Ел экономикасына шетелдік несие ресурстарын тарту және қолдану


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМ¥НЫ
Кіріспе 3

Бөлім 1. Халықаралық капитал қозғалысындағы несие қатынастарынын
мәні 6

1. 1 Халықаралық несиелеудің ролі мен несиелеу нысандары 6

1. 2 Несиенің халықаралық инвестициялардағы алатын орны мен
манызы 11

1. 3 Халықаралық несие және сыртқы қарыздың байланыстары 16

Бөлім 2. Ел экономикасына шетелдік несие ресурстарын тарту және

қолдану мәселелері 21

  1. Шетел инвестицияларын тартудың құжықтық негіздері: элемдік тәжірибе және Қазақстандағы жағдай 21
  2. Сыртқы қарыздың үйлесімді деңгейі және оны басқару тэсілдері 28

Бөлім 3. Қазақстан Республикасындағы сыртқы қарызды басқару

мәселелері 35

  1. Қазақстан экономикасына шетелдік несие ресурстарын тартудың қазіргі жағдайы мен мәселелері 35
  2. Қазақстан Республикасының казіргі сыртқы қарыз жағдайы мен сыртқы қарызды өтеу мәселелері 45

Қорытынды 56

Қолданылған әдебиеттер тізімі 59

КІРІСПЕ

Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму бағытының өзгеруі осы елдер ішінде қандай болса, әлемдік нарықта да соншалықты экономикалық өзгерістер туғызды. Дамушы елдерде қаржы құралдарының жетіспеуі, ал дамыған елдерде олардың молшылығы бір жағынан елдерді экономикалық әр сатыға бөлсе, екінші жағынан халықаралық қатынастардың дамуына әсерін тигізді. Халықаралық қатынастардың дамуы, өз негізінде, нашар дамыған елдердегі технологиялық процестің жылдамдауына ықпал жасады.

Осы сыртқы қаржы құралдарын пайдалануда ең маңыздысы халықаралық еңбек бөлінісін тереңдету, тиімді экономикалық механизмдерді жандандыру, сондай-ақ мемлекеттік мүддемен байланысты стратегиялық бағдарларды анықтау тәрізді экономиканы реформалаудың тактикалық мәселелерін кешенді шешу. Сонымен әлемдік тәжірибеден елдер экономикасы алдында туындаған нақты мәселелерді шешуде сыртқы құралдарды тиімді әрі орынды пайдаланудың үлгілі нәтижелеріне көз жеткізуге болады. Осыдан келіп өтпелі экономикадағы көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан да, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығуда халықаралық қаржы құралдарын өте маңызды факторлардың бірі есебінде қарастыра бастады.

Алайда көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құраддар ағымының өсуі жаңа бір мәселені - сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек мәселесін туғызды. Ал дамушы елдерде сыртқы берешектің өсуі ірі ғалами экономикалық мәселелердің біріне айналды, яғни валюта-қаржылық мәселеден елдердің басым көпшілігінің мүдделерін қозғайтын халықаралық мәселеге айналды.

Қарыз мәселесінің шиеленісуі дамушы елдерге қандай болса, дамыған елдерге де соншалықты әсер ететін, тіптен бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін соңы насырға шабатын экономикалық және саяси зардаптар әкелуші дағдарысты жағдайларды жеңу жөнінде белгілі бір шаралар жасап, жүзеге асыру қажеттіліктерін туғызды.

Карыздық реттеудің халықаралық механизмдері халықаралық валюта-несиелік қатынастарға айтарлықтай әсер ете отырып қарыз дағдарысын сәл де болса бақыланатын жағдайға ауыстыруға ықпал жасады. Әйткенде де қарыз мәселесі созылмалы түрге ие болып көп жағдайда дамушы елдердің элеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына, жалпы элемдік экономика жағдайына кері әсерін тигізуде.

Сондай-ақ тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан Қазақстан Республикасы да сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді жүргізе бастады. Осы мақсатта мемлекеттің құқықтық, саяси, экономикалық, ріымдастыру мүмкіндіктері жұмылдырылды. Сыртқы құралдарды тарту үтпін еыртқы секторды дамытудың заңды және институционалды негізі жасалынды. Маңызды экономикалық және саяси шешімдер капитал экспортерлерінің талап-тілектерінің ерекшеліктерін, республика мүддесін есепке ала отырып жасалынды. Екінші жағынан үстанған саясаттың негізгі мақсаты - дағдарыстан шығу үшін және экономикалық өсімге қол жеткізу үшін келуші қаржы кұралдарын тиімді қолдану болды.

Алайда ұлттық экономикада шетел капиталының айтарлықтай көлемі тұтынылғанына қарамастан, алға қойылған мақсаттар толықтай жүзеге аса койған жоқ. Сонымен қатар борыш міндеттемелерін туғызушы, халықаралық несие тәрізді, кейбір қаржы құралдарының ойдағыдай деңгейде мақсатқа сай тартылмауы, тиімді пайдаланылмауы мемлекетке сыртқы қарыздың өсуі турінде шығындар экелді.

Осы мәселелерге байланысты дамушы елдердің сыртқы қарызының ерекшеліктерін және ел экономикасына салынатын шетелдік инвестициялар кұрылымын зерттеу және де өтпелі экономикадағы елдер, оның ішінде Казақстан экономикасындағы сыртқы қарыз жағдайын, оның құрьілымын толық талдау ғылыми және практикалық түрғыдан аса өзекті және маңызды мэнге ие. Сондықтан да элемдік экономиканың осы құбылысын кешенді талдау әрекеті тек оның экономикалық табиғатын және келешекте мүмкін

4

тенденцияларын айқындау ғана емес, сонымен қатар елдің жалпы экономикалық тұрақтылығын қалыптастыруда қарыз мәселесі жағдайын болдырмау мақсатында нақты практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсаттарына да

көзделген.

5

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ НЕСИЕ

ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МӘНІ

1. 1 Халықаралық несиелеудің ролі мен несиелеу нысандары

Сыртқы қаржы құралдары алушы-елге өзінің экономикалық өсу қарқынын үлкейтуге мүмкіндік туғызады. Бұл ресурстар инвестициялауға арналған ішкі жинақты толықтыра отырып даму барысын жылдамдатады.

Халықаралық несиелеудің борышқор-ел жағдайына әсерін алып қарайтын болсак оның жағымды әсері де, кері әсері де бар.

Халықаралық несиелеудің жағымды ролі - өндіріс күштерінің дамуын жылдамдату. Ұдайы өндіріс барысының тездетілуіне халықаралық несие келесі бағ ыттар арқылы әсер етеді:

  • елдің сыртқы экономикалық қызметін ынталандырады. Сондай-ақ ел экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін жағдай жасайды;
  • жекеменшік шетел инвестициялары үшін халықаралық несие қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз етеді. Әдетте бұл халықаралық капиталға қатысы бар банктер мен ұлттық Кәсіпорындар позициясының нығаюына ықпал жасайды;
  • елдің сыртқы экономикалық байланысына қызмет көрсетуші валюталық операциялар және халықаралық есеп операцияларының үздіксіздігін камтамасыз етеді;
  • елдің сыртқы саудасының және де басқа сыртқы экономикалық қызмет түрлерінің экономикалық тиімділігін арттырады.

Ал, кері әсері халықаралық несиелеу қайшылықтарының одан ары шиеленісе түсуінде. Халықаралық несиелеудің кемшіліктері:

- бір жағынан борышқор-ел өндірісінің дамуын тездетуге ықпал жасаса,
екінші жағынан кей тауарларды артық өндіруге ықпал жасауы мүмкін. Ал бұл
экономикадағы үйлесімсіздікті тереңдете түсуі мүмкін;

6

  • экономикада үйлесімсіздіктің күшеюі, көбінде, элеуметтік мэні зор салалардың кешендеп қалуына байланысты. Несие табысты салалардың (мүнай, іаз және т. б. ) дамуын жеңілдеткенімен, шетел капиталы аз тартылатын садалардың (мал, ауыл шаруашылығы) дамуын тежейді;
  • өндірістің бірдей емес өсуі жағдайында (капиталды тиімсіз қолдану саддарынан туындайтын) қарыздық капитал қүйылуы ақша айналымының және несиенің, валюта жүйесінің, төлем балансының, жалпы ұлттық экономиканың таұрақсыздығының күшеюіне әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, егер дамыған елдер несиелік құралдарды негізінде жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыс бастылықтың жоғары деңгейін сақтау үшін кедданса, дамушы елдерде бұл құралдар көбінде тек инвестициялауға немесе бюджет тапшылығын толықтыруға арналған ішкі ресурстарды қосымша жлтыктырады.

Сонғы жылдарда бара-бара кеңейіп келе жатқан, дамушы елдерді несиелеу нарығы - өзіндік несие күрылымын құруға экелді. Дамушы елдерді несиелеу Еысандарын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін және дамушы елдерге "көмек көрсету" мәселелерімен айналысушы Дамуға жәрдемдесу Комитеті анықтайды. Бұл ұйым дамушы елдерді халыкаралық несиелеу бойынша статистикалық мәліметтер жинағын жүргізіп, оеын толық жариялануын жүзеге асырады.

Енді дамушы елдерді несиелеу түрлерінің жіктеуін қарастырайық (1-сурет) [1. 8 6. ] .

Ресми қаржыландыру көздері болып мемлекеттер үкіметі және көпжақты уйымдар табылады. Бұл ресми көздер дамушы елдерде мемлекеттік сектормен қатар жеке секторларды да қаржыландырады. Және коммерциялық көздермен салыстырғанда қарыз алушыға тиімдірек шарттар қояды. Дамуға жәрдемдесу Комитеті қаржы құралдарының ресми көздерін дамуға ресми көмек және де баска дамуды ресми қаржыландыру деп жіктейді. Осы Комитет анықтамасы боіынша дамуға ресми көмек үкіметтік органдар мен көпжақты ұйымдардың

7

экономикалық дамуды немесе эл-ауқатты қолдау мақсатында беретін субсидия немесе несиеден түрады. Субсидия (немесе грант) - бұл қайтарымсыз берілетін құралдарды білдіреді. Және де қайтарымсыз негізде

1-сурет. Дамушы елдерді несиелеудің негізгі түрлері.

табыстау үшін белгілі бір тауарларды, қызметтерді немесе қаржы құралдарын бөлу міндеттемесін қарастырушы заңды құжатты білдіреді. Табыстау операциясы трансферт деп аталады. Ал несие - ақша немесе тауарларды қарызға, эдетте, пайыз төлеу шартымен берілетін белгілі ақша сомасы. Дамушы елдерде жиі қолданылатын сыртқы капитал түрлерінің бірі қарыз. Қарыз (заем) дегеніміз несие берушінің қайтарымдылық және басқа да күні бүрын ескерілген талаптардың шарты негізінде қарыз алушыға ақшалай қаражат беруі. Қарыз алушы берешек (әдетте, пайыздық төлем, сондай-ақ мерзімі өткен жағдайда айыппүл) борышқорлық міндеттемелер шартына немесе алдын ала ескерілген графикке сәйкес өтелуі қажет.

Дамуға ресми көмек құрамында болып тек жеңілдікті шартта берілуші, яғни 25%-дан кем емес грант-элементке ие, қаржылық ресурстар ғана саналады. Грант-элемент берілген несиелердің жеңілдік деңгейін, яғни оның грантқа

8

(субсидияға) жақындау деңгейін көрсетеді. Грант-элемент берілген несиелердің номиналды сомасы мен оның дисконтталған ағымдағы құны арасындағы (несиенің номиналды сомасынан пайызбен көрсетілген) айырманы көрсетеді.

Дамуға ресми көмек екі құрамдас бөліктен тұрады. Мұның біраз бөлігі Дүниежүзілік Банк, аймақтық даму банктері тәрізді халықаралық қаржы ұйымдарының үлесіне тиеді. Ал 50%-дан астам негізгі бөлігі тікелей ұлттық көмек агенттіктері, яғни екіжақты негіздегі дамуға ресми көмек үлесіне тиеді.

Ірі несие беруші-елдерде дамуға ресми көмекті жүзеге асыруға қажетті құралдар мемлекеттік бюджеттен бөлінеді және парламент бақылауында болады. Көп жағдайда дамуды ресми қаржыландыру алдын-ала ескерілген жобаларға және мақсаттарға беріледі.

Дамуды ресми қаржыландыру - тек қана дамушы елдерге қатысты қолданылатын ерекше қаржы-несиелік механизм. Бүның берілу негізі осы елдердің экономикалық артта қалуын аластату үшін қолданылуы. Ең бірінші, дамуды ресми қаржыландыру және дамуға ресми көмек АҚШ президенті Г. Трумэн (1949 жыл) билігі кезінде енгізілді және алғашқы кезде тек саяси мақсатта жүргізілді. Алайда уақыт өте келе, қаржыландыру және несиелендірудің осы түрлерінің өсуіне қарай оның мақсаты да көп ауқымды қамтып, элеуметтік-экономикалық бағытта өрби бастады.

Бүтінде дамуға ресми көмек саласымен келіп түсетін жеңілдік несиенің жартысынан көбі, мемлекет тарапынан көп көңіл бөлуді талап ететін, элеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін қолданылады. Сонымен қатар, элеуметтік инфрақұрылымның дамуы, өз кезегінде, жеке инвестицияларды тартуға, басқа салалардың дамуына өз әсерін тигізеді. Осының нэтижесінде, дамуды ресми қаржыландыру саласында жол, білім беру, денсаулық сақтау объектілері элі де болса ерекше болып қалуда.

Дамуға ресми көмек күрамына кіретін техникалық көмек ретінде эртүрлі салалардағы көмек көрсету түсіндіріледі: оқыту, кеңес, ұйымдастыру және оқытуға қолданылатын құрал-жабдықтарды сатып алу. Дамуға ресми көмек

9

шеңберіндегі қаржылық көмек төлем балансын, тауардың сыни импортын және инвестициялық жобаларды қолдауға бағытталады.

Шетелдік көмектің кей түрі жеңілдіксіз жағдайда беріледі. Мысалы, Дүниежүзілік Банк несиелерінің грант-элементі төмен. Мүның себебі, банктің қаржылық нарықтарда құралдарды қарызға алып, кейін оны дамушы елдерге қарыз беруші қаржылық делдал ретіндегі жаратылысы. Аймақтық даму банктерінің де қызметі осыған негізделген. Алайда көпжақты қаржылық ұйымдар өз пайдасын көбейтуге үмтылмайды. Олар өз операцияларын экономикалық қайта құруды және дамуды қамтамасыз ете алатын өрістерге жүмылдырады.

Қаржы құралдарының тағы бір түрі экспорттық несиелер - бұл тауарлар мен қызметтерді нақтылы сатып алуды қаржыландыруға арналған несие құралдары. Экспорттық несиелер: тікелей экспортерлар немесе мердігерлер (жабдықтаушы несиесі) ; экспортерларға қызмет көрсетуші коммерциялық банктер (сатып алушыларға несие) немесе экспортер-елдердің арнайы мемлекеттік агенттіктері (ресми экспорттық несиелер) арқылы беріледі.

Әлемдік күнды қағаздар нарығы несие нарығына қарағанда, дамушы елдердің сыртқы қаржы құралдары көздерінде болмашы роль атқарды. Қарыз алушыға белгілі бір талаптар қойылатындықтан, дамушы елдердің бұл нарықтың белсенді мүшесі болу мүмкіндіктері аз. Мүнымен қатар Қазақстан Республикасының шетел капиталын қолдану жөніндегі Комитетінің (КИИК) несиелеу жіктеуін қарастыруға болады (А-Қосымша) .

Жалпы қорыта айтқанда, несие бұл несие алушыға белгілі бір шарттар негізінде берілуші ақша қозғалысының ерекше түрі. Сондай-ақ қоғамдық өндіріс барысын жылдамдатушы, экономиканың үздіксіз құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асыруда негіз болушы және де өндіріс тиімділігінің жалпы көтерілуін қамтамасыз етуші нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі.

10

1. 2 Несиенің халықаралық инвестициялардағы алатын орны мен

маңызы

Несиелік қаржыландыруды тиімді пайдалана білу экономикалық дамудың тездетілуіне септігін тигізеді. Шынында ел капитал қорлануын тек ішкі жинақ қорды жүмылдыру арқылы ғана емес, сондай-ақ оны басы артық ақша қаражатына ие елдерден тарту жолымен де қаржыландыра алады. Сыртқы несиені пайдалануда елдің үтатыны экономиканың тезірек дамуы. Алайда, егер ел сыртқы қаржыны тартатын болса, онда ол сыртқы қарызды басқару жүйесін құруы қажет: орынсыз және шектен тыс шеттен алып пайдалану борыштық міндеттемелерді туғызады. Ал бұл өз кезегінде келешекте экономикалық саясат жүргізу еркіндігінің шектелуіне елеулі әсерін тигізеді.

Дүниежүзілік капитал нарығы түрлерінің бірі - дүниежүзілік инвестиция нарығы. Сондай-ақ оны ұлттық бизнесті жандандыру мақсатында шетел капиталын тартудың ең дамушы түрлерінің бірі ретінде сипаттауға болады.

"Инвестиция" термині ағылшын тілінен аударғанда "іпуезітепіз" - "күрделі қаржы жұмсалымы" дегенді білдіреді. Сонымен "инвестиция" және "күрделі қаржы жүмсалымы" сөздері синонимдер болып табылады.

Жалпы қабылданған терминология бойынша "күрделі қаржы жүмсалымы" ұғымы бір мезгілде осы эрекеттің қимылын да, нэтижесін де білдіреді, яғни инвестиция шешімі де, инвестицияланатын игілік те.

Ал күрделі қаржы жүмсалымы - негізгі қорларды Ұдайы өндіру, оның өсуі және толық жетілдіру шығындары .

М. И. Кулагин экономикалық мағынада инвестицияны мынадай деп түсінуді ұсынады: Пайда алу мақсатында өнерКәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және де басқа ұлттық экономика салаларына ұзақ мерзімді қаржы бөлу .

Қазақстан Республикасының "Шетел инвестициялары туралы" Заңы бойынша "инвестиция" ұғымы былай түсіндіріледі: "мүліктік қүндылықтардың барлық түрі және оларға ие болу құқығы, сондай-ақ пайда (табыс) түсіру

11

мақсатында инвесторлардың Кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салған зияткерлік меншікке құқығы" (1-бап) [9, 1-бап] .

Жалпылама алғанда инвестицияны нақты және қаржылық инвестиция деп екі түрге бөлуге болады. Әдетте қаржылық инвестициялар ретінде жай акциялар және облигациялар қарастырылады. Ал нақты инвестицияларға материалды ұстауға, көруге болатын активтердің (жер, құрал-жабдық, зауыт тәрізді) қандай да бір түріне салынған инвестициялар жатады [9, 1-бап] . Қазіргі кезгі экономикада инвестицияның үлкен бөлігін қаржылық инвестициялар құрайды. Қаржылық инвестициялау институттарының жоғары деңгейде дамуы нақты инвестицияның өсуіне де ықпал жасайды.

Кез-келген ел экономикасында инвестициялық өріс негізгі болып табылады, және елдің экономикалық дамуын анықтайды, ал инвестициялық саясат экономикалық саясаттың басым өрісі. Әлемдік тэжірибе бойынша, экономикалық даму мәселесін шешуші ел жалпы ішкі өнім өсімінің эр пайызына жалпы ішкі өнімнің 3%-дан кем емес мөлшерінде өндірістік инвестиция бөлуі тиіс. Өндірістік дамыған елдердің (АҚШ, Жапония, ¥лыбритания және т. б. ) экономикалық кезеңдерін қарастырсақ, соңғы кезде барлық жағдайда дерлік осы елдердегі жоғары инвестициялық белсенділік кезеңіне экономиканың ең жоғары қарқынды көтерілуі сэйкес келеді.

Халықаралық капитал ұлттық экономиканың жақсы дамуына тек нақты бір шарттар бойынша ғана әсерін тигізе алады. Бұл шарт дүрыс саясат таңдауға, барынша көп пайда түсіру, нэтижелікке жету мақсатында дұрыс қолдану бағыттарына байланысты. Бұл, әсіресе, шетел капиталының несиелік негізде құрылған түрлерін тиімсіз қолданған кезде елдің сыртқы қарызының өсуіне және экономикалық жағдайының нашарлауына әсерін тигізеді.

Жалпы алғанда алушы-ел үшін шетел капиталы мен инвестиция импорты бірден тікелей қарыз мәселесін туғызбайды. Алушы-ел үшін оның қалай пайдаланылуы шешуші роль атқарады. Егер құралдар өндіргіш мақсаттарға арналса, яғни шет елден жаңа құрал-жабдықтарды сатып алу немесе өндіріске

12

инвестицияларды тікелей жүзеге асыру мақсатында шикізаттың маңызды түрлерін сатып алу тәрізді мақсаттарға арналса - алынған қарыздарды өтеу және пайыздарды төлеу сомасының баламасын өздері (алынған құралдар) құрайды. Ал егер қаржы құралдары өндіргіш емес мақсаттарда қолданылса -шет елден азық-түлік, түтынушы сипаттағы өнерКәсіп тауарларын сатып алуга, мемлекеттік аппаратты үстауға, мемлекеттік бюджет немесе төлем балансы тапшылықтарын болдырмауға жүмсалса, онда бұл борыш мәселесін шиеленістіреді.

Экономиканың дамушы сатысындағы кез-келген ел үшін ішкі инвестиция көздерінің шектеулілігі бірқатар елдер үшін инвестициялаудың маңызды көзі болып табылушы шетел капиталының атқарар ролін арттыра түседі.

Шетелдік инвестициялар қарыздық және өнерКәсіптік немесе Кәсіпкерлік түрде жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын қарастырушы жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын шетелдік несиелер (заемдар) айтылады.

Шетелдік несие ел экономикасы үшін өте қажет. Алайда оны тарту және қолдану елдің түпкілікті мүдделеріне сай келуі тиіс, елдің сырттан алып пайдалануының жалпы стратегиясының шеңберінде болуы шарт, сондай-ақ сыртқы қарыз бойынша ел жағдайын нашарлатпауы қажет.

Шетел инвестициясының Кәсіпкерлік түрі тіке және қоржынды инвестиция түрінде болады. Қарыздық және Кәсіпкерлік түрлер арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Негізгі айырмашылығы: Кәсіпкерлік капитал Кәсіпкерлік түсім түсіру мақсатында, ал қарыз капиталы пайыз алу мақсатында жүзеге асырылады, және де Кәсіпкерлік капитал бұл шет елде меншік құратын шетелдік инвестиция.

Әдеттегі несиелеуден тіке инвестицияның айырмашылығы: шетелдік инвестор қаржы құралдарын пайдалануға бере отырып оның мақсатты пайдаланылуын шамалайды. Және оның пайдаланылуын бақылау құқығын өзінде қалдырады.

13

Ал қоржынды инвестициялар - шетел инвесторының капитал салатын ел иелігіндегі пай, акция және де басқа кұнды қағаздарды сатып алу жолымен жүзеге асады.

Дамушы елдер үшін қоржынды инвестицияларды тарту екі жолмен жүзеге асырылады:

1. Ірі ұлттық агенттер және мемлекеттердің күнды қағаздар эмитенті
(мемлекеттік облигациялар, корпоративті қүнды қағаздар, акциялар және т. б. )
ретінде элемдік қүнды қағаздар нарығына шығуы;

2. Шетел капиталын инвестициялық мақсатта ішкі ұлттық құнды қағаздар
нарығына тарту.

Халықаралық Кәсіпкерлік құрылымында тіке шетел инвестициялары айтарлықтай роль атқарады. Тіке шетел инвестициялары дегеніміз - капиталды экспорттаушы елдердің қабылдаушы ел аймағында өндірісті ұйымдастыруы. Бүған жергілікті түрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, элеуметтік жағдайларды қалыптастыру да кіреді.

Тіке шетел инвестициялары инвестордың басқа ел резиденті болып табылатын Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне көп уақыт қызығушылық туғызуын сипаттайды. Әдетте Кәсіпорынның жарғы капиталына жарна салу немесе оның акциясының бақылау пакетін сатып алу. Акционерлік капитал үлесін сатып алумен басталған келісім шетел инвесторының Кәсіпорын қызметін басқаруға қатысуымен үштасады.

Тіке шетел инвестицияларының экономика үшін пайдалылығы айдан-анық - мемлекет бюджетіне қарыздық ауыртпалық болып түспей тиімді қолдану жағдайында экономика үшін шешуші роль атқарушы өндірістерді инвестициялау үшін қажет қаржы құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Әдетте шетел инвесторының иелігінде компанияның немесе Кәсіпорынның акционерлік капиталының 25%-ы болса, онда мекеме сол шетел инвесторының бақылауында болады. Кәсіпорын акциясының бақылау пакетіне ие болу сыртқы экономикалық операцияларға қатысты жауапкершіліктің бэрін өз

14

мойнына алу болып табылады. Бұл инвестордың капиталдан түскен түсімге меншіктік құқығын, сондай-ақ Кәсіпорын акциясының бақылау пакетіне ие болуын, елдер арасында жаңа технология және жоғары білікті мамандардың белсенді айырбасын көрсетеді. Қазіргі күнде экономика салаларының эр түрін қамтитын (көбінде шикізат өндіру, өнім өндірісі, өнім сату және де басқа қызмет көрсету түрлері) тіке шетел инвестициясында әлемдегі ірі фирмалар үлесі зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық капитал қозғалысындағы несие қатынастарының мәні
Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты: тенденциясы мен нәтижелері
Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Нарық жағдайында инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Мұнай- газ өндіру кәсіпорындарының инвестициялық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz