Эмоциялар мен сезім туралы жалпы ұғым



Кіріспе

Эмоциялар мен сезім туралы жалпы ұғым.
1 Күрделі эмоция
2 Сезім және адамның жеке басы
3 Балада эмоциялардың дамуі
4 Эмоция мен сезім туралы түсінік.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Адам қабылдағанына (көргеніне, естігеніне), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам өрекетінің, оқиғаларының біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді.
Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып, жеңіске жету не қиын-қыстау жағдайдан өту, қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында ер адам өмір сүре, еңбек ете, күресе отырып, осындай кептеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін сезім (немесе эмоция) деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналадағы заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз (еңбек, оқу, ойын), оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім" дейміз, ол дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім" деп айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді.
1.Намазбаев Ж.И «Жалпы психология»
2. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология»
3. Алдамұратов Ә. «Жалпы психология»
4. Сәбет Бап-Баба «Жантану негіздері »
5. Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері»

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Эмоциялар мен сезім туралы жалпы ұғым.
1 Күрделі эмоция
2 Сезім және адамның жеке басы
3 Балада эмоциялардың дамуі
4 Эмоция мен сезім туралы түсінік.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Эмоциялар мен сезімдер туралы жалпы ұғым

Адам қабылдағанына (көргеніне, естігеніне), істеген ісіне, ойлағанына,
арманына немқұрайлы қарамайды. Адам өрекетінің, оқиғаларының біреулері
бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды
қайнататын жағдайға жеткізеді.
Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып,
жеңіске жету не қиын-қыстау жағдайдан өту, қуаныш пен шаттыққа кенелтеді.
Алға қойған мақсатқа жету жолында ер адам өмір сүре, еңбек ете, күресе
отырып, осындай кептеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін
сезім (немесе эмоция) деп атайды.
Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналадағы заттардың және құбылыстардың
сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің
істейтін әрекетіміз (еңбек, оқу, ойын), оның жетістігі мен кемшіліктері де
сезім туғызады.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып
жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім"
дейміз, ол дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім" деп
айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал
сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға
қатынасын көрсетеді.
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты, көптеген
жағдайларда сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан
ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің
әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл күйіне қарай адам бір
затты өр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала,
жай уақытта еш нәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр
бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты.
Біздің алған барлық әсерлерімізді, яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ,
есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да
болсын бір сезім туғызады.
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік
сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-
біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр
түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын
жұмыстың нөтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс
жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ.
Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер
тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі кеңілі, шабыты сезіммен тығыз
байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады.
Оқу-тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың
есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайдылық туғызатын сабақтан
гөрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі.
Сабаққа үлгірімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім
пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды:
құптамау, ұрысу, жазалаудан, әдетте оқушыларда жағымсыз эмоциялың жағдай
туады, осындай ренішті істі ңайталамауға итермелейді. Тәжірибелі мұғалім,
тиісті әдетті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.
Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның
тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда
көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның
өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.
Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің
мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерді эмоциялардан айыра
білу қажет. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар.
Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы,
полярлық сапалықтар деп атайды. Мыс: сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу,
шаттық-уайым . Осы секілді сапалар өзара полюске ажырасып біріне-бірі
қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың актив (қажырлы) және пассив
(солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке
ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық - (грек сөзі,
қазақша "күшті" деген мағынаны білдіреді), ал бұлардың баяу, солғын
түрлерін астеникалық - (грек сөзі қазақша "әлсіз" деген мағынаны білдіреді)
деп атайды. Біріншісіне - жолдастың, достың, айбаттылық жатса, екіншісіне -
уайым, енжарлық, көңілсіздік сезімдер жатады.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі - жігерлену және кернеуден босану
немесе шешілу. Бұл да - сезімнің қарама-қарсы салаларының бірі. Мәселен,
студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі
шешуші кезеңдер болып табылады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны
зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз
табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қораш, солғьш, селсоқ болуы іске
кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге
қарсы күрессе соны өлердей жек көріп отыруы тиіс. Эмоцияларды бірнеше топқа
жіктеуге болады. Олардың бір тобы - жағымды, не ұнамды эмоциялар деп
аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің
шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мыс: қуаныш,
сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не
ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бүұлар - белсенді әрекетке азды-көпті нұсқан
келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу,
үрейлену, үмітсіздену жатады.

Күрделі эмоциялар
Эмоциялар адамның мінез-құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп, азды-көпті
ұзаққа созылатын, өте берік есерлер туғызады. Кейде сезім кенеттен пайда
болып, қарқынды өтеді, біраң біршама тез басылады. Осы ұзаққа созылатын
қысңа әсерлерді психикалың не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың
қатарына: көңіл-күй, аффект, құмарлың жағдайлар жатады.
Күрделі эмоциялар: күрделі эмоциялардың бірі - көңіл. Кейпіне қарап
адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның
көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі
жақсы жүріп жатса, жанұя жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі
болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері
де әсер етеді. Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның
көңіліне үлкен із қалдырады. Мөселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға
басса, бір нәрсеге қолы жетсе шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ылғи да
сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер
таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді.
Сондықтан да "Көңілсізден күлкі шықпас", "Адам көңілден азады", -деген
мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған.
Көңіл-күй деп -біршама бәсең, бірақ, әжептәуір ұзағырақ, психикалық
процестер мен адамның барлық мінез-құлқында көрінетін жалпы эмоциялық
жағдайларды айтады. Кім болмасын көңіл-күйі нашар болса, ешбір негізсіз,
көңілі жабырқап, не болса соған абыржып қалады. Кей кездерде адам ешбір
себепсіз-ақ шаттық жағдайда болады. Осы кезеңдерде оған барлығы тамаша
болып көрінеді. Басқа көңіл-күйде болса көңілін бөлмейтін нәрсеге ол
қуанады. Былайша алғанда мұндай жағдайлардың себебін табу қиын секілді
көрінеді. Шын мәнінде, адам психикасы, дағдыларының, барлығының себептері
бар. Көңіл-күйдін, нашарлығы кездейсоқ кездесулерден не болмаса ағзаның
физиологиялық жағдайынан тууы мүмкін. Егер осындай жағдайда адамның дені
көңіл сау болса, өзен жағасына жазда келсе, суға шомылып салқындаса, ол
көңілсіз жағдайдан, мүмкін, ада болар ма еді. Көңіл-күйді көтеріңкі ұстау
үшін, күн тәртібінің дұрыстығы, дене шынықтыру, су процедуралары жақсы
көмектеседі.
Адамның көңіл-күйіне өзінің өмір сүріп жатқан ортасы және жұмыс
жасайтын ұжымы үлкен ыңпал жасайды. Уақытында жақсы ұйымдасңан, демалыспен
ауысып келетін сапалы оқу мен ұната істейтін еңбек, әдетте, адамның
көтеріңкі және шаттық кеңіл-күйін туғызады.
Эмоцияның бір түрі - аффектер. Аффектер дегеніміз -қысқа уақытқа
созылса да бүрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі.
Құмарлық — адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын
күшті, терең, тұрақты эмоция. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты
ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлың, ойын құмарлықты ұнамсыз
құмарлық дейміз. "Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет
борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол
", - деп Абай адамға қажетті құмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы
көрсеткен.
Бұл — адамның белсенділігін, күшті оятатын сезім. Құмарлық ұнамды да,
ұнамсыз да болады. Оқуға, ғылымға құмарлық - адамның қабілетін
тәрбиелейтін, мәдениетін байытатын, оң өмірдің талай биік шыңдарына
жеткізетін ұнамды қасиет. Адамның еркін нашарлатып, психикасын аздырып,
берекесін кетіретін ұнамсыз да құмарлық болады. Мәселен, маскүнемдік,
нашақорлық, карта ойнауға құмарлық. Бұл - адамның өзіне де, қоғамға да
зиянды әрекеттің түрлері. Мұндайлармен күресіп, өмірінде ондай жексұрын
қылықтарға жол бермеу керек. Ұнамды құмарлықты тәрбиелеу жанұя мен
мектептің қадірлі борышының бірі болып саналады. И.П. Павлов адам
әрекетіндегі құмарлыққа өте жоғары баға берді. Ол өзінің "Жастарға хат "
деген құжатында "... Үшінші - құмарлық. Ғылым — адамның бүкіл өмірін осы
жолға жұмсауды талап ететінін есте тұтыңыз. Егер сіздің екі өміріңіз болса,
сізге бұл да жетпеген болар еді. Ғылым адамнан аянбай және асқан
құмарлылыңпеун жұмыс істеуді талап етеді. Өзіңізді жұмысыңызда және
өзіңіздің ізденулеріңізде мұндай іске құмар болыңыздар", - дейді.
Жоғары сезімдер. Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа
адамгершілік, эстетикалың, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адамның мінез-құлңынан жиі көрінетін сезім-
дердің бірі - моральдың немесе адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік сезімдерінің тобына: достың, жолдастық, адалдық, ар-
намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, т.б.
Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен
байланысты білуге құмарлық, кудіктену, сенімділік жаңашылдық, болжау.
Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты
сезінуі.
Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны, құрылымы да күрделі
келеді.
Ар-намысты қорғау - аса жарасымды қасиет. Сезімнің осы түрі кебінесе
қайсар, өжет, табанды өрі көздеген мақсаттарына жетпей тынбайтын адамдардан
жиі байқалады. Ар-ұятты ңастерлеу, намысқа тырысушылың - екінің бірінде
кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең
із қалдыратындығы сонша - кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай
алмай ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады. Ұятты адамның іштей ашулануы,
өзінше ашу шығаруы деген екен.
Ал Абай ұяттың 2 түрі бар дейді: оның бірі - надандықтан туатын,
екіншісі — жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас
нәрседен ұялу бұл - надандың, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен
тәжірибенің пайыздығы. Шын ұят ақыл - парасаттың ісі.
Борыш сезімі. Бұл - қоғам, ұжым, жанұя алдындағы міндеттердің санадан
туған әсерлері. Бұл сезім адамды өз борышын орындауға шақырады. Мұны
орындауға ар-ұят атты ерекше әсер көмектеседі. Адамға борыш сезімі білдіріп
тұрғанды орындамай тастап, арамдық жасап, лайықсыз іс істесе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны
Ерік туралы ұғым
Сезім мен эмоция жайлы
Сезім мен эмоция туралы
Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
Адамдардың сезімдері
Сезім мен эмоция
Қарым - қатынас процесі кезінде қоршаған ортаны қабылдау
Қарым - қатынас жайлы жалпы түсінік
Психикалық денсаулық
Пәндер