Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі



I ӨРТ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚЫЛМЫСТЫҚ БҰЗУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы ... ... ...2
1.2 Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау ... ... ... ... ...5
1.3 Тергеу әрекеттерінің тактикасы ... ..7
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... 11
Өрт – бұл адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, материалдық залал келтіріп, физика-химиялық құбылыстармен байланысатын, белгілі бір себеп-терден туындайтын жану процесі.
Өрт пайда болу себептеріне байланысты төрт топқа бөлінеді:
1. антропогендік – адамзат факторымен тікелей байланысты;
2. техногендік – машиналардың, техниканың, құрал-жабдықтардың құры-лымдарының технологиялық жағдайына байланысты өзінен-өзі өртенуі;
3. табиғи құбылыстардың әсерінен, мысалы: найзағайдың түсуінен;
4. криминалдық – адамдардың отқа қылмыстық немқұрайлықпен қарауы-нан немесе қасақана әрекеттерінің салдарынан және адамзат қызметінің кез-келген жерінде, әртүрлі мақсаттары мен себептерінен туындауы мүмкін. Қылмыстық-құқықтық, әсіресе криминалистикалық көзқарас тұрғысынан өртке әкеліп соғатын адамдардың қылмыстық әрекетіндегі әдістерінің ерекшелік-теріне байланысты өрт қылмыстарын екі түрге бөліп қарастыруға болады: қасақана әрекеттен пайда болатын өрттер; екіншісі тұрмыста және өндіріс процесі барысында өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзудың салдарынан пайда болатын өрттер. Осыған сәйкес, яғни аталған қылмыстарға байланысты қылмыстық жауаптылық ҚР-сы Қылмыстық кодексінің әртүрлі баптары бойынша туындайды және сараланады.
1. Алауханов.Е.О. «Криминология» Алматы 2005ж
2. Каиржанов Е. И. Криминология. Алматы, 1995г
3. Шакенов А.О. Криминалистика: Учебник. - Астана: Фолиант, 2008

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I ӨРТ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚЫЛМЫСТЫҚ БҰЗУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау ... ... ... ... ...5
Тергеу әрекеттерінің тактикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .11

I ӨРТ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚЫЛМЫСТЫҚ БҰЗУДЫ ТЕРГЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы

Өрт – бұл адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, материалдық залал келтіріп, физика-химиялық құбылыстармен байланысатын, белгілі бір себеп-терден туындайтын жану процесі.

Өрт пайда болу себептеріне байланысты төрт топқа бөлінеді:

антропогендік – адамзат факторымен тікелей байланысты;

техногендік – машиналардың, техниканың, құрал-жабдықтардың құры-лымдарының технологиялық жағдайына байланысты өзінен-өзі өртенуі;

табиғи құбылыстардың әсерінен, мысалы: найзағайдың түсуінен;

криминалдық – адамдардың отқа қылмыстық немқұрайлықпен қарауы-нан немесе қасақана әрекеттерінің салдарынан және адамзат қызметінің кез-келген жерінде, әртүрлі мақсаттары мен себептерінен туындауы мүмкін. Қылмыстық-құқықтық, әсіресе криминалистикалық көзқарас тұрғысынан өртке әкеліп соғатын адамдардың қылмыстық әрекетіндегі әдістерінің ерекшелік-теріне байланысты өрт қылмыстарын екі түрге бөліп қарастыруға болады: қасақана әрекеттен пайда болатын өрттер; екіншісі тұрмыста және өндіріс процесі барысында өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзудың салдарынан пайда болатын өрттер. Осыған сәйкес, яғни аталған қылмыстарға байланысты қылмыстық жауаптылық ҚР-сы Қылмыстық кодексінің әртүрлі баптары бойынша туындайды және сараланады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өрттің қылмыстық әрекет нәтижесінде пайда болуына байланысты қылмыстық жазаланатын әрекеттердің қатарын қарастырады: бөтен адамның мүлкін қасақана немесе абайсызда жою немесе бүлдіру; өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу; атом энергетикасы объекті-лерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу; тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік бұзу; жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу.
Өртке қатысты қауіпті заттар мен материалдарды өндіріс процесіне енгізу жағдайындағы өртті алдын алу және тергеу мәселелері өте өзекті, әрі көп аспектілі болып табылады. Бірақ бұл қылмыстар көбінде ашыла бермейді. Тергеудің үстірт жүргізілуі салдарынан өрттің болу себептері анықталмай қалады, кінәлі тұлғалар әшкерленбейді, өрттің нәтижесінде келтірілген материалдық залалдардың орнын толтыруға байланысты қажетті шаралар қолданылмайды.

Қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларына сәйкес әрбір болған өртке байланысты оның пайда болу мән-жайларын анықтау мақсатында тексеру жүргізіледі. Қылмыс құрамының белгілері толық болған жағдайларда қылмыстық іс қозғалады.

Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімі өрт жөніндегі анықтау органдары болып табылады. Оларға келесідей міндеттер жүктеледі: өрттің пайда болу себептері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу; кінәлі тұлғаларды анықтау; өртті ескерту және оны алдын алуға байланысты қажетті жұмыстарды жүзеге асыру.

Өртке байланысты істер бойынша алдын ала тергеу өндірісін жүргізу қажет. Анықтама органы қылмыстық істі қозғайды және қылмыстық жазалайтын әрекеттің іздерін анықтау мен бекіту үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізеді. Қылмыс ашылғандығы және ол бойынша анықтау әрекеті басталғандығы жөнінде прокурорға дереу хабарланады. Кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін орындау кезінде анықтама органы тергеушіге істі беруге міндетті. Өртке байланысты істер бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын ішкі істер органдарының тергеушілері жүргізеді.
Қылмыстық істер мынандай жағдайларда қозғалады: а) өртеу белгілері болған; ә) адам өлімі болған; б) өрт үлкен апатқа айналған; в) ірі мөлшерде материалдық залалдар келтірілген; г) басқа қылмыс белгілері болған; д) өрттің болу себептері анықталмаған жағдайларда.

Талқыланып отырған қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы қылмыстық қол сұғушылықтың пәнін сипаттайтын мәліметтерден, яғни оларды жасау жағдайлары мен механизмінен, әдістерінен, қылмыскердің жеке басының ерекшеліктерінен, кейбір жағдайларда өрт сөндірушілердің өрт сөндіру кезіндегі әрекеттерінен көрініс табады.

Белгіленген істер бойынша қылмыстық қол сұғушылық пәнінің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері, өрт кезінде жойылған немесе зақымдалған мүліктің сипатын (мемлекеттік немесе жеке, оның түрі, құны, т.б.), өрттің туындау себептерін, бұзылған өрт қауіпсіздік ережелерінің түрін анықтау үшін қажет. Аталған ерекшеліктер туралы мәліметтер қылмыстың жасалу әдісін, жағдайы мен механизмін, құқыққа қайшы әрекеттің ниетін, құқық бұзушылардың жеке басын анықтауда маңызды.

Аталған қылмыстардың жасалу тәсілдері де әртүрлі. Көбінде қасақана жасалған өртеу қылмыстарына мынандай сипаттамалар тән: дайындық кезеңінің болуы (қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі туралы мәліметтер жинауды қоса алғанда); оны зерттеу; өртейтін объектіге бару; қылмыстық ниетті ойластыру; өртеу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтарды таңдап алу; болатын жағдайға немесе осы жағдайдың өзгеруіне өзін бейімдеу; өрттің ізін жасыру үшін шаралар қолдану. Сонымен қатар өрттің жасалу тәсілдеріне байланысты мынандай бірнеше типтік түрлерге бөлінеді: тез жанатын және тез тұтанатын материалдарды өртейтін жерлерде болған өрт; жандыруға арнап жасалған материалдар көмегімен өртеу; жылдам немесе жоспарланған уақытта оттың сыртқы көзінен туындауына есептеліп жасалған жағдайлардың немесе арнайы дайындалған техникалық құралдардың көмегімен өртеу; қандай да болмасын заттар мен материалдардың өзінен-өзі жануына қолайлы жағдайлар жасау жолымен жасалатын өрт.

Өз кезегінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға дайындық кезеңі тән емес, дегенімен де жасалатын әрекеттердің жауаптылығынан бас тарту мақсатында оқиғаның мәнін жасыруға байланысты қылмыстық әрекетті бүркемелеуі мүмкін. Аталған құқық бұзушылықтар, олардың жасалу тәсіліне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: тұрмыстық және өндірістік-жарықтандыру, жылыту, газ және химиялық құрылғыларды пайдалану мен сақтау кезінде өрт қауіпсіздігіне қарсы ережелерді сақтамау; электрөткізгіш және жарықтандыру құрылғыларын тұтыну мен жасауға байланысты өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу; отпен байланысты жұмыстардың, алау жағу және т.б. дұрыс жүргізілмеуі; жоғары өрт қауіптілік көздеріне (автокөлікке, жарылғыш заттарға т.б.) немқұрайлықпен қарау.

Осы қылмыстардың механизмінің бастапқы кезеңінде өрт жасырын түрде болуы мүмкін, ал шарықтану және соңғы кезеңдерінде ашық және айқын түрде болады. Бұл механизмдер бір жағынан түтіннің пайда болу ерекшелігі мен кезектілігінен, өрттің көрінісінен, оның жою күшінен, сонымен қатар пайда болған жағдайлардан өртеуге байланысты қолданылатын тәсілдерден немесе өрт және басқа да қауіптілік көздерін дұрыс пайдаланбаудан, ал екінші жағынан оттың өрттік және энергетикалық күшінен айқын түрде көрініс табады. Осы істер бойынша себепті-тергеулік мәліметтерді алу үшін өрт механизмінің барлық кезеңдерінің көрінісін елестете білу тиіс.

Жағдайды анықтау үшін оқиғаға тікелей және жанама қатысқан тұлғалардың жүріс-тұрыс сипаты жөніндегі, сондай-ақ келтірілген зардаптардың ауырлығы мен ерекшелігі туралы мәліметтер өте маңызды болып табылады. Осылардың бәрін анықтау істің мән-жайы туралы көптеген маңызды мәліметтерді және қылмыстың болған жерін, жасалу тәсілі мен механизмін, сезікті тұлғалардың шеңберін анықтау үшін қажет. Оқиға болған жерді мұқият қарау мен әртүрлі мамандарды орынды пайдалану бұл мәселені шешуді қамтамасыз етеді.

Өрт сөндіру жағдайы мен өрт сөндіру тактикасының криминалистикалық маңызы бар. Өрт сөндіруші тұлғалардың өртті сөндіру бағытына, таңдап алған әрекеттері мен тәсілдеріне байланысты өртеу кезіндегі ситуация анықталады, бұл жағдайларда өртті ешқандай адам өлімінсіз, елеусіз көлемде залал келтіріп сөндіруге, болмаса керісінше ауыр зардап, залал тудыруға әкеп соқтыруы мүмкін.

Мұндай сипаттағы қылмыскерлердің типологиялық ерекшеліктері де әртүрлі. Өрт жағушы тұлғалардың тұрғылықты жерлері мен жұмыс орындарында олардың жеке басы жөнінде теріс (жағымсыз) мінездеме берілетіндігі сөзсіз. Олардың көпшілігі бұрын сотталған, ішімдікке, бұзақылық әрекеттерге бейім тұлғалар болып келеді. Мысалы, азаматтардың жеке мүлкін өртеу істері бойынша өртеушілердің басым көпшілігі бұрын әртүрлі қылмыстары үшін сотталған тұлғалар. Көп жағдайларда өртеу әрекетін жалғыз адам жүзеге асырады. Дегенімен де, қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыстардың пайда болуына байланысты өрт қоюшылар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен тұруы мүмкін. Мысалы, бәсекелестерінен өш, кек алу, есеп айыру және т.б. мақсатта. Өрт қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзған тұлғалар еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзған тұлғаларға тән белгілермен сипатталады. Жеке мүлікті өртеу кезінде мұндай қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының қажетті элементі болып криминалис-тикалық маңызы бар жәбірленуші туралы мәліметтер табылады (оның жеке бас, өмір сүру бейнесі, шұғылданатын кәсібі мен істейтін жұмысы, араласатын адамдары және т.б. жөніндегі мәліметтер). Бұл мәліметтер өрт қою жағдай-ларын ескере отырып дереу түрде іздестіруге қажетті қылмыскерлер шеңберін анықтауға мүмкіндіктер береді.

Тергеудің типтік ситуациялары, болжаулар және жоспарлау

Қарастырылып отырған қылмыстардың алғашқы мәліметтері үшін криминалистикалық тұрғыдан келесідей деректердің болуы тиіс:

өрттің фактісі туралы (орны, уақыты, салдары);

әдетте өрттен қалған материалдық дәлелдемелер (күйіп кету, күлі, балқу, деформация, материалдардың түсінің өзгеруі т.б.) және кінәлі адамдардың қылмыстық әрекеттерінің іздері туралы;

болжамды өрт себептерінің сипаты туралы деректердің.

Әдетте аталған мәліметтер сәйкес (Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімі) органдарға келіп түседі, олар тергеушілерді қылмыстық сипаттағы өрттер, сондай-ақ елеулі келтірілген материалдық залал немесе адам өліміне байланысты (ұштасатын) барлық өрт оқиғалары туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп тұруға міндетті. Кейбір жағдайларда осындай мәліметтердің қайнар көзі ретінде өрт болып жатқанын ең алғаш көрген азаматтар, өрттен зардап шеккен жәбірленушілер және лауазымды тұлғалар танылады.

Өрт фактілері туралы алғашқы ақпараттардың түсу уақыты мен қайнар көздерінің өзіндік сипаты, өрт болған жерді қараудың нәтижесі (қоры-тындысы), басқа да фактілік деректердің ерекшеліктері алғашқы типтік ситуациялардың қатарын анықтауға көмегін тигізеді. Олардың ішіндегі келесі бастапқы ситуациялар барынша негізгі болып табылады:

- Өртеу немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы іс, сол күні өрт фактілері туралы хабарлаған жеке азаматтар мен лауазымды тұлғалардан, Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімінен алынған ауызша ақпараттары мен оқиға болған жерді қарау мәліметтері бойынша қозғалады. Өрт шалған объектілердің елеулі бұзылуына немесе адамдардың өліміне әкеп соқтырады. Оқиға болған жерді қарау жанған объект (өрескел) қатты бұзыл-ғандықтан немесе өртті сөндіру ұзақ уақытқа созылуына байланысты толық емес көлемде (жартылай) жүргізіледі. Бірақ өрттің пайда болуының орны туралы басты мәліметтер жиналады. Мұндай жағдайларда алынған алғашқы ақпараттарда өрттің пайда болу себептері, оның мән-жайы және кінәлі тұлғалар жөнінде жеткілікті деректер болмайды. Бұл алғашқы тергеу кезеңін қиындатады. Ситуация жалпы қарастырылып отырған іске тиісті мамандардың қатысуын және оған мұқият талдау жүргізіп, бағалауды қажет етеді.

- Өртеу немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс осы қылмыс белгілерін және оның мән-жайы жөніндегі мәліметтерді құрайтын анықтама қызметінің материалдары бойынша қозғалды. Материал тергеу бөліміне өрт болғаннан бірнеше күн өткен соң келіп түсті. Жоғарыда айтылған бірінші жағдайға қарағанда өрттен болған зардап айтарлықтай ауыр емес. Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімі материалдары белгілі бір жағдайда оқиғаның мән-жайлары мен пайда болу себептерін және оған кінәлі адамдарды анықтауға көмегін тигізеді. Тергеудің кеш басталу салдарына байланысты тергеу барысында жекеленген мәселелерді анықтауда бірқатар қиыншылықтар кездеседі.

Өз кезегінде осы ситуациялардың әрқайсысы зардаптың ауырлығына, тергеу қарауының нәтижелігіне және т.б. себептерге байланысты түрлерге бөлінуі мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген екі ситуацияға қатысты ең негізгі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистика пәнінен дәрістер
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Көлік қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы
Өрт - техникалық сараптама негіздері
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру туралы
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі
Орман қорын құқықтық қорғау
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Пәндер