулы əлеуметтiк көмек,
банк салымдары бойынша берiлетiн сыйақылар, алименттер, мемлекеттiк
бағалы қағаздар операциясынан түскен табыстар, əскери қызмет мiндеттерiн
атқарған кезде əскери қызметшiлерге берiлетiн төлемдердiң барлық түрi,
лотерея бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш шегiндегi ұтыстар, медициналық
қызмет түрлерi мен өзге де табыс көздерiне.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн зейнетақы төлемдерiн
қысқартқандағы табыс соммасының 5 тен 30 пайызына дейнгi ставка бойынша
есептелiнедi.
Дивиденттер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша
сыйақыларды қоспағанда) мен ұтыстар түрiндегi табыстарға 15% .
Салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына
салық төленетiн жер бойынша есептi айдың 15 жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.
Жеке табыс салығы бойынша табыс көзiне жатпайтын төлем салық төлеушiнiң өз
еркiмен салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан
кешiктiрiлмей төленедi.
Адвокаттық жəне жекеменшiк нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен
табыстың 10 пайызы жеке табыс салығы бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 5-
iнен кешiктiрiлмей төленуi керек.
төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары бар резидент- салық төлеушiлер
Қазақтан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке
тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктерiндегi
шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кѕрес туралы заң
актiлерiне сəйкес декларация беру жөнiнде мiндеттеме жѕктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Паралментiнiң депутаттары, судьялары;
Салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей. Салық салу
күнтiзбелiк жылмен белгiленген.
Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық агенттерi үсынады. Есеп-қисапты
салық органына салық төленетiн жер бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-нен
кешiктiрмей табыс етедi. Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада жеке
тұлғаның төленген кiрiстерi туралы мəлiметтер көрсетiледi. Салық салу мерзiмi болып,
күнтiзбелiк тоқсан белгiленген.
Əлеуметтiк салық
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Салық төлеушінің міндеттері
Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдері
Салық түсiнiгi, түрлерi
Салық менеджменті
Қазақстан Республикасының салық заңдары
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары
Қазіргі таңдағы қаржылық жәнe салықтық eсeптіліктің экономикалық мәні мeн маңызы
Салықтың экономикалық табиғаты
Пәндер