Тәрбиеші мамандығының тарихы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Балабақшалардың даму тарихы.

Балабақшаның алғаш дүниеге келуі шет елдерде ағылшын педагогы Роберт Оэннің (1771-1858) есімімен байланысты. Ол 1802 жылы пролетариат балабақшаларында қоғамдық тәрбе беретін мектеп-балабақша ашып, «қоғамдық тәрбие ғана жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруға мүмкіндік береді» деп тұжырымдаған. Кейіннен неміс педагогы Фридрих Фребель1837 жылы мектепке дейінгі мекеме ұйымдастырып, оны «балабақша» деп атаған.

Осындай шетелдік тәжірибелердің рқасында Ресейде ХІХ ғасырдың 60 жылдары төлем ақылы, жеке адамның меншігіндегі ең алғашқы балабақшалар дүниеге келе бастаған. Ең бірінщі балабақша 1859 жылы Гельсингфорста (Седмиградский) екінщісі 1863 жылы Петербургте Петербург университетінің профессоры С. А. Люгебильдің жұбайы ашқан, шіншісі - 1863 жылы Гельсингфорста, төртіншісі -1866 жылы Петербургте «Детский сад» журналының редакторы А. С. Семонович ашқан.

Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие жүйесі көптеген сын пікірлерге ұшырағандықтан, басқа балабақшалар өздігінше ізденіс жасап К. Д. Ушинский Л. Н. Толстойдың ой-пікірлерін, көзқарастарына сүйене жұмыс жасаған. Мысалы. 1863-1869 жылдар аралығында С. Люгебиль, А. С. Семоновичтің балабақшаларында тәрбие жұыстарын ұйымдастыру кезінде уақыт мөлшеріне ешбір шек қойылмай, баланың дербес әрекетіне, сүйікті ісімен шұғылдануына мүмкіндік жасап, жылы кезде ойынды таза ауада өткізіп, жыл мезгіліне байланысты тәрбие жұмысы мазмұнына өзгерістер енгізіп отырған. Сонымен қатар ата-аналармен жұмыс жүргізіп, балабақшаға шақырып, бала шұғылданатын іс-әрекеттерімен таныстыру, баланы тәрбиелеу жайында кеңестер бере отырып, баланың дамуын, қабілетін тәртібін бақылап, қол жеткен табысарды жазып отыған.

А. С. семонович, К. Д. Ушинскийдің ой-пікірлеріне сүйене отырып, «теориялық педагогика баланың физиологиялық және психологиялық дамуын зерттеуден қалыптастырды. Үйрету, оқыту - тәрбиенің ең басты құралы. Баланы сәбилік шағынан үйретіп оқытса, оның ақыл-ойы, адамгершілік сана -сезімі, қарапайым білім дағдылары соғұрлым ерте қалыптасады, сол себепті үйрет оқыту мен тәрбиелеу үрдісі біртұтас болу керек»-деп уағыздаған.

1860-1870 жылдары Воронеж, Иркутск, Москва, Петербург, Тбилисиде меншікті төлем ақылы балабақшалар ашылған. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке оқуға даярлау ісін алғаш жолға қойған балабақшалар да болған. Мәселен, 1869 жылы Иркутскіде, Москвада (В № Соловьева), 1872 жылы Тулада (Е. П. Смидович) балабақша-мектеп тәріздес ашылған балабақшаларда тәрбие жұмысын ойынмен аяқталатын сауат ашу, жазу, сурет салу, мүсіндеу, ән айту, шет тілдерін үйрету, тәрбие жұмыстары мен мектепке даярлау істері жүзеге асырылған.

Ресейде 1866 жылы Петроград жұмысшы әйелдердің балалары үшін «Арзан пәтер қоғамының» жанынан қайырымдылық қорымен тұңғыш рет тегін балабақша ашылған. Онда балалар киімін тігетін шеберхана, асхана, кір жуатын орын болған.

Қазақстан Республикасында қоғамдық тәрбие беретін тұңғыш балалар алаңы Верныйда (Алматы) 1917жылы 1-мамыр күні ашылып, жүзге тарта бала қабылданған. Бұл балалар алаңы О. Д. Мухля, Е. А. Минский, А. А. Хариналар қиындықтарды жеңе отырып, ойыншықтармен қамтамасыз етіп, алғашқы кезеңде еңбекақысыз жұмыс істеп, нағыз педагогттік үлгілі істер атқарған.

1919 жылы Торғай губерниясында отыз жеті балалар алаңы ашылып, онда мыңға жуық тұрғылықты халық балалары тәрбеленді. Осы жылы Орынбор қаласында мектепке дейінгі Сәрсенов атындағы балалар үйі ашылып 1926 жылы бұл балалар үйі таратылған. 1920 жылы Ақмолада М. В. Покровский 3 балалар алаңы және қазақ балаларына арналған бірінші балабақша ашылып, онда 35 бала тәрбиеленген. 1921 жылы Семей қаласында 5 балалар алаңы ашылып, оның біреуі қазақ тілінде жұмыс жасаған. Осындай игі істер республикада дами бастап, 1920-1923 жылдары қазақ балалары алаңы мен балабақша саны 90-ға жетсе, 1930-1937 жылдар аралығында 7502 баланы қамтыған 239 маусымдық балабақша оған қоса 1231 бала тәрбиеленген 37 тұрақты қазақ балабақшалары болған.

Сұрапыл соғыс жылдары қазақ тілінде 21 балабақша жұмыс жасаған. Соғыстан кейінгі жылдары 89 қазақ балабақша жұмыс жасап, оның 50-і Шымкент обылысында ұйымдастырылған. Сөйтіп, қазақ тілінде мектепке дейінгі мекемелер саны өсіп, 1978 жылы 535 ясли - балабақшада 26122 бала тәрбиеленген, 1986 жылдары - 990 қазақ балабақшаларында 65 мыңнан астам бала тәрбиеленген.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңына сәйкес қазақ тілді балабақшалардың өміршеңдік құқығы жоғары болуға тиіс еді, бірақ жылдан жылға азайып, 2001 жылы 280ғана балабақша қалып, онда 19959 бала тәрбиеленді. Бұрын бірде бір қазақ балабақасы болмаған Алматы қаласында Б. Баймұратқызының тікелей мәселе көтеріп, сұраныс жасауымен алғашқы балабақшалар дүниеге келе бастады. Қазақ балабақшаларының ашылуына белсене атсалысқан ақын жазушылар Шона Смаханұлы, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ә. Дүйсенбаевтар, Б. Баймұратқызы көтерген аса маңызды мәселені толық ниетпен құптап зерттеген ғалымдар.

Қазақстан Республикасында аса қиындықпен шаңырақ көтерген қазақ балабақшаларының тартыспен дүниеге келгендігіне тарихи дамуына Б. Баймұратқызының адал да қажымай еңбек етуінің айғағы екені сөзсіз. Сол себепті біз апайды қазақ тілді тұңғыш балабақшалардың тұңғыш негізін қалаған, мектепке дейінгі тәрбиенің педагогика саласында тұңғыш рет қалыптасуына ықпал жасаған педагог - ғалым.

Р. Жұмағожина «Ұлы Отан жылдарындағы балабақшалардың дамуы» (19441-1945ж. ж) тақырыбында зерттеу жұмысын жүрізді. Ал, 1981 жылы «Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану» көмекші құралы жарық көрді. Автор ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалануда тәрбиешілердің атқаратын жұмыстарына тоқталған. Ертегі түрлерінің балабақша бағдарламасында сабақта өткізсе, күннің жартысында « Ойыншықтармен ойын көрсету» ( қуыршақ театры), «Көлеңке театры», «Ертегіні драмалау» және т. б. арқылы баланың тілін дамытуға болатынын, немесе үнтаспаға жазылған және көркемсөз шеңберлерінің оқыған ертегілерін тыңдау ұсынылды. Р. Жұмағожина -мектепке дейінгі пещдагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесінің қосқандарының бірі.

Профессор А. Меңжанова «Балаларды көркем шығарнма туындылары арқылы адамгершілікке және еңбекке тәрбиеле» (1999) монографиясында мектеп жасына дейінгі балаларды әдеби шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу мәселелеріне қарай таңдап пайдалану ұстанымдары және оларды тәрбие жұмысында қолдану жолдары жөнінде ғылыми тұжырымдар берілген. 1992 ЖЫЛЫ ПРОФЕССОР а. Меңжанованың «Мектепке дейінгі педагогика» деп аталатын, жоғары және арнайы кәсіптік білім беретін оқу орындарында арналған оқу қралы жарық көрді. Тағы осы сияқты ғалым-ұстаздарымыздың еңбектері орасан зор.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігі.

Жаңа қоғамның ртеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен баланың нәрестелік шағынан бастайды., үздіксіз ұдайы даму барысында қалыптасады. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттер жүктейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастырудың білім біліктерін жетілдірудің әлеуметтік мәні зор.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын.

Сондықтан оның мәні ерекше . Қазқ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев « ойын ойнап, ән салмай өсер бола ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуына, тілінің дамуына, сауатының ашылуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиеленудің құралы - ойын. Болашақ қоғамның тағдыры да осы бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамда дамытушы да, ілгері апарушы да осы балалар. Тәрбиенің сан алуан мәселесін шешетін қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы - балабақша.

Балабақшаның негізіг міндеті-баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Осы кезеңде бала оқу мен, тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, жеке гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады. Балабақшаның әр тобы күн кестесімен жұмыс жасайды.

Балаларды оқуға дайындау балалық шақтың барлық кезеңіне қарамстан мектеп жасына дейінгі бүлдіршінді мектепке даярлау оқудың баспалдағында тұрады. Демек, мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау әрекетін амытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана үйрету қажеттігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы мектеп жасына дейіні балалардың танымдық әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Сондықтан да мектеп джасына дейінгі балалардың ой-өрісін, білім, дағды деңгейлерін кеңейту, оқу т танымдық әрекетін қалыптастыруымыз қажет-ақ.

Оқу және танымдық әрекеттерді қалыптастыру мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамыьтудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы жаста баланың психикалық дайындыққа және дне дамуының негіздері басталады, сондай-ақ алғашқы икемділіктері мен қабілеттері қалыптасады.

Мектепке дейінгі жас кезеңі өзіндік ерекшелікпен сипатталады, өйткені осы жас аралығындағы бала өзіндік тұлға ретінде қалыптасады. Бұл жөнінде ғалымдар Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. Б. Усова, В. В. Запорожец және т. б. зерттеулері мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекеті, танымдық әрекет, сөзі баланың әлеуметтік тәжірибені игеру үрдісінщде қалыптасатынын көрсетеді. Қазіргі мектеп жасына дейінгі балалрдың оқу - танымдық әрекетке қызығушылықтары мен ынта-ықыластарын қалыптастыру арқылы олардың белсенділігін арттыру маңызды. Мәселен Л. С. Выготский ол туралы былай деген: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін барлық күш жігерін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал тәрбиеші болса, тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек».

Таным мен оқу арасындағы жалпы ортақтастық көп. Бала қоршаған дүниені тану арқылы дамиды кемелденеді.

Мектеп жасына дейінгі оқыту мен тәрбие теориясын дамытуға Швецарияның аса көрнекті педагог-демокрит И. Г. Пестолоции мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін дамытудағы тәрбиешінің рөлін ерекше атап көрсетті. «Баланың әрбір сөзі, әрбір әрекеті» деп жазды. Песталоци, - бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі. Осы пікірге сүйене отырып, ол баланың танымдық әрекетін дамытуға әсер ететін оқытудың эвристикалық бақылау әдістемесін жасайды. Песталоцидің жұмыстарында мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың сипаты жеткілікті түрде көрінеді. Ол оқытуда жаттығу, бақылау арқылы баланы жан-жақты дамыту, дұрыс, айқын түсініктерін қалыптастыру тәрізді ортақ мақсаттар қоя отырып, Я. А. Коменский сияқты ол да баланың ұйымдасқан болуы қажеттігін басқа көрсетті.

Оқыту арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинағанасыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана бала ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Тәрбиеші баланың жаңа білімді қабылдауына, бұрынғы өзінде бар біліммен байланыстыруына, ой қортындысына дұрыс тұжырым жасаына көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі оқыту әдістемелік жақтан балалардың жас ерекшеліктері мен міндеттерді ескере отырып, жете зерттеген дидактикалық материалдар мен құралдарды пайдаланумен ерекшеленеді. Ғалым Фребельдің дидактикасына тән ерекшелілік - балалардың жас тұтас тобымен сабақ түрінде тәрбиеші жүргізетін тікелей оқыту болып табылады. Ол балалардың ерекшелігін, қажеттілігін ескеріп, ойын формасы арқылы ойлауға үйрететін ойын-сабақты ұсынды.

Оқу әрекеті - балалардың негізіг әрекеті болып табылады. Ол өте күрделі құблыс. Оқыту үрдісінде балаларда оқу жұмысы - баланың ақыл -ойы жұмысын белгілі бағытқа жұмсау қабілетін жасау және онымен байланысты тыңдау, есту, қарау, көру, қабылдау және тану үрдістері қалыптасады.

Балабақшада оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары .

Қазіргі кезде білім беру саласында әлемдік білім кеңестігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Оқыту әдісі дидактикалық негізгі бір құрамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұнды әдістері және ұйымдастырудың формаларының біртұтастығы болып табылады. «Әдіс» деген сөз гректің «метотос» деген сөзінен шыққан. «Метод» деген ұғым - белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны біліреді. «Әдіс-дәл, жалпы мағынасында мақсатқажету, іс-әрекеті нақты ретке келтіру тәсілдері.

Біздің балабақшада әдістемелік жұмыстардың дұрыс , тәрбиешілер жоспарда көрсете отырып, сабақтарын қызықты, ұтымды өткізіп, балалардың тілін, ақыл-ойын танымдық қабілеттерін дамытуда. Олар сабақта әр түрлі әдістерді. Әңгімелесу, көрсету, әңгіме, кітаппен жұмыс әдістері сөздік әдістері, практикалық, проблемалық, көрнекілік, көркем әдебиетпен өнер құралдарын пайдалану әдістері т. б. пайдалануда әдістемелік кеңес кезінде тәрбиешілерге әдістердің түрлерін білуіне және өз жұмыстарында оларды пайдалану үшін Монтессори, Глена Домана, Никитин, Зайцев, Глюшинский әдістерінен кеңес берілді. Атап айтсақ Монтессори-саусақ арқылы, моншақтарды тізу, орналастыру, саусақ қимылдарын дамыту.

Глена Домана-жан-жақты жануарлар туралы әңгіме жүргізу арқылы танымын сөздік қорын дамыту.

Никитин-тапсырмаларды алдын ала дайындау.

Зайцер-әр түрл

ХҮІІ ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы

Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.

Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты) . Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.

ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты, оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я. А. Коменский 1592 жылы 28 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.

Я. А. Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.

Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы бүкіл чех халықмен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі Я. А. Коменскийге өз отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында орын тапқан Я. А. Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол гимназия басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары мен тәсілдері кеңінен мадақталды.

Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі “Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.

“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы - дмдактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т. б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.

1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы “Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.

1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.

Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “чех ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.

Сол кезеңдегі материалистік бағыттар айтқанда, ең алдымен дүниенің шексіздігі туралы ілімді (Бруно) Беконның философиясын, ағылшын материализмнің негізін салушы ол ғылыми білімнің негізіне бақылауды, тәжірибені индукцияны алды және ол таным қабылдаудан басталды, біздің ойымызда түйсіктерден басқа ештеңе болмайды деп үйреткен болатын-ды.

Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуірін табиғаттың алдында бас ию, оның адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті. Каменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылығы. Мәселен, Коменский көзқарасында материализм элементтерін аңғаруға болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға болады.

Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Мұғалім мамандығының ерекшелігі мен оның даму жолдары
Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы орны
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Тәрбиеші міндеттері мен ұйымдастырушылық қызметі
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамытудың өзекті мәселелері
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары
Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде зерттеу пәні және мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz