Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі



Жоспар

Кіріспе

1 Дүниетанымды ғылыми.теориялық тұрғыдан негіздеу
1.1 Дүниетаным мәселесі туралы шетел және отандық ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау
1.2 Халықтық педагогика құралдарының бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы мүмкіндіктері
1.3 Қазақ мақал.мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

2 Қазақ мақал.мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролін зерттеу
2.1 Қазақ мақал.мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролін зерттеуді ұйымдастыру және өткізу
2.2 Қазақ мақал.мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролін зерттеу нәтижелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе


Мәселенің көкейтестілігі. Қазіргі уақытта білім беру саласының маңызды проблемасы болып белсенді өмірлік позициясы бар, жаңа көзқарасқа ие, өзін және қоршаған ортаны қайта құруға, әр түрлі өмірлік және кәсіби міндеттерді жеке шеше алуға қабілетті тұлғаны даярлау табылады. Баланың осындай тұлғалық сапаларының дамуына оның мәдени ортамен өзара әрекеттестікте болуы оң ықпал етеді. Бүгінгі мәдени орта – халықтық және қазіргі мұралардың ақыл-ой, адамгершілік-моральдық, көркемдік-эстетикалық дамуының біртұтастығын құрайды. Ал бұл болса, көп ғасырлық ұлттық мәдени мұраларды тұлғаның ақыл-ой, моральдық, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде тиімді пайдалануды қажет етеді [1].
Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Ендеше Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгісі, бірінші шарты – білім. Ал шынайы білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы. Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында: «балалармен мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру» қажеттігі атап көрсетілген [3]. Сондай-ақ ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген ой-тұжырымдары да жас ұрпақты рухани-мәдени мұралар негізінде тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды [2].
Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы Н.Ә. Назарбаев: «... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал» - деген.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ - өткен тарихты білуден басталады» дейді Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың ауыз әдебиеті, оның ішінде мақал-мәтелдері. «өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп, М.Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсу – педагогтардың қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі [3].
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы. Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәңдері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты — оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.
Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы – ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақта балаларды қоршаған болмысқа дұрыс, түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен, отбасы балабақша және мектептің жұмысы болмысқа деген белсенді танымдық қатынасы арттыруға бағытталуы керек.
Сондай-ақ, қазіргі өндірістік-технологиялық және ақпараттық - қарым-қатынас салаларының қарқынды дамуы жағдайында адам дүниетанымының маңыздылығы арта түседі. Жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарға ұмтылысының, мәдени-тарихи жетістіктерге қатыстырылуының, дүниетанымының қалыптасуының маңызды факторы болып халық ауыз әдебиеті, соның ішінде мақал-мәтелдер болып табылады.
2030 – бағдарламасы Қазақстан Республикасының жарқын болашағының бейнесі. Бұл бағдарламаны жүзеге асыратын қазіргі ұрпақ пен келер жас ұрпақ екені сөзсіз. Жоғарыда атап өткеніміздей еліміздің дамып гүлденуіне білімді де білікті, іске де шебер азаматтар қажет. Ал осы қасиеттердің негізі мектепте қалыптасатыны кімге де болса мәлім. Сондықтан, «Асыл – тастан, бала - жастан» деп халқымыз айтқандай, бала тәрбиесі мен оқуына дер кезінде көңіл бөліну керек.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың ендігі жерде басты іс - әрекеті ойын емес, оқу болып табылады. Егер оқу процесі баланы жалықтырып жіберетіндей дұрыс ұйымдастырылмаса, онда бастауыш сынып оқушыларының бойында оқуға деген ынта мен қызығушылық төмендейді.
Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанры – мақал-мәтелдер арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесі бастауыш мектеп педагогикасының теориясы мен практикасында өз деңгейінде зерттелмеген. Демек, оқушылардың қазақ этнопедагогикасының негізгі құралы- мақал-мәтелдер негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; оқу-тәрбие процесінде оқушылардың дүниетанымын дамыту қажеттігі мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында; қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанры мақал-мәтелдердің балалардың дүниетанымын дамытудағы тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктерінің кеңдігі мен оларды оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында меңгерту жүйесінің жасалмағандығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы рөлі», - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты – қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны –бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы
Зерттеудің пәні – қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру процесі
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері айқындалса және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие процесіне жүйелі бірізділікпен ендірілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының танымдық көзқарасы байып, дүниетанымы кеңейеді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.
2. Қазақ мақал-мәтелдерін педагогикалық жіктемеге келтіру және олардың бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау.
3. Қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
4. Қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру әдістемесінің мазмұнын жасау және оны тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
- бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен принциптері (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, т.б.);
- әр жастағы балалардың дүниетанымын дамуы туралы теориялар (Г. Мейер, В. С. Соловьев, А. Швейцер, Л. И. Божович, Б. Г. Ананьев, Д. Н. Узнадзе т.б.);
- этнопедагогика бойынша тарихи-педагогикалық зерттеулердің тұжырымдамалық идеялары (Г.Н.Волков, К.Ж.Қожахметова, К.А.Оразбекова, т.б.);
- қазіргі білім беру және тәрбие теориялары (Е.В.Бондаревская, Н.Е.Щуркова, А.А.Бейсембаева, Қ.Қ.Жампейсова, т.б.).
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептің оқу құжаттарына (оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), мұғалімдердің озық тәжірибелеріне талдау; бақылау, тест, сауалнама жүргізу, әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Концепция общего среднего образования: Ин-т философии НАН РК. - Алматы, 1995. – 48 с.
2 Концепция развития среднего образования РК, 1997.-52 с.
3 Казахская этнопедагогика / Сост. С. Калиев. - Алматы, 1996. – 22 с.
4 Миголатьев А.А. Философия. М., 2001.-210с.
5 Божович Л.И. Избранные психологические труды. Проблемы
формирование личности. / Под. ред. Д.И.Фельдштейна. М., 1995.- 251 с.
6 Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. Л., 1968. -250с.
7 Леонтьев А.Н.Избранные психологические произведения. 1 т.М.,1983.-242с.
8 Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламаасы. – А., 1994.-74 б.
9 Шилова М.И. Изучение воспитанности школьников. - М.: Педагогика, 1982. – 137 с.
10 Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. Алматы: Білім, 2004.-150 б.
11 Концепция этнокультурного образования // Казахстанская правда. 1996. 07 августа.
12 Калиев С. Қазақ этнопедагогикасынан теориялық негіздері мен тарихы. Алматы., 2003.-186 б.
13 Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Бiлiм, 1995. - 232 б.
14 Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. Алматы: Ғылым, 1998. – 316 с.
15 Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. Астана: Фолиант, 2007.-148 б.
16 Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Чебоксары, 1990.-180 с.
17 Наурызбай Ж. Ж. Этнокультурное образование. – Алматы: Ғылым, 1997. – 69 с.
18 Т.Тәжібаев, А.Құнанбаев жастарды тәрбиелеу туралы. Алматы, 1954ж.-86 б.
19 С.Қалиев. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі.Алматы, 1987.-110 б.
20 Дюсембінова Р.Қ.Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің ғылыми педагогикалық негіздері.-Пед.ғыл.докт.автореф.-Алматы, 2001.-46б.
21 Ғаббасов С. Iзгiлiк әлiппесi. - Алматы, 1991. – 186 б.
22 Әбiлова З. Этнопедагогика: оқу құралы. Алматы: Қазақ Әлем Тiлдер Университетi, 1997. – 230 б.
23 Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт, дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптары. - Алматы: Ана тiлi, 1994. – 82 б.
24 Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985.-130 б.
25 Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы: Санат, 2001ж.-168 б.
26 Шилова М.И. Социализация и воспитание личности школьника в педагогическом процессе: Учебное пособие. - Красноярск, 1998. –135 с.
27 Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. – М., 1997. – 224 с.
28 Мәлік Ғабдуллин. « Қазақ халқының ауыз әдебиеті». Алматы, «Мектеп» баспасы -1974.-78 б.
29 Кәмәлашұлы Б. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары. Алматы.2005.-120 б.
30 Калиев С. XV-XIX ғғ ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. Алматы.1990.- 184 б.
31 Қожахметова К.Ж. Қазақ халық шығармашылығын отбасында пайдалану. – Алматы: ИПК Алатау, 1997. – 36 б.
32 Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы, 1993.- 17 б.
33 Кожахметова К.Ж. Мектептiн ұлттық тәрбие жүйесi: теория және практика. - Алматы, 1997. – 142 б.
34 Кузьмин М.Н. Концепция национальной школы // Национальная школа: состояние, проблемы, перспектива / Под ред. М. Н. Кузьмина. – М.: ИНПО, 1995. С. 3-14.
35 Мануйлов Ю.С. Аксиоматика средового подхода к воспитанию (опыт построения) // Методология, теория и практика воспитательных систем / Под ред. Новиковой Л. И. - М.: НИИ теории образования и педагогики РАО, 1996. С. 47-58.
36 Молдашбаева С. ұлттық тәрбие - ұрпаққа үлгi. // Мұғалiмдер мамандығын көтеру жүйесiн жетiлдiрудiң келелi мәселелерi мен жолдары жөнiндегi халықаралық ғылыми-практикалық конф. 1994. - Алматы, 1994. Б. 115-117.
37 Нурланова К. Эстетика художественной культуры казахского народа. - Алматы, 1993. – 176 с.
38 Парфенов В.А., Туманова Л.А. О традициях казахского народа 1824-1917г.г. - Алма-Ата, 1992. – 64 с.
39 Подставко Г.А. Концепция воспитательной работы. // Классный руководитель.- 1999. - № 1. – С. 12-18.
40 Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. Алматы: Білім, 2004. – 7,9,11,13,19.
41 Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. Учебное пособие. – Алматы: Университет «Кайнар», 1998. – 193 с.
42 Құралұлы А. ұлттық дүниетаным. Оқу құралы. –Алматы: «өнер» 2002.
43 Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. М.: Просвещение. 1991. С. 147-153.
44 Хмель Н. Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. -Алма-Ата: Мектеп, 1984. – 134 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі

Жоспар
Кіріспе
1 Дүниетанымды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу
1.1 Дүниетаным мәселесі туралы шетел және отандық ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау
1.2 Халықтық педагогика құралдарының бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы мүмкіндіктері
1.3 Қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
2 Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролін зерттеу
2.1 Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролін зерттеуді ұйымдастыру және өткізу
2.2 Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролін зерттеу нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мәселенің көкейтестілігі. Қазіргі уақытта білім беру саласының маңызды проблемасы болып белсенді өмірлік позициясы бар, жаңа көзқарасқа ие, өзін және қоршаған ортаны қайта құруға, әр түрлі өмірлік және кәсіби міндеттерді жеке шеше алуға қабілетті тұлғаны даярлау табылады. Баланың осындай тұлғалық сапаларының дамуына оның мәдени ортамен өзара әрекеттестікте болуы оң ықпал етеді. Бүгінгі мәдени орта – халықтық және қазіргі мұралардың ақыл-ой, адамгершілік-моральдық, көркемдік-эстетикалық дамуының біртұтастығын құрайды. Ал бұл болса, көп ғасырлық ұлттық мәдени мұраларды тұлғаның ақыл-ой, моральдық, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру процесінде тиімді пайдалануды қажет етеді [1].
Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Ендеше Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгісі, бірінші шарты – білім. Ал шынайы білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы. Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік Білім бағдарламасында: балалармен мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру қажеттігі атап көрсетілген [3]. Сондай-ақ ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз деген ой-тұжырымдары да жас ұрпақты рухани-мәдени мұралар негізінде тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды [2].
Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы Н.Ә. Назарбаев: ... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал - деген.
Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. Болашақ - өткен тарихты білуден басталады дейді Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды - деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың ауыз әдебиеті, оның ішінде мақал-мәтелдері. өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді деп, М.Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсу – педагогтардың қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі [3].
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы. Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәңдері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асады. Білім беру, процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты — оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.
Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы – ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақта балаларды қоршаған болмысқа дұрыс, түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен, отбасы балабақша және мектептің жұмысы болмысқа деген белсенді танымдық қатынасы арттыруға бағытталуы керек.
Сондай-ақ, қазіргі өндірістік-технологиялық және ақпараттық - қарым-қатынас салаларының қарқынды дамуы жағдайында адам дүниетанымының маңыздылығы арта түседі. Жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарға ұмтылысының, мәдени-тарихи жетістіктерге қатыстырылуының, дүниетанымының қалыптасуының маңызды факторы болып халық ауыз әдебиеті, соның ішінде мақал-мәтелдер болып табылады.
2030 – бағдарламасы Қазақстан Республикасының жарқын болашағының бейнесі. Бұл бағдарламаны жүзеге асыратын қазіргі ұрпақ пен келер жас ұрпақ екені сөзсіз. Жоғарыда атап өткеніміздей еліміздің дамып гүлденуіне білімді де білікті, іске де шебер азаматтар қажет. Ал осы қасиеттердің негізі мектепте қалыптасатыны кімге де болса мәлім. Сондықтан, Асыл – тастан, бала - жастан деп халқымыз айтқандай, бала тәрбиесі мен оқуына дер кезінде көңіл бөліну керек.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың ендігі жерде басты іс - әрекеті ойын емес, оқу болып табылады. Егер оқу процесі баланы жалықтырып жіберетіндей дұрыс ұйымдастырылмаса, онда бастауыш сынып оқушыларының бойында оқуға деген ынта мен қызығушылық төмендейді.
Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанры – мақал-мәтелдер арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесі бастауыш мектеп педагогикасының теориясы мен практикасында өз деңгейінде зерттелмеген. Демек, оқушылардың қазақ этнопедагогикасының негізгі құралы- мақал-мәтелдер негізінде тәрбиелеуге қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; оқу-тәрбие процесінде оқушылардың дүниетанымын дамыту қажеттігі мен оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында; қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанры мақал-мәтелдердің балалардың дүниетанымын дамытудағы тәрбиелік мәні мен мүмкіндіктерінің кеңдігі мен оларды оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында меңгерту жүйесінің жасалмағандығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы рөлі, - деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты – қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны –бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы
Зерттеудің пәні – қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру процесі
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері айқындалса және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие процесіне жүйелі бірізділікпен ендірілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының танымдық көзқарасы байып, дүниетанымы кеңейеді.
Зерттеудің міндеттері:
1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.
2 Қазақ мақал-мәтелдерін педагогикалық жіктемеге келтіру және олардың бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтау.
3 Қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын айқындау.
4 Қазақ мақал-мәтелдері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру әдістемесінің мазмұнын жасау және оны тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
- бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен принциптері (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, т.б.);
- әр жастағы балалардың дүниетанымын дамуы туралы теориялар (Г. Мейер, В. С. Соловьев, А. Швейцер, Л. И. Божович, Б. Г. Ананьев, Д. Н. Узнадзе т.б.);
- этнопедагогика бойынша тарихи-педагогикалық зерттеулердің тұжырымдамалық идеялары (Г.Н.Волков, К.Ж.Қожахметова, К.А.Оразбекова, т.б.);
- қазіргі білім беру және тәрбие теориялары (Е.В.Бондаревская, Н.Е.Щуркова, А.А.Бейсембаева, Қ.Қ.Жампейсова, т.б.).
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептің оқу құжаттарына (оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), мұғалімдердің озық тәжірибелеріне талдау; бақылау, тест, сауалнама жүргізу, әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.

1 Дүниетанымды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу

1.1 Дүниетаным мәселесі туралы шетел және отандық ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау

Адамның жаңа білімдерді игеру процесі таным деп аталады.Таным проблемасы – философияда мазмұнды орын алатын мәселе. өйткені таным өте күрделі қайшылыққа толы процесс. Ақыл парасат, сана сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып білуге деген ерекше ұмтылыс. Таным – іс әрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық тарихи процесі. Ой еңбегі мен дене еңбегі арасында қарама қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы жоне тудырушы іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, рухани өндірістің (ғыл., эстет., этикалық, діни-парасаттық қызметтік және т. б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Сондықтан таным теориясы практикадан оқшауланған (теория және практика), танымды түсінуде агностицизм мен идеализмді туындатқан ерекше, тек рухани әре-кет теориясы ретінде талданды. Танымның диалектикалық-материалистік теориясы практикалық қызметті танымның негізі және білімнің ақи-қаттық критерийі ретінде қарастырады. Таным адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бастау алады. Кез келген практикалық қызмет тәсілі дегеніміз адамдар қызметінің нәрселерін өздеріне жалпылық формаларында сақтап әрі байқалатын адамдар қарым-қатынасының тәсілі болып табылады. Тасты, металды және т. б. өңдеудегі еңбек процестерінде осы объектілердің маңызды қасиеттері бейнеленіп, көрініс табады. Сондықтап тас немесе металл адамға жәй сырттай сезіммен қабылданатын сапалар комбинациясы түрінде ғана алуға тосылмайды. Объектіні түйсіне отырып, адам оны өзінің ұзақ мерзім бойы өңдеуі мен пайдалануының үйреншікті тәсілдерімен толықтырады, осылайша бұл объект адам әрекетінің мақсаты ретінде танылады. Сезімдік бейнеде практикалық қызметтің даәдыларында бейнеленген объективті жалпылықтың белгілері бар. Осы мағынада Маркс сезімдер тікелей өз практикасында теоретиктер болып шықты деп жазды және бес сыртқы сезімнің қалыптасуы — бұл барлық өткен бүкіл дүние жүзілік тарихтың жұмысы екенін ерекше атап көрсетті. Осылайша, объектілерді тікелей өңдеу сезімдік-практикалық қызметтің бір сәті болып табылады. Олар түйсіну, қабылдау, түсіну және т. с. с. формалар арқылы жүзеге асырылады. Заттардың қасиеттері функциялары, олардың объективті мәні адамдардың белгі берушілік — сөйлеу әрекетінен орын тебе отырып, сөздердің мағынасы мен мазмұнына айналады, осының көмегімен адам ойлау әрекетін қатыстыра - отырып, заттар, олардың қасиеттері, мен белгілері туралы түсініктер құрайды. Ойлаудың логикалық қызметі ұғым, пікір, тұжырым, индукция және дедукция, анализ және синтез сияқты және т. б. формалар арқылы, идеялар, болжамдар жасау арқылы жүзеге асырылады. Бірақ тек қана қоғамдық-өндірістік практика идеялар, болжамдардың шындықпен сәйкестігін дәлелдегенде ғана олардың ақиқаттығы туралы айтуға болады. Таным ақиқаттары тек оқшау, арнайы өткізілетін экспериментте (тәжірибеде) ғана тексерілмейді. Барлық қоғамдық өндірістік материалдық қызмет, қоғамның бар болмысы өзінің барлық тарихи жолында білімді нақтылайды және тереңдетіп, тексереді. Практика объективтік ақиқатты адасудан ажыратуға, біздің біліміміздің ақиқаттығын растауға жарайтындай анық, сонымен бірге ол өзі өндіріс мүмкіндіктерімен және оның техникалық деңгейімен және т. б. әрбір кезеңіне сәйкес шектелген даму үстіндегі процесс болып табылады. Бұл оның салыстырмалылығын білдіреді, осының нәтижесінде оның дами беретігндігі ақиқаттың тұйыққа тірелуіне, өзгермейтін абсолютке айналуына жол бермейді.
Танымның логикалық формаларының формаларына – ұғым, пікір, ой тұжырымы жатады. Ұғым заттар мен процесстерді олардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнелеу болып табылады. Пікір дегеніміз – қандай да болсын бір зат жайында бір нәрсе мақұлданатын немесе теріске шығарылатын ой. Ой тұжырымы арқылы біз бастапқы білімнен логнкалық жолмен жаңа білім аламыз. Таным процесі рационалды және сезімдік жақтардың диалектикалық бірлігі. Таным теориясы адамзаттың философия тарихын, мәдениет пен ғылыми тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытудың нәтижесі.
Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады.
Ғылыми таным – танымның ең дамыған түрі. Ғылыми танымның міндеті – заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың өмір сүру және даму заңдылықтарын ашу.
Теориялық таным – заттар мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білуге бағытталған таным; ол аса жоғары абстракциялық дәрежеде іске асады; теориялық таным – ұғым, категория, заң, гипотеза және т.б. формаларда жүзеге асады. Теориялық таным салыстыру, анализ және синтез абстракциялау, жалпылау және шектеу, логикалық және тарихилық, аналогия әдістерінің көмегімен жүзеге асады.
Көзқарас – адамзат санасының қажетті бөлігі. Адамның білімі, сезімі, көңіл күйі, ұмтылысы мен үміті оның көзқарасын құрай отырып, адам әлем және ондағы өзінің орны туралы түсінікке ие бола бастайды.
Қоғамдағы адамдардың өмірі тарихи сипатқа ие. Қоғам өзгеріске ұшыраған сайын адамдардың өзі де, оның ойлары, сезімі, қызығушылықтары да өзгеріске ұшырай бастайды.
Әр дәуірдің адамдарының көзқарастарынан өз елінің, өз дәуірінің рухын көруге болады. Көзқараста жалпылама білімнің ролі өте зор - өмірлік-практикалық, кәсіби және ғылыми.
Жалпы көзқараста құндылықтар жүйесі қалыптасады, өйткені құндылықтар жүйесінің жеке, сонымен қатар қоғамдық көзқараста алатын орны ерекше. Сонымен қатар көзқарастың негізін сезім мен ақыл ой құрайды.
Көзқарастың эмоционалды – психологиялық негізіне әлемді түйсініп қабылдау жатады.
Көзқарас тек білім, ақыл ой мен бағалаудың жиынтығы ғана емес, ол ақыл ой мен эмоциялардың бірлігі.
Табиғат пен қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың өмірі әртүрлі көңіл күйлер сезімдерге толы. Адамның әлемге таңдануы, оның табиғатпен бірлігі сезімі оның көзқарасынан айқын байқалады.
Әлемді түйсіну де алуан түрлі көрініс береді, мысалы: өз халқы, өз отаны, өз елі үшін уайымдап қаймыққан адам әрдайым ізденісте, енжар болса, кейбіреулері қуанышты, бақытты және өз өмірін толыққанды өткізіп, өз істерінен ләззаттанып өмір сүреді.
Адамдардың көңіл күйлерінен олардың өмір сүру образдарын, әлеуметтік жағдайларын, ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін, таәдарын, денсаулығын, мінез құлқы мен жас ерекшелігін байқауға болады. Жастардың әлемді түйсінуі мен әлем туралы түсініктері қарттар мен ауруға шалдыққан адамдарға қарағанда ерекше.
Қоғамымыз қиындықта болса ол адамдардан батылдық пен қажырлы еңбекті талап етеді. Адамның эмоциональды әлемі оның көзқарасынан айқын білінеді.
Сонымен көзқарас дегеніміз – адамның ақылы мен сенімінің, білімі мен құндылықтарының бірлігі. Көзқарас арқылы адам даналыққа ие болады, өзінің ата тегінің рухани мұрасынан сусындайды, өткені мен болашағын таразылайды.
Жалпы көзқарастың екі деңгейі болады, олар: қарапайым практикалық және ғылыми теориялық. Қарапайым практикалық көзқарасқа адам баласы өмірлік бай тәжірибенің арқасында ие болады.
Қарапайым көзқарас стихиялық тұрғыдан қалыптасқан, ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, негізделмеген. өз ойларын логикалық тұрғыдан дәлелдеп, белгілі бір ғылымдарға сүйенген көзқарас ғылыми теориялық сипатқа ие болады. Ғылыми көзқарастағы адамзат баласы өз ойына сыни тұрғыдан қарап, өз ойын ғылымның таразысына салып пайымдайды.
Дүниеге көзқарас – жеке адамның әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас бір қоғам қызметінің бағытын, және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат мұраттар мен сенімдер жүйесі.
Дүниеге көзқарас – қоғамдық сананың барлық формаларына қатысты элементтерден құралады: онда философиялық, экономикалық, саяси, ғылыми, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен роль атқарады. Ғылыми білімдер дүниеге көзқарас жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат шындықтарын баәдарлау мақсаттарына қызмет етеді. Сонымен қатар ғылым адамды әртүрлі наным сенімдер мен адасушылықтардан құтқарып, оның шынайы болмысты танып білуіне жағдай жасайды. Көзқарас ұғымы философия ұғымына қарағанда аса кең шеңбердегі құбылыстарды қамтиды. Мысалы: кең шеңбердегі көзқарас болса, оған кіретін тар шеңберден философия көрініс береді.
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы – ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақта балаларды қоршаған болмысқа дұрыс, түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен, отбасы балабақша және мектептің жұмысы болмысқа деген белсенді танымдық қатынасы арттыруға бағыталуы керек.
Дүниетаным дегеніміз — дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен зандылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиәи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де калыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді.
Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным - күрделі де көпаспектілі құрылым. Оның ұйытқысы — теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар — адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Олар табиғат пен қоғам кұбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-баәдары қызметін атқарады.
Әрбір адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның "Мен" деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім — көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықгың субъективті көрінісі, адамдардың ұжымдық, индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір "білетін" немесе "түсінетін" емес, ол — жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналады.
Регулятивті қызмет атқара отырып сенім жеке тұлғаның тұтас рухани, құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілек-қажеттілігін, сезім мен қылықтарын анықтайды. Олар қоғамдық мақсат-мүдделердің объективті талаптарынан, адамның танып білген қажеттілігіне сәйкес әрекет туындайды. Сенім жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс-әрекеттінде басшылықка алып, оның болашақ өмір жолын анықгайды. Сенім — жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі — оның дүниетаным көрінісі. Сезім — сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимиз мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты.
Қажымас ерік-жігер - дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз -адамның білімдерді, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілетті.
Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.
Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі дүниетанымдық сана, сезім мен ерік-жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.
Дүниетаным — философия, философия сияқты ол да бүтінге, жан- жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос
туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрадың (Г. Мейер). Философияның өзі де —дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.
Философия сияқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы — оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешелігі, ерекше категориалық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні "дүние-адам" мәселелері туралы ойлар.
Философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді: дүниетанымдық, әдіснамалық.
Философияның адам мәселесінің маңыздылығына орай бірінші орында гуманистік қызметі тұр. Гумандылық— адамгершілік деген мағынаны білдіреді, ол — гуманизмнің түрлі бағыттарының арман-мұраты. Оның басты мақсаты: адамға тән құндылық қабілеттілігінің, сезім мен парасаттың үйлесімді дамуы, адами мәдениеттің, өнегелілік пен оған лайық адамдар мен тұтастай жаратылысқа қатысты мінез-қүлықтың жоғары деңгейде дамуы. Адамгершілік - адамдармен қарым-қатынас жасағаннан пайда болатын игілік сезімі; бір жағынан, жалпы тілектесік-ниеттестіктің сезімі; ал екінші жағынан -адамдармен іштей және жалпы түрде қатынас жасау мүмкіндігі, адамзатты жануарлардан ерекшелендіретін, тек адамға ғана қасиеттер жиынтығы.
В. С. Соловьевтің пайымдауынша; адам өміріне ақыл-ойдың маңызды мәселелерін, ақиқат шындығы, құбылыстардың мәні мен парасаты туралы мәселелерді шеше алатын, сонымен қатар, қалауға шартсыз мақсат қоя отырып, қызмет-әрекеттің жоғарғы қалпын анықтай отырып, бүтін өмірдің ішкі мазмұнын аша отырып, ерік-жігердің жоғары талап-тілектерін қанағаттандыра алатын жоғары деңгейдегі наным-сенім мен орныққан көзқарастар сөзсіз қажет... [4]. Қоғам үшін де, жеке индивид үшін де дүниетанымсыз өмір дегеніміз бағыт-бағдардың жоғары сезімінің патологиялық бұзылуын білдіреді" (А. Швейцер).
Философияның келесі бір дүниетанымдық қызметі — әлеуметтік-аксиология. Оның өзі де бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары: құрылымдық-құндылықтық, интерпретаторлық және сыншылдық қызметтері. Біріншісінің мазмұны Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқгы құндылықтар туралы түсініктерді талдау болып табылады; бұған, сондай-ақ, әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады. Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бүл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттілігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады. Қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міндеттері қайталанып қана қоймайды, оның арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өмірі индивидуалдық өзін-өзі танытуға талпыну мен шартсыздық пен жоғары даралыққа ұмтылу сияқты тербелісте болады. Жеке тұлғаны шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық, ғаламдық ынтымақтастық арман-мүратына әкеледі. Қоғамдық арман-мұратқа еркін универсализм принципі деп анықтама беруге болады (П. И. Новгородцев).
Жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нәтижелілігіне деген сенімдерден тұрады.

1.2 Халықтық педагогика құралдарының бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы мүмкіндіктері

Қазақстан Респубилкасы өз алдына дербес мемлекет ретінде егемендігін алғаннан кейін елімізде ұлттық рухани мұраларымызға бет бұрып, соның негізінде тәрбие беруге көңіл қойыла бастады. Осы тұрғыдан ұлттық тәрбие атауын өздерiнiң докторлық диссертацияларында Қ.Бөлеев пен К.Оразбекова пайдаланып, жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері мен оқушыларға ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді дайындаудың теориясы мен тәжірибесін зерттеді.
Қ.Бөлеевтің айтуынша: ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика ғылымында өз шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi тиiс. өйткенi этнопедагогика ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен сипатталатын ғылым саласы. ұлттық тәрбие – жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде қалыптасқан этнопедагогиканың саласы.., - деп анықталады [13].
Ғалымның ойынша, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың тиiмдiлiгi – болашақ мұғалiмдердi, бiлiктi тәрбиешiлердi даярлау және қайта даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына арналған арнайы баәдарламалар мен нақты шараларды қолға алу арқылы іске асырылады.
К.Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие – болашақ қоғамымыздың құрылысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол: ..ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-өлеңге, өлеңi-өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды.. - деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлтты идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi [14].
К.Ж.Қожахметова ұлттық тәрбиені этникалық тәрбиеге қарағанда кең ұғым деп қарастыра отырып, мынадай анықтама береді: ұлттық тәрбие-жалпыхалықтықты ұлттық сипаттармен біріктіре алатын ұлттың азаматтарын, мүшелерін қалыптастыру: олар тілді, мәдениетті білумен қатар қазіргі заманға сай білімді де игеруі қажет [15].
Академик Г.Н.Волковтың пікірінше, халықтың педагогика адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасумен ерекшеленеді. Сондай-ақ адамдардың қоғамды құруы, қоршаған ортаны – табиғатты өзіне икемдеп игеруі, еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқаруы да осы сатыға жатады. Ол тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туып, өмірлік тәжірибиеге негіздеген эмпирикалық білім болып келеді де, ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезде пайда болып, халық арасында ауызша тарады. Сондықтан да оны шығарушы авторлардың аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкілхалықтық мұраға айналып кетті [16].
Әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк мұрасының түпнамасы – оның ұлттық құндылықтармен мыңғасырлық байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық педагогикасындағы ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал жасап келгенiн педагогика ғылымы жоққа шығармайды.
Қазақ халқы - елін, жерін, оның табиәи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік таәлымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сай жасалуын өмірдің өзі талап етеді.
Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық процесінде халық педагогикасын пайдалану бойынша мол тәжірибе қалыптасқан. Негізгі мақсат – жас ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық өнерін, дәстүрлерін меңгерте отырып, оларды оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мінез-құлық, қадір-қасиетін қалыптастыру. өйткені еліміз үшін жас ұрпақтың өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айрықша маңызды болып табылады.
Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Халық педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Ғасырлар бойы әдет-ғұрып дәстүрге айналып, ұрпаққа ақыл-сана беретін, атадан–балаға тұрмыс-тіршілігіне өнеге болып, ауызша жалғасып келе жатқан қазақтың қанына сіңген тәрбиелік қағидасын халықтық педагогика дейміз. Халықтық педагогика жас ұрпаққа өмір тәжірибесінен халықтың сенім, наным-танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру үшін атадан-балаға ауызша жалғасып келе жатқан қағида, оны жасаушы – халық. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен мақал-мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Халық мұрасының танымдық мәні – ұлан-ғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңінде мәнді, адамзаттың рухани – эстетикалық қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне байланысты, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына негіз болатын дәстүрлер көп-ақ. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Халықтың тілін, салтын, дәстүрін бойына дарытқан ұрпақ тәрбиелеу үшін халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп алуға болады. Халық педагогикасын келер ұрпаққа айтар ақылы, ұсынар үлгісі, берер тәлім-тәрбиесі сол елдің күй, би, музыкасы, фольклорлық шығармалар арқылы ежелгі ойын-той думанында салт-саналық дәстүрлерінде насихатталған. Яғни, әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіне тән дәстүрі ұлттық мұра арқылы көрініс береді.
Қазақ халқы, басқа халықтар секілді, жазу – сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып, солар арқылы тұрмыс -тіршілігінің әр алуан жақтарын суреттеген; қоғамдық өмірін, дүниеге көзқарасын, таптық күресін, арман – мүддесін, т.б. бейнелеп көрсеткен. Осы негізде туған және ауыз әдебиетінің күрделі бір түрі деп халықтың мақал – мәтелдерін айтамыз.
Мақал – мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, ерте заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан, бұл жолда әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған.
Мақал – мәтелдер - әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы. Ол өз бастауын адам баласының тым ертедегі саналы қоғам құраған балаң кезінен алып, ғасырлар бойы еленіп – екшеліп, сұрыпталып, толассыз толығып келе жатқан жанды құбылыс, халық даналығының қорланып жиналған қор, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан рухани мирасы.
Мақал мен мәтел өміршең поэтикалық жанр, қазақ халқының рухани қазынасы, философиялық пайым түйіні. ұмытылмас ұрпақтан ұрпаққа жаттала тараған өнеге. үлгі, өсиет сөздерінің түзілімі. Адам пікірінің дәнекері, аталы сөздің мәуесі, дәмі, тұздығы. Шешендікті қадір тұтқан әрбір қазақ жүйелі сөзге қонақ берген және осы үрдісте ұрпағын тәрбиелеген [17].
Мақал мен мәтелдерді шығарушы да - халық, есіне сақтап, оны таратушы да - халық. Халықтың арман мүддесін, көзқарасын, әрбір қоғамдық, таптық жағдайларға берген бағасын білдіретін – ақыл-өсиет, нақыл сөз ретінде айтылатын бұл мақалдар бүгінгі күнде де өзінің қасиетін жоғалтқан жоқ.
Мақал – мәтелдер сонау ықылым замандарда әртүрлі жағдайларда тудырған ұғымдар ата - бабамыздың өмір тәжірбиесі арқылы шыңдалып, қанатты сөздерге айналып, ғасырлар бойы екшеліп жинақталып бүгінге жеткен халық мұрасының ең бір рухани байлығы. Ол көлемі жағынан қысқа болғанымен, мазмұн тереңдігімен ерекше. Мақал – мәтелдер бүтін бір халықтың дүниетанымын, болмыс - бітімін, жан дүниесін, мінез - құлқын, тұрмыс - тіршілігін аз ғана сөзге ұтымды да көңілге қонымды етіп сыйғыза біледі. Осынау халық қазынасының бүгінгі ұрпақтың бойында адами игі қасиеттерді дамытуда, тазалыққа баулуда да тәрбиелік мәні зор.
Адам баласын табиғатпен біртұтас үндес жаратылыс десек, оның тілі адамзат жаратылысының басты қасиеті. Осыған орай, адамзат тілінің табиғатын зерттеу бүкіл адамзат болмысын танып, білумен тең. Әр ұлттың тариғы сол ұлттың басынан кешкен кезеңдері, оның діні мен тілінде, өмірі мен өнерінде , әдебиеті мен мәдениетінде, тілінде көрніс тауып жататыны сөзсіз.
Әдетте, кез – келген тілде мақал – мәтелдер о баста тура мағыналары негізінде қалыптасып, одан абстракциялану арқылы ауыс мағыналарға ие болатын күрделі құбылыс.
Қазақ мақал – мәтелдерінде өнер білімді өте жоғары бағалайды. Білімдінің өрге жүзетіні, өрде озатыны айтылып өнерсіз, білімсіз адамды жер соғып артта қалдыратыны айтылады.
Қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық тұлғасы үш түрлі үлгіден тұрады: бір тағанды, қос тағанды және көп тағанды. Таған дегеніміз логикалық ой – тұжырымның бүтін бір бөлшегін, табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың, қалып – күй, іс - әрекеттің сипатын, ерекшелігін, себебі мен салдарын білдіретін сөз тіркесі, синтаксистік бірлік. Мақал – мәтел құрылымында аяқталған бір бүтін ой – тұжырымның тіл арқылы сипатталған негізін таған ауыс мағынада даналық ой – пікірдің тілдегі тұрақталған тұғыры, көркем сөзбен бейнеленген тірегі.
Мақал – мәтелдердің құрылымдық тұлғаларының тілдің тірегі болып саналатын үш түрлі тағанның қалыптасуы негізінде, пайымдап қарасақ, халқымыздың рухани, өмірінің, халық даналығының қалыптасу, кемелдену, даму тарихының ізі жатқан сияқты. Оны қысқа түрде баяндасақ, бір тағанды мақал – мәтелдер халық даналығының (этнос) тілі арқылы қысқа да нұсқа етіп қара сөзбен сипаттап жеткізудің алғашқы қадамының жемісі болса керек. Қоршаған табиғат пен қоғамдық ортадан алған әсері мен тәжірибесін, көңілге түйген ой – тұжырымы мен тәлім – тағылымын бір ауыз сөзбен түйіндеп айту ертедегі бабаларымыз үшін тек қара сөз арқылы ғана жүзеге асыру мүмкін болған. Мәселен, Қойшының қызы қой келгенде іс тігер, өзі болған қыз төркінін танымас. Суға кеткен тал қармайды т.б. осы сияқты қарапайым сөзбен көптеген мақал – мәтелдер соның бір айғағы [18].
Бір тағанды мақал – мәтелдерде одан кейінгі тұлғалық даму деңгейіне олардың ішкі ұйқасқа құрылу үрдісін жатқызуға болады. Мысалы: Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу. Түймедейді түйедей ету. Тіл тікенді де алады. Қыз – қырық шырақта т.б. сол сияқты бір тағанды қара сөз түріндегі мақал – мәтелдердің құрамдық мүшелері ендігі жерде ұйқас (рифма), аллитирация, ассонанс, эвфония т.б. поэтикалық шарттарды сақтауға бейімделе бастайды.
Мақал мен мәтелдерді әр қилы замандарда дүниеге келіп, тыңдаушысының қабылдауына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен хандық билікті қаншама уақыт болса да басынан кешірген халқымыз, сол елдің бас билеушісіне деген көңіл – күйлерін Хан сыртынан жұдырық, Ханның басын хан алар, қардың басын қар алар деп мақал – мәтелдермен тұжырым жасаған.
Әрине мақалдар мен мәтелдерді кез келген адам шығаруға хақылы. Бірақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, уақыт аралатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал – мәтелдер салиқалы ой иесі, ділмар шешен, адуын мінезді ақындардың араласуымен жасалған өмірдің елеулі жайларынан қорытынды шығарған ақын – жыраулардың біраз шығармаларының кейбіреулерінен мақал – мәтел аралас сөздердің кездесуін де, я болмаса пәлен деген би, пәлен деген шешен осындай – осындай оқиғаның тұсында былай деген екен деп, айтылатын кейінгіге жеткен мақалдарды міне, осы тұрғыда қабылдаған жөн.
Қазақтың мақал-мәтелдері өте ерте, көне дәуірден келе жатқан рухани мұрамыз болып табылады. Мақал-мәтел ғана емес, басқа халықтардың да фольклорында кездесетін құбылыс. Қазақтың мақал-мәтелдері айшықты сөз үлгілері, көне дәуір ескерткіші болып табылатын тас жазбаларда, Қорқыттан қалған мұраларда және ХІ ғ М.Қашқаридың Диуани ұлағат-ат-түрік атты еңбегінде біздің күні бүгінге дейінгі қолданып келе жатқан жазу тіліне түскен [13].
Негізінен алғанда, өнер туралы, достық – жолдастық туралы көптеген мақал – мәтелдер бар. Ақыл - тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен, өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар, Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды, Жақсы дос ашып айтар, жаман дос қосып айтар деген де достық, жолдастыққа арналған мақалдар дер едік.
Бала тәрбиелеуде, жастарға ақыл – кеңес берерде халық барлық асыл сөз, даналық ойларын жеткіншіктерге арнаған. өз өмірінің ғасырлық тәжірбиесінен алған бай мұра – мақал – мәтелдерін үлгі - өнеге ретінде өмірінің жалғасы ұрпағына қалдырып отырған. Абай, Ыбырай сияқты даналардан, ақын – жазушы, би шешендерден бізге жеткен нақыл сөздер де қазір мақал – мәтел секілді ел аузында айтылуда. Абайдың: Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да, Туғанда дүние есігін ашады өлең т.б. Ыбырай Алтынсариннің: Еңбекпен тапқан нан тәтті, Сәбит мұқановтың: Жақсы жолға келе жатып жаман әдет көрсетпе деген сөздерді әрқашан ақыл болып табылады. Ғабиден Мұстафин: Теңізден терең халық ішінде алмастай асыл ойлар жатыр, Осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді деген пікірлерін тірнектеп жинап, үлгі алу – ұрпағының зор міндеті [15].
Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой-түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар көбінесе өлеңдік-өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен (екі тармақтан) құралады. Бірнеше бөлімде пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой қортындысы айтылады (Еңбек етсең, емерсің), тура мағынада(Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей), ауыспалы мағынада (Оқ жақпаған үй -қорамен тең, адам кірмеген үй – моламен тең) қолданылатын мақалдарды көбінесе халық шағарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған (авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдерде өте көп [19].
Мақал – мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, өнер алды – қызыл тіл, Ер қанаты - ат, Елін сүйген ер болар, Жігітті намыс, қоянды намыс өлтіреді деген мақалдар ешқандай тұспалдаусыз тура мағынасында айтылып тұр. Ал екінші бір мақал – мәтелдерде ойды тура айтпай ,жұмбақтап, астарлы мағынада ишарамен білдіреді. Мысалы, Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда, Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кіре, Не ексең, соны орасың, Жауырды жаба тоқиды, т.б. мақал – мәтелдерде айтпақ ой астарлы мағынада ишарамен беріліп отыр.
Мақалдарды жасаудағы көркемдік тәсілдердің бірі - әсірелеу. Мысалы: Көп түкірсе – көл, Жақсы – ай мен күндей, әмбеге бірдей. Сондай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты
Мақал - сөз анасы
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Пәндер