Ә.Қоңыртабаев зертгеулеріндегі қазақ және шығыс әдебиетінің сабақтастығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ә . Қоңыртабаев зертгеулеріндегі қазақ және шығыс әдебиетінің сабақтастығы

Қазақ әдбиетінің шығыстық арнаға бет бұрғаны өте ерте кездерден басталады. Қазақ халқы шығыс халықтарының бірі ретінде бүкіл шығыс мәдениетінде жасалынған мол мұраларға ортақтас мұрагер, сол мәдениетті жасаушылардың бірі болып саналады. Бертінгі уақытта ғана өз беттерімен бөлініп кеткен. Шығыс халықтары әр түрлі саяси, мәдени, қоғамдық жағдайларды бастарынан өткізіп, олардың әдебиеті мен мәдениеті де өзіндік сипат ала бастады. Міне, осы тұста қазақ мәдениеті шығыстық көне заманғы және орта ғасырдағы мәдениетінен басқаша түрде дамыды. Ал, жаңа заманда қазақ халқы өзінің төл мәдениетімен қатар шығыстың фольклоры мен әдебиетін де жатсынған жоқ, кәдесіне жаратты. Мұны сол кездегі қазақ қоғамының болмысы мен рухани сұранысы қажет еткен еді.

Қазақтың қисса-дастаншылары белгілі бір шығыстық сюжетті ала отырып, қазақ тұрмысына етене жақындастырды, өздерінше жырлады, қосты, алды, өзгеше мүсіндеді. Шығыс ақындарының, классиктерінің көлеңкесінде қалып қоймай, өз наным-сенімін, ұлттық сипатын қоса білді. Қайта жырлаушы ақындар шығыс әдебиетінің күшті әсерін оңтайлы пайдаланып, іске асыра алды.

Бүгінгі күні қазақ және шығыс елдері арасындағы байланыстар жан-жақты қарастырылып, зерттелуде. Оның ішінде тек саяси- әлеуметтік жағдайлар ғана емес, мәдени, әдеби байланыстар да жолға қойылған. Кезінде шығыс тақырыбына қалам тартқан ақындар аз болмаған. Оның ішінде Абай, Шәкәрім бастаған көптеген қазақ ақындары шығыс үлгісінен сусындап, өз шығармаларына арқау еткен. Бірақ, біздің зерттеушілеріміз көпке дейін төл әдебиетіміздің шығыстық төркіндеріне мән бермей, біреулері теріс көзқарас танытса, біреулері үкімет тарпынан қуғынға ұшырап отырды.

Осындай алмағайып замандарды басынан өткерсе де, қазақ әдебиетінің дамуына аса зор ықпал етіп, шығыс әдебиетіне мейлінше назар аударған Әуелбек Қоңыратбаев болды. Шығыс әлеміне еркін бойлап, енді ғана өз зерттеулерін жаза бастағанда Ә. Қоыратбаев та осындай сынға ұшырады. Қ. Тұрғанбаев деген әдебиетші партиялық «Социалистік Қазақстан» газетінде «Шығыстың шылауындағы әдебиетші» (5-шілде, 1947, №196) деген атпен мақала жариялап, Ә. Қоңыратбаевтың шығыс әдебиетіне қатысты еңбектерін сынға алады. Онда «Орта Азияның үлгілі ақындары» деген еңбегін түкке жарамсыз етіп көрсетіп, ғалымды «Шығыстың кертартпа әдебиетін дәріптеуін, соған бас июін қоймай келеді, деп сөгеді.

Шығыс және қазақ әдебиетінің ғасырлар бойғы тарихи-мәдени байланысын айқындап, шығыс ақындарының есімдері мен шығармаларын жарыққа шығарғаны үшін және бұл дастандарға арнайы сағат бөліп, лекциясына қосқаны үшін университет табалдырығынан аластатылып, қиыр шеттегі ауыл мектебінен бірақ шығады.

Шығыс әлемін тануға деген құмарлық ғалымның өзіне жабылған «ұлтшыл», «космополит» деген саяси айдар алғанына қарамастан өз зерттеулерін жүргізе беруіне қуат-күш берді. Соның арқасында бүгінде Ә. Қоңыратбаевтың әуел бастан-ақ, дұрыс ғылыми бағытта болып, халқына адал қызмет атқарғаны дәлелденіп отыр.

Өз зерттеу енбектерінде Ә. Коңыратбаев шығыс жауһарларын оқып, талдап қана қойған жок, оларға әділ бағасын бepiп, сонымеи қатар өзге елдердің шығармаларымен де салыстырып көрсетті. Ғалымның бipқатap еңбектері шығыс мәдениеті жетістіктерінің қазақ әдебиетіндегі көріністеріне арналды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғұмыр кешкен Абай, Шәді төре, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Құлсары, Сердәлі т. б. ақындардың шығармаларына қатысты зерттеулерді алғаш сөз еткен де осы Ә. Қоңыратбаев.

Ә. Қоңыратбаевтың шығыс тақырыбына қатысты зepттeyлеpi XX ғасырдың 30-40-жылдарынан басталады. Ғұлама шығыс пен қазақ әдебиеті арасындағы сабақтастықты өзінің «Шаһнама» және оның аудармасы туралы» (1936), «Абайдьң пәлсапалық көзқарастары» (1945), «Шәді төре қазақтың үлкен ақыны» (1945), «Орта Азия алғш ақыны» (1945), «Әлішер Науаи өзбек халқының ұлы ақыны» (1948), «¥лықбек - өзбек халқының ұлы астрономы» (1950), «Низами жырлары» (1958), «Рүстем-дастан» (1961), «Әл-Бируни еңбектеpi» (1970), «Әбунасыр әл-Фараби» (1970), «Фараби философиясы» (1970), «Фараби және Орта Азия мәдениеті» (1973), «Терең тамырлы байланыс» (1972) атты еңбектерінде кеңінен таныстырып, талдап көрсетеді.

Қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов Абайдьң шығыс классиктері мен суфизм әдебиетіне қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді терең зерттеп, жете ажырату керектігін абайтанудағы маңызды міндеттердің 6ipi ретінде көтерген еді. Сондай-ақ Абай заманына шығыс сюжеті негізінде қисса-дастандар жазған 140-тан астам «кітаби ақындар» болғанын айтқан. Абайтану жұмыстарымен үздіксіз айналысып жүрген М. Мырзахметұлы да өзінің «Абай және шығыс» атты еңбегінде Абайдьң шығысқа қарым-қатынасын ғылыми тұрғыдан жүйелеп бepiп, оның исламиат, хауас, жәуанмәрттілік, үш сүю, иманигүл, адамгершілік мұраттарына ғылыми талдаулар жасаған. Ал, Ә. Қоңыратбаев «Абайдың пәлсапалық көзқарастары» деген мақаласында Абай шығармаларының шығыспен тығыз байланыс табатынын көрсетеді. Абай философ болса, соның ойларын шығыс, батыс философиясын білмей зерттеу, құрғақ әдеби талдауға салыну пайдасыз деп санайды. Шығыстық шығармалар негізінде «Масғұт, «Ескендір» поэмаларын, «Мың 6ip түн» epтeгілepi негізінде өзінің “Әзімнің әңгімесі” дастаны жаза отырып, Абай өз заманыньң феодалдық болмысын сынап, әлеуметтік өмірдің қайшылығын жырлағанын айтады.

Ә. Қоңыратбаев 1945-жылы жарық көрген «Шәді төре қазақтың үлкен ақыны» атты мақаласында: «Шәді бас-аяғы 40-50 хикаялы дастан, роман, жыр жазған. «Шаар дәруіш», «һарон- Рашид», Орақа-Күлше», «Назым-Атымтай» атты қиссалар мен «Зияр Шәріп», Фех-Хайбар», «Ахуал-Қиямет», «Назым Ахмет Жами», «Хазрет Мұса мен Перғауын» т. б. діни сюжетті хикаяларға тоқталып, бұл шығармалардың көбісінде әділдік пен зұлымдық идеяларын жырға қосқанын айтады. Шәді Шығыс ақындары сияқты өзінің ақындығын қазақ ауылындағы түрлі әділетсіздерді сынағанын, шығыс әлемінің бай әдеби қазынасын көpiп, соның үлгісін қазақ тілінде де жасамақшы болғанын баяндайды. Бұл реттен Шәдіні қазақтың Науаи сияқты үлкен ақыны», - деп бағалайды.

Ә. Қоңыратбаевтың «Парсы жұртының үлгі ақындары» атты ғылыми зерттеуінде Шығыс Ренессансыньң көрнекті өкілдері Рудаки, Даһики, Әбілқасым Туси, Ибн-Сина, Омар Хайям, Афзаладдин қағани, Низами Ганжеби, Муслехиддин Сағди және т. б. ақындардың шығармаларына жан-жақты талдаулар жасалынып, талданады.

«Иран ақыны - Фирдауси» атты мақаласында Ә. Қоңыратбаев ақынның «Шаһнамасына» тереңірек тоқталады. «Қазақтың кейбір ақындары «Мың бip түн» ертегілерінен алып жыр-дастан жазатын. Мынау еңбекті Фирдаусидің «Шаһнамасынан» тікелей жасалған аударма демеймін, сол Фирдауси үлгісімен халық ақыны Тұрмағамбеттің өзi өлең етіп жазған Рүстем жөніндегі дастанның қазақша варианты дейміз» - деп М. Әуезов бағалағандай, Ә. Қоңыратбаев та ақын мұрасына жоғары бағасын береді «Сыр бойы ақындарына ұстаздық жасап, қисса әдебиетіне жол салған, жазба әдебиетіміздің шығыспен байланысты екінші бip қанатын дамытқан, өлең мен термеге үлкен жаңалық енгізген тұлға», - деп ақынның қазақ әдебиетіндегі алатын орнының жоғары екендігін көрсетеді. «Шаһнаманың» да қазақ тілінде жарық көруіне Тұрмағамбеттің алатын орнының ерекше екенін атап өтеді.

Ал Низами жайлы жазған еңбектерінде ақынның әділдік пен еркіндікті аңсаған жан екендігін көреміз. Ақын әдебиетте өзінше жаңа түр іздеп, шығыстық мазмұн идеяларды жаңартады. «Фирдауси көтеріңкі рухтағы батырлық дастандарының алыбы болса, Низами одан да мазмұндырақ жаңа романтиканың, сыршылдық эпос жанрының көрнекті тұлғасы бола білді», - деп Ә. Қоңыратбаев Низами поэмаларының терең ойшылдығын, асқан шеберлігін ерекше атап өтеді.

Ә. Қоңыратбаев Сағди шығармашылығына да кеңінен тоқталған. Шираз қаласында туылып, Бағдаттағы «Низамия» медресесінде оқыған. Көп жылдар Иран, Орта Азия, Түркия. Үнді елдерін жаяу кезіп, дәруіштік кәсіпке түскен. Жасынан жетім қалып, аштық пен жоқшылық зардабын көп көрген. Сөйтіп жүріп халық өмірімен танысып, үлкен ақын болады. 1250 жылдары ол дәруіштіктен безіп, Дамаск қаласына тұрақтайды. Міне осындай ауыр өмір ахуалын басынан кешірген акын тақырыпты өз өмірінен алады. «Шаһтар әулеті болмаса, бүкіл шығыс халқы Сағди ғибраттарына дін емес, «өмір құраны» деп білген», - деп сөзін түйеді ғалым.

«Толғау ақындары туралы» атты зерттеуінде Ә. Қоңыратбаев XIX ғасыр аяғында қазақ жерінде шығыс поэзиясына негізделген қисса әдебиетінің туғанын айтып, оның дамуына үлес қосқан Шортанбай, Ақмола, Нұржан, Әбубәкір, Шәңгерей шығармаларына ерекше тоқталады. Бұлардың барлығы да өз заманының өзгерістеріне ой-пікірлерін білдіріп, келеңсіз жайларына қарсылықтарын көрсетіп отырған. Бұл мәселелер әсіресе, олардың қисса-дастандарында кеңірек орын алған. Бұл кезең қисса әдебиетінің қалыптасып болмаған, әрі оның өкілдерінің аттары таныла қоймаған кезең болса да, ғалым олардың мұраларын жоғары бағалап, қазақ әдебиетіндегі романтикалық бағыттың көрінісі ретінде таныған. Шығармаларының қазақ әдебиетінде алар орнын ерекше санап, қиссашы ақындар мұрасын әдеби жағынан терең зерттеу керектігін айтқан. Өзі де осы саладағы зерттеулеріне қайта-қайта оралып, соңғы тұжырымдамаларын беріп отырған. Бұл қиссалардың сюжеттерін қазақтар қайдан алған? Шығыс халқының жазба тілінің қазақтың эпос, сөйлеу және жазба тіліне бірдей өтуін қалай жоруға болады? - деген сұрақтарды алдына қоя отырып, ғалым осы мәселелердің түп-төркінін тануға басты назар аударған. Зерттеулері арқылы қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен сабақтастығына үңіле отырып, елдер арасындағы мәдени, әдеби байланыстардың өрісі мейлінше кең, оның тарихи тамырларының тым әріден басталатынын байқаған. Бұл ең алдымен, Шығыс пен Орта Азия халықтарының арасында көп заманғы рухани байланыстың мығым болып, олардың ортақ әдеби нұсқалары ұқсас болып келетінін түсінген.

Ә. Қоңыратбаев әлемге кеңінен танымал классикалық шығармалардың қатарында саналатын «Тотынама» туындысы жайлы «Тотынама - ортақ мұра» атты терең ғылыми зерттеу мақаласын жазды. Зерттеп қана қоймай «Тотынаманың» қазақ тіліндегі аудармаларын жарыққа шығарды [2] .

Ғалым шығыс поэзиясының қазақ әдебиетіндегі көріністеіне сабақтастыра отырып, бұл шығармаларды төмендегідей төрт арнаға жіктеп көрсетеді:

Ең алдымен «Мың бір түн», «Шаһнама, «Тотынама» атты шығыс классикалық туындыларынан алынған сюжеттер. Осы шығармалар сюжеттері қазақ жерінде пайда болған көптеген қисса дастандарға арқау болған.

Екінші Шығыстың Науаи, Низамилерден тараған қиссалық сюжеттер. Науаидің «Хамсасы» кезінде бүкіл шығыс, Орта Азияға мәшһүр болған және адамдар арасындағы теңдік пен махаббатты жырлаған осы жырлар қазақ халқының жазба әдебиетіне зор ықпал еткен. Ал Низамидің Ә. Қоңыратбаев атап өткен ерекшелігі - оның өз дастандарын Шығыстың «Қалила мен Димна», «Тотынама» атты прозалық хикаят үлгісінде емес, поэзия жанрымен жазуында. Осы әдеби үлгі кейін қазақтың қиссашы - дастаншыларына да өткен - дейді.

Үшіншіден, «Сал-сал», «Зарқұм», Хасан-Хусейн» сияқты ислам дінін уағыздаған қиссалардың қазақ жеріне таралуын сөз етеді.

Төртіншіден, сүйіспеншілік тақырыбына негізделген романтикалық қиссалар деп бөліп қарап, олардың да қазақ жерінде кең етек жайғанын көрсетеді.

Ә. Қоңыратбаев шығыстық тақырыптардың қазақ әдебиетіндегі көрінісі туралы ой-пікірлері осылайша сабақталып, кейін басқа еңбектерінде де жалғасын тауып, дамып, күрделеніп отырды, «В. Бартольд, Е. Бертельс, В. Жирмунский сияқты аса көрнекті, шығыстанушылардың ізін қуған ғалымның қазақ және шығыс әдебиеттерінің тарихи сабақгастығына арналған ізденістері әлі күнге дейін әнін жоғалтқан жоқ, есесіне, енді-енді ғана зерттеліп өзіндік орнын жаңа тауып келе жатыр деуге болады», - дейді ғалым мұраларын жинақтаушы баласы Т. Қоңыратбаев [3] .

ІІІығыстану ғылымының шешімін таппаған мәселелерін дер кезінде көтеріп, көптеген тарихи, мәдени және әдеби ізденістерге жол салған ғалым мұрасын қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған

үлкен үлесі деп тани отырып, Әуелбек Қоңыратбаевты қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларының бірі деп қарауымызға толық негіз бар.

Ә. ҚОҢЫРАТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әуелбек Қоңыратбаев айтыс поззиясы туралы

Қазақ әдебиеттану ғылымына айтулы олжа салған саңлақ тұлғалардың бірі - Әуелбек Қоңыратбаев. Әдебиет тарихын зерттеудің көкейкесті көркемдік мәселелерінің қай мәнінде де ғалым нәтижелерін ескеріп отырып, тыңға бастаған талай-талай, қадау-қадау оқшау ойлар айту машығымен өзіндік ерекше зерттеу дағдысын, індете ізденіп ақиқаттың ақ сөзін бүгежектемей айту өнегесін қалдырған.

Түп-төркінінен тартып, түбегейлі қамтып отырып әдеби дамудың әр дәуірдегі жанрлық сипат, тарихи негіз, даралық ерекшелігін саралап, бағалаудың бірегей білгірі Әуелбек Қоңыратбаевтың айтыс поззиясы туралы ой-тоқтам, негіздемелері де ғылыми жинақтау мен талдаудың үздік үлгісі.

Ғалым ұзақ жылдар бойы үзбей зерттеліп отырған, ұлттық сөз өнерінің төлтума арнасы айтыстың қағаберіс, қалтарыс қалып, жеріне жеткізе айтыла қоймай келе жатқан өзіндік көркемдік құндылығы, жанрлық жаратылысы, әдеби мәні туралы қадау-қадау қағида тоқтам жасаған.

Әуелбек Қоңыратбаевтың қайым айтысқа қатысты пікірі көпшілік зерттеушілер көңіл бөле қоймаған, айтыс табиғатын тануда ескеріп отырылуға тиіс елеулі мәселе деуімізге болар еді. Қайымның арғы арна, бастау көзі туралы қисыннан шығарып, айтыстың даму жолындағы дара айтысының жанрлық мәселелерін нақтылай түсуге болатынын алғаш назарға алып, ой қосқан - Әуелбек Қоңыратбаев.

«XIX ғасырда айтыс поэзиясы өзінің кемеліне жетіп, жеке айтушылар туады. Оның көпшілікке және жеке авторға байланысты екі арнасы болған. Шын мәніндегі көркем айтыс осы кезеңде туады. Оның қарапайым айтушыға байланысты саласын қайым, жеке авторға қатысты арнасын авторлық айтыс дейміз. Қайым айтыста

арасында үздіксіз жырлады. Сөз өнері шығармаларының көркемдік- эстетикалық, дүниетанымдык, ықпалын жан ділі әлеміне сіңіргсн қазақ халқы ұрпақтары ежелгі Тұран-Түркістан-Алаш мекені қазіргі Қазақстан атты кең-байтақ атамекен даланың сақталуын қамтамасыз етті. Ақын-жыраулардың, шайырлардың қаһармандық- жауынгерлікке және бейбіт тұрмысқа өндейтін лирикалық- дидактикалық сарынды өлеңдері мен дастандары ғасырлар бойы ұрпақтардың азаматтық-дүниетанымын қалыптастырды, сонымен бірге қазақтың жарқын болашаққа арналған сенімін нығайттты.

Әуелбек Қоңыратбаевгың ғылыми-зерттеу мұрасындағы ақын- жырауларға, шайырларға арналған еңбектері де маңыздылығымен айқындалады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ ТАРАУ
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
Сопылық әдебиет
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
«Авеста» шығармасы түркілер мекендеген хорезм аймағында жасалған мұра
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz