Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Бабажанова Насиба Алимжанқызы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

Түркістан-2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

«Қорғауға жіберілді»

«Білім технологиялары»

кафедрасының меңгерушісі,

п. ғ. д., доц. Ортаев Б. Т.

«» 2016 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ»

5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

Орындаған ППМ-211 тобының студенті Бабажанова Н.

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы Даулетбекова Б.

Түркістан-2016

Мазмұны

Нормативтік сілтемемелер
4
:
Нормативтік сілтемемелер: Анықтамалар, Белгілеулер мен қысқартулар
4: 5
:
Нормативтік сілтемемелер: Кіріспе
4: 6
: 1
Нормативтік сілтемемелер: Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріНІҢ психологиялық-педагогикалық аспектісі
4:
: 1. 1
Нормативтік сілтемемелер: Бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері
4: 9
: 1. 2
Нормативтік сілтемемелер: Оқыту үдерісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
4: 17
: 1. 3
Нормативтік сілтемемелер: Оқушылардың ойлау қабілеттеріінің даму деңгейін анықтауда А. З. Зактың әдістемесін қолдану
4: 24
: 2
Нормативтік сілтемемелер: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері
4:
: 2. 1
Нормативтік сілтемемелер: Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру жолдары
4: 38
: 2. 2
Нормативтік сілтемемелер: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту
4: 45
: 2. 3
Нормативтік сілтемемелер: Математика сабағында оқушылардың логикалдық ойлау қабілеттерін ойын элементтері арқылы дамыту
4: 58
:
Нормативтік сілтемемелер: Қорытынды
4: 63
:
Нормативтік сілтемемелер: Пайдаланылған әдебиеттер
4: 64
:
Нормативтік сілтемемелер: Қосымша
4: 66

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылған:

1 Қазақстан Республикасы «Білімтуралы» заңы 2007-жылғы 27-шілдедегі №319;

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚРМЖМБС 1. 4. 002-2012) »;

3 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімберудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығы.

4 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. /Әдістемелік нұсқау хат. -Астана, 2015. 25б.

5 «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы.

6 «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсатетілген оқулықтардың,

оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқада қосымша әдебиеттердің, оныңішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 400 бұйрығы.

7 Университеттің ішкі нормативтік ережесі:

УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

Анықтамалар

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:

Логикалық есеп дегеніміз арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажетсінетін есептерді айтады.

Анаграмма дегеніміз - сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы.

Математикалық есеп дегеніміз -математикадагы заңдылықтар, ережелер мен тәсілдер негізінде оқушылардың ойы мен іс-әрекетін талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыруга, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін үдерісті логикалық ойлау деп аталады.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы;
ИМФ-информатика-математика-физика;

А-Алматы;

М-Москва;

Кіріспе

Бастауыш білім беру оқушыларды оқу, жазу, санау және оқу іс-әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін меңгеруін, сонымен қатар оқу әрекеттерін өзін-өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, тәрбие және сөйлеу мәдениетімен, салауатты өмір салты мен жеке бас гигиенасы негіздерімен қамтамасыз ету- делінген 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатында [1] .

Оқушының таным әрекетінің ең жоғары түрі- ойлау. Ойлау сөйлеу арқылы іске асырылады. Ойлау нақты бір мәселелерғе немесе сұрақтарға жауап іздеуден басталады. Сондықтан оқушының ойлау қабілетін дұрыс дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы бірқатар жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасату керек.

Бастауыш сынып оқушысының ойлау үдерісі туралы Л. С. Выготскийдің пікірінше мектеп табалдырығын әлі аттамаған оқушы оқуға кіргеннен кейін ойлау қабілеті үлкен өзгеріске ұшырайды, яғни натуралдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді [2] .

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі, ол бастауыш мектеп. Бастауыш мектепте оқушылардың ойлары нақты бейнеліден абстрактылы логикалық ойлауға қарай дамиды. Бастауыш мектептің алғашқы сатысының міндеті оқушы интеллектісін себеп-салдарлы байланыстарды түсіну деңгейіне дейін дамыту.

Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін логикалық тапсырмалар болғандықтан, сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану керек.

Математика сабағында оқушылардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім оқушыларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үдерісін жүйелі ұйымдастырып, сабақта оқушы логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Логикалық ойлаудың қисындылығы, олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар тек логикалық ойлау жолымен ғана ашылады. Пікір алмасу, әсіресе математикалық ұғымдарды пайымдау, ойлау заңдылықтары мен сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым логиканың көмегімен бір тұжырымнан екінші тұжырым пайда болады [3] .

Осы орайда К. Ушинскийдің тұжырымына келсек, «Шындықтың деректерінен нәр бермейінше, жалпы түрде ғана ақылды дамыту ретсіз, себебі адамның ойлауы деректерді жинап, соларды өңдеу арқылы ғана дамиды», - деген пікірі дәлел бола алады [4] . Оқушының ойлау қабілеті туралы швейцария психологы Жан Пиаже, оның шәкірті А. Перре-Клермон оқушының ойлау қабілетінің дамуына әлеуметтік қатынастардың әсерін зерттеген [5] .

Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс - жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Ой-әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өзбетінше қорытындыға келуге айрықша мән беріледі.

Бастауыш сынып кезінде оқушыларда ғажайып өзгерістер болып жатады: ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және даму деңгейлері басқа кезеңге жетуге болмайтын жылдамдықпен дамиды- деген Н. С. Лейтес [6] .

Ал А. З. Зактың пікірінше, ақыл-ойдың дамуының негізгі белгісі ретінде «ойша» әрекеттену қабілетін алу тектен-тек емес, себебі ол адам интелектісін құрайтын негізгі қасиет. Ол оқушыларға ойша әрекеттенуді үйрету үшін олардың есептің шешуін шешу барысында оны шешу тәсілін ауызша түсіндіріп, әңгімелеп беруін талап етіп отыру қажет. Бұны әсіресе, оқушылардың бірлескен жұмыс барысында өткізген тиімді [7] .

Сондықтан математика сабағында тек білім беруді ойластырып қоймай, оқушылардың жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластыру қажет. Шәкірттерінің жазу мен ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл-күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөлуі керек. Оқушының жақсы қарым-қатынаста болуын және түсінушілік жағын есте ұстаған жөн. Оқушыға деген ықылас, оқушының өз ісіне деген сенімін оятады. Дегенмен осы мәселелерді шешу үшін әр оқушының ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын жан-жақты зерттеп, түсіну үшін дипломдық жұмыс тақырыбын «Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін математика сабағында дамыту тәсілдері анықтау: дамытудың мазмұнын ашу.

Зерттеу нысаны : оқушының логикалық ойлау қабілеттері.

Зерттеу пәні : Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушының логикалық ойлау қабілетінің даму үдерісі.

Зерттеу міндеттері :

-Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілетінің психологиялық-педагогикалық аспектісін айқындау;

-Ойлау қабілеті және оқыту үдерісінде оның дамытудың жолдарын талдау;

-Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін математика сабағында қалыптастыру жолдарын ұсыну;

- Математика сабағында оқушылардың бiлiмiн арттыруда логикалық есептерді шығару жолдарын ұйымдастырыпдың ерекшелігін

Зерттеу әдістері:

-зерттеліп отырған мәселеге ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, жинақтау, қорытындылау, салыстыру, нақтылау, нәтижелерді жооқушыу, талдау жасау;

-нормативті және оқу-әдістемелік құжаттарды талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын зерттеу әдістері;

Зерттеу болжамы : Егер бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында логикалық ойлауды дамытатын есептерді неғұрлым жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырып қолданатын болсақ, онда олардың логикалық ойлаулары қабілеттері жақсы дамиды.

Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері: білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, бастауыш мектепте білім берудің қазіргі мәселелерін қарастырудың ғылыми-әдістемелік теориясы, ұстаздың іс-әрекеті туралы отандық және шетелдік ғалымдардың әдістемелік еңбектері құрайды.

Зерттеудің көздері: зерттеу тақырыбына байланысты психолог, педагог, математик-әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің бастауыш мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т. б. ) ; білім беру саласынның тұжырымдамасы мен бағдарламасы, педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т. б.

Осы анықталған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қабілеттің анықтамасы және ерекшеліктеріне сүйене отырып, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін жағдайларды анықтау арқылы, ойлауды дамыту жолдарын зерттедік. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдап және озық тәжірибелі мұғалімдердің мақалалары мен дидактикалық материалдарымен танысып, оның біршамасын дипломдық жұмыста қолдандық.

Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріп дипломдық жұмыстың құрылысын анықтадық. Ол кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріНІҢ психологиялық-педагогикалық аспектісі

1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктері

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік-мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру - қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру. Оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды.

Бастауыш сынып - қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «оқушымен оқушы болуға тура келеді. Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген сумен тең. Сабақ басталды дейік. Алдыңда көздері жәудіреп бір топ оқушы отыр. Олар саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшеліктері оларға әлі тылсым, жұмбақ.

Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде-ақ көп нәрсені аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрісі ауқымын да бірден ажыратады.

Оқушының бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды. Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ үдерісінде көп жәрдемі тиеді.

Жас ерекшелік физиологиясы педагогика ғылымымен тығыз байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады.

Бастауыш сынып оқушысын оқытудың нәтижесі оның анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді, сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Жалпы адамзат оқушысының биологиялық дамуында бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың даму кезеңі өздік ерекшелігімен сипатталады.

Бұл ерекшеліктер педагогикалық үдерісте ескеруді талап етіледі. Бұл кезеңде оқушының физиологиялық дамуы мен психологиялық ерекшеліктері тығыз байланыста болғандықтан, екеуі де түпкілікті өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты бастауыш жастық кезеңінің жеті жастан он жасқа, он жастан он екі жасқа тән негізгі белгілері бар. Бұл белгілер оқушы ағзасында күрделі, кейде қайшылықты, бірақ үйлесімді түрдегі дамумен қатар жүреді.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушының бойы өседі, салмағы қосылады, сүт тістері түседі, жаңа тістер өседі, денесі сүйектенеді, жыныстық жетіледі.

Бастауыш сынып жасындағы оқушының салмағы бір жылда 2-2, 7 кг өседі. 6 жастан 12 жаска дейінгі аралықта оқушы денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограммнан 36 килограмға дейін артады. Оқушылардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі[8] .

Бастауыш сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттағаннан кейін оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы оқушы қалпында болады. Бастауыш сынып оқушысының негізгі әрекеті ойын болғандықтан, білімді қабылдату, білімді бекіту, білімді қорытындылау кезінде ойын іс-әрекетімен алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Оқушыны ойната отырып оқытып, ойната отырып тәрбиелеу керек.

Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, оқушының алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл оқушының шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне себеп болады. Бастауыш мектепте оқытудың тағы бір ерекшелігі - оқушыны үнемі әр жетістігі, әр алға басқан қадамы үшін мақтап- мадақтап отыру міндетті: егер оқушының шамасы келмейтінін немесе оқу тапсырмаларын білмейтінін бетіне басса, онда бірте - бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, оқуға кері реакция туып, жағымсыз сезімі оянады.

Бастауыш мектеп оқушысына оқу іс-әрекетінің маңыздылығын түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін - өзі шынайы өзгертуге үйренеді.

Оқушыларға берілетін тапсырма ойын элементтерін қамтыса, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да, оны қалайда орындауға тырысады. Әдетте, оқушы әлеуметтік қарым - қатынастар жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте - бірте түсініп, оқуға аса бір құштарлықпен талпыныс жасайды. Ойнай жүріп оқушы өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды калыптастырады. «Оқушылар қоғамының» рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының қалыптасқан ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал әділеттілік пен әділетсіздікке көз жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері оқушының бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.

Оқушының дұрыс психикасының ерекшелігі-танып-білуге деген белсенділігі. Оқушының құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Оқушы ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Оқушы ойлау қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды. Оқушыны қоршаған ортасы қызықтыруы мүмкін. Мысалы: Мұхиттың тереңдігі қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше мың километр болады? Оқушы білуге ұмтылады, ал сол білім «неге?», «қалай?», «неліктен?» деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенуге, жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға мәжбүр болады. Мәселелер туа қалған жағдайда оқушы оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол оны тек сұрақтарына қанағаттанатын жауап алу арқылы шеше алады. Оқушы болып жатқан жағдайды бағалайды және оған өзі араласып, ойлана отырып іс-әрекет жасап, өзінше шешімін табады. Сол жағдайды шешу үшін бейнелермен іштей әрекеттесуден туындаған ой - көрнекі ой, бейнелі ой деп аталады. Бейнелі ойлау - бастауыш сынып жасындағы оқушының негізгі ойлау түрі болып табылады [9] .

Білімінде жүйеліліктің жоқтығы, түсініктерінің жеткіліксіздігі, тәжірибесінің аздығы, ойлау жүйесінің даму дәрежесінің жас ерекшелігіне байланысты төмендігі логикалық ойлауға әсер етеді. Сондықтан түрлі логикалық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып отыру керек.

Алайда оқушы бастауыш сыныптардың өзінде-ақ кейбір деректерді салыстыра алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде абстрактылы заттарды суреттей алатын деңгейде болады.

Оқушы қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі зерттей бастаған нысандармен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді.

Егер 6-7 жастағы оқушы өзі үшін аса маңызды ойынмен ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауға да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті бұйымдарды жасауға да осындай ынтамен кірісе алады. Оқушылар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекше ынтасын көрсетеді. Егер оқушы өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді. Сондықтан, білімнің маңыздылығы мен қажеттілігі үнемі дәріптеліп отыруы керек.

Мұғалім, ата-анасы немесе өзге үлкен адам күнделікті сөз арқылы оқушыға әсер етіп отыруы маңызды. Бұдан оқушы не жақсы, не жаман екенін үйренеді. Жағымды нәрсеге назарын аударып, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеп, барлық әрекетін ұйымдастырып отыру керек. Өйткені, оқушы Бастауыш сыныпта өзінің мінез - құлқын өзі үйлестіре алмайды, сондықтан сыртқы әсерді қажет етеді. Бастауыш сынып оқушысының мінез-құлқының қалыптасуына үлкендердің ықпалы ететін (сөзі, жеке үлгісі арқылы) екенін баса айтып кету керек.

Бастауыш сынып жасындағы оқушы белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзі жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екендігін өзіне-өзі күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, оқушының назарын жүйелеп, өзін-өзі ұйымдастырыпға үйретеді.

Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар интеллектуалдық тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырыпшылықты қажет етеді.

Бастауыш сынып жасындағы оқушы әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы оқушының қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында оқушы қиялына арнайы талаптар қойылады, олар оқушы қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылдырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика пәні мұғалімі
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мәселелері
Математиканы оқыту процесіндегі есептердің функциялары
Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру
Бастауыш сынып математика сабақтарында пайдаланатын оқыту əдістерін таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz