Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
1.ші дәріс. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ.
2.ші дәріс. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
3.ші дәріс. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР.
4.ші дәріс. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ЖӘНЕ АҚТАУ.
5.ші дәріс. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУІНДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР.

Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туады. Олардың ішінде ең маңыздысы — өкімет органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас. Бұл қатынасты қылмыстық процессуалдық қатынас деп атайды.
Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ал процессуалдық қарым-қатынас қылмыстық іс жүргізетін орган мен қылмыскердің арасында туады, қылмыстық заң қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігінің негізі мен шегін анықтайды, ал қылмыстық іс жүргізу заңы айыпкерді жауапқа тарту негізі мен тәртібін анықтайды.
Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қылмыс жасаған адам дәлелсіз тағылған айыптан, орынсыз сотталудан және әділетсіз жазадан заңды түрде қорғануға құқылы. Алайда тергеуші, не болмаса прокурор қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүргізбесе, процессуалдық қарым-қатынас тумайды, себебі қылмыстық іс қозғауға құқылы мемлекет органдары мен лауазымды адамдар қылмыс болғанын білмейді. Басқаша айтқанда, ең бірінші қылмыстық құқықтық қарым-қатынас пайда болады, содан кейін құқықтық процессуалдық қарым-қатынас туады (арыз, шағым не болмаса хабарлама түскеннен соң), өйткені материалдық заңының өмір сүру жолы іс жүргізу болып саналады. Қылмыстық құқықтық қарым-қатынас қылмыстық процессуалдық қарым-қатынассыз жүзеге аса алмайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ.
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу мемлекеттік қызмет түрі, оның міндеттері және маңызы. Қылмыстық сот ісін жүргізудің тарихи түрлері мен нысандары. Қылмыстық іс жүргізу сатылары және олардың жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу функциялары. Қылмыстық іс жүргізудің философиялық және рухани бастамасы.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы оқу пәні ретінде, оның орны және заңгер-маман қалыптастырудағы маңызы. Курстың негізгі түсініктері, жүйесі және заты.
3. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу құқысы, оның Қазақстанның құқықтары жүйесіндегі орны. Қылмыстық іс жүргізу қарым-қатынастарының ерекшеліктері. Қылмыстық іс жүргізу нысандарының формаларының бірлігі мен дифференциясы. Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктері, олардың түрлері мен маңызы. Сот әділдігі және адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету кепілдіктері.
4. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу ғылыми және орың Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыру кезіндегі міндеттері. Оның (ғылымның) заты, жүйесі және тәсілі.
5. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу құқысының ұғымы және қайнар көзі. Қылмыстық істер жүргізу заңы – қылмыстық істер құқысының негізгі қайнар көзі. Қылмыстық істер жүргізу заңы мен қылмыстық істер жүргізудің ара қатынасы.
6. Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу заңдарының жүйесі. Қылмыстық сот істерін жүргізудегі конституциялық нормалардың, заңдардың, көпшілік таныған қағидалардың, халықаралық құқық нормаларының маңызы.
7. Қылмыстық сот ісін жүргізу заңының кеңістікте, уақыт тұрғысында, адамдарға қатысты қолдануы.
8. Қылмыстық іс жүргізу нормалары: олардың түрлері, құрылымы және ерекшеліктері.

Қылмыстық құқық нормаларын процессуалдық тәртіптен тыс қолдану тергеудің, соттың немесе өкіметтің зорлығына әкеп соғады. Әр уақытта қылмыс жасаған азамат қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіппен жауапқа тартылу қажет, қылмыстық жауапқа тартудың зорлық сияқты басқа түрлеріне үзілді-кесілді тиым салынуы керек. Процессуалдық қарым-қатынас қылмыс туралы арыз түскеннен кейін пайда болады, яғни қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысынан басталады. Осыдан бастап қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың нақтылы процессуаддық әрекеттері жүзеге асады. Процессуалдық қарым-қатынас іс жүргізудің әр кезеңіндс әртүрлі болады және тергеу әрекеттерінің мәні мен мақсатына байланысты. Мысалы, алдын ала тергеу кезіндегі құқықтық қарым-қатынас болған қылмысты тез және толық ашу, қылмыскерді әшкерлеу мақсатына бағынады. Қылмыстық істі тексеру нәтижесінде іске қатысушылардың, біріншіден құқықтары мен міндеттері жүзеге асады, екіншіден, процессуалдық қарым-қатынас өзгереді (кей уақытта қысқартылады). Сондықтанда процессуалдық қарым-қатынас, қылмыстық іс сияқты, пайда болады, дамиды, өзгертіледі, қысқартылады. Тергеу жәнс сот органдарының табысты жұмыс жасаулары үшін, олар тек қана өздерінің құқықтарын қолданып қана қоймай, басқа да қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы тиіс.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға белсенді қатысатын, процессуалдық құқықтарымен кеңінен қамтамасыз етілген, өзінің немесе өзіне өкілдік ретінде берілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай ақ көмекші қызмет атқаратын адамдар мен органдарды айтады.
Әдебиеттерде іс жүргізуге қатысушылар терминіне қатысты әрқилы көзқарастар кездеседі. Атап айтқанда, М. М. Михеенко [8] қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер — сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі — процеске қатысушылар. Л. Д. Кокоревтің [9] пікірінше, "субъектілер" және "қатысушылар" терминдері — мән-маңызы бірдей ұғым-
дар, бірақ қылмыстық процесс үшін "қатысушылар" термині лайықтылау,
өйткені "субъектілер" термині жалпылама сипатта.
Іс жүргізу субъектілері мен қатысушьшарына бөлу біршама жасанды сипат алып отыр деп топшылауға негіз бар, өйткені құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқыктар да, міндеттер де бар. Айырмашылық — сол қүқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. "Субъект" терминін пайдаланудың орынды екенін ҚІЖК құрылымынан көруге болады, онда қылмыстық процеске тартылған адамдар "процеске қатысушылар" деген бір ұғыммен білдірілген.
Іс жүргізуге қатысушылар мәніне қатысты мәселелерде де айтыс туғы-зуда. Іс жүргізуге қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды.
Іс жүргізуге қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас барьшша айқын байқалды.
Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар-жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В. П. Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді.
Барынша көп қолдаушылар тапқан екінші көзкарас процеске қатысушылар деп тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген.
Үшінші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде "процеске қатысушылар" категориясының зандылығын жалпы теріске шығарумен байланысты. Осы көзқарасты жақтаушы С.А.Альперт процеске катысушылардың бәріне түрлі құқықтар мен міндеттер берілген, сондықтан оларды "процеске қатысушылар" деген бір ұғыммен біріктіруге болмайды деп санайды.
Бір жағынан, "іс жүргізуге қатысушылар" терминін түсіну, ал екінші жағынан — іс жүргізуге қатысушылар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін анықтау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын алып отырған алшақтықтарға объективті негіз бар, оның мәні:
1) "іс жүргізуге қатысушылар" категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының әр түрлі түсінуімен;
2) іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мәнін түрліше түсінуімен байланысты.
Қылмыстық іс жүргізу заңында "іс жүргізуге қатысушылар" категориясының түрліше түснілуі мынадан көрінеді.
1. ҚІЖК нормалары процеске қатысушылар тізбесі берілген бөліктерде бір-біріне сәйкес келмейді, мысалы:
а) ҚІЖК-тің 7-бабының 9-тармағында "процеске қатысушылар"— қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді корғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері" деп түсіндірілген; осылармен қатар ҚІЖК-тің 7-бабының 25-тармағында тағы да бір түсініктеме берілген: "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар"— сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;
ә) ҚІЖК 2-бөлімі ("Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар") сот (судья), іс бойынша төрағалык етуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы қызметін регламентеген, мұның өзі ҚІЖК-тің 7-бабының 9 және 25-тармақтарында көрсетілген процеске катысушылар шеңберінен едәуір кең;
б) 10-тарауда ("Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар") процеске қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы аталған, мұның өзі КІЖК 7-бабының 25-тармағына сәйкес келеді.
2. Қылмыстық іс жүргізу заңында қаралып отырған категорияның өзінде, сондай-ақ сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс-әрекеті қылмыстық
іс жүргізушілік ережесін де түрліше түсіндіруге әкеліп соғатын дәлсіздіктер
бар, мысалы:
а) 84-баптың 1-бөлігінде маман — "тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін" шакырылған адам деп көрсетілген; ал 7-баптың 25-тармағы бойьшша маман — қылмыстық процеске қатысушы өзге адам; сараптамалық зерттеу үшін маманның қатысуымен үлгілер алу туралы 260-бапқа жасалған талдау маман — тергеу іс-әрекетіне қатысушы екенін дәлелдейді (атап айтқанда, бапта былай делінген: "Қаулыда аталған тергеу іс-әрекетінін барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттері көрсетілуге тиіс"); 239-баптың 2-бөлігіне сәйкес маман "тергеу экспериментіне қатыстырылуы" мүмкін , 238-баптың 3-бөлігіне сәйкес оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындау кажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргізіледі. Маман және қылмыстық процеске тартылатын өзге де адамдар жағдайының регламенттелуіне жасалған талдаудан "қатысушы", "қатысу үшін шақырылған адам", "іс-әрекетке катысушы адам", "қатыстыру", "қатысуымен" және т.т. ұғымы — бір нәрсені білдіретінін көреміз;
ә) маманның қылмыстық процеске қатысушы ретіндегі жағдайының анықтамасын "процеске қатысушы" және "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар" ұғымдарымен салыстырып көрелік:
— маман — процеске қатысушы;
— маман — кылмыстық процеске қатысушы өзге адам;
— қарапайым салыстыру негізінде "процеске қатысушы" және "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адам" ұғымдары тең деген тұжырым жасаймыз;
б) қылмыстық процеске тартылатын адамдарды "қатысушылар" мен "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға" бөлу шартты, сырттай сипат алып отыр және заң шығарушының сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы істе әлдебір мүдде көздемейтінін атап көрсетуге ұмтылуына негізделген, ал қалған адамдарда, іс жүргізудегі статусына байланысты ондай мүдделер бар (сот сот төрелігін жүзеге асыруға, прокурор — зандылықтың сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушыға қолдау көрсетілуіне, тергеуші мен анықтаушы — іс бойынша ақиқаттың анықталуына және кінәлілердің әшкереленуіне, қорғаушы — қорғауындағы адамның мүдделері қорғалуына мүдделі және т.т.).
Сонымен, қолданылып отырған ҚІЖК-тің бірде-бір нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдардың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді.
Сонымен бірге "процеске қатысушылар" категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі:
— заңды бір ізге салу;
— заңды әмбебаптандыру;
— заң бұзылуының алдын алу;
— құкық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету мақсаттарында маңызды.
Соңғы кезде әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын кылмыстық іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқалып отыр.
Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:
1) сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге;
2) түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу аркылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады;
ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;
б) қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;
в) құқық қатынастарының сипаты адамның құқыктық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т,);
г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды және т.т.).
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот ісіне мынадай қатысушыларды ажыратуға болады:
1) қылмыстық ізге түсу функциясы — прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы;
2) тергеу функциясы — тергеуші, анықтаушы;
3) айыптау функциясы — айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі);
4) прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы — прокурор;
5) қорғау функциясы — сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
6) қылмыстық істі сотта қарау және шешу — судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, істі алдын ала тергеу сатысында қысқарту);
7) азаматтық талапты қолдау — азаматтық талапкер;
8) азаматтық талаптан қорғау — айыпталушы, азаматтық жауапкер.
Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.
1. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі және маңызы.
2. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының жүйесі, оларды топтастыру. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының, қылмыстық іс жүргізудің кейбір сатыларының жалпы шарттарымен ара қатынасы. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларын жүзеге асырудың процессуалдық кепілдері.
3. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуінің нақты қағидаларына сипаттама. Заңдылық. Сот әділдігін тек қана соттың ғана жүзеге асыруы.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, жеке адамның абыройы мен қадыр-қасиетін құрметтеу. Адамның жеке басына тиіспеушілік. Қылмыстық іс жүргізу барысында азаматтардың, құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке азаматтардың өміріне, мекен-жайына және мүлкіне қол сұғуына жол бермеу. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздеріне жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. Істің мән-жайын жан-жақты , толық және объективті зерттеу. Дәлелдемелерді ішкі сезім бойынша бағалау. Сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету. Куәлік айғақтар беру міндетінен босату. Білікті заң көмегін алу құқысын қамтамасыз ету. Жариялылық. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі. Қылмыстық іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.
Қағида[1] ұғымы түсініктемесінің үш жай-жапсары бар: философиялық, затты қолданбалы, теориялық-құқықтық. Қағида ұғымының философиялық жай-жапсары мынада: жалпы таным негізіне немесе өлдебір білім саласы негізіне алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.
Қағида ұғымының затты-қолданбалы жай -жапсары осы қызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.
Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Сонымен, қағида ұғымы түсініктемесінің барлық жай- жапсарларының ұқсастықтары көп, олардың ең елеулілері мыналар:
- қағида ұғымы тек негіз қалаушыларға жатқызылуы мүмкін категорияларға ғана қолданылады;
- қағида ұғымы жалпы негізгі ережелердің объективті ақиқатынан дерексіздендірілуі мүмкін;
қағида ұғымы құбылыстардың мәнін білдіретін үйреншікті
теориялық талдаумен байланысты.
Осы айтылғандарға байланысты Ф. Энгельстің мына бір пікірі_____________________________ ________________
1 Принцип (лат. Principum-негіз, бастама) - әлдебір теорияның, ілімнің негізгі, бастапқы жағдайы, басшылық.
ден қоярлық: ...Қағидалар табиғатқа және адамзат тарихына
қолданылмайды, солардан дерексіздендіріледі: табиғат пен адамзат
қағидаларына лайықталмайды, керісінше, табиғат пен тарихқа
қаншалықты сәйкес келсе, соншалықты ғана дұрыс болады[2].
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін
оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қандай да болсын
ережелерді қылмыстық іс жүргізу құқығы принциптерінің
категориясына жатқызу үшін олар мына талаптарға сай келуге тиіс:
1) олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот
органдарының үйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы
сәттерді айқындап, олардан өз кезегінде жеке-дара сипатты
ережелер туындайды;
2) қағидалардың өздерінде адамдард ың ерік берілген немесе
міндетті іс-қылықтарының б арлық жақтары және қүқықтық
норманың барлық элементтері (болжам, диспозиция, санкция)
тұжырылымдалуға тиіс емес;
3) негіз қалаушы айқындамаларға еркін мазмүн беруге болмайды,
өйткені олар қылмыстық іс жүргізу қүқығының
заңдылықтарымен және ішкі логикасымен объективті түрде
байланысты;
4) қағидалар категориясына жатқызылған ережелер объективті
және субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұүштастыруға тиіс
(мазмұн объективті, заң сөзінің нысаны субъективті );
5) қағида ережелерінің мәніне ор нықтылық, тұрақтылық тән
болуға тиіс (құқык нормалары өзгертіледі, заңдар
ауыстырылады, ал принциптер сақталады);
6) өктем, әмірлі сипатта болуға тиіс;
7) қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға
тиіс.
Сонымен, қылмыстық процесс қағидалары қоғамдық және
мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен
орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін
және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және
нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы
ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет
қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен
міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер.
Қазақстан Республикасының іс жүргізу Кодексінің 9-бабына
сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада:
оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс
жүргізуді жарамсыз деп тануға, мүндай іс жүргізудің барысында
шығарылған шешімдерді бүзуға не осы тұрғыда жиналған
материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.
Сөйтіп, қағидалар мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:
1) қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде қағидалар орталық,
басты орын алады;
2) олар өзара тығыз үйле сімді байланысты бастапқы, не гізгі
нормалар болып табылады;
3) қағидалар құқықтық нұс қамалар ретінде қалыптасады және
нормативті сипатта болады;
4) олар қылмыстық проце стің мақсатын, оның табиғаты мен
жүйесін түсінудің кілті болып табылады;
5) қағидалар іс жүргізу қүқығының негізгі бағыттарын, даму
перспективаларын айқындайды;
6) олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға
байланысты үсыныстардың негізделгенін анықтау кезіндегі басты
өлшемдер болып табылады;
7) қағидалар құқық қалыптастыр у қызметінде әлеуметтік
бағдарлар функциясын атқарады;
8) қағида іс жүргізу нормаларының дүрыс түсіндірілуіне жәрдемдеседі.
Ғылымда қылмыстық процесс қағидалары түрліше түсініледі
және ең айқын үш бағыт бар:
Бірінші бағыт өкілдері (Савийкий М.Я., Томин В.Т.) қағидалар
жалпы басшылық идеялар бола отырып, идеялар күйінде қалуға тиіс
деп санайды; олар қүқық тұрғысынан нақтылауды қажет етпейді,
өйткені құқық жүйелерінің түгелдей бәрінде кездеседі. Атап
айтқанда, В.Т. Томин былай деп жазады: Біздіңше, кеңестік
қылмыстық процесс қағидалары заң шығарушы тұжырымдағанға
дейін пайда болады... Қағидалар - дүниетаным элементтері...
қылмыстық іс жүргізу саласындағы басшылық идеясы, бірде-бір
нормативтік актіде әлі тікелей тұжырымдалмаса да, кеңестік
қылмыстық іс жүргізудің қағидасы болып қалады... Қағидаларды
жасайтын ғылым... Жасалғаннан кейін қағидалар қылмыстық іс жүргізудегі қатардағы қатысушы үшін де, сондай-ақ заң шығарушы
үшін де міндетті(немесе міндетсіз) болады[3]
Екінші бағыт үшін (М.Л. Якуб, Н.Н. Полянский) қағидалар
ретінде тек заңмен баянды етілген, анықтау, тергеу, прокуратура
және сот органдарының қызметін айқындайтын жалпы және
бастапқы ережелердің танылуы тән. Мәселен, Н.Н. Полянский былай
деп жазған: Кеңестік қылмыстық процесс қағидалары деп біз
басшылық идеялардан туындайтын қағидаларды, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу кезінде орындалуға тиісті талаптарды айтамыз... Анықтауда нормативтік сәтті атап көрсету қажет.
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының казіргі ұғымына бәрінен
де жақын тұрған үшінші бағыт сол қағидаларға тек құқықта
орнықтырылған басшылық идеяларын ғана жатқызады. Яғни, әңгіме
қылмыстық іс жүргізу құқығының түгелдей барлық көздерінде орнықтырылған қағидалар жүйесі жайында, сондай-ақ жалпы
қылмыстық іс жүргізу құқығының мәнінен орынды түрде
туындайтын қағидалар жайында болып отыр [8].
Біздің ойымызша, үшінші бағыт қылмыстық іс жүргізу құқығы
дамуының қазіргі деңгейіне барынша толық сай келеді. Бүл
бағыттың артықшылығын мына дәлелдерден көруге болады:
1) қылмыстық іс жүргізу қызметін тек заңдарда көрсетілген
негіздер мен нысандарда ғана жүзеге асыруға болады, демек, бұл
қызмет өздеріне негізделген негізгі ережелер заңда тиянақталады;
2) ешқандай идеялар қылмыстық іс жүргізу қызметі мен құқық
қатынастарын таза күйінде реттей алмайды;
3)егер қағидалар тек мемлекеттік (анықтау, тергеу, прокуратура
және сот) органдар қызметінің негізін айқындайтын болса, онда сот
төрелігінің мақсаттары мен міндеттері елеулі түрде бұрмаланады,
өйткені өзге қатысушылар (айыпталушы, жәбірленуші және т.б.)
мүдделерінің процесс үшін онша елеулі маңызы болмайды.
Қолданып жүрген Қазақстан Республикасының іс жүргізу
Кодексінде қағида ұғымы мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау
қағидаларға арналған. Бұрын қолданылып келген Қазақстан
Республикасының іс жүргізу Кодексінде тіпті қағида терминінің
болмауы қылмыстық іс жүргізу қүқығы қағидаларының мәнін
түрліше талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен
айқындады. Логикалық қателіктер түрлі үғымдардың (қағидалардың,
сот процесінің жалпы жағдайларының және т.т.) араласуына әкеліп
соғады. Бүл кемшілік, біздіңше, Қазақстан Республикасының іс
жүргізу Кодексінде қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларына
арналған жеке тарау енгізу жолымен түзелді (бүрын қолданылып
келген Қазақстан Республикасының іс жүргізу Кодексінде әдетте
қағидаларға қатысты нәрселер Қылмыстық сот ісін жүргізе бастау
негіздері деп аталған тарауда берілген еді). Қазақстан
Республикасының іс жүргізу Кодексінде қағидаларды орнықтырудың
қүқықтық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-
бабы болды, онда қылмыстық сот ісін жүргізу қағидалары нақты
регламенттелген.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР.
1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, оларды топтастыру.
2. Қылмыстық іске қатысушы мемлекет органдары мен адамдар.
3. Сот - қылмыстық істер бойынша сот билігін жүзеге асыратын орган. Соттың процессуалдық мәртебесі, қарсылық білдіру негіздері, оны шешу тәртібі.
4. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Прокурор. Тергеу бөлімінің бастығы. Тергеуші. Анықтау органы. Анықтаушы. Олардың қылмыстық іс жүргізудегі мәртебесі, оларға қарсылық білдіру негіздері, қарсылықты шешу тәртібі.
5. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар:
5.1. Сезікті: ұғымы, процессуалдық мәртебесі.
5.2. Айыпталушы: ұғымы, процессуалдық мәртебесі.
5.3. Қорғаушы: ұғымы, процессуалдық мәртебесі. Қорғаушыға іске қатысуға рұқсат беру. Қорғаушының міндетті түрде іске қатысуы. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру. Қорғаушыдан бас тарту.
5.4. Жәбірленуші: ұғымы, процессуалдық жағдайы.
5.5. Жеке айыптаушы: ұғымы, процессуалдық жағдайы.
5.6. Азаматтық талапкер: ұғымы, процессуалдық жағдайы.
5.7. Азамматтық жауапкер: ұғымы, процессуалдық жағдайы.
5.8. Өкілдер, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың заңды өкілдері: ұғымы, процессуалдық жағдайы.
6. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдар. Куә.Сарапшы. Маман. Аудармашы. Куәгер. Сот мәжілісінің хатшысы. Сот приставы. Олардың құқықтары мен міндеттері. Оларға қарсылық білдіру негіздері, қарсылықты шешу тәртібі.
Мемлекеттік органдар, лауазымд ы тұлғалар, азаматтар, процес ке қатысушы заңды тұлғалар қылмыстық процестің субъектілері болып табылады. Іске қатысудағы рольдері алуан түрлі, сонымен бірге олар процесс субъектілері ретінде топтарға бөлінеді.
Оның біріншісіне мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар - сот (судья), прокурор, тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы, анықтауды жүргізуші (анықтаушы). Тек аталған тұлғалар ғана құқық нормасын, сол немесе басқа тұлғаға процессуалдық мәжбірлеу шарасын қолдана алады, іс өндірісінің бастапқы шешімін шығарады, оның бағытын және істің мәнін шешеді.
Сезікті, айыпкер, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азаматтық жауапкер, азаматтық талапкер және олардың өкілдері қылмыстық процеске қатысушылард ың екінші тобын құрайды.
Ендігі қарастыратын мәселе процеске қатысушылардың жүйесі.
Процеске субъектілердің және процеске қатысушылардың түсінігінің арақатынасы топ және түр ретінде белгіледі. Әрбір, процеске қатысушы оның субъектісі болады, бірақ әрбір процесс қатысушы бола алмайды.
Үшінші топ - тұлғалардың бірігуі, бұнда мемлекеттік органдарға көмектесуші ретінде процеске қатысады. Бұл куә, сарапшы маман, тілмаш, айғақ, сот мәжілісінің хатшысы.
Сотта істі қарағанда еңбек ұжымының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық айыпталушылар және қорғаушылар, мекеме өкілдері, кәмелетке толмаған айыпкердің оқитын немесе жұмыс істейтін орындарына қатыса алады.
Жоғарыда айтылып кеткен қылмыстық процестің субъектілеріне
жүктелген құқықтар мен міндеттер бар. Бұнымен қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты шектеліп қана қоймайды. Қылмыстық процесс қызметінің түсінігін қолдануда, қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты маңызды толықтырылып және тереңдетіледі.
Субъектілердін әрекет бағытта рының түрлері, олардың рольд ері, тағайындалу немесе іске қатысу мақсаты процессуалдық қызмет деп аталады. Бірінші және екінші топтағы субьектілердің әрекеті үш негізгі қылмыстық - процессуалдық қызметпен белгіленеді: айыптау, қорғау және істі шешу.
Прокурор және жәбірленуші сотқа тұлғаның кінәлі екендігі сұрағын кояды және өзінің д әлелдеудегі дұрыстығын мақұлдайды. Айыпкерді айыптаудан қорғану қызметі, оның қорғаушысы, заңды өкілі жүзеге асырады. Сот әділ сотты жүзе ге асырушы. Айыпкерді қылмыс жасаудағы кінәлі екендігін тану құқығын тек оған ғана берген.
Алдын-ала тергеу сатысының кызметі келесідей жүзеге асады. Тергеуші (анықтау органы) дәлелдемелерді жинауға және тіркеуге күштерін салып, істің барлық жағдайларын зерттеп, қылмыс жасаған тұлғаны анықтап алдын-ала тергеуді жүзеге асырады.
Алдын-ала тергеу сатысындағы қорғану кызметі сезіктінің айыпкердің және оның қорғаушысының толық немесе жартылай жалған екенін білдіруге бағытталған әрекеті. Айыптау және қорғану қызметімен азаматтық талапты қолдаушы және одан қорғану қызметі азаматтық талап және азаматтық жауапкер оның өкілдері орындауда жақын жанасады.
Сонымен бірге алдын-ала тергеу сатысында прокурорлық қадағалау қызметі алдын-ала тергеу және анықтау органының заңды біркелкі және дұрыс орындалуын қадағалап отырады.
Соттың істі қарауында мемлекеттік айыптаушы басқа айыптау түрлеріне қарағанда негізгі орынды иеленеді - қоғамдық айыпты қолданушы қоғамдық айыпкер және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz