Шоқан Уалихановтың (1835-1865) психологиялық және педагогикалық ой-пікірлері


Шоқан Уалихановтың (1835-1865) психологиялық
және педагогикалық ой-пікірлері
Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов бүкіләлемдік ғылым-біліммен мейлінше мал сусындаған, жан-жақты білімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді.
Ол озін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхатшы, талмас географ, білгір әдебиетші, шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш. нәзік псих олог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді.
Небарі 30-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық гылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосты.
Қазақ төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографияеы зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектеріндк халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасап, тіпті ұлттық психологиямызға күйё жағып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі.
Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында алғаш қираға соққы беріп. туган халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазак халқын "тагы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылган сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа ерекше бейім халық деп тебіренді.
Ғалым қазақ халқынын ұлттық психологиясын мына төмендегі пікірлерінше жеріне жеткізіп сипаттаған: " . . . қазақ барлық сенім, әдетімен де, -деп жазды ал, - ойын-сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті адыздар, өлең-жырлap жасаумен де сауыққа құмарлығымен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шаралармен ас, ең ақылдылардың қатарына қосылады.
Сонда да болса оның этнопсихологиялық пікірілерінің кейбір аңсақ жақтары да болды. Мәселен, ол халқымыздың басты-басты психологиялық _ ерекшеліктерін /қонақжайлылық, үлкенді сыйлау т. б/ дұрыс көрсетілген осы ұлттық мінезде кейбір өзгермейтін, тіпті тұқым қуалайтын негіздерде бар деген пікір айтты.
А. Н. Майковқа жазған хатында "менмендік қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің бір көрінісі еді" - десе, профессор Бекетовке жазған хатында өзінде байқалатын кейбір салдыр-салақтықты мойындай келе, мұны да "қазақ халқының өзіндік психологиялық ерекшелігі еді", - деп жаңсақ тұжырым жасайды.
ІІІоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі жақтарын талдай келіп, қазақ арасындагы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, бұларға қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай феодалдық өмірдің басты кінәраттарының бірі барымта екендігін, оның жұрттың көпшілігінің баюдың мал жинаудын ең жеңіл әдісі деп күте түсініп жүргенлігін баса айтты.
Осылайша ол жастарды мұндай сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, бұл жексұрын әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ондай әдеттің санын келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретінен тоқталды.
Шоқанның психологиялық пікірлері, оның кейбір тәлім -тәрбиелік педагогикалық көзқарастарымен тығыз ұштасып жатады. Ол өмір сүрген заман педагогикасында орыстың революцияшыл демократиялық идеясының өрлеп тұрған кезегі. Осы озық идеямен нәрленген педагогика тәрбиешілерден жас буындарда қоғамдағы зұлымдық атаулымен күресе алатын, адамгершілігі мол жеке мақсатын халық мүддесіне бағындыра білетін, озат прогрессивті көзқарасы бар адам етіп тәрбиелеуді талап етті.
Орыс педагогикасының осынау жаңашыл идеялары Шоқанның ағартушылық ісіне де әсер етпей қойған жоқ. Ағартушы ғалым қазақ даласындағңы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып оқу білімінің, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын сөйтіп туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.
Ол халқымыздың өркениеті үшін татар молдалар сабақ беретін медреселердің, сондай ақ патша үкіметі ашқан ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын оқу орындарының қажетсіздігін оның орнына Еуропа жұртында кең тараған дүниежүзілік жалпы білім беретін мектептердің ашылуы зор маңыз алады дей келіп, отарлау саясаты көздеген шараларды мықтап сымға алады. Ол бұл пікірлердің «қазақ даласындағы мұсылмандық туралы» атты еңбегінде ерекше айта білді.
Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Бұл ғалымның тәлімдік пікірлерінің таптық сипатын жақсы аңғартады. Өз халқының келешегінен зор үміт күткен Шоқан озақ мәдениетке жетуде ғылымы мен мәдениеті мықтап дамыған елдерден үйрену керектігін бұл үшін орыс оқуына бой ұру қажеттігін, мұның өзі халқымыздың жалпы адамдарға деген достығын күшейтетін іс екенін ескертті.
Шоқанның ағартушы ғалым демократ ретінде көздеген негізгі мақсаты - халқына қайткенде де білім беру, оқыту дүниетануға жетелеу еді. Оны реформа арқылы іске асырмақ болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz