«Жұмақ ананың аяғының астында»



1 Кәсіпті дөңгелентіп, бизнесте жүрген аруларымыз
2 Ислам үкімдерін әйелдер де ер кісілерден кем меңгермеген
3 Әйел баласының киімі жайында
Қазақ қашан да ананы құрмет тұтқан. Құрмет тұтпаса «Жұмақ ананың аяғының астында», «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмайсың» деген сөздер бізге жетпес еді. Иә, ананың қоғамдағы ор¬нының қаншалықты маңызды екенін бүгінгі уақыт та көрсетіп отыр. Дені сау баланың өмірге келуі де, оның тәрбиесінің қандай болуы да негізінен анаға байланысты. «Әкесіз жетім – арлы жетім, анасыз жетім – сорлы жетім» деген де сөз бар.
Қазақ әйелі жаугершілікте ер азаматтармен бірдей атқа қонып, ел қорғады, бесік тербетті, халқымызға қалқан болар тамаша тұлғаларды сыйлады. Қазақ тарихында дана әйелдер жетерлік. Олардың есімдері ғасырдан ғасырға жетіп, қазақ әйелдерінің идеалына айналып кеткен. Ондай әйелдер біздің уақытымызда да бар. Қазір қызметпен қоса отбасының шаруасын бірдей алып жүрген апа-жеңгелеріміз, сіңлілеріміз аз ба? Өткен ғасырдың аяқ кезінен бастап біздің қоғамда әйел-кәсіпкер деген ұғым пайда болды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жұмақ ананың аяғының астында
Қазақ қашан да ананы құрмет тұтқан. Құрмет тұтпаса Жұмақ ананың аяғының астында, Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмайсың деген сөздер бізге жетпес еді. Иә, ананың қоғамдағы орнының қаншалықты маңызды екенін бүгінгі уақыт та көрсетіп отыр. Дені сау баланың өмірге келуі де, оның тәрбиесінің қандай болуы да негізінен анаға байланысты. Әкесіз жетім – арлы жетім, анасыз жетім – сорлы жетім деген де сөз бар.
Қазақ әйелі жаугершілікте ер азаматтармен бірдей атқа қонып, ел қорғады, бесік тербетті, халқымызға қалқан болар тамаша тұлғаларды сыйлады. Қазақ тарихында дана әйелдер жетерлік. Олардың есімдері ғасырдан ғасырға жетіп, қазақ әйелдерінің идеалына айналып кеткен. Ондай әйелдер біздің уақытымызда да бар. Қазір қызметпен қоса отбасының шаруасын бірдей алып жүрген апа-жеңгелеріміз, сіңлілеріміз аз ба? Өткен ғасырдың аяқ кезінен бастап біздің қоғамда әйел-кәсіпкер деген ұғым пайда болды. Қазір кәсіпті дөңгелентіп, бизнесте жүрген аруларымыз да аз емес. Мен де сол кәсіпкер әйелдердің қатарынан санаймын өзімді. Қазақстандық әйелдер кәсіпкерлікке еріккеннен келген жоқ. 90-шы жылдарғы әйелдердің басына түскен қиыншылықты болашақта қыздарымыздың басына Алла бере көрмесін. Жұмыссыз қалған әйелдер шиеттей бала-шағаның тамағы үшін ала дорба асынып, ел кезіп кеткені әлі ұмытыла қойған жоқ. Мен ол кезде шалғайдағы Амангелді ауданында тұратын едім. Көп балалы анамын, олардың киімі мен тамағын қалай тауып береміз деген ойды ойлағанда жолдасым екеуміздің де көзіміз шарадай болатын. Әйелдің ақылы мен қайраты, тығырықтан жол таба білетін төзімі көптеген отбасын сол уақыттың қиындығынан аман алып шықты. Оған өзім де куәмін.
Мен үйде қарап отыра алмадым, қазақтың қолөнерін, тігін өнерін жаңғыртқым келді. Құрақ көрпеше, ұлттық киімдер, киіз үйдің бау-шуы мен туырлығы қолымнан өтті. Бірте-бірте тігін цехын ашып, айналамдағыларға жұмыс тауып бердім. Кейінгі жылдары қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып, екі шақырылым бойы Қостанай аудандық мәслихатында тексеру комиссиясының төрайымы болып істедім. Екі жоғары білімім бар.
Алты қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірдім. Осы құлындарымның арқасында Алтын алқа иегері атандым. Жақын уақытта жеңілдікпен зейнеткерлікке шығамын. Балаларыма жоғары, орта білім бердім. Үш баламнан екі немере сүйіп отырмын. Мен қазір де аудандық мәслихаттың депутатымын. Айтпақшы, Қазақстан бойынша депутат әйелдердің арасында Алтын алқа белгісінің жалғыз иегері өзім екенмін.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев мерекеге байланысты әйелдерді қабылдағанда Анаға тағзым күнін белгілеуді ұсынды. Бұл ұсынысты мен қос қолымды көтеріп қолдаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл ұсынысты айтқанда, мереке қатарын көбейтейін деп отырған жоқ. Осы ұсыныстың артында қаншама ой, қаншама іс тұр. Әйелдердің денсаулық, тәрбие тұрғысынан қордаланған проблемалары барлығын да жасырып керегі жоқ. Соның барлығы да шешімін күтеді. Біздің аналарымызға жасалған қамқорлық демографиялық саясатқа барып тіреледі. Жас келіншектер өмірге сәби әкелуі үшін жас отбасыларына қамқорлық қажет, баспана мәселесін жақсарту керек. Бізде қолжетімді баспана бағдарламасы бар, оның игілігін балалар көре бастады. Жас аналарға жеңілдіктерді әлі де қарастыру керек. Бала бағатын жағдай болса, сәби әр үйдің қуанышы, еліміздің байлығы емес пе? Бай болайық, ағайын!
Тарихқа қарасақ, Ислам діні келгенге дейін, әлемде әйел баласының кемсітіліп, көп қағажу көргенін байқаймыз. Әйел затын қорлықта ұстау, адам қатарында санамау, арын аяққа таптау, туған әке-шешесінің мұрасынан қағу сынды, т.б. жаман әдеттер араб қоғамында да бар еді. 
Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, ар-ұяты мен абыройын қорғады. Сүйкімді қыз, сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін өсірді. Дініміздің әйелдерге зор қамқорлық жасауы – барша әйел заты үшін адамзат тарихындағы теңдессіз оқиға болды. Өйткені, өзге елдерде де әйелдің жағдайы тым аянышты күйде еді. Құран Кәрімде 176 аяттан тұратын Ниса (Әйелдер), 98 аяттан тұратын Мәриям деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған. Бұдан басқа, Нұр, Ахзаб, Мұмтахина, Тахрим, Талақ сүрелерінде де дініміздегі әйел адамның орны туралы кеңінен айтылған. Бұл – Ислам дінінің әйелдерге қаншалықты көңіл бөлгеніне дәлел.
Араб қоғамында қыз баланы асыраудан қашатын, ұлды артық көріп, қызды болғанына күйініп, қатты ызаланатындар да бар еді. Бұндай жауыз мінездің асқынғаны сонша – жаңа туған нәзік жанды шарананы шімірікпестен тірідей өлімге қиып, аулаққа апарып көміп тастайтындары да кездесетін.
Қыз баланы бетке шіркеу, сүйекке таңба санайтын надандық әрекет Құранда ащы сынға алынған: Кейбіреулері қызды болғанын естігенде, ашудан жүздері түтігіп, түнеріп кетеді. Бұндай жаман хабардың салдарынан ел көзінен тасаланады. Бұл қорлыққа шыдап, оны асырап-бағу керек пе, жоқ әлде топыраққа көміп тастаған дұрыс па? Қараңдаршы, берген үкімдері қандай жаман?! (Нахл сүресі, 58-59-аяттар).
Сол кезде Жаратушы Ие надандық дәуіріндегі осы бір тағылыққа тосқауыл қойып, қыз баланы өлтірмеуге шақырды: Жарлы күй кешіп, тұрмыс-тіршіліктерің нашар болғандығы үшін балаларыңды өлтірмеңдер! Сендердің де, олардың да ризығын Біз береміз (Әнғам сүресі, 151-аят).
Сондай-ақ, қиямет күнінде бейкүнә сәбилерге көрсетілген жауыздықтың есебі сұраққа алынып, жазасыз кетпейтіндігі ескертіледі: Тірідей көмілген балаларыңа Қандай кінә-ларың бар еді, нендей күнә үшін өлтірілдіңдер?, – деп сұралғанда... (Такуир сүресі, 8-9 аяттар).
Бірде үлкен сахабалардың бірі өткенін еске алғанда, кейде қатты жылағысы, кейде күлгісі келетінін айтқан еді. Қасындағылар мұның себебін сұрағанда: Жылағым келетін себебі – Исламға дейінгі кезде бір қызым бар еді. Төрт жасқа толғанда, көзін құртпақ пиғылмен шөлге ертіп апардым. Шұңқыр қазып жатқанымда, қызым ештеңеден бейхабар күйде менің үстіме жұққан құм-топырақты тазалаумен болды. Қазып болғаннан кейін, қызымды шыңғырып жылағанына қарамас-тан тірідей көміп кетіп едім. Сол бір қатігездігім есіме түскен сайын, еріксіз көзімнің сорасы ағады. Ал күлгім келетіні – жаһил кезімізде ұннан әртүрлі мүсін жасап, соған табынатын едік. Кейде соны отқа пісіріп жеп те қоятынбыз. Сол кезгі надандығымызға қазір күлкім келеді, − деп жауап берген екен.
Демек, Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ қыз ба-лаларға мейіріммен, аяушылық-пен қарауға шақырған. Тіпті бір жанұядағы балаларды да ұл-қыз деп алаламауға тәрбиелеуінің өзі қыз балаларға дініміздің зор көңіл бөлгенін байқатады.
Адамзаттың асылы сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дінді на-сихаттай бастағанда, әйелдер қауымы да оған өте көп қолдау көрсеткен. Айталық, Хадиша анамыздың (р.а.) Исламды алғаш болып қабылдап, бүкіл байлығын дін жолында сарп еткені белгілі. Осы себепті пай-ғамбарымыз (с.ғ.с.): Ел менен теріс айналған кезде, Хадиша маған сенді. Айтқандарымды ешкім қабылдамағанда, мені алғашқы болып растаған сол еді, – деп, оны өмір бойы ұмытпай, жақсылықтарын әрдайым еске алып отырған. Хадиша анамыз (р.а.) мұсылман болған соң, кейін қыздары Руқия, Зейнеп, Үммү Күлсім және Фатима да Ислам дінін қабылдаған.
Қыздары пайғамбарымызды (с.ғ.с.) қатты жақсы көретін. Аяулы әкелерін қорғау үшін өжет мінезге де баратын. Бір күні пайғамба-рымыз (с.ғ.с.) Қағбада намаз оқып тұрған кезде, Әбу Жәһил бастаған бір топ мүшрік бұқпантайлап келіп, мүбәрак басына түйенің ішек-қарнын тастап жіберіп, айыздары қана сыртынан әжуалап күліп жатты. Олардың мазақтаған дөрекі дауыстарын естігенде, Фатима (р.а.) жан ұшыра жүгіріп келіп, мүшріктерге жер-жебіріне жете ұрысты. Жылап тұрып әкесінің үстінен аққан малдың қан-жынын тазалады. Әлгілердің аузына құм құйылып, дереу күлкісін тыйды (Хайсами Али ибн Әбу Бәкр, Мәжмауз-зауаид, VI,13, Каир, х.1407 ж.).
Дін жолындағы осындай табанды ерліктері мен қажырлы еңбектерін бағалап пайғам-барымыз (с.ғ.с.) бірде: Осы дүниеде де, ақыретте де құрметке ие болатын төрт әйел бар: Имранның қызы – Мәриям, перғауынның жары – Әсия, Хуайлидтің қызы – Хадиша, Мұхаммедтің қызы – Фатима, – деген еді (Ибн Исхақ Мухаммед, Сира, ред: М. Хамидуллаһ, Кония, 1981. Б. 228.).
Ислам тарихында алғашқы шейіттің де әйел кісі болғаны баршамызға мәлім. Исламды жарыса қабылдап жатқандардың көпшілігін әйелдер құраған. Айталық, Әбу Бәкірдің (р.а.) үйінің қасына келіп, іштен дауыстап оқылған Құранға құлақ түретіндердің де біразы әйелдер еді. Өйткені, мүшріктер: Әбу Бәкір әйел, бала-шағамызды жолдан тайдыратын болды, – деп уайымдаған (Рыза Саваш, Хаз. Мухаммед (с.а.в.) девринде кадын, Б. 81. Стамбул, 1991).
Тарихшылар сахаба Омардың (р.а.) Ислам дінін қабылдаған қырқыншы ер кісі екенін, оған дейін 39 ер кісі, 10 әйелдің мұсылман болғанын айтады. Алайда, кейбір зерттеушілер Омар (р.а.) Ислам дінін қабылдаған кездегі мұсылман әйелдердің саны ер кісілерден де көп болғанын алға тартады (Бұл да сонда. Б. 82.). Әйгілі Ұхұд соғысына 14 әйел қатысқаны айтылады (Ибн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам діні Қазақстанда
Балжан Бөлтірік қазақтан шыққан алғашқы министр қыз
Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылау
Жасанды түсік немесе баласынан безгендер
Отбасындағы гендерлік тәрбие
ПАЙҒАМБАРЛАР ТАРИХЫ ҒАЛАМНЫҢ ЖАРАТЫЛУЫ
Еркекті адам ететін әйел
8-наурыз мерекесіне арналған сценарий
Қазақ даласының әулиелері мен әйгілі адамдары
Ерте Христиан өнері
Пәндер