Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін анықтау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... .3.7
1 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері ... ... ... 8
1.1Оқу.тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық.педагогикалық тұрғыдан негiздеу ...8.18
1.2 Бастауыш сыныптадидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы ... .19.30
2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі ... ... ... ... ..31
2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары ... ... .31.38
2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39.58

2.3 Жеке өз іс.тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері ... ... ... ... ... .59.64


Қорытынды ... ... ... ... ... ... 65.67

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ...68.69
Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларыныңқатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлғатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі – сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр.
1 Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы заңнама» Алматы. 2008 - 21б.
2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы. Білім. 1997
3 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. - Алматы, 2004. № 2.- 8 б.
4 Қайбулдаева Г., Жаздықбаева.М., Әлімбекова С. Ойын технологиясы. Түркістан 2007ж. 25 – 34б.
5 Қоянбаев Р.М., Ыбрайымжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Түркістан 2005.235- 238б
6 Жарықбаев Қ, Психология негіздері. Алматы мектеп 1982. 68-69б
7 Бап – баба Сәбет. Психология негіздері. Алматы 2007. 45-47б.
8 Пошаев Д.Қ Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент 2009
9 Пошаев Д.Қ Мамандыққа кіріспе. Шымкент 2004ж.
10 Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары – Алматы: Рауан, 1991 ж.
11 Әмір Ш., Құрманов М. Педагогикалық инновацияның іске асырудың
жолдары //Қазақстан мектебі, №5, 2001 ж,
12Беркімбаева Ш. Ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпайық// Егем. Қазақст.,
11.12.2001
13 Жұмабаев М. Педагогика.Ана тілі.1992.94-95б.
14 Жайлауова М «Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану» // Б.М. 2004 - №6. 24-28б
15 Төтенаев Б. "Халық ойындарының тәрбиелік маңызы" Бастауыш
мектеп. // №3 2006ж.
16 Жаздықбаев О.П., Тажиева Ж.А Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз
тәрбиелейді. Шымкент 2001 35-49б
17 Сабыров Т. «Дидактика» Алматы., 1993жыл 96 бет
18 Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары.
19 Құралбекұлы А. «Мектеп балаларының ойындары» Қазақстан мектеп
№1-2. 2002 68б
20 Қасболатова Б. «Ойын – сабақ өрнегі»// Б.М 1989 №8 21-22б
21 Қосанов.Б.М., Өміртаева Р.Қ. «Математикадан дидактикалық ойындар және
қызықты тапсырмалар» 1- сынып: Алматы. Атамұра. 1997
22 Қасенғазина Б. «Сабақта ойын ұйымдастырудың маңызы»// Б.М 1989 №9,8
23 Лысенкова С.Н. «Оқу қайткенде жеңіл болады?»// Б.М 1989 №1 15б
24 Савин Н.В. Педагогика Алматы., 1975ж. 113-126 бет.
25 Парманқұлова К «Ойын тәсілдері» // Б.М. 1986 №7 28-29б
26 Сағымбекова П «Ойыннан оқуға» // Б.М – 1991 №7 33-34-бет
27 Қайырбеков М. Ойын, оның педагогикалық маңызы және жаңа модульдік
технологияда алатын орны. Ізденіс, №4, 2002 – 228б
28 Беркінбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ Педагогика Алматы 2007ж. 75б.
29 Садықов Т.С,Әбілқасымова А.Е.,Жоғары мектепте білім берудің
дидактикалық негіздері. Алматы. 2003 - 81-85б
30 Кішібаева Д. «Ұлттық ойындарды пайдалану» Бастауыш
мектеп 1-2004ж.52-56 бет.
31 Құлабаева С.Ойын әдісімен Бастауыш мектеп 3-2004ж.37-38бет.
32 Алиева М.Бастауыш мектепте фонетиканы ойын арқылы оқыту
Бастауыш мектеп 7-2004ж 41-42 бет.
33 Мендалиева Б. Балалардың қозғалмалы ойындарды қажет етуі Бастауыш
мектеп 12-2004ж.
34 Асарбаев А. «Ұлттық ойындар» Бастауыш мектеп №3 1991ж
35 Сүйінханова Б. «Ойын түрлері» Бастауыш мектеп №1 1997ж.
36 Самрова Б. «Ойын элементтері-сабақта» Бастауыш мектеп №4,5 1994ж.
37 Г.Сейтжанова «Саусақ ойындары арқылы тіл дамыту» Бастауыш мектеп №4
2003 ж.
38 Рахметова С. Қазақ тiлiн оқыту методикасы. – Алматы, 1991. –184 б.
39 Аманжолов С. Қазақ әдеби тiлiнiң синтаксисiнiң қысқаша курсы. –
Алматы, 1994. – 320 б.
40 Қазақ тiлi терминдерiнiң салалық ғылыми түсiндiрме сөздiгi / Педагогика және психология. – Алматы: Мектеп, 2002. – 254 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-7

1 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-18

1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы ... .19-30

2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

2.1 Дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...31-38

2.2 Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды қолдану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39-58

2.3 Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері ... ... ... ... ... .59-64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65-67

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68-69

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Жалпы бiлiм беретiн мектептi беру мазмұнының тұжырымдамасында атап көрсетiлген мәселелердiң бiрi - окушыларыдың бiлiм сапасын арттыру делiнген. Мектеп педагогикасының басты проблемаларының қатарына олардың танымдық кызметiн қалыптастыру және жетiлдiру мiндеттерi қойылған. Бастауыш мектеп жасындағы бала психикасының дамуындағы негiзгi факторлардын бiрi - оның өзiндiк танымын кушейту болып табылады. Аталған фактордың әрекеттiк және әдiстемелiк мазмұнын балалардың психофизикалық дамуына белсендi әсер ету арқылы анықтау кажет[1]. Осындай белсендi әрекетке ойын әрекетi жатады.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлғатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі – сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
Қазіргі таңдағы болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастыруға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз. Бұрынғы жоғарыдан берілетін бұйрық арқылы іс істеп, оның нәтижесі жайында есеп беру мәселесі мүлдем жойылды. Олай болса, білім беруді ізгіліктендіре отырып, болашақ маманның өз іс - әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап, өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да, педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді игіліктендіру мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол, икемді де инабатты, кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік тудырып отыр. Болашақ маман өзінің педагогикалық іс - әрекетінде бостандық шеңберінің кеңдігін сезінуге жағдай мол. [2].
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс- рекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Оқыту процесiнде ойын элементтерiн пайдалану сабақтың дидактикалық мiндеттерiн күшейтедi, яғни оқыту әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттырады. Сондықтан дидактикалық ойындарды оқу-тәрбие процесiнде қолдану педагогикалық процестiң кұрамдас бөлiгi болып табылады.
Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған болып саналады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы пікірлер айтылып зерттеліп жүрген еңбектер өте көп. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоции [3] ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский [4] мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны ерекше екендігі туралы В.А.Сухомлинский [5], С.П.Шацкий [6] және Н.К.Крупская [7] өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді болып қалыптасуына негіз қалау [8].
Мұғалім өмір бойы оқуы керек,ол оқуын, білім алуын тоқтатқан сәттен бастап,оның бойында мұғалімдікте жойылады. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген [9].
Себебі, ойын-оқу еңбек іс-әркеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психалогиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әр бір адам ойнап өседі, ойынды көп онаған адамның дүние танымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірде бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойының дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері көп. Мысалы: қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.
Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси әлеуметтік және идеалогиялық ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, Г.Гегель, В.Вундт, Ф.Шиллер, Г.Бюллер, В.Фригер, Р.Ван Дер Коэй, Г.Мэйес, В.Демин, Н.Каган, К.Юсупов т.б. ғалымдар ойын теориясын қалыптасуы мен дамуын ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын айқындап, оны бала қабілетімен оң әсер ететінін анықтаған. Грек ойшылдары Гераклит ойынды Шексіз әлемге теңесе, Платон өзінің Мемлекет еңбегінде жас өскінге өмірлік, қажетті іс-әрекеттерді үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге, жалпы ғарыштық әлемге теңеген. Ұлы ақынымыз Абай: Асыр салып ойнамай, өсер бала болар ма?, - деп бала үшін ойынның маңыздылығын айтып өткен [10].
Бағалау- білім алушының үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау болып табылады.

Критериалды бағалау- нақты айқындалған, ұжымда қаралған, білім беру үдерісіне қатысатындардың барлығына алдын ала белгілі болған, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушы үлгісін қалыптастыруға ықпал жасайтын білім алушының оқудағы жетістіктерін сәйкестендіру негізінде қалыптастырылған үдеріс.

Бүгінгі тәжірибеден өткен Назарбаев интеллектуалды мектебіндегі критериалды бағалаудың әдіс тәсілдері үш деңгейлі курстарда үйретілуде.

Бастауыш мектептерде қолданылатын критериалды бағалауды талдаймыз.

Критериалды бағалауды егізудің мақсаты:

-мектепте оқыту сапасын жоғарылаты;

-бастауыш мектеп бітірушілерінің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру;

- білім сапасын бағалау жүйесін бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;

-оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласы.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.
Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді.
Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.
Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ал, ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сыйласуды қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.
Бұл қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертудің басты педагогикалық талаптары ғана. Ал оны жүзеге асыру үшін мұғалім әдістемелік жағынан шебер қазақ тілінің тілдік құрылысын жете меңгерген, әдеби тілде өз ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болмағы ләзім.
Бүгінгі танда ҚР-ң қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптар күшеюде.
Сол талаптардың бірі-бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдану, оның алатын орны.
Білім-дүниетанудың кәусар бұлағы өйткені, дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында дидактикалық ойындар арқылы да қалыптастыруға болады.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлерін бірқатар
психологтар мен педагогтардың еңбектерінде МА.Данилов [11],
И.Я.Лернер [12], Л.В.Занков [13], М.М.Махмудов [14], А.Н.Леонтьев [15], П.Я.Гальперин [16] дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңыздарын атап өтті.
Қазіргі кезде бастауыш сыныптарда оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіріле түсуге даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдар мен қатынасының, өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.
Бұл мәселенің мектеп өмірінде маңыздылығын, қажеттілігін А.В.Усова[18], Ж.Аймауытов [19], М.Жұмабаев [20], А.Байтұрсынов [21], Т.Сабыров [17], Ж.Қоянбаевтар [22] өз еңбектерінде ерекше мән берді.
Ойын арқылы баланың көзқарасы болашаққа деген түсінігі қалыптасады. Дидактикалық ойын оқушының ой-өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін қалыптастырады.
Бастауыш. сынып оқушыларын оқыту процесінде тәрбиелеу үшін олардың ойынына дұрыс көзқарас, басшылық жасау қажет.
Осыдан бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқыту процесінде дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын қарастыру қажеттілігі туындап, оны пайдалану жолдары көзделуде.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие процесінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданатын құралдарының бірі – ойын.
Сондықган тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міңдеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнін оқытуда дидакгикалық ойындарды қолданудағы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
2. Оқушылардың өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүиетанымы жайлы ойындар, дидактикалық ойындарды сабақта жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні сабақтарындағы дидактикалық ойындар
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып қазақ тілі пәні.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау әдісін қолдану, дидактикалық ойын түрлерін ұсынып, оның нәтижесін көрсету т.б.
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен.

1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық мәселелері
1.1 Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды пайдалануды психологиялық - педагогикалық тұрғыдан негiздеу
Оқыту мен тәрбие құралы болып табылатын ойынның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Бұл еңбектерден дидактикалық ойындар бұрын оқыту процесінде белгілі бір жүйесіз пайдаланылғанын байқаймыз.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде дидактикалық ойындардың маңызды роль атқаратынын Я.А.Коменский, Д.Ж.Локк, Ж.Ж.Руссо өз еңбектерінде ерекше атап өтті.
Мектеп ең алдымен, жан-жақты дамыған саналы азаматты дайындауды өзіне мақсат ете отырып, жас ұрпақтын ғылыми көзқарасы мен адамгершілігін қалыптастыру міндеттерін қояды. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі жолдары көптеген ғалымдардың еңбектерінде сараланады. Олар жастарға берілетін білім мен тәрбие жұмыстарының бәрі моральдық тәрбие беруді көздеуі керек деген пікірді ұстанады. Мораль туралы ілім, жеткіншектердің тәрбие теориясының әдіснамалық негізі болып табылады. Мемлекет ісіне деген берілгендік, Отанға, басқа мемлекеттерге деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, мектепте жеткіншектердің адамгершілік тұрғыда қалыптасу процесінің негізгі бір саласы - патриоттық тәрбиенің жүзеге асырылуының басты бағытын айқындауға ықпал етеді
Дж.Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж.Ж.Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады.
Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да Дж.Локк та, Ж.Ж.Руссо да ең бірінші орынға баланың ойлануын тәрбиелеуді ойын арқылы жүзеге асыруды қойды.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.

Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи [23]. М.Х.Дулати [17]. Ж.Баласағұн [17] тамаша өсиеттер қалдырған.
Ж.Аймауытұлы [17], М.Жұмабаев [17], Ш.Құдайбердіұлы [17], С.Торайғыров [17], Т.Тәжібаев [17] т.б. ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо [17], И.Г.Пестолоции [17], ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым-қатынас ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл кұқығына көтерілуі, Білім туралы, Жастар саясаты туралы зандардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрибесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды көздейді.
Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі өзгертуде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
Ойындардың маңызы баяғы заманнан бері жойылған жоқ. Ойындар ойлау қабілетін, логиканы т.б. дамытады. Ойындар әсіресе кішкентай балалардың дамуына көп көмек көрсетеді.
Алғашқы ойындар біздің заманымызға дейінгі мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Ол ойындар өте қарапайым болған. Бірақ сол кезеңде Үндістан жерінде өте қызық, әрі күрделі шахмат ойыны пайда болады. Аңыз бойынша бұл ойынды шах бұйрығы бойынша шах сарайының бір ғалымы ойлап тапқан екен. Шахқа ойынның ұнағаны сонша, ол өзінің көмекшілеріне ғалымға өзі қалаған сыйлықты тарту етіңдер деген екен. Ғалым сыйлық ретінде оған шахмат тақтасындағы шаршылар санындай бидай дәнін беруін сұраған. Бірақ бидай саны былай саналуы керек болды: Әрбір келесі шаршыға оның алдындағы шаршының квадраты көбейтілуі қажет еді. Шах болса, бұл бір екі-үш қап бидай болар, неге алтын сұрамаған деп таң қалып кетіп қалады. Ертеңгісін көмекшілерін шақырып, ғалымға бидайын бергендігін сұрайды. Бірақ көмекшілері әлі бидай санын санап бітпегенін айтады. Шах ашуланып, ғалымды өзіне шақыртады. Ғалым шахқа егер ол өзінің бүкіл жеріне бидай егіп тастаса да, тіпті бүкіл жер шарын бидай алқабына айналдырса да керек бидай санын жинай алмайтынын айтады. Шах ғалымның даналығына риза болып, оны дұрыстап марапаттауын бұйырады. Міне, аңыз бойынша шахмат ойынының тарихы осындай.
Қазіргі кезде, жиырма бірінші ғасырда көптеген өзінің маңызын жоғалтты. Осы ғасыр ХХІ-ғасыр болғандықтан қазір компьютерлік ойындар бірінші орынға шықты. Компьютерлік ойындар осы кезде көптеген миллиард доллар айналымы бар IT-индустрияның бір тармағы. Әрбір жаңа шыққан ойын бұрын шыққан ойындардан графикасы жағынан, сюжеті жағынан т.б жақсы болады.
Болашақта менің ойымша барлық ойындарды компьютерге көшіріп, ойындардың тек электронды варианттары қалады. Бірақ шахмат ойының маңызы жоғалмайды және ол болашақта да нағыз дарынды адамдардың ойыны болып қалады.
Қоғамымыздың іргесін, білімін нығайту мақсатында ең алдымен сабақта дидактикалық, ойындардың ерекшелігі мен тәрбиелік мәні бар оның негізгі мақсаты - баланы ойлауға, ізденуге, шығармашылық жұмыспен айналысуға, өз бетінше ізденуге баулу болып табылады.
Оның бүгінгі танда ұрпақ тәрбиесінде негізге алынуы-егеменді еліміздің мүддесі, халқымыздың болашағы.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес бастауыш мектеп білімінің дидактикалық ойын түрлерін жаңа тұрғыда дамыту, жетілдіру - педагогика ғылымының кезекті міндеті болып табылады.
Осыған орай бастауыш білімінің мазмұнын, білім беру жүйесіндегі орнын, оқы-тәрбие процесінің ерекшелігін, оны дұрыс ұймыдастырудың негізгі әдістерін, формаларын жетілдірудің жолдарын білу керек.
Оку-тәрбие процесінде дидактикалық ойынды қолдану барысында әр баланың бойында жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс.
Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпарат тасқынынан оқушыларды ұлттық сана сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт. Өйткені қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденістерден, оқушымен, ата – анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтің өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым – қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі.
Балалар психологиясы психикалық дамудың негізгі компоненттерін зерттейді. Психологияда дамудың мынандай ерекшелігі бар:
1. Кіші мектеп жасындағы баланың бойындағы психикалық процестер. Олар мыналар: зейін, қабылдау, қиялдау, есте қалдыру, ойлау, сөйлеу, сезімдер.
Осындай психикалық процестер кіші мектеп жасындағы баланың бойында болуын, өзгеріп жетілуін қарастырады.
Бала мұндай ерекшелік пен іс-әрекетті қимыл жасау процесінде, дидактикалық ойын барысында шешеді.
Сонымен бастауыш сынып оқушыларының психологиялық психикалық дамуды, зандылықтарды, іс-әрекеттің дамуын, жеке басының қалыптасуын зерттейді.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиясын білу, оқыту, тәрбиелеу практикасында жақсы байқауға болады.
Оқушының психикалық даму ерекшелігі-ойлауында, ақыл-ойында, ынтасында, қабылдауында оқу-тәрбие процесі кезінде негізгі ерекшелік болып табылады.
2.Балалар психологиясы бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын зерттейді.
Бастауыш сынып оқушыларын зерттеудің негізгі әдістері мыналар:
1. Бақылау. 2.Эксперимент әдістері

Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімімен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай білулерін талап етеді. Ал ес процесінде бұрын қабылдаған заттар, құбылыстар адам санасында бейнеленеді. Тиісті оқу материалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, саналы ұғынып қабылдағанда еске сақтау саналы да ұзақ болады.
Жаппай бақылау - окушының психикалық даму заңдылығын анықтау үшін фактілер негізінде жүргізіледі.
Жаппай бақылау жүргізіп, оның нәтижесін жазған психологтар көптеп саналады. Мысалы: А.Д.Павлова, Ж.Пиаже, В.Щтерн.
Ішінара бақылаудың жаппай бақылаудан айырмашылығы-оқушының мінез-құлқының бір жағы немесе бір мезгілдегі мінез-құлқы алынады, зерттелінеді.
Мысалы: баланың ойын кезінде, тамақтануы кезінде т.б. Ч.Дарвин, А.Н.Гвоздов сияқты мамандар өз ұлдарына ішнара бақылаулар жүргізіп арнайы қорытынды бойынша бақылаулар жүргізген.
Көп жағдайда балаға эксперименттер мектепте, сабақ үстінде, ойын, дидактикалық ойын барысында өткізіледі.
Бастауыш сынып окушылары өздерін қызықтыратын іс-әрекеттермен айналысады. Іс-әрекеттің түрі оны атқаруға және жетілдіруге қажетті қимылдарды психикалық сапаны игеруге көмектеседі.
Сабакта дидактикалық ойында қолдануда жаңа іс-әрекеттерді игеру оқушының мүмкіндігін арттырады.
Дидактикалық ойын барысында оқушының қажеттіліктері мен құштарлығы қабілеті, зейіні, ой-өрісі кеңейіп, өзінің психикалық дамуына үлес қосып отырады.
Бастауыш сынып оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларда білуге құмарлық, әуестікте байқалады. Олар өздігінше күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Бұл жастағы балалар өте сезімтал оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фонтазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсе оларда қандайда болсын бір іске оп-оңай-ақ тартыуға жеңіл болады. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтардың зерттеулері бойынша жеті жастағы оқушы мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын (мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) т.б.
Сыныптағы ақыл-ой, оқу әрекеті әрдайым тартымды, қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс, қажет материалдар болады. Бұл үшін бастауыш сыныпта оқушының дамуы аясына сай мақсатты, тартымды оқу әрекеті ұйымдастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленетіні белгілі. Қабылдау адамға тікелей әсер ететін заттың я құбылыстардың адам санасында толық бейнеленуі.
Сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, әр бір мұғалім мына шарттарды орындап отыруы тиіс:
1.Көрнекі құралдарды (модульдерді, суреттер, коллекциялар) пайдалануда балалардың жас ерекшеліктерін мұқият ескергені жөн.
2.Оқушы байқаудың қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісін қалайда түсінгені мақұл.
3.Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдері мен үнемі байлансытырып отыруға, әр түрлі объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салуы қажет.
жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданылатын тәсілдер.
а) жоспарлау
ә) уақытты дұрыс пайдалану
б) оқу мен демалуды дұрыс ұйымдастыру
в) оқушы өз жұмысын бақылау
2. Оқушының оқуына тікелей байланысты қолданылатын тәсілдері
а) жаңа білімдерді игеру
ә) өздігінен білімді меңгеру
б) ойыңдарды қолдану білу.
Осы тәсілдердің ішіңде бастауыш сыныпта ерекше орын алатыны сабақта, сабақтан тыс уақытта оқу материалымен жан-жақгы жұмыс істей білу және дидактикалық ойындарды пайдалану болып табылады. Ол үшін мұғалім мына тәсілдерді меңгеріп, оны оқушы бойында қалыптастыра білуі қажет.
1.Оқулықтағы материалдың мазмұнын талдау;
2.Ең негізгі мәселені айыра білу;
3.Салыстыру.
4.Топтастыру
5.Жүйелеу
6.Схемалар
Бастауыш сыныпта окушылардың мұңдай тәсілдерді меңгеруі оны жан-жақты дамытады, оқуға деген көзқарасын өзгертеді.
Қазақ мектебі өз халқының болашағының негізін қалауы тиіс. Сондықтан бастауыш мектептегі білім мазмұнында қазақтың, халықтық ұлттық ерекшеліктері орын алуы тиіс.
Бастауыш мектептегі оқу процесін демократияландыру, ізгілендіру принципін оқушылардың белсенділігін арттыру оқу-тәрбие бірілігінде ақыл-ой, еңбек, эстетикалық бірлігін негіздей отырып дидактикалық ойындарды пайдаланудың жоларын қарастыру қажет.
Оқыту ісі білім берумен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін, логикалық ойлаудың дамытуға дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор.
Бастауыш сыныпта білім берудің мақсатын айқындау үшін Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, білімендірудің көздейтін түпкі мақсаты-ойындарды, соның ішіңде дидактикалық ойыңдарды қолдану болып табылады". Мектепте осы бағытта баланың келешекте жетілуіне, ойлауына негіз бола алады [29].
Білім беру - қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәрбиесі кейінгі ұрпакқа беріледі. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдануда оқушыларда қызығулар туады. Оқушылардың білімін жетілдіруде дидактикалық ойындардың өзіндік ерекшелігі бар. Ол үшін мұғалім мынандай міндеттерді білуі, оны орындауы қажет.
1.Оқушылардың дидактикалық ойындардың мазмұнымен толық түсіну.
2. Дидактикалық ойындарды орында да мақсаты мен міндетін толық түсіну.
3..Дидактикалық ойындарды орындауда ептілік дағдының
қалыптасуын байқау.
Бастауыш сынып оқушылары дидактикалық ойындарды орындап шығуда мына шарттарды білгені жөн.
Бастауыш сынып оқушылары материалды, көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдарғанша оқи береді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұғалім бір жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйретуі қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша есте қалдыру үшін және жақсы түсінік үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет.
Енді осы шарттарға сүйене отырып дидактикалық ойындарды сабақта, мұғалімнің жаңа материалды баяндауын талдауын және сабақта мүғалімнің оқулықтан берілетін тапсырманы орындалуы кезінде қолдануға болады.
Оқушылар сабақ үстінде де, үйде де дидактикалық ойындарды мұғалімнің немесе ересектермен бірге, басшылығымен ғана тиянақгы, нәтижелі орындай алады. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды ұйымдастыруда білім нәрін себетін басты тұлға - ұстаз.
Ұстаз білімді, тәжірибелі шебер болса ғана шәкірттері нағыз тіршіліктің тынысын байқай алады.
Ұлы педагог В.А.Сухомминский оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысты ұйымдастыруға да дидактикалық ойындардың рөліне ерекше мән берген. Ол былай деді "Оқушылар кітапқа, ғылымға қызығып, өз еркімен, өз ықыласымен журналдар, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқитын болса, дидактикалық ойындарды орындап шешуде еш қиналмай жақсы орындап шығады." Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор [30].
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолдануда оның мазмұнына, ұйымдастыру формасына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
1.ұлтық ойындар
2.дидактикалық ойындар
3.қимыл-қозғалыс, спорттық ойындар
Ойын-баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойында бастауыш сынып окушыларының табиғаты қажет етеді. Балалардың оқуы, еңбегі ойыннан басталады. Ойын оқушылардың оқу әрекетін жандандырып, окуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Бала өміріндегі ойынның маңызы туралы былай деп жазды: "Ойын дегеніміз-орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың, ширақ тасқыны келіп кұйылады. Ойын дегеніміз-бұл ынталылық пен құмарлықгың отын жағатын ұшқын "
Бастауыш сыныпта ұлттық ойындар мен дидактикалық ойындардың сабақгарда кеңінен қолданудың маңызы зор. Әсіресе өткен материалды пысыктау, қайталау кездерінде ойынды қолдану пайдалы. Мысалы мұғалімдер грамматикалық математикалық логико, домино ойындарын саяхат, почта, санамақ, тоғыз құмалақ сиякты өзіндік ережесімен ойнау тәртібін біліп ролдік сипатын сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Мұғалім дидактикалық (материалды) ойындарды қолданған да әдістемелік мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек. Ең алдымен оқушыларды сабақ барысында дидактикалық ойындарды қолдану түрлерін арттыру керек.
Сабақ барысында мына шарттарды орындап отыру көзделсе, онда дидактикалық ойындарды пайдаланудың жолдары қалыптасады.
Бірінші шарт - сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын қарастыру.
Екінші шарт - ұжымдық, топтық түрде дидактикалық ойындарды орындау.
Үіпінші шарт - жеке оқушының өз бетінше дидактикалық ойындарды орындау қабілеті қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушыларымен дидактикалық ойындарды қолдануда мынандай ережелерді есте сақтау қажет.
1. Дидактикалық ойындарды қолдануда талаппен, ережені орындау қажет.
2.Дидактикалық ойынды пайдалануда дұрыс түсіндіруді қажет етеді.
З.Дидактикалық ойынды пайдаланып оны орындауда жүйемен, накты орындау қажет.
4. Дидактикалық ойындарды орындау барысында мұғалімнен кеңес, ақыл сұраудың пайдасы бар.
5. Дидактикалық ойынды пайдалану, орындау кезінде асықпай, ойланып жұмыс жасау керек.
Ұстаз-ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген өкіл. Ұстаздың қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Ол-әдіскер де, білімдар және өз ісін жетік білетін маман.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойынды пайдаланудың маңызы ерекше. Дидактикалық ойынды қолдануда қабілеттің рөлі зор. Соңдықтан баланың бойында өзіндік психологиялық қасиеті, қабілеті болады.
Ұстаздың оқушыларға білім беруі, дидактикалық ойынды ұйымдастыруы қабілеттің жемісі болып табылады.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, дидактикалық ойындарды ұйымдастыру оны бір жүйеге келтіру мұғалімнің алдына қойған мақсаттарының бірі.
Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты сауатты, білімді етіп тәрбилеуде дидактикалық ойындар өз үлесін қоса алады. Мектеп өмірі-балаларға жаңа әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының қалыптасуын қамтамасыз ету, оқуға деген ынтасын, іскерлігін, қабілетін, зейінін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың танымдық және тәрбиелік мәні зор. Оқыту барысының нәтижелі болуы мұғалімнің шеберлігіне, іс-тәжірибесіне де байланысты болады. Оқыту процесінде әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқытуда практикалық, өзіндік жұмыс, зерттеу әдістері ерекше орын алады.
Бастауыш сынып мұғалімдері жеке пәндерді оқыту барысында академик Ю.Н.Бабанский өзінің "оку-тәрбиесін оптималдандыру" деген еңбегіңде әдістерді үш топқа бөлген.
1.Оқушылардың ой-таным қызметін ұйымдастыру әдістері;
2.Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеу әдістері;
3.Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы: 1 топқа оқыту әдістеріне мыналар жатады:
1.Сөздік (әңгіме, пікірлесу)
2.Көрнекілік (суреттеу, мүсіндеу, портрет)
3.Практикалық (өздігінен орындалатын жұмыстар) Әр топтағы әдістемелердің өз ерекшелігі бар.
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдалану барсыңда да осы әдістерді қолдануға болады.
Мысалы: зерттеу әдісі: мүнда мұғалімнің берілген білімінің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, толықтыру, өз бетімен проблема шештіру.
Оқушыларға өздігінен проблема шештіру, олрды ойлануға ізденуге ұмтылдырады.
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолдануда оқыған материалдардың мазмұнына, сипатына, мәніне көңіл бөлу қажет. Ол үшін бастауыш сынып оқушылары мәтінді дұрыс түсіну үшін мынандай жұмыстар жүргізуге болады.
1. Материалдың мазмүнын қабылдауға психологиясын дайындау.
2. Материалдың (мәтіннің) мазмұнына байланысты сөздік
жұмыстарын жүргізу
3.Мәтінді, шығарманы оқып түсіну
4.Мәтіннің жоспарын түзу
5.Әңгіме немесе мәтіннің мазмұнын айту
6.Мәтіннің мазмұны бойынша дидактикалық ойынды орындау шығармашылық қабылеттері.
Бастауыш сыныпта қзақ тілі пәнін оқыту барысында жаңа сабақты түсіндіру шығарма, мәтінді таныстырады, сол кезде окушыларды психологиялық дайындау қажет. Себебі шығарманы оқыған кезде оқушыға елес туады. Оқылатын әңгіменің мазмұнына қызығу, түсініксіз сөздерді түсіндіру арқылы істелінетін жұмыстың барысына түсінік беріледі.
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында дидактикалық ойындарды орындаудың нәтижесінде оқушылардың дербестігі, дағдысы, өзіндік жұмысты орындау қабілеті артады. Оқушының үйдегі жұмысын сабақтағы тапсырма жалғастырып, толықтырып отырғанда ғана, оқушылардың алған білімдері терең тиянақты қалыптасады.
Оқушының үйдегі орындалатын өзіндік жұмысының тәрбиелік мәні бар:
а) тапсырманы күнделікті өздігінен орындауды еңбекқорлыққа, ой еңбегімен айналысуға баулиды.
ә) ой еңбегімен шүғылдануға, тапсырманы тиянақты орындауға үйретеді.
б) дидактикалық материалды орындауда өзіндік жұмыстың маңызы

в) үйге берілген тапсырмалар өмірмен, іс-тәжірибемен
байланысуы;
г) баланың қызығуы, қабілетінің орнауы;
д) берілген тапсырмалар шығармашылық сипатта болуы;
ж) баланың жас ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыру;
з) тапсырманы толық, аяғына дейін орындауға баулу;
и) дидактикалық ойындарды пайдалануда окушылардың өзін-өзі қадағалау.
Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану өз алдына дербес практикалық буын болып табылады.
Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді.
Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.
Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарына негізделген, сыныпты-сабақты ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
Оқушы тұлғасының дамуына масималды себептер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік.
Оқыту үрдісінде танып – білу арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
Оқушылардың қызығушылықтары асқан сайын қабылдау қабілеттері жетіле түседі. Сондықтан қызығу оқу процесінде өте маңызды орын алады. Осы мәселе жөнінде ерте кездерде көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың тұжырымдарына тоқталар болсақ белгілі психолог У.Мак Дугал (1871-1938) баланың қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Баланың қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э.Трондайктың (1874-1948) айтуынша, баланың қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерінен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әрекеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі механистік бихоризм (қылық психологиясы) принцпі мен орайластырады.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтай арқылы жүзеге асады. Мұғалім - сабақ үдрісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Осындай негізгі құылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Қәжеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үрдісі, нәтижесін шығару.

1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мәселенің, мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.Ол ең алдымен, ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына, сол ағартушылық-педагогтік істеріне бағындырылған -деп жазады педагогика тарихын зерттеушілер. Бұған дәлел: өзінің тарихи -мәдениеттік және педагогикалық құндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылатын Қырғыз хрестоматиясы (1879) енгізілген әңгімелері оқиғаларының қызықты болуына Ы.Алтынсарин аса көп көңіл бөлген. Ұлы ағартушының балаларды мектепке тарту және оқуға қызықтыру жөніндегі пікірлері Н.М.Ильиминскийге жазған хаттарында анық көрінеді. Мәселен, 1871 жылдың 31 тамызда жазған хатында Артта қалған халықты қызықтырып, оларды мектепке тарту үшін сыныптарде жақсы білім беретін болсын десе, 1876 жылы 3 желтоқсанда жазған хатында Бірінші кітапша үшін Паульсонның кітап түзу тәртібін ұстамақпын, әрине оны қырғыз балаларына бейімдей отырып, мысалдарды қосқым келмейді, өйткені сұрапыл өмірде өскен қырғыздарға (қазақтарға) жалпы алғанда елеулірек заттар керек. Мен тәжірибе жүзінде қырғыз балаларының мысалдарды қандай көңілсіз түрмен оқитынын жақсы білемін. Менің пікірімше, қырғыз балалары үшін күлдіргі ертегілер, өсиет берерлік жұмбақ және жаңалықты жете білуге әуестерлік әңгімелер ана ғұрлым қонымды келеді. -деп атап көрсеткен

Іс - әрекет
Оқу әрекеті
Еңбек әрекеті
Ойын әрекеті

Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- ойын – сауық:
- коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- дидактикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- коррекциялық (өзін - өзі түзету);
- әлеуметтендіру;
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы, әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеріміне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Педагог, зерттеуші Ж.Б.Қоянбаев: Егер бала іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив баланың обективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талпынуы [6].
Демек мұқтаждықпен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезінуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді, деп жазады. Ол сонымен қатар мотивтердің мынадай түрлерін ажыратып сипаттама береді.
[31]
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын:
- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты.
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы.
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап ізделік. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ?
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет?
Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен [32].
- Оқу білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас – бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек – қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Таным процесінде жаңа мотивтер (ықылас, тілек т.б.) туады. Баланың түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады, ойлау операциясында талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жинақтау, классификация) жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала ойлау операциясы арқылы объективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады.
Ойлау әрекеті негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды, нақты ойлаудан (бастауыш сынып жасындағы балалапға тән) абстрактылы ойлануға (жоғары сынып оқушылары) көшеді.
Қазақ педагогикалық энциклопедиясы сөздігінде қызығушылыққа мынадай анықтама береді.
Қызығушылық адамның дүниені тануға, білуге мұқтаждығы. Қызығушылық адамның өмірдегі нақты шындық көріністердің жаңа бір фактіні жете білуіне және сол арқылы іс-әрекетіндегі бағыты мен бағдарын мақсатын айқындауға мүмкіндік береді.Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығын ұлы ғұламалар Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өз еңбектерінде оларға ғылыми тұрғыда баға берген.
Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті салт-дәстүрлерді білдіреді деген қате көзқарасты орында сынай отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Оқушыларды сабаққа дайындау
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Танымдық дидактикалық ойындар
Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
Пәндер