Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалистикалық ерекшеліктері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалис.тикалық ерекшеліктері .
2.Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қылмыстык-құқықтық көзқараспен қарастыратын болсақ экономика саласын¬дағы қылмыстарға мыналар тән: бұл қылмыстың объектісі болып экономикалық маңыздағы қоғамдық қарым-қатынастар; экономикалық залалдың болуы және де оның ipi көлемде немесе aсa ipi көлемде болуы; өндірісте жасалатын және айналадағы ортаға негативті әсер ететін қылмыстардың коспағанда барлық уақытта ниеттің қылмыстық істен орын алуы.
Экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесі құрылысы жағынан - ұрлық, адам өлтіру, жол-көлік оқиғасы қылмыстарын және басқа да қылмыстарды тергеу әдістемесінен айырмашылығы айтарлықтай көп емес. Басқа қылмыстардағыдай элементтер экономикалық қылмыстарынан да көрініс табады, яғни қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процестік актілер ескеріледі, сол схемалар бойынша ұсыныстар жасалады.
1. Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу ерекшеліктері Е.Қайыржанов
Алматы. 2007ж
2. Криминалистік тактика. ЖәкішовЕ.Ғ. Алматы: «Жеті Жарғы», 1997ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалис-тикалық ерекшеліктері .
2.Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қылмыстык-құқықтық көзқараспен қарастыратын болсақ экономика саласындағы қылмыстарға мыналар тән: бұл қылмыстың объектісі болып экономикалық маңыздағы қоғамдық қарым-қатынастар; экономикалық залалдың болуы және де оның ipi көлемде немесе aсa ipi көлемде болуы; өндірісте жасалатын және айналадағы ортаға негативті әсер ететін қылмыстардың коспағанда барлық уақытта ниеттің қылмыстық істен орын алуы.
Экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесі құрылысы жағынан - ұрлық, адам өлтіру, жол-көлік оқиғасы қылмыстарын және басқа да қылмыстарды тергеу әдістемесінен айырмашылығы айтарлықтай көп емес. Басқа қылмыстардағыдай элементтер экономикалық қылмыстарынан да көрініс табады, яғни қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процестік актілер ескеріледі, сол схемалар бойынша ұсыныстар жасалады.
Барлық жеке әдістемелер алдымен экономикалық қылмыс түрінің нақты бір қылмыстық-құқықтық сипаттамасына сүйенеді. Қылмыстық-процесуалдық негіздер - тексеру әрекеті кезеңінен бастап қылмыстық істі қозғауга дейінгі және айыптау қорытындысын жасау кезеңін аяқтай отырып жеке әдістеменің барлық кезеңдерін өткізеді.

1. Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалистикалық ерекшеліктері.

Қазіргі кезде экономика саласындағы қылмыстар кеңінен тарап өсуде және
біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған. Мысалы, сеніп тапсырғаннан мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалық контрабанда, жалған
кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметімен айналасу және т.б.
Қылмыстык-құқықтық көзқараспен қарастыратын болсақ экономика саласындағы қылмыстарға мыналар тән: бұл қылмыстың объектісі болып экономикалық маңыздағы қоғамдық қарым-қатынастар; экономикалық залалдың болуы және де оның ipi көлемде немесе aсa ipi көлемде болуы; өндірісте жасалатын және айналадағы ортаға негативті әсер ететін қылмыстардың қоспағанда барлық уакытта ниеттің қылмыстық істен орын алуы.
Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалис-тикалық сипаттамасы төмендегідей ерекшеліктерден тұрады. Біріншіден, экономика саласында жасалатын қылмыстар - мүліктік қатынастарға бағытталған нақты бір материалдағы (өндірістерге, зауыт, фабрика, рудниктер, теле-радио коммуникациялары, акциялар мен ақшалай қаражаттарына, валюталарға, сондай-ақ жер және жер койнауларына, мұнай мен газ өнімдеріне, астық және дайын өнімдерге) қол сұғушылық болып табылады;
Екінші ерекшелігі, экономика саласына байланысты белгілі бір жоғары білімі бар кез-келген экономикалық қылмыстарды жасаған субъектілер, бұл қылмыстарды көбінде осы салаіа байланысты бір лауазымды құзіреттілік берілген тұлғалар жасайды;
Үшінші ерекшелігі, экономикалық қылмыстарды жасау жағдайларына байланысты. Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылық ортасында, атап айтқанда: өнеркэсіптік немесе ауылшаруашылық, сонымен қатар сауда орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады. Бұл жерде міндетті түрде мынандай операциялар жүргізіледі - каржылық және материалдық есеп-шоттар, мұнда міндетті түрде мамандар, кызметкерлер және сол сияқты басқа да тұлғалар болуы тиіс.
Төртіншіден, барлық шаруашылық және қаржылық операциялар тиісті құжаттармен рәсімделеді. Сондықтан да қылмыскердің экономикалық қылмыстардан көрініс табатын кез-келген әрекет немесе әрекетсіздіктері әрқашан да жазбаша ресми кұжаттарда электрондық түрде немесе мәлімет беретін құжаттың алғашқы нұсқасында бекітіледі. Мұнда қылмысқа катысты кез-келген құжаттар нақты дәлелдемелер болып табылады.
Бесіншіден, экономикалық қылмыстар негізінен жасырын (латенттік) сипатта жасалады. Қылмыскердің білімділігі - қылмыстың ізін жасыруға байланысты әртүрлі шараларды ойлап табуына, оларды қамтамасыз етуге алдын ала әртүрлі айла-әдістерді, әрекеттерді жасауына мүмкіндік береді. Сондықтан да қылмыстық істі қозғауға байланысты нақты әрі толық негіз алу үшін көп жағдайларда тергеу әрекеті жүргізілмес бұрын алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Экономикалық қылмыстарға тән ерекшеліктердің тағы бір түрі, яғни алтыншы ерекшелігі, қылмыскердің жасаған әрекеттері бірнеше қылмыс түрлерімен байланысты болуында. Мысалы: несиені заңсыз алу қылмыстары жалған кәсіпкерлік қылмыстарымен байланысты болуы мүмкін.
Ал өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету қылмыстары бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу; жалған банкроттық қылмыстары аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі; пара алу қылмыстары қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және сол сияқты басқа да қылмыстармен байланысты болуы мүмкін. Экономикалық контрабанда қылмыстары көбінде қылмыскерлердің салық төлеуден (кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден) бас тартуыса байланысты жасалады. Жетіншіден ерекшелігі, экономика саласындағы қылмыс сипаты көпшілігінде ұйымдасқан түрде жасалатындығында. Қылмыстық әрекетке коғамдағы әртүрлі әлеуметтік топ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет деңгейіндегі құқық қорғау қызметкерлері де қатысады. Кейде экономика саласындағы қылмыстарды ұйымдасқан топ болып жасауға жоғары қызметтегі шенеуніктер қатысады. Олар бұл қылмысты Қазақстан Республикасынан тыс жақын және алыс шетел азаматтарымен байланыста бола отырып ұйымдасып жасаулары мүмкін. Экономикалық қылмыстарға тән соңғы ерекшеліктерге қылмыскердің көп көріністік және ұзақ уақыт аралығындағы әрекеттері жатады. Экономика саласына байланысты бір факт бойынша бір күн немесе апта ішінде жасалған қылмыс түрі тәжірибеде әлі кездескен жоқ.
Осы ерекшеліктер экономика саласындағы қылмыстарды тергеудің қиындығымен, тергеушінің өзге де қызметтермен тығыз байланысымен, тергеу процесінің материалдық-техникалық жағынан қамсыздануымен және тергеушінің кәсіби дайындығымен байланысты.

2.Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы.

Экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесі құрылысы жағынан - ұрлық, адам өлтіру, жол-көлік оқиғасы қылмыстарын және басқа да қылмыстарды тергеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Криминалистика пәнінен дәрістер
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ АЛДАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Контрафактілік өнімдер айналысы саласындағы қылмысқа тергеу жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері
Пәндер