Автокөлік құралдарын шығындық тәсілмен бағалау



Кіріспе

Негізгі бөлім:
1.1 Бағалау қызметіндегі шығындық тәсілдің машина және құрал . жабдықтарды бағалау барысындағы мәні
1.2 Шығындық тәсілдің машина және құрал . жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері
1.3 Машина және құрал . жабдықтардың индекстлген шығындарын бағалау
1.4 Машиналар мен құрал.жабдықтардың тозуын анықтау

ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу барысында елімізде көптеген жаңа мамандықтар мен қызмет көрсетулер салалары пайда бола бастады. Солардың бірі – бағалау қызметі болып табылады.
Бағалау қызметі қарапайым тілмен айтқанда, белгілі –бір мүліктің нарықтық немесе басқа құнын анықтау. Бұл қызмет түрі бізден елге 2000 жылы 30 қарашада келіп жетті. Яғни, бағалау қызметімен айналысу үшін арнайы нормативтік базамен жабдықталды. Осыған орай «Бағалау қызметі туралы»(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат) заңы жұмыс істей бастады.
Аталған заң осы он жылдың көлемінде бірнеше өзгерістерге ұшырады. Бірақ, басты мақсаты мен міндеттері бастапқы қалпы сақтап қалды. Соңғы рет 2010 жылы 19 наурызда өзгерістер мен толықтыруларға ие болды. Аталған толықтырулардың басты назарына бағалаушылар палатасы болды. Палатаға кіру талаптары атап көрсетілді.
Жалпы алғанда машиналар, құрылғылар мен құрал-жабдықтарды бағалау және оның құнын анықтау әр түрлі жағдайлар кезінде ұсынылған әдістерді пайдалану барысында есебінің шешімі барысында анықталады, яғни:
- кәсіпорындағы көлік құралдарын негізгі қор ретінде немесе көлік құралын жалға беру және сату үшін бағаны анықтау кезінде;
- сенімді басқаруға өткізу немесе жекешелендіру мақсатында;
- мүліктік дау шешімдерін реттеу үшін;
- салық салу есебін жүргізу үшін.
Машина, құрылғылар мен құрал-жабдықтарды бағалау бірнеше
кезеңдерден тұрады.
Бағалаудың бірінші кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі, демек көлемі құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы. Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып, заңды немесе жеке тұлғалар да қызығушылық білдіретін ұйым, яғни банктер, сауда немесе сақтандыру компаниясы, салық, сот, құқықты қорғау органы болып табылады.
Кейбір кезде бағалаушы жанжалды шешуге және оған қатысуға мұқтаж етіледі. Мұндай жағдайда: жол-көлік қатынастар оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер және соттық дау шешімдері үшін көлік құралдарының құнын анықтайды.
Екінші кезеңде көлікті толықтай қарап, онымен танысып бағалау жұмысын жүргізеді.
Машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалау үшін, негізгі қорлардың басқа элементтерін бағалауда қолданылатын базалық механизмдер мен тәсілдер қолданылады:
- салыстырмалық тәсіл;
- шығындық тәсіл;
- табыстық тәсіл.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу барысында елімізде көптеген жаңа мамандықтар мен қызмет көрсетулер салалары пайда бола бастады. Солардың бірі - бағалау қызметі болып табылады.
Бағалау қызметі қарапайым тілмен айтқанда, белгілі - бір мүліктің нарықтық немесе басқа құнын анықтау. Бұл қызмет түрі бізден елге 2000 жылы 30 қарашада келіп жетті. Яғни, бағалау қызметімен айналысу үшін арнайы нормативтік базамен жабдықталды. Осыған орай Бағалау қызметі туралы(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат) заңы жұмыс істей бастады.
Аталған заң осы он жылдың көлемінде бірнеше өзгерістерге ұшырады. Бірақ, басты мақсаты мен міндеттері бастапқы қалпы сақтап қалды. Соңғы рет 2010 жылы 19 наурызда өзгерістер мен толықтыруларға ие болды. Аталған толықтырулардың басты назарына бағалаушылар палатасы болды. Палатаға кіру талаптары атап көрсетілді.
Жалпы алғанда машиналар, құрылғылар мен құрал-жабдықтарды бағалау және оның құнын анықтау әр түрлі жағдайлар кезінде ұсынылған әдістерді пайдалану барысында есебінің шешімі барысында анықталады, яғни:
oo кәсіпорындағы көлік құралдарын негізгі қор ретінде немесе көлік құралын жалға беру және сату үшін бағаны анықтау кезінде;
oo сенімді басқаруға өткізу немесе жекешелендіру мақсатында;
oo мүліктік дау шешімдерін реттеу үшін;
oo салық салу есебін жүргізу үшін.
Машина, құрылғылар мен құрал-жабдықтарды бағалау бірнеше
кезеңдерден тұрады.
Бағалаудың бірінші кезеңінде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі, демек көлемі құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы. Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып, заңды немесе жеке тұлғалар да қызығушылық білдіретін ұйым, яғни банктер, сауда немесе сақтандыру компаниясы, салық, сот, құқықты қорғау органы болып табылады.
Кейбір кезде бағалаушы жанжалды шешуге және оған қатысуға мұқтаж етіледі. Мұндай жағдайда: жол-көлік қатынастар оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер және соттық дау шешімдері үшін көлік құралдарының құнын анықтайды.
Екінші кезеңде көлікті толықтай қарап, онымен танысып бағалау жұмысын жүргізеді.
Машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалау үшін, негізгі қорлардың басқа элементтерін бағалауда қолданылатын базалық механизмдер мен тәсілдер қолданылады:
oo салыстырмалық тәсіл;
oo шығындық тәсіл;
oo табыстық тәсіл.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Бағалау қызметіндегі шығындық тәсілдің машина және құрал - жабдықтарды бағалау барысындағы мәні

Шығындық әдіс - физикалық, функционалдық және сыртқы тозуы мен құнсыздануын есепке алып құрал-жабдықтардың ағымдағы құнын қайта қалпына келтіру құнының есебімен анықтайтын бағалаудың әдісі.
Машина және құрал-жабдықтардың құнын шығындық әдіспен анықтау теоретик алық жоспарда құнның еңбекті теориясына негізделеді, ал бағалау қағидаларының ішінде орнын басу(алмастыру) қағидасына сүйенеді. Орнын басу қағидасы ақпараттандырылған инвестор пайдалылығы бірдей аналогтық объектіні өндіруге кеткен шығындармен салыстырғанда бұл объектіге көп төлемейді.
Қайта қалпына келтіру құны - бұл бағалау күнімен келетін және тозуды есепке алмағандағы бағаланып жатқан құрал-жабдықтың ағымдағы есептелетін құны.Қайта қалпына келтіру құны орнын толтыру немесе орнын басу құнының аясында есептелуі мүмкін. Бағалаушының алдында сонымен берге көрcетiлген құндарды есептеудiң қисынды таңдауының мәселесi тұрады және оларды анықтауының тиiстi әдiстемелерi және салдары болады.
Орнын толтыру құны - бұл бағаланып жатқан объектімен функционалдық, конструктивтік және пайдалану сипаттамалары бойынша толық ұқсас объектіні жаңадан сатып алуға немесе оны өндіруге кеткен ағымдағы шығындарды көрсетеді.
Орнын басу құны - бұл бағаланып жатқан объектімен функционалдық, конструктивтік және пайдалану сипаттамалары бойынша ұқсас объектіні рыноктан алуға кеткен минималдық ағымдағы шығындарды көрсетеді.
Сайып келгенде, бiрiншi жағдайда ұқсас объекттер (идентичных) туралы сөз жүредi, екiншi - ұқсас туралы.
Аналогтық объектілерге қандай объектілер жататындығын анықтау үшін машиналардың және жабдықтардың тұтынушы қасиеттерi және олардың суреттейтiн көрсеткiштерiне тоқтау керек:
функционалды көрсеткіштері (өнiмдiлiк немесе қуаттылық, жүк көтеретiн, тартқыштық күш, жұмыс кеңiстiгiнiң өлшемдерi, дәлдiк класы, автоматтандырудың дәрежесі);
пайдалану көрсеткіштері (кiдiрiссiздiк, ұзақ уақытқа жарамдылық, жөндеуге келетiн, сақталатындық);
конструктивтік көрсеткіштері (негізгі конструктивтік материалдардың құрамы, салмағы және массасы);
эстетикалық көрсеткiштер;
Адам-машина жүйесінің элементі ретінде машинаны сипаттайтын эргономдық көрсеткіштері.

Машина және құрал-жабдықтардың сәйкестілігін бекіту кезінде үш деңгейге бөліп көрсетеді:
функционалдық сәйкестілігі (қолдану аясы бойынша, тағайындалуы бойынша);
конструктивтік сәйкестілігі (конструктивтік сызба, құрамы және элементтердің бір түрлілігі бойынша);
параметрлік сәйкестілігі (негізгі құнын қалыптастыратын параметрлерінің мәні бойынша).
Шығындық тәсілде бағаланатын жылжымалы мүліктің құны бірінші кезекте оны құру мен өткізуге кеткен шығындармен анықталады. Осындай әдіспен анықталатын құн нарықтық құнмен сай келмеуі мүмкін, өйткені шығындар - пайдалылық, сапа және бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін құнның жалғыз факторы емес.
Соб.тек. = ВС - О; (1)

мұнда, Соб.тек. -- құрал-жабдықтың ағымдағы құны (бағалау күніне);
ВС -- орнын толтыру құны(Своспр.) немесе орнын басу құнын (Сзам.) есептеудің негізінде анықталатын қайта қалпына келтіру құны;
О -- физикалық, функционалдық және сыртқы тозудың есебінен болатын объектінің құнсыздануы.
Шығындық тәсілмен бағаланатын нарықтық құн ұдайы өндіру құны болып табылады, егер оны бүгін шығарса және сатса объектінің қанша тұратындындығын, яғни бағалардың әрекет етуші деңгейінде анықтайды. Мұндай бағалауда элементі болады, өйткені біріншіден бұл сияқты объектілер бүгінде өндірілмеуі мүмкін және олардың өндірісін ешкім реттеуге асықпайды, екіншіден, егер бүгінде осындай өндіріс болса да онда жаңа технологиялар қолданылар еді. Бағаланатын объектінің жасы үлкен болған сайын оның шығындық тәсілін көбірек бағалауға тура келеді.
Машиналар мен автокөлікті бағалаудағы шығындық тәсіл іс жүзінде келесі әдістермен жүзеге асырылады:
1. бірыңғай объектінің бағасы бойынша есептеу;
2. элемент бойынша (агрегат бойынша) есептеу;
3. шығындарды талдау және индексациялау;

1.2 Шығындық тәсілдің машина және құрал - жабдықтарды бағалауда қолданылатын әдістері

Бірыңғай объект бойынша есептеу - бағаланатын объект үшін конструкциясы, пайдаланатын материалдары және дайындау технологиялары бойынша ұқсас біріңғай объектілерді таңдап алады. Оның үстінде біріңғай объект басқа тағайындауға ие болып басқа салаларда қолданыла алады. Бірыңғай объект нарықта белгілі бір сұраныспен қолданылады және оның бағасы белгілі.
Бірыңғай объектіні дайындаудың өзіндік құны бағаланатын объектіні дайындаудың өзіндік құнына жақын және өндірістік факторлардың берілген объектілеріне арналған жалпыларының ықпалында қалыптасады.
Бірыңғай объектінің бағасы өндірістің таза өзіндік құнынан кәсіпорынның таза пайдасынан, пайдаға салықтан, саудаға үстеме бағадан және ҚҚС реттеледі. Бірыңғай объектінің толық өзіндік құны:

Бп.бір=[(1-ҚҚС)*(1-Нпр-Кр)*Ббірлт] (1-Нпр), (2)

Мұнда Бп.бір - бірыңғай объектінің бағасы
ҚҚС-қосымша құнға салынатын салық
Нпр-пайдаға салық ставкасы;
Кр-өнімнің оңтайлық көрсеткіші, яғни таза пайда мен сауда үстемесінің баға қатынасы бойынша;
Ббірлт- бірыңғай объектінің бағасы;
Оңтайлылық көрсеткішін анықтау көбірек қиындық тудырады, ол бәрінен бұрын нарықтағы берілген біріңғай объектіде сұраныстың қаншалықты жоғарылығына байланысты. Жоғары сұраныспен қолданылатын өнімнің оңтайлылық көрсеткіші 0,10-0,25 орташа сұранысқа ие өнім үштің -0,05-0,10 құрайды.
Бағаланатын объектінің толық өзіндік құны Өт біріңғай объектінің өзіндік құны бойынша есептелініп түзетіледі, объектілердің конструкциясының көлеміндегі айырмашылық ескеріледі:

Өт=Өт.бір*(GGбір) (3)

Мұндағы G мен Бір - бағаланатын және біріңғай объектілер конструкциясының салмағы;
Өт - біріңғай объектінің өзіндік құны
Егер бағаланатын және біріңғай объект өндірістің әр түрлі типінде дайындалса, онда өндіріс сериясындағы коэффиценттердегі айырмашылықтарға түзету енгізіледі.
Бұдан әрі бағаланатын объектінің қалпына келтіру құны есептеледі. Ол мына формула арқылы есептелінеді:

Sқ=[(1-Нпай)*С][1- Нпай-Ко]

Мұнда С-бағалау объектісінің өндіргендегі толық құны
Ко-өнімнің оңтайлық көрсеткіші
Нпай-табыс салығының ставкасы
Бұл формулада оңтайлық көрсеткіші бағаланатын объектінің өтімділік дәрежесіне сәйкес болуы тиіс. Сұранысқа ие емес объектілерді де бағалау қалыс қалмайды, ол кезде олардың құны өзіндік құнына тең мәнге ие болады.
Элемент бойынша (агрегаттық) есептеу - бұл әдіс бағаланатын объект сатып алуға болатын және бағалары нарықта белгілі құрамдас бөліктерден жиналуы мүмкін. Мұндай бағалаудың неғұрлым тән мысалы, автокөліктің құнын олардың жиналатын бөлшектері бойынша бағалау болып табылады. Басқа мысал - әмбебап жабдықтың бірнеше бірліктерінен жиналатын тасқынды технологиялық желілер құнын бағалау.
Осы әдіспен жұмысты жүргізу мынадай:
1. Бағаланатын объектінің құрылымын талдайды және олардың негізгі бөлшектерінің тізімін құрастырады.
2. Объектінің әрбір бөлігі бойынша ақпарат жинайды. Егер бағалары уақыттың әртүрлі сәттеріне қатысты болса, онда оларды индекстейді.
3. Бөлшектердің бағалары туралы жиналған мәліметтерді объектінің толық өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланады.

Ө=(1+Көз)*∑Бэл (4)

Мұнда ∑Бэл-осы бөлшектердің бағалары бойынша есептелген объекті бөлшектерінің сомалы құны;
Көз - дайындаушының өзіндік шығындарын ескеретін коэффицент (0,3-0,4-ке тең);
Содан соң қалпына келтіру құнын анықтайды:

S=[(1-Нпай)*Өт][1-Нпай-Ко] (5)

Шығындарды талдау және индекстеу - бағалау тәжірибесінде айтарлықтай кең таралған мысал объектінің ескі құнын (бағасын) түзетуші индекстердің (индекс-дефляторлар) көмегімен қазіргі заманғы бағалар деңгейіне келтіру болып табылады. Егер осы объектке жататын өнімнің сол тобы үшін баға индекстері белгілі болса, объектінің бағасын тікелей индекстеу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл әдістің ерекшелігі мынада, индекстеуге объектінің тұтастай алғандағы құны (бағасы) емес, оның өзіндік құны реттелетін шығындар ұшырайды. Мұндай жағдайда обьектіні өндіру кезінде шығындалатын ресустардың баға индекстерін негізге алады. Ресустардың баға индекстері туралы ақпарат дайын бұйымдардың баға индекстері туралы ақпаратқа қарағанда анағұрлым қол жетерлік. Оның үстінде бағаның белгілі бір кезеңінің (жылдың, тоқсанның, айдың) соңына қатынасын білдіретін базистік баға индекстері туралы сөз болып отыр.
Шығындық көрсеткіштің бағалау сәтіне қарай мәнін келтіру үшін, шығу сәтінің жағдайы бойынша бұл көрсеткішті түзетулер енгізуші индекске көбейту қажет. Түзету енгізуші индекс - ресурстың баға индексін бағалау жағдайына қатынасы.

Объектінің шығысының өзіндік құны (ҚҚС-ынсыз) оның толық өзіндік құнын мына формуламен анықтайды.

S=[(1-Нпай- Ко)* Sшығ][1-Нпай] (6)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөлік құралдарының құнын бағалау
Табыстық тәсілдің әдістері
Автокөлікті бағалаудың қағидаттары
Мүліктік кешеннің құны
Сатуларды салыстыру әдісі
Көлік кешені туралы
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі
Кәсіпорын (бизнес) құнын бағалау
Машина, көлік құралдары және құрылғыларын бағалау
Машина мен жабдықтарды бағалау
Пәндер