Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

§2. Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі

Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігінің сипаттамасы, оның заңда өмір сүру себептері тақырыптың бірінші бөлімінде айтылды. Егер қылмыстық заңның мазмұнына зер салсақ, онда арнайы нормалардың көпшілігі жалпы сипаттағы қылмыстарды білдіретінін, яғни таралу аясы кең жеке адамдарға, меншікке, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар сияқты тарауларда көптеп кездесетінін байқауға болады.

Қылмысты квалификациялау қызметінде нормалар бэскекелестігінің де ролі бар екендігі ескеріліп, отандық қылмыстық заң тарихында қылмысты әрекет бәсекелес нормаларға сәйкес келгенде қандай норма қол-данылуы керек екендігі алғаш рет айтылып, ол 12 баптың 3 бөлімінде тікелей көрсетілді. Нормалар бәсекелестігі мәселесінің бұлай норма-тивтік сипатқа көшуі, заң қолдану және сот органының жетекші түсіндірме беру қызметінде алдағы уақыттарда белсенді қолданылаты-ны немесе ескерілетіні даусыз. Қылмысты квалификациялау ережесінің бір түрі болып табылатын нормалар бәсекелестігі орын алғанда заң нор-маларын дұрыс қолдану практика қызметкерлерінің құқықтық сауатты-лығын талап етеді, себебі қазіргі уақытқа дейінгі сот-тергеу органда-рының заң қолдану жұмысынан бәсекелес нормаларды ескермеу және мұндай нормаларға сай келетін қылмысты әрекеттерді квалификациялау кезінде қылмыстар жиынтығы түрінде бағалау жиі орын алатын. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, олардың заңды мүдделерін қорғау мен іске асырудың бір жолы, ол құқықтық сипаттағы құбылыс туындағанда заңды дұрыс қолдану болып табылады. Заң нормаларын дұрыс, тиімді қолдану жолдарын арттыру-тұрақты, жалғаспалы міндет деп түсіну керек және бұл міндетке қазіргідей құқықтық реформаны барлық құқық салалары бойынша жүргізіп жатқан кезеңде барынша көңіл бөлінуі қажет. Бәсекелес нормаларды заң шығару кезінде қажетті жағдайларына қарай және дұрыс бейнелей білу керек, сонымен қатар нормалар бәсекелестігі орын алатын қылмыстар бойынша ҚР Жоғарғы Сотының тиісті қаулыларында бұл мәселенің шешімдерін үлгі ретінде қарастыруды арттыра түскен жөн.

Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі кезінде қылмыстың белгілерін толық және анық қарастыратын арнайы нормалар қолданылуға жатады. Ал жалпы нормалар іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәре-жесі көрінеу қылмыстылықты білдіргенде және құқықтық сана-мен талдап қарағанда құрам элементтерінің белгілері болғанда

қолданылады. Сондықтан заңгерлер кейде А. Н. Трайнин атап кеткен-дей жалпы нормаларды тыл (резервная норма) нормалар деп те атай-ды. 1 Бұл ұғымның мағынасы қылмысты квалификациялау кезінде ар­найы құрамдар қолданылуы керек, ал заңда осы қылмыс үшін арнайы құрам болмағанда топтық құрам (родовой состав) қолданылады дегенді білдіреді.

«Жалпы және арнайы нормаларды бірге қолдануды қылмыстар жи-ынтығы, оның ішінде қылмыстардың жеке әрекеттермен жасалуын білдіретін нақты жиынтық бойынша келтіруге болады» деген әдебиет-терде түсінік кездеседі. 2

Жалпы және арнайы, сондай-ақ тек арнайы нормалар бәсекелестігінің бір неше көріністерін келтіруге болады және олардың әр қайсысында арнайы, жеке жағдайды білдіретін норманы анықтау қажеттілігі туын-дайды. Нормалар бәсекелестігінің негізгі көрінісі немесе басты түрі, ол жоғарыда айтылғандай бірі жалпы, екіншісі арнайы норма болып табылатын екі баптың арасындағы бәсекелестік болып табылады.

Бұл бәсекелестіктің келесі түрі бір қылмыстың әр түрлі құрамдары-ның арасында кездеседі. Қылмыстық заңның көпшілік баптары бір неше бөлімдерден құралып, оның кейінгі бөлімдерінде осы қылмыстың же-келеген жағдайларда жасалғандығы үшін қылмыстық жауаптылық қара-стырылған. Осыған байланысты қылмысты квалификациялауда негізгі және жауаптылықты ауырлататын құрамдар арасында бәсекелестік ту­ындайды. Мұндай бәсекелестікте көбінесе жауаптылықты ауырлатып қарастыратын 2 немесе 3 бөлімдегі құрамдар негізгі құраммен салыс-тырғанда арнайы құрамдарды білдіреді немесе арнайы норманың ма-ғынасында қолданылады. Себебі баптың кейінгі бөлімдерінде келтіріл-ген құрамдар негізгі құраммен қамтылмаған арнайы белгіні иеленеді және жасалған қылмыстың мазмұнында осы белгі бар болса, онда қылмыс осы арнайы құрам бойынша квалификацияланады. Мысалы 96 баптың 1 бөлімінде жауаптылықты ауырлатпайтын да, жеңілдетпейтін де жай кісі өлтіру қарастырылған. Осы баптың 2 бөлімінде жауапты-лықты ауырлататын кісі өлтіру түрлері келтірілген, себебі 2 бөлімдегі кісі өлтіру түрлерінің әр қайсысында жауаптылықты негізгі құраммен салыстырғанда ауырлата алатын белгілер келтірілген. Егер кісі өлтіру қылмысы пайдақорлық ниетпен жасалса, онда осындай белгіні келті­ретін 96 баптың 2 бөлімінің «з» пункті қолданылуы керек. Ал егер қасақана кісі өлтіру қылмысында 96 баптың 2 бөлімдегі және өзге тараулардағы кісі өлтірудің белгілері болмаса, онда қылмыс 1 бөліммен жай кісі өлтіру ретінде квалификацияланады. Демек, 96 баптың 2 бөліміндегі кісі өлтіру қылмыстары арнайы құрамдар, 1 бөлімі топтық құрамның немесе жалпы норманың қызметін атқарады.

Бәсекелестік бір баптың көлемінде қарастырылған қылмыс-тық жауаптылықты ауырлататын бір неше бөлімдерінің, пункт-терінің арасында да кездеседі. Мрвдай жағдайда бір баптың бір неше бөлімдерінің жиынтығымен немесе тек бір ғана бөлімімен квалификация жасау туралы мәселе туындайды. Бүл мәселені шешу үшін қылмысты іс-әрекетте орын алған бір неше ауырла­татын құрамдардың белгілерін бір-бірімен салыстырғанда олар-дың бірі екіншісін қамти алатынын немесе қамти алмайтынын анықтау керек. Егер қамти алмаса, онда қылмысты әрекетке бе-рілген қүқықтық бағаны толық көрсету үшін қылмыс бір неше бөлімдермен немесе пункттермен квалификациялануы керек.

Мысалы қарақшылық қылмысы адамдар тобының алдын ала сөз байла-суы арқылы және ірі мөлшерде зиян келтіре отырып жасалса, онда қылмыстың орындалуында 179 баптың 2 бөлімінің «а», сонымен бірге 3 бөлімдегі «в» пункттерінің белгілері көрініс алады және мұндай жа-уаптылықты ауырлататын белгілермен жасалған қарақшылық аталған бөлімдердің жиынтығымен квалификациялануы қажет. Себебі қылмысты алдын ала келісіммен және ірі мөлшерде жасау деген белгілер бір біріне бағынышты, тәуелді белгілер деп бағаланбайды. Қылмысты ал-дын ала келісіммен жасау барлық кезде ірі мөлшерде зиян келтіруді білдіретін болса, онда бірден 3 бөліммен ірі мөлшерде зиян келтіре отырып жасалған қарақшылық деп тануға болар еді. Бірақ алдын ала келісіммен жасалған қылмыстар барлық жағдайда ірі мөлшердегі зиянға соқтыра бермейді, сондықтан бұл белгілер бір-бірінен тәуелсіз болуына байланысты қылмысты квалификациялауда ауырлататын құрам-дардың жиынтығы қолданылады.

Жауаптылықты ауырлататын бөлімдердің арасында өз-ара бағыныш-тылық немесе бірін бірі сіңіретіндей құрамдар болғанда бәсекелестік орын алады және қауіптілігі барынша ауыр белгі одан қауіптілігі жеңілдеу белгіні сіңіріп, қылмыс баптың бір бөлімі немесе пункті бойынша квалификацияланады. Мысалы қарақшылық қылмысы 179 баптың 2 бөлімінің « б» пунктіндегідей бір неше рет жасалса және осы баптың

3 бөлімінің « а» пунктінде келтірілген ұйымдасқан топпен жасалса, онда қылмыс бірден ұйымдасқан топпен жасалған қарақшылық деп таны-лып, 179 бап 3 бөлім «а» пунктімен квалификацияланады. Себебі ұйым-дасқан топ тұрақтылық белгісін иеленетіндіктен оған бір қылмысты білдіретін әрекеттерді бір неше рет жасау тән болып табылады. Сол сияқты қарақшылық бір неше рет және ірі мөлшерде зардап келтіре отырып жасалғанда да қылмыс 3 бөлімнің ірі мөлшер белгісін келті-ретін «в» пунктімен квалификацияланады. Себебі ірі мөлшерде пайда табудың немесе осындай көлемде зиян келтірудің бір тәсілі қылмысты іс-әрекетті бір неше рет қайталау болып табылады. Тағы бір мысал кел-тіре кетейік. 179 баптың 2 бөлімінің «г» пунктінде қару қолдана оты-рып жасалған қарақшылықтың және осы баптың 3 бөлімі «а» пунктін-дегі ұйымдасқан топпен жасалған қарақшылықтың белгілері бір қылмыста болғанда да, қылмыс бірден 3 бөліммен ұйымдасқан топ жаса-ған қарақшылық деп бағаланады, өйткені адамның өмірі мен денсаулы-ғына қауіп төндіре отырып жасалатын қарақшылық сияқты қылмыстар ұйымдасқан топпен жасалғанда, оларда көбінесе қару пайдалану бо­лады немесе қару пайдалану белгісін ұйымдасқан топ белгісі сіңіре алады.

Бұл айтылып отырған бір баптың бөлімдерінің немесе әр түрлі баптар-дың арасындағы қоғамға қауіптілігі жоғары құрамның өзінен жеңілірек құрамды немесе белгіні сіңіру қағидасы әдебиеттерде «жазылмаған ереже» деп аталады. Жазылмаған ереже деп аталу себебі, ол жоғарыда келтірілгендей бірін-бірі сіңіре алатын қылмыстық құрамдардың заңның әр жерінде кездесуіне және оны заңның бір бабында түгел анықтап шығудың мүмкін еместігіне, тек бұл ереже бойынша дұрыс заң норма-ларын қолдану үшін қылмыстық құрамдардың мағынасын, олардың бір-бірімен байланысын, соған сәйкес сіңіре алу мүмкіндігін түсінудің қажет екендігіне байланысты болып табылады.

Арнайы нормалар бәсекелестігінің келесі түрі қоғамға қауітілікті ауырлататын құраммен жеңілдететін құрамның ара-сында кездеседі. Мұндай жағдайда заң нормасын таңдау қылмыстың белгілерін анық бейнелеген екі арнайы норма арасында болады және қажетті норманы анықтау үшін басқа ережеге сүйенуге тура келеді.

«Азаматтардың өмірі мен денсаулығына зардап келтіргендік үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7 қаулы-сының 26 пунктінде «қажетті қорғану шегінен шыға отырып немесе

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
Бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі және квалификация тәртібі
Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау
Қылмысқа оқталуды саралау
Құқық нормаларын іc жүзіне асыру
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Аяқталмаған қылмысты саралау
Көптік қылмыстар
Құқықтық қатынастардың түрлері
Қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz