Халықаралық қатынастардардағы меншік мәселелері



Кіріспе

1. Халықаралық қатынастардардағы меншік мәселелері.
2. Шетел инвестициясын құқықтық реттеу .
3. Меншік қатынастарындағы коллизиялық мәселені реттеу.

Пайдаланылған әдебиеттер
Халықаралық дербес құқығындағы меншік құқығы деп тұлғаның халықаралық танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену пайдалану және оған билік ету құқығын айтамыз.Демек халықаралық мүліктік және мүліктік емес қатынастарда меншік иесінің өз мүлкін иелену ,пайдалану және оған билік ету құқығы болады.
Халықаралық дербес құқығындағы иелену құқығы дегеніміз- халықаралық қатынасқа қатысы бар мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Ал халықаралық дербес құқығындағы пайдалану құқығы деп- халықаралық қатынасқа түсетін мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қаматмасыз етілуін айтуға болады.Пайда кіріс, өсім,жеміс,тал алу және өзге нысандарында болмақ.
Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
1. Вельяминов Г.М. Основы международного экономического право.- М.:Наука ,1994 г.
2. Лаптев В.В. Вопросы собственности в современном международном частном праве.Вопросы международного частного права.-М.,1995 г.
3. Богусловский М.М. Правовое положение иностранных инвестиций .-М.,1993г.
4. Боденхаузен Г.Парижские конвенций по охране промышленной собственных.Комментарий.-М., 1977 г.
5. Право и иностранные инвестиций в Республике Казахстан отв. Ред. М.К. Сулейменов.-Алматы,1997 г.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1. Халықаралық қатынастардардағы меншік мәселелері.
2. Шетел инвестициясын құқықтық реттеу .
3. Меншік қатынастарындағы коллизиялық мәселені реттеу.

Пайдаланылған әдебиеттер

Халықаралық дербес құқығындағы меншік құқығы деп тұлғаның
халықаралық танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша
иелену пайдалану және оған билік ету құқығын айтамыз.Демек халықаралық
мүліктік және мүліктік емес қатынастарда меншік иесінің өз мүлкін иелену
,пайдалану және оған билік ету құқығы болады.
Халықаралық дербес құқығындағы иелену құқығы дегеніміз-
халықаралық қатынасқа қатысы бар мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге
асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Ал халықаралық дербес құқығындағы пайдалану құқығы деп-
халықаралық қатынасқа түсетін мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қаматмасыз етілуін
айтуға болады.Пайда кіріс, өсім,жеміс,тал алу және өзге нысандарында
болмақ.
Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Халықаралық дербес құқығындағы меншік иесі өзіне тиесілі
мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға,соның
ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп,иелігінен шығаруға
,өзі меншік иесі болып қала отырып,оларға мүлікті иелену,пайдалану және
оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге
беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге ,оларға өзгеше
түрде билік етуге құқығы бар.Яғни мұнда меншік иесінің өз өкілеттігін
жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтырын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс.Халықаралық қатынастағы құқықтар мен
заңды мүдделерді бұзушылық басқа нысандарымен қатар, халықаралық дербес
құқығындағы меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық
жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін.Дамыған
мемлекеттердің азаматтық құқық нормаларының меншік қатынастарына мына
қағидалар тән болып келеді.
1. Жеке меншіктің қасиеттілігі;
2. Кәсіпкеліктің еркіндігі;
3. Келісім шарт еркіндігі;
4. Азаматтық құқыққа қатысушылардың нарықтағы тең құқықтығы;
5. Құқық бұзушының жауапкершілігі.
Яғни,жеке меншік капиталистік экономиканың темір қазығы.Сондықтан
да дербес құқық жеке меншік құқығын қорғайды делінді.Халықаралық
дербес құқығындағы меншік құқығы кейде мүліктік құқық деп те
аталады.Бұл барлық мемлекеттер құқығының дербес институты ретінде
танылып отыр.Сол арқылы халықаралық дербес құқығындағы меншік құқығы
қорғалып, меншік иесі мүлікті иеленуге ,пайдалануға ,және оған билік
етуге болады.Құқық желісінде мүлікке ие болатын қандай да болсын
тұлғаны қорғау,мүліктен айырылып қалмау принциптері бар.Дамыған ме
млекеттер өздерінің заңдарында мүліктік құқықты қорғаудың дуалистік
түрін жасаған.Демек онда меншік құқығын қорғау мен оған иелік етуді тең
қарастырған.
Шет елдердің азаматтық құқығында азаматтың кәсіпкерліктің
немесе өзге де шаруашылықтармен айналысуға болатындығы тайға таңба
басқандай етіп көрсетілген.Бұл салада заңда тыйым салынғаннан өзгенің
бәріне рұқсат етіледі деген принцип кеңінен қолданылады.Әрі бұл
азаматтық және сауда заңдарындағы ең маңызды мәні бар халықаралық дербес
құқығына тән есептелуде.
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау
табу тиіс.Инвестицилық күрделі қаржыларды ел экономикасына қатыстыру ,әр
түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін . Оған шетел банктері мен халықаралық
ұйымдарадн қарыз алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының
меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жасайды.Мұның өтпелі формасы ретінде
бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы да мүмкін.
Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс.
Біріншіден шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел
жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға кіріседі.
Екіншіден шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар
капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру
тәжірибесін ала келеді.Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін
бірнеше шарттарды орындау қажет.Біріншіден мемлекет шетелдік
инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беру қажет.Екіншіден мемлекет
шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай
жасауы керек.
Қазақстан Республикасының заң шығармашылығындағы шетелдік
инвестицияларды Қазақстан Республикасының экономикасына тартылуының басты
құқықтық және экономикалық негіздерін белгілейді.Шетелдік инвестицияларды
қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін бекітеді.Оларды жүзеге асырудың ұйымдық
нысандардың шетелдік инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін
белгілейді.Инвестиция термині немесе ұғымы мүліктік қазыналардың және
оларға құқықтырдың сондай-ақ пайда кіріс келтіру мақсатында инвесторлар
кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне салынатын интеллектуалдық меншікке
құқықтырдың барлық түрлері түсіндіріледі.

Инвестицияларға байланысты қызмет:
1. Бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды сондай-ақ,шетелдік заңды
тұлғалар филиалдарын құру ,бақылау олардың жұмыс істеу барысымен
таратылуы;
2. Шарттарды жасау және орындау;
3. Интеллектуалдық меншік құқығын қоса алғанда ,алуан түрлі мүлікті
сатып алу және билік ету;
4. Акцияларды облигациялармен басқа да бағалы қғаздармен шығарып алу
және сату;
5. Жерді және табиғи ресурстарды сатып алу,кепілге салу оларды
әлсіздендіру және пайдалану құқықтарын қолданудың басқа да нысаны;
6. Басқа да, мүлік құқықтарын алу,яғни заомдар,несиелер,нысаналы банк
және қаржы салымдарын беру;
7. Инвестицияларға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында
тиым салынбаған өзге де қызмет түрлері ,яғни шетелдік
инвестициялар шетелдік инвестор яғни шетелдік заңды
тұлғалар,шетелдік азаматтар,азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелде
тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасының азаматтары.
Бұл орайда олар шаруашылық қызметті жүргізу үшін азаматтығын алған
немесе тұрақты тұрғылықты жері орналасқан елде тіркелген болуы керек.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
жеке тұлға немесе еліміздегі инвестицияны жүзеге асыратын отандық заңды
тұлға.
Егер еркін экономикалық аймақтар туралы өзгеше көзделмесе,еркін
экономикалық аймақтарды шетелдік инвестициларды жүзеге асыруға ,осы заңның
негізінде қолданылады.Егер Қазақстан республикасының халықаралық шартында
осы заңда бекітілгеннен өзгеше ереже белгіленсе , халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.Шетелдік инвестициялардың кез-келген нысандарымен
соларға Баланысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында
тыйым салынбаған қызмет түрлері Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының
немесе заңды тұлғалардың инвестицияларына қаншалықты қолайлы жағдайлар
жүзеге асырылады.Шет мемлекеттердің және заңды тұлғаларына халықаралық
конвенцияларда сол мемлекеттермен бірлесе отырып,қатысу арқылы жасалған
халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы мынадай артықшылықтар
береді.
Арнаулы Заңдармен реттелетін мемлекетті жекешелендіруге ;шетелдік
инвесторлардың қатысуына;ұлттық инвесторлар жөнінде Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен жауапкершілік егер
заңдарда өзгеше көзделмесе,шетелдік инвесторларға да қолданылуға экономика
мен әлеуметтік саланың басымдық берілген салаларында шетелдік
инвестициялар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша жеңілдіктер
берілуі мүмкін.Шетелдік инвесторлар валюта операциялар туралы заңына
сәйкес белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып,Қазақстан Республикасының
валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес жүргізеді.Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген салықтармен басқа да міндетті
төлемдер төлеген жағдайда шетелдік инвестицияларға байланысты.
Қазақстан Республикасына және одан шетелдік валютамен ақша
аударымдардың бәрі еркін және кедергісіз жүзеге асырылады.Мұндай
аударымдарға атап айтқанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтың коллизиялық мәселелерi
Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
Құқық мирасқорлық теориясының пайда болуы
Халықаралық құқықмирасқорлық институты
Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы
Пәндер