Сенега́л


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Сенега́л

Сенега́л (фр. Sénégal), ресми - Сенега́л Респу́бликасы (фр. République du Sénégal) - Батыс Африкадағы мемлекет, атын елдегі өзеннің атынан алып тұр.

Батысында - Атлант мұхиты, солтүстігінде - Мауритания, шығысында - Мали, ал Гвинея және Гвинея-Бисау онтүстігінде. Ел ішінде Гамбия мемлекеті орналасқан.

Колониядан бұрын

XI ғасыр шамасында араб шабуылшылары алып келген ислам елдегі ең маңызды дін ретінде саналды.

XIV ғасырда Сенегал жерінде бірнеше кішкентай елдер болған. Олардың арасында ең күштісі Джолоф империясы болды. Сенегалдың Горе аралы көптеген уақыт бойы ең үлкен құл сату орталығы болып саналды.

XV ғасырда бұл елде бірінші еуропалықтар келді. 1435 жылы Португалияның өкілдері келген. Ал XVII ғасырда француздар Сенегалда бірінші қаланың негізін салған.

Колония кезі

ХІХ ғасырдың екінші жартысында француздар Сенегал ішкі аймақтарын басып бастады. 1860 жылы Елдің ең ірі тайпасының басшысы, Хаджи Омар, Францияның протекторатын мойындады. Ал 1890 жылы қалған тайпалардың бәріде соларға қосылды.

Француздар Сенегалдан арахиспен алған, оған қоса, олар ел аумағынан алтын тапқан. 1885 жылы Сен-Луи-Дакар бірінші темір жолын құрған. 1909-1923 жылдары Дакардан көршілес Мали колониясына темір долын құрған.

Сенегалдың батысындағы 4 аудан тұрғындарына Франция азаматтығы құқығын берген, Франция парламентіне олардан 1 депутат сайланған (бірінші қара нәсілді депутат - Блез Диань (1914-1934 жылдары депутат болған) . Ол Франция колония министрының орынбасарыда болған) . Сол кезде бірнеше оқу орындары құрылған. Олар жергілікті халықтан колония әкімшіліктеріне жұмысшыларды дайндаған. Африка жұртынан Франция әскерінің бөлімшелері құрылған.

1895-1958 Сенегал Франция Батыс Африкасының құрамына кіреді. Оның астанасы болып 1902 жылы Дакар қаласы бекітіледі.

Тәуелсіздік кезеңі

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін елдегі ұлттық қозғалыстар көбейеді. 1958 жылдың 25 қарашасында Сенегал Франция Қоғамының өз өзін басқаратын республика болып жарияланады. 1960 жылы 4 сәуір күні Сенегал мен Француздық Судан бірігіп, Мали Федерациясын құрады. Бұл ел тәуелсіздікке ие болады: 4 сәуір күні келісімге қол қойылады, бірақ ресми түрде тек 1960 жылдың 20-сы маусым күні жарияланады. Содан кейін саяси конфликттердін нәтижесінде, сол жылдың 20 тамызында екігі бөлініп, Сенегал және Мали болып тәуелсіздіктерін жариялайды.

Сол кезден бастап, Сенегалда "африкандық социализм" құруы басталады. 1976 жылы Ата-заңға өзгеріс енгізіледі. Сол бойынша Сенегалда тек 3 партияның жұмысы заңды саналады. Олар: социал-демократиялық, либерал-демократиялық және марксист-лениндық. Бірақ оларға қоса елде бірнеше заңсыз партиялар жұмыс істеген - Тәуелсіздік және еңбек партиясы, Жаңа демократия үшін қозғалыс, Жұмысшылар Бірлестігі. 1980-ші жылдардың басында заңсыз партиялардың көбі заңды түрде ісін бастады.

1982 жылы Гамбиямен қосылып Сенегамбия конфедерациясын құрды. Бірақ одан ештене шықпай, 7 жылдан кейін сол мемлекет жоқ болды.

Елдің онтүстігінде сепаратистік топтар өз істерін жүргізіп келе жатыр.

Саясат жайғасы

Елбасы - президент - 5 жылға сайланады. Ол премьер-министрды тағайындайды. Премьер-министр министрлер кабинетін президент келісімімен құрады. Сенегал Парламенты бір палатыдан құрылған, ол Ұлттық Ассамблея деп аталады. Оның құрамына 120 сайланған депутат кіреді. 1976 жылдан бері елде бірнеше партия заңды түрде істейді. Олардың саны шектелмеген. Қазір Сенегалда 20 шақты партия бар. Сот жүйесі екі Жоғарғы соттан тұрады.

Негізгі саяси партиялары - Сенегал демократиялық партия, Сенегал Социалистік партия, прогрессивтік күштер Альянсы, жұмысшылар партия қозғалысы, Африкандық демократия және социализм партиясы.

Сенегалдың бірінші президенті Леопольд Седар Сенгор (1960-1980 жж. ) . 1981 жылы оны Абду Диуф ауыстырған. 2000 жылдан бері Сенегал президенті Абдулай Вад.

Экономикасы

Сенегал экономикасы аса дамыған емес, шеттен келетін гуманитарлық көмектен тәуелді. ЖІӨ жан басына шаққанда - 1600 доллар (195 орын) . Халықтың жартысынан көбі кедейлік деңгейінен төмен тұрады. 2007 Жұмыссыздық 48 % жетті.

Жұмыс істеушілердің 75 % ауыл шаруашылығында істейді (ЖІӨ 14 %) . Өнімдері - арахис, жүгері, күріш, мақта. Мал және құс ұстайды, балық шаруашылығы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Дәрілік заттардың биотрансформациясы
Таңқурай өсімдіктерін тамырландыру мен жылыжай жағдайына көшіру сатысы
Бұланды ауданы
Батырлар жырындағы тұтастану құбылысы
Пилоттық аймақтағы табиғат ортасының ластануының экологиялық мониторингінің ақпараттық жүйесі
Өндірістіκ καтαлитиκαлық κреκинг прοцесінің зαмαнαуи жαғдαйы
Күнтізбе
Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы зертханасы
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz