Адамды клондау



Жалпы мәлімет
КЛОНДАУҒА КӨПШІЛІК ҚАРСЫ
ЖАСАНДЫ АДАМДАР ЗИЯНДЫ КӨРІНЕДІ...
АЛ, ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?
ДІН ӨКІЛДЕРІ МЕН ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ?
Тірі ағзаның белгілі бір элементін пайдалана отырып, оны тура сондай етіп, көбейтіп шығару үдерісін клондау дейді. Алғашында микробиология және селекция ғылымында пайда болған клондау тәсілі бірте-бірте қанатын кең жая бастады. Жан-жануарларға жасалған тәжірибе жұмысы (кейбірі) сәтті шыққан соң, ғалымдар соңғы кездері адам баласын клондауға талпыныс жасауда.
Адамды клондау дегеніміз - бір адамның ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни, клон-адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс. Осы жұмыспен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға, тіпті баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп, бұл тәсілді одан әрі зерттеп, дамытқанды жөн көреді.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жалпы мәлімет
Тірі ағзаның белгілі бір элементін пайдалана отырып, оны тура сондай етіп, көбейтіп шығару үдерісін клондау дейді. Алғашында микробиология және селекция ғылымында пайда болған клондау тәсілі бірте-бірте қанатын кең жая бастады. Жан-жануарларға жасалған тәжірибе жұмысы (кейбірі) сәтті шыққан соң, ғалымдар соңғы кездері адам баласын клондауға талпыныс жасауда.
Адамды клондау дегеніміз - бір адамның ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни, клон-адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс. Осы жұмыспен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға, тіпті баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп, бұл тәсілді одан әрі зерттеп, дамытқанды жөн көреді. Ал, ғалымдардың екінші тобы қолдан жасалған адамдардың көбеюі қоғамның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін деген пікірді алға тартып, адамдарды клондау әдісіне  қарсы шығуда. 
Шындығына келгенде, адамдарды клондау әдісі әлі жете зерттелмеген. Бұған   жасанды адамдар тобының пайда болуына қарсылық білдірген ғалымдардың дәлелді пікірі себеп болып отыр. Дегенмен, адамдарды қолдан жасаудың бірнеше жолы бар екен. Соның бірі әрі бірегейі - тірі жасушаның ядросынан алынған ДНК-ны әйелдің жұмыртқа жасушасына енгізу арқылы эмбрион жасау. Пайда болған эмбрионды жатырға енгізген соң жасанды баланың іштегі даму кезеңі басталады. Бұл - өте күрделі  процесс, сондықтан бұл жұмыс ерекше сақтықты талап етеді. Жасанды адам жасау әдісін жетілдіру жұмысымен айналысып жүрген итальяндық ғалым Северино Антинори ережеге сәйкес істелсе, бұл жобаның нәтижелі боларына сенімді. Осы әдісті қолдану арқылы ғалым бұдан бірнеше жыл бұрын 62 жастағы әйелдің бала көтеруіне себепші болған.  Аталған жобамен жұмыс істеуге өз елінде тыйым салынғанына қарамастан, Антинори ретін тауып жұмысын одан әрі жалғастыруда. Ғалым сәби сүйгісі келетін 5000 жұптың өзіне сенім артып, бақтарын сынауға келісім бергенін мәлімдей отырып, бүгінгі таңда жобаға қатысушы үш әйелдің аяғы ауыр екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, үшеудің екеуі Ресей мемлекетінің азаматшалары, біреуі мұсылман елінің ханымы болса керек. Аталмыш жобаның адам баласына тек қана қуаныш сыйлайтынын ұтымды пікірлерімен дәлелдеген ғалым көп ұзамай, бұл жұмысының қоғам тарапынан қолдау табатынына сенеді.

КЛОНДАУҒА КӨПШІЛІК ҚАРСЫ
Жасанды адам жасау жобасына АҚШ, Франция, Алмания, Жапония, Ұлыбри-тания, Бразилия, Бельгия, Италия, Испания секілді әлемнің көптеген елдері қарсылық білдіріп, бұл іске тыйым салатын арнайы заң да қабылдады. Адам баласын клондау ісін қылмыс деп санайтын   аталмыш  елдер  мұндай жұмыспен айналысқан адамды қылмыстық жауапкершілікке тартады. Мысалы, АҚШ-та олар 10 жылға бас бостандығы-нан айырылғанымен қоймай, оған қоса 1.000.000 доллар көлемінде айыппұл төлейтін көрінеді. Адамды қолдан жасаушыларға Ұлыбританияда да кешірім жоқ, көзге түскен жағдайда клондаушыларды 10 жылдық түрме азабы күтіп тұр. Көрші Ресей елінде де клондау ісі қолдау таппады. Мұндай жұмысқа 2002 жылы бес жылға тыйым салған ресейліктер биыл бұл мерзімді тағы созды. Көршілер клондау жұмысы әлі толық зерттелмеген, әрі мұндай түйінді  мәселемен  айналысудың әзірге қажеті  жоқ  деп  есептейді. Біздің еліміз де адамды клондау мәселесіне қарсылық білдір-ген мемлекеттер қатарында.  Мәжіліс депутаттары былтыр желтоқсан айында адамды клондауға тыйым салу және суррогаттық аналыққа рұқсат беру жөніндегі Заң жобасын қабылдап, оны Сенатқа жолда-ды. Мұндай қадамға бала кө-теру қабілетінен айырылғандар тілегін ескеру негізінде амалсыз барып отырғандарын айтқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев аталмыш әдіс арқылы сәби сүйгісі келгендердің міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтуі тиіс екендігін ескертті. Ереже бойынша, суррогат ана болуға шешім қабылдаған әйелдің өзінің туған балалары болуы тиіс. Және оның денсаулығы мықты,  жасы 35-тен аспауы керек. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Сәуле Диқанбаеваның мәлімдеуінше, қолдан ұрықтан-дыру жұмысына кем дегенде екі мың АҚШ доллары қажет. Мұндай қаржыны екінің бірі таба алмайтынын жеткізген вице-министр Үкіметтен материал-дық қаржы сұрау үшін құқықтық  құжат қажет дегенді айтты. Денсаулық сақтау министрлі-гінің дерегі бойынша қолдан ұрықтандыру әдісі бойынша елімізде қазірдің өзінде 500 операция жасалған. Мұның сыртында суррогат-аналарды пайдалану арқылы жасалған операциялар да бар, бірақ олардың нақты саны белгісіз. Себебі, мұндай жұмыстар жөніндегі мәліметтер ережеге сәйкес құпия сақталады.
2005 жылдың 19 ақпанында Біріккен Ұлттар Ұйымы клондаудың барлық түріне тыйым салған заң актілерін қабылдады.

ЖАСАНДЫ АДАМДАР ЗИЯНДЫ КӨРІНЕДІ...
Жасанды адам жасауға қарсылық білдірушілер мынан-дай бірнеше пікірді алға тартады. Олардың ойынша, біріншіден, өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генетикалық инженерияның жаңа бағыты – клондаудың мәні мен маңызы
Клондау әдісі
Клондау туралы көзқарастар
Ағзаларды клондау (грек. clon - ұрпақ, бұтақ)
Ағзаларды клондау
Жануарларды клондау
Клондау - организмдерді жыныссыз жолмен көбейту
РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
ДНҚ гибридизациясы
Функционалды геномика
Пәндер