ЮНЕСКО


ЮНЕСКО
ЮНЕСКО ( U nited N ations E ducational, S cientific and C ultural O rganization - UNESCO ) - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО - 1988 жылы) . 1999жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры - Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.
XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде) ; өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады
ЮНЕСКО негізгі мақсаты - бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.
Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:
- болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;
- білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;
- заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;
- мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;
- арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
ЮНЕСКО -
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ұйым
1945 жылы 16 қарашада құрылды, Бүгінгі күні Ұйымға 191 мемлекет мүше.
ЮНЕСКО негізгі мақсаты - бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.
Штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан
ЮНЕСКО жалпы құндылықтарды құрметтеуге негізделген өркениеттер арасында, мәдениеттер мен халықтар арасындағы диалог үшін жағдай жасауды жүзеге асырады. Дәл осы диалог арқылы әлем адам құқығын сақтауды қамтитын тұрақты дамудағы жаһандық түсіністікке, өзара сыйластыққа келеді және қайыршылық азаяды - осының барлығы ЮНЕСКО қызметі мен жұмысының барысын құрайды.
ЮНЕСКО-ның барлық стратегиясы мен іс-шараларының негізінде халықаралық деңгейде келістірілген мыңжылдық Декларациясында қалыптастырылған даму саласындағы мақсаттарды қоса алғанда, жалпы даму саласындағы халықаралық қауымдастықтың үлкен мақсаттары мен нақты міндеттері жатыр. Осы мақсаттарға жетуге ЮНЕСКО-ның білім, ғылым, мәдениет пен коммуникация және ақпаратты қамтитын құзырет салаларының бірегей сипаты мүмкіндік береді.
ЮНЕСКО миссиясы білім, ғылым, мәдениет пен коммуникация және ақпарат арқылы әлемді нығайтуға, қайыршылықты түпкілікті жоюға, тұрақты даму мен мәдениаралық диалогқа ат салысудан тұрады. Ұйымның негізгі назары екі жаһандық құзыретке негізделген:
- Африка;
- Гендерлік теңдік.
Сонымен қатар мыналарды толығымен қамтитын мақсаттары бар:
- Барлығы үшін сапалы білім беруді және өмір бойы оқытуды қамтамасыз ету;
- Тұрақты даму мүддесінде ғылыми білімді және саясатты мобилизациялау;
- Әлеуметтік және этикалық міндеттер мен проблемаларды шешу;
- Мәдени әртүрлілікті, мәдениаралық биалог пен әлем мәдениетін ынталандыру;
- Ақпарат пен коммуникацияның көмегімен білім берудің исклюзивті қоғамын құру;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz