Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық


Әпенов С. М.
ҚЫЛМЫСТЫ КВАЛИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Оқулық
Алматы 2006
ББК 67. 0 Ә 67
Қазақ гуманитарлық Заң Университетінің Алматы заң Академиясының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
ПІКІР ЖАЗҒАНДАР:
заң ғылымдарының докторы, профессор - Нұртаев Р. Т. заң ғылымдарының докторы, профессор - Молдабаев С. С.
Ә 67 Әпенов С. М.
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері.
Оқулық. Алматы: - «Щф-пресс», 2006. -332 бет.
ISBN 9965-620-99-7
Оқулықта қылмысты квалификациялаудың негізгі ережелері қарастырылған және ол туралы қылмыстық құқық теориясында орын алған бағыттар келтірілген. Қажетті тақырыптар қамтылып, осы тақырыптар бойынша қылмысты квалификациялаудың жалпы теориясы ұсынылған.
Оқулық жоғарғы заң оқу орындарының студенттеріне, қылмыстық істер бойынша жұмыс істейтін сот, прокуратура және тергеу органдарының қызметкерлеріне арналған.
ББК 67. 0
1202 00(05) -06
ISBN 9965-620-99-7
© Әпенов С. М., 2006. © Нұр-пресс, 2006.
КІРІСПЕ
Сіздер бұл кітапты оқи отырып, жекелеген қылмыс түрлері орын алғанда оны жасаған адамдарға жауаптылық қолдану үшін қылмыстық заң нормаларын қолданудың тәртібі мен ережелерін үйренесіздер. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда зиянды, қоғамға қауіптілік дәрежесі бойынша қылмыс деп танылатын құбылысқа құқықтық бағалау беруді қылмыс-тық құқық қарастырады және қылмысты іс-әрекеттерге құқықтық бағалау жүргізудің негізі немесе заңды моделі ретінде қылмыстық заң алынады. Сондықтан қылмыстық құқық жекелеген қылмыстардың түрлерін, олардың түсінігі мен белгілерін анықтаумен айналысады. Осы белгілерге қарай қылмыстар бір-бірінен ажыратылып, жеке сапа ретінде қылмыстық құқықтық мағынаға ие болады. Сонымен қатар қылмыстылық деген құбылыспен қатар қылмыстық заң деген ұғымда өмір сүре отырып, ол негізгі мақсаты ретінде қоғамға қауіптілігі бойынша жеке қылмыстың түрі деп тануға болатын іс-әрекеттерді анықтаумен және оларға жауаптылық көрсетумен айналысады. Қылмысқа квалификация жасау барысында осы екі ұғымның, яғни қылмыспен қылмыстық заң нормаларының арасындағы ұқсастық, бір-біріне сәйкестік анықталады және осындай бағыттағы құқық қорғау органдарының қызметі заң нормаларын өмірге енгізудің көрінісін білдіреді. Сондықтан қылмысқа квалификация жасау қызметі қылмыстық заңның басты мақсаттарының, оның арналуының бірі ретінде бағаланатын, қылмысты әрекеттерді заңда қылмысты деп танып, оларды жасауға құқықтық шектеу қойылуына қарамай жекелеген адамдардың қолданымен жасалғанда оны жасаған адамға жауапкершілік қолдану болып табылады.
Қылмыстық құқық өзінің негізгі міндеттері ретінде қылмыс ретінде заң нормаларында белгіленген әрекеттердің обьективтік және субьективтік белгілерін анықтаумен және ол қылмыстарға жазаның түрі мен көлемін белгілеумен айналысады. Сонымен қатар қылмыстың қоғамға қауіптілігін ауырлататын немесе жеңілдететін құрамдарын келтіре отырып, оларға құқықтық талдау береді және белгілі бір қылмыс құрамының өзіне ұқсас қылмыстармен ара қатынасын қарастырады. Осы айтылғандарды меңгере отырып нақты қылмыс түрлерінің түсінігін және оның белгілерін толық түсінуге болады. Бірақ қылмыстық заң нормаларын сот-тергеу қызметінде дұрыс қолдана білу үшін мұнымен қатар заң нормаларын қолдану барысында кездесетін өзге де ережелерді меңгеру қажет. Мысалы Жалпы бөлім нормаларына сілетеме жасау, нормалар бәсекелестігі, қауіптілігі жеңілірек белгілерді қауіптілігі одан ауыры-рақ белгілердің қамтуы сияқты т. б. Бұл ережелер қылмыстық құқықта келтірілгенмен, оларға арнайы тоқталып, жеке тақырып ретінде қарастырылмайды.
Қылмысқа квалификация жасауды құқық қорғау органдарының қызметінде аса жауаптылықпен қарайтын жұмыс ретінде бағалау керек. Өйткені қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қылмыстық заңның баптарын дұрыс қолданбағанда, адамның іс-әрекеттері басқа қылмыс ретінде бағаланып, жауаптылық дұрыс белгіленбейді және мұның салдары жаза тағайындау кезінде байқалып қылмыскер өзі жасағаннан жеңіл немесе ауыр қылмыс үшін жауаптылыққа тартылған болып шығады. Сонымен қатар қылмыстың қауіптілік дәрежелері мен сипаты әр түрлі болуына байланысты олардың құқықтық салдары да әр түрлі болып, жазадан шартты түрде ерте босау, соттылық мерзімдерінің аяқталуына да әсер етеді.
Қылмысты квалификациялау курсы жазаның қылмыстық құқықтық мәселелерін қарастырмайды, себебі жасалған қылмысқа заң баптары дұрыс қолдану-алғашқы кезектегі міндет деп танылады, ал жасалған қылмыстарға заң баптары дұрыс қолданылғанда осы баптың санкциясы көлемінде жаза қолданылады, демек қылмыс дұрыс квалификацияланғанда жаза белгілеуді осы баптың көлемінде тағайындау аса қиындық тудырмайды.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыруды мақсат тұтады. Құқықтық мемлекет қашанда қоғамдағы елеулі деп танылатын қоғамдық қатынастарды заң жүзінде реттеумен айналысып ғана қоймай, ол сонымен бірге құқықтық қатынас субьектілерінің міндеттері мен құқықтарын белгілеп, заң нормаларын дұрыс, әрі тиімді қолдану жолдарын арттыруы қажет және олардың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етуі керек. Құқықтық мемлекеттің мұндай қағидалары әсіресе қылмыс жасады деген себеппен жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты ерекше мағынаға ие болады. Өйткені Қазақстан Республикасы да әлемдік өркениеттердің қатарына қосылу және адамгершілік қағидаға басымдық беру үшін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және оны қамтамасыз етуді мақсат етеді. Мұндай қағиданың сақталмауы ауыр салдарға соқтыратын және адамның тағдырына әсер ете алатын болмыс, қылмыстық заң номаларын дұрыс қолданбау болып табылады. Міне осы саладағы мемлекеттік қызметті сауатты және дұрыс жүргізуге әсер ету үшін қылмысты квалификациялаудың ережелері мен талаптары қарастырылған осы оқулық дайындалды.
І тарау
ҚЫЛМЫСТЫ КВАЛИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҰҒЫМЫ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ОРНЫ
§1. Қылмысты квалификациялаудың ұғымы
Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттілік-терді т. б. анықтаумен айналысады. Сонымен бірге қылмыстық құқық ғылымының көлемінде әр түрлі іс-әрекеттерге әлеуметтік-құқықтық бағалау жасалып, олардың қоғамға қауіптілігі байқалғанда қылмыс қата-рына жатқызылып, ал қауіптілік дәрежесі елеусіз деп бағаланғанда қылмыс қатарынан шығарылу мәселесі де қарастырылады. Қылмыстық құқық мамандардың жеткілікті білім деңгейінде даярлануы, практика қызметкерлерінің дұрыс, әрі сапалы жұмыс істеуі үшін, өз міндетінің шеңберінде қылмыстық заңдағы өзара ұқсас қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығын және заң нормаларын практикада қолдану тәртібін ұсынады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот-тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғалғанда және оны іске асырғанда қылмысты квалификациялау туралы мәселе орын алады.
Қылмыстық заң нормаларын іс жүзінде қолдану немесе қылмысты іс-әрекеттерді бағалау, ол қылмыстық заңның міндеттерінен туындайды деп түсіну керек. ҚР ҚК 2 бабының мағынасы екі қызметті іске асыруға бағытталған. Біріншісі, қауіптілігі жоғары деп танылған іс-әрекеттерді заңда қылмысты деп жариялау арқылы азаматтардың мұндай әрекеттерді алдағы уақытта жасауына немесе заң нормаларында міндеттер білгіленгенде әрекетсіздік танытуына шектеу қою, тиым салу болып табылады. Екіншісі, қылмыстық заңның тиым салуына қарамай, қылмысты іс-әрекеттерді жасаған жағдайда оларға жауаптылықты белгілеу үшін заң нормаларын қолдану болып табылады. Қылмыстық заң осы екі міндетті іске асыру үшін өмір сүреді. Қылмысты квалификациялау мәселесі осы екінші міндетті дұрыс, әрі қылмыстық құқықта белгіленген ережелерге сәйкес іске асыруға арналған. Сондықтан қылмысты квалификациялау қылмыстық құқық ғылымының маңызды және жиі қолданылатын ұғымның бірі болып табылады. Квалификациялау ұғымы латын тілінің qualis деген сөзінен шығады және мағынасы сапа деген сөзді білдіреді.
Квалификация кезінде болған уақиғаға құқықтық баға беріледі, ал қылмысты квалификациялау кезінде заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға, заңды мүдделерге, құқықтарға және қоғамның құндылықтарына қауіп төндірген, саналы түрде жасалған іс-әрекетке құқықтық бағалау жасалады. Қылмыстық құқықтық бағалау кезінде болған қылмыстық уақиғаны басқа құқық бұзушылықтардан ажыратып, онда қылмыстық құрамы бар немесе жоқтығын анықтап, бар болған жағдайда оны ҚК Ерекше бөлімінің белгілі бір бабына сәйкестігін табу керек. Қылмысты квалификациялауда жасалған қылмысты іс-әрекетке құқық шеңберінде бағалау жасалып, ол бағалау қылмыстық құқықтың бүкіл көлемін қамтиды деуге болады, себебі іс-әрекетке бағалау берілгенде осы заң қорғайтын обьектілерге зиян келтіргендігі, яғни қоғамға қауіптілігі, кінәлілігі тәрізді елеулі белгілері алдымен анықталып, мұнан кейін ғана қылмысты іс-әрекетті белгілі-бір қылмыстық-құқықтық норма көлемінде талдау жүргізіледі.
Қылмысты квалифициялау кезінде екі маңызды категорияның арақатынасы, яғни ұғыстық дәрежесі өлшенеді. Біріншісі, қоғамның мүдде-сіне қайшы жасалған әрекет назарға ілігіп, оған қарсы шара қолдану қажеттілігі туындайды. Мұндай әрекеттер қоғамға қарсы сипатымен, әдетте сол ортадағы әлеуметтің назарлығын тудырып, жалпы адамгершілік тұрғысынан бағалауға алынады. Адамгершілік бағалау мұндай әрекеттерге тиым салу бағытын ұстанғанда ғана, оны қылмыстық заңда қылмыс ретінде бағалау қажеттілігі пайда болады. Демек әлеуметтік-қоғамдық ортада адамгершілікке жатпайтындығына байланысты құқық тұрғысынан қылмыс деп бағаланған құбылыстар өмір сүреді.
Екінші категория, ол заң шығарушының ой жұмысының жемісі емес, әлеуметтік-қоғамдық ортада, сол қоғамда кездесе алатын зиянды іс-әрекеттерді анықтаудың нәтижесінде дүниеге келген қылмыстық заң. Заң шығарушының зиянды іс-әрекеттерді қылмысты деп белгілеуінде де адамгершілік бағалау жатыр. Ол бағалау әлеуметтік ортаның бағалауына, яғни сол қоғамдағы адамзаттың ортақ бағалауына негізделген болуы немесе сәйкес болуы қажет. Міне осындай себептен қылмыстық құқық өмір сүріп, өзінің өмір сүру себептеріне байланысты басты міндетін, яғни қылмыстық құрамдарды анықтаумен және оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеумен айналысады.
Қылмысты квалификациялау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады. Жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен заңда белгіленген қылмыс құрамының элементтері мен белгілері дәл келгенде, яғни қылмыс құрамының объектісін, объективтік жағын, субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілері дәл келгенде сәйкес деп танылады.
Сонымен, қылмысты квалификациялау дегеніміз, жасалған қылмысты іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.
Қылмысты квалификациялаудың түсінігі туралы оқулық әдебиеттерде бір-біріне ұқсас, бірақ өзара айырмашылығын да байқауға болатын бірнеше анықтамалар кездеседі. Мысалы, Б. А. Куринов «Қылмысты квалификациялау - бұл жасалған қылмыстың белгілері мен қылмыстық заң нормаларының арасындағы ұқсастықты табу болып табылады», - дейді. Ал В. Н. Кудрявцев «Қылмысты квалификациялау ретінде, қылмыстық құқық нормасымен қарастырылған қылмыс құрамының белгілерімен жасалған іс-әрекет белгілерінің арасындағы дәл сәйкестікті табу және ресми құжаттарда бекіту» алынады дейді. Осы анықтамаға ұқсас түрде қылмысты квалификациялауды Л. Д. Гаухман былай анықтайды. "Қылмысты квалификациялауды жасалған іс-әрекеттің нақты белгілері мен қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің, сонымен қатар басқа да заңдармен және РФ ҚК Ерекше бөлімі бабтарының бланкеттік диспозициялары сілтеме жасайтын өзге де нормативтік құқықтық актілердің арасындағы дәл сәйкестікті табу және заң құжаттарында бекіту ретінде түсіну керек", - дейді.
1. Б. А. Куринов. Научные Основы квалификации преступлений. - М. 1984. С. 12.
2. В. Н. Кудрявцев. Общая теория квалификации преступлений. - М. 2001 с 5.
3. Л. Д. Гаухман. Квалификация преступлений М., с 21
4. В. А. Сергиевский, С. М. Рахметов. Квалификация апреступлений. -Алматы,
1999. С. 10.
Бұл анықтамаларға ұқсас анықтаманы В. А. Сергиевский және С. М. Рахметов «Квалификация-бұл жасалған іс-әрекеттің нақты белгілерімен Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыс құрамдарының белгілерімен дәл және толық сәйкестігін анықтау және ресми түрде бекіту» дейді.
Бұл анықталмалардың өз-ара айырмашылықтарына көңіл аударсақ, алғашқы келтіріп отырған Б. А. Куриновтың анықтамасындағы "жасалған қылмыстың белгілері мен қылмыстық заң нормаларының арасындағы ұқсастықты табу" деген сөзде ұқсастық ретінде бұл жерде "аналогияны" қолдану туралы сөз болып отырған жоқ. "Ұқсастықты табу" ретінде Б. А. Куринов жасалған іс-әрекетке заңдағы қылмыстық құрам элементтерінің толық сәйкес келуін ұсынады. Оның "Ұқсастықты табу" деген ұғымды қолдану себебі, заңдағы бір қылмыстық құрамға жататын қылмысты іс-әрекеттер өмірде әр түрлі жағдайда, орында, уақытта жасалып, әр қылмыстық өзіндік ерекшеліктері болатынын ескерген. Бірақ бұл ерекшеліктер қылмыстық заңның бір бабы бойынша квалификациялау жүргізуге кедергі жасай алмайды. Мысалы жасалған бірнеше ұрлық қылмысының әрқайсысының басқа ұрлыққа сәйкес келмейтін ерекшеліктері болуы мүмкін. Бірақ заң нормасы мұндай елеусіз ерекшеліктерді өзіне қамтый алады және барлық меншікке тікелей бағытталған ұрлық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175 бабы бойынша квалификацияланады. "Ұқсастықты табу" және "дәл сәйкестігін табу" ұғымдарының бұл жерде айырмашылығы жоқ, бұл ұғымдарды синоним ретінде қабылдау керек.
В. Н. Кудрявцевтің, Л. Д. Гаухманның анықтамаларындағы "дәл сәйкестікті табу және оны заң құжаттарында бекіту" деген ұғымдардың қолданылу себебі, ол бұл авторлардың қылмысты квалификациялауды екі мағынада қолдануына байланысты. Олар қылмысты квалификациялауды процесс және нәтиже мағыналарында анықтап, процесс ретінде адамның әрекеттерінен белгілі бір қылмыстың белгілерін табуды және Қ. К Ерекше бөлімінің нормаларын қолдануды, сонымен қатар қылмысты квалификациялау субъектілерінің ой жұмысы түрінде анықтайды. Ал нәтиже ретінде қылмыстық істі практикада жүргізетін қызметкерлердің, яғни тергеуші, сот, прокуратураға органдарының ресми құжаттарда (тергеу қаулыларында, айыптау қорытындыларында, сот үкімдерінде) заңға негізделген өз квалификациясын көрсетуін келтіреді.
Заң қызметі туралы құжаттарда қылмысты квалификациялауды ресми түрде көрсету - бұл қылмысты квалификациялау жұмысының барлық қолданылатын жерін білдіре бермейді. Қылмысты әрекеттерге құқықтық баға беру немесе квалификация жүргізу тергеу, сот қызметтерін іске асыруда ғана емес, басқа салаларда да, мысалы қылмыс туралы және қылмысты әрекеттер бойынша заң бабатарын қолдану туралы ой, ұсыныс келтіретін заң ғылымы саласында да кездеседі. Сонымен қатар қылмысты квалификациялауды ресми құжаттарда бекіту кезеңіне дейін, оны іс жүзінде қолданатын субъектілер алдын-ала ол туралы білім алуы керек. Демек, қылмысты квалификациялау мәселесі тек ресми сипатқа ғана емес, сонымен бірге ғылыми сипатқа да ие.
С. М. Рахметовпен В. А. Сергиевскийдің қылмысты квалификациялауды жасалған қылмысты әрекетпен Ерекше бөлім баптарының арасындағы сәйкестікті анықтау ретінде қарастыруы, ол бұл бағыттың жоғарыда аталған ғалымдардың түсінігіне мағынасы жағынан ұқсас болып табылатынын көрсетеді. Себебі жасалған қылмысқа қылмыстық заңды қолдана отырып баға беруде іс-әрекеттің қылмысты немесе қылмысты емес екендігі, қылмыс болса қандай қылмыстық құрамға жататындығы анықталады немесе құқықтық баға беру осы бағытта жүргізіледі. Қылмысты квалификациялаудың жоғарыда келтірілген анықтамалары да осындай мағынада келтірілген. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды. Қылмысты квалификациялау және жасалған қылмысқа құқықтық баға беру ұғымдары бір ұғым ба, әлде олардың айырмашылығы бар ма?
Құқықтық бағалау мағынасы кең, әр салада қолданылатын жалпы ұғым болып табылады. Себебі құқықтық бағалау-құқық салаларында кездесетін құқықтық құбылыстық бір түріне жатады. Демек, әр құқық саласының өз ерекшелігіне қарай заң нормаларын қолдана отырып, болып өткен белгілі бір уақиғаға баға беруі және оның нәтижесі әр құқықтың өзіндік сипатына, қарастыратын қоғамдық қатынасының саласына байланысты болып табылады. Өзге құқық салалары бойынша бағалау адамның, ұйым, мекеме, кәсіпорынның, сонымен қатар мемлекеттің жасаған әрекеттеріне беріледі. Ал қылмысты іс-әрекетке құқықтық баға беру, ол қылмыстық құқықтың өз ішінде жүргізіледі деп түсіну керек. Іс-әрекеттерге құқықтық баға бергенде сол құқықтың өз ерекшелігіне байланысты қалыптасқан, үлгі ретінде қолданылатын арнайы тәсілдері қолданылады. Қылмысты іс-әрекеттерге де құқықтық бағалау жүргізілгенде қылмыстық құқық саласында қолданылатын тәсілдер қолданылып, ол тәсілдер жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекетті басқа құқық бұзушылықтардан айыру, заңмен қорғалатын объектілердің қай саласына бағытталғанын анықтау, нақты қылмыс құрамының элементтерін табу, жауапкершілікті белгілеуде ескерілетін жағдайларға көңіл аудару түрінде белгіленген. Бұл тәсілдер қылмысты квалификациялауда да қолданылады. Демек қылмысты квалификациялау және қылмысты әрекетке құқықтық баға беру ұғымдарының айырмашылығы, ол ұғымдардың қолданылу көлемінде болып жатады. Іс-әрекетті құқықтық бағалау кең, ал квалификациялау тар немесе нақты ұғым ретінде қолданылады.
Қылмысты әрекеттерге құқықтық бағалау жүргізгенде қылмысты квалификациялаудың бүкіл кезеңі қамтылады және қолданылуға жататын заң бабын табу міндетінен асып, жауаптылықты белгілеуге қатысты жақтарына да назар аударылады. Ал қылмысты квалификациялау ұғымын қолданғанда біз алға бір ғана мақсат қойып, ол қылмысты іс-әрекетті қамтитын немесе толық сәйкестігін білдіретін заң нормасын табуды көздейміз. Яғни жасалған қылмысты іс-әрекетпен, заң нормасы белгілерінің арасындағы сәйкестікті анықтауды міндет тұтамыз.
Жалпы, қылмысқа құқықтық баға беру-қылмысты квалификациялау ұғымдарының арасында елеулі айырмашылық жоқ. Тек қылмысты квалификациялау құқықтық бағалау арқылы іске асырылады деп түсінуіміз керек.
Жасалған іс-әрекеттерге қылмыстық заң нормаларын қолданып баға беруге тек қылмысты квалификациялау ғана жүргізілмейді, сонымен бірге қылмыстық-құқықтық квалификация да жүргізіледі. Қылмыстық-құқықтық квалификациялау ұғымына тек қылмысты деп танылған іс-әрекеттерге қылмыстық заң нормаларын қолданып баға беру ғана емес, қылмыс құрамы жоқ деп танылатын жағдайларға баға беруде жатады. Бұл да қылмыстық құқықтық нормалардың қолдану аясын көрсетеді. Практикада заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келу уақиғасының орын алуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, бірақ тергеу немесе сотта іс қарау кезінде қылмыс құрамының жоқтығына немесе адамның әрекетінде қоғамға қауіптіліктің, сол сияқты кінәнің болмауына байланысты қылмыстық іс қысқартылатын кездер болады. Мұндай жағдайлар қылмысты квалификациялау ұғымына емес, жасалған іс-әрекетке қылмыстық-құқықтық баға беру арқылы іске асырылатын қылмыстық құқықтық квалификациялау ұғымына сәйкес келеді. Яғни қылмысты квалификациялауға қарағанда қылмыстық-құқықтық квалификациялау ұғымы кең мағынаға ие. Анығырақ айтқанда қылмысты квалификациялау қылмыстық-құқықтық квалификацияның бір түрі болып табылады. Бұл пәнде тек қылмысты іс-әрекеттерді квалификациялау мәселесі қарастырылады. Себебі іс-әрекетте қылмыс құрамы жоқ жағдайларды анықтау үшін бір ғана тәсіл қолданылады. Ол қылмыс құрамы элементтерінің түгел емес екендігін анықтау. Іс-әрекетте қылмыс құрамының түгел болмайтын жағдайларын анықтау және ондай кездерде заң нормаларын қолдану көп түсіндіруді қажет етпейді.
Сондықтан іс-әрекетке квалификация бергенде немесе қылмыстық-құқықтық квалификацияда барысында, қылмыстық кодесктің Ерекше бөлімінің нормаларына сілтеме жасау міндетті емес. Мысалы, шектен шықпаған қажетті қорғануда, қылмыскерді ұстау шаралары шегінен шықпай зиян келтіруде тек Жалпы бөлім нормаларына сілтеме жасалына отырып, іс-әрекет квалификацияланады. Мұндай Жалпы бөлім нор-маларын қолданумен шектелетін жағдайларды да құқық нормаларын қолдану қызметіне жатқызуға болады.
Жоғарыда келтірілген анықтама қылмысты квалификациялаудың құқықтық құбылыс екендігін білдіреді, яғни іс жүзінде қолданылу арқылы көрініс табатын және қолдану үшін арнайы ілімі бар құқықтық құбылыс болып табылады. Бірақ қылмыстық заң нормаларын қылмыс-ты іс-әрекеттерге қолдану, яғни қылмысты квалификациялау-құқықтық құбылыстың тек бір түрі ғана болып есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz