Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Йассауи өмірі

Қожа Ахмет Йассауи- түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі - Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы - Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана) . Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар - медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы - Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Йассауидың алғашқы шәкірті - Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті - Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті - Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі - Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”) . Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Йассауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Йассауидың шәкірттері саналады. А. Беннигсон Қожа Ахмет Йассауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Йассауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Йассауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді.

Диуани хикмет

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ) . Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады. Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Йассауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Йассауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Йассауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні - “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) - “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд) . Бұл жолдағы адам “жаратылған - мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы - “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір - жол” болу екендігін ұғынады.

Йассауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары - хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы - Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай - су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” - дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” - адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік - адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп - рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу - Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында әулие - даңғыл жол, өйткені ол - халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.

Қ. А. Ясауи хикметтерінің тәрбиелік мәні

Қ. А. Ясауидің "мейірімсіз менмендерден қаштым міне" деп жер астына түскеніне де біршама уақыт өтіпті. Қолдағы мәліметгерге қарағанда Ахмет Ясауи Шымкент қаласының шығысында орналасқан Шахияр өзенінің кішігірім саласы Қарасудың жағасындағы Сайрам қалашығында дүниеге келген. Исфиджап немесе Аққала (Акшехир) деп аталған Сайрам маңызды елді мекен болған. Халқы түріктерден және парсылардан тұратын. Кейбір деректерде оның Яссыда туылғандығы жайында айтылғанмен, мұның шындық екендігін растау мүмкін емес. Бір хикметінде туған жерін Түркістан ретінде көрсеткенмен, мұны Яссы қаласы емес, Түркістан аймағы деп түсінсек дұрысырақ болар еді. Туылған жылы нақты белгілі емес. Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жыл деп белгілейді. Қ. А. Ясауи - бүкіл түркі халықтарының атасы, XII ғасырда көне түркі тілінде жазылған " Диуани хикмет" кітабының авторы. Қ. А. Ясауи Исламға шақыруын, насихаттарын хикмет атымен уағыздаған. Бұл таңдау болса керек. Өйткені Құран Кәрімнің Нахл сүресінің 125 аятында: "Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық және көркем үгіт) арқылы шақыр" деп бұйырылған. Хикметтің мағынасын ашатын болсақ даналық, туралық, кәміл ақылдылық, ой пікір, білімділік, өнер дегенді білдіреді. Одан басқа хикмет халал (адал) және харамды (арам) білу, білімді амал жасау мағыналарына келеді.
Өзінің хикметтері арқылы жеті принципін жеткізген:

1 Аллаһқа деген махаббат
2 Ықылас пен шынайылық

3 Адамға деген сүйіспеншілік

4 Кішіпейілділік

5 Әйел мен еркек теңдігі

6 Еңбекті бағалау
7 Ілім мәселесі

"Диуани хикмет" (Даналык кітабы) оғыз-қыпшақ тілінде өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған әдеби туынды. Хикмет тілі дін Исламнан хабары бар жанға жеңіл. Хикметтерді тереңірек үңіліп, мән бере оқыған адам Ясауи жырларының қыпшақ тіліне өте жақын екендігін аңғарады. Сондықтан, Қ. А. Ясауи шығармалары бүкіл түркі халықтарына ортақ рухани мұра. Ақынның шамамен 143 хикметі бар. "Диуани хикметтің" алғы сөзінде жалпы мұсылман дінінің негізгі қағидаларын, шарттарын, парыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік (анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері арнайы сөз болады. "Диуани хикмет" адамзатты имандылыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып жазылған шығарма.

Ақын "Диуани хикмет" еңбегінде адамзатқа ақыл, өсиет айта отырып үлгі, өнеге көрсетуте шақырған.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы болғын,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қожа ахмет иассауи хикметтерінің орыс тіліне аударылу мәселелері
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Омар хайямның ағартушылық ой-пікірлері
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет шығармасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz