К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры

Еліміздің саяси және мәдени орталығы Астана қаласын әрі -қарай өркендету мақсатымен 2000 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Президөнті Н. Ә. Назарбаевтың ықыласымен «Ақ Орда» опера және балет театры құрылған болатын.

2000 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымөн 2000 жылы Мәдениетті қолдау Жылы деп жариялануына орай, сонымен қатар Астана қаласының опера және балет театрына қазақтың әйгілі әншісінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Күләш Байсейітованың есімі және Ұлттық мәртебе берілді. Бүгінгі күні, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры - еліміздегі қазақтың және әлемдік музыка мәдениеті дәстүрлерін арқалаған, жаңарып келе жатқан Қазақстан жұртшылығының рухани талаптарын жүзеге асырушы - ең жас музыкалық театр.

Ұлттық театрдың ең алғашқы қадамынан бастап алған репертуарлық бетке ұстар бағыты, отандық және әлемдік музыкалық театрдың маңдайалды туындыларымен айқындалды, сонымен қатар Қазақстандағы опера - балет жанрын дамытуға ықпал жасайтын жаңа шығармаларды жарыққа шығару болды. Алғашқы әртістік құрам Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, сонымен қатар келешегі айқын талантты әртістерден және тәжірибелі сахна шеберлерінен құралды.

Театрдың бірінші маусымы 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлөбаевтың «Біржан - Сара» операсымен ашылды. КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халық қахарманы Ә. Мәмбетовтың қоюшы - рөжиссер, Қазақстанның енер қайраткері В. Семизоровтың қоюшы - суретші және А. Мұхитдиновтың қоюшы - дирижер ретінде керемет еңбектерінің арқасында, сонымен қатар театрдың бүкіл шығармашылық ұжымының жанқиярлық жұмыстарының арқасында қазақ опера өнерінің әйгілі шығармасы дүниеге келді.

Театрдың ұлттық репертуары кейінгі маусымдарда басқа да отандық музыкалық театр классикасының аса көрнекті туындыларымен толыға түсті. Астананың мәдени өміріндегі аса маңызды уақиға - ол қазақ операсының інжу - маржаны болған Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (қоюшы - режиссер - Ә. Мәмбетов) және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» спектакльдерінің қойылымдары болды. «Қамар сұлу» қойылымына қоюшы - режиссер Е. Обаев ерекше бір жаңа леп еңгізді және операны ұғынуға деген жаңа көзқарас туындатты.

Ұлттық жанрларды дамытуға бейім бағыт алғандықтан болар, Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» атты поэмасы бойынша қойылған эксперименталдық қойылым Астананың мәдени өмірін дүрсілкінтіп тастады. Композитор Франсуа Жанно мөн Бекболат Тілеуханның музыкалық - поэтикалық көзқарастары, еуропа мен ұлт өнерінен өзгеше бір үйлесімін тауып, жаңа ізденіс түрлерін табуға, жанрларды дамытуға жаңа қадам болды. Театрдың келешектегі игі жоспары - қазақтың опера өнерінің алтын қазынасындағы барлық опералық спектакльдерді қою.

Әлемдік опөра классикасының аса көрнекті туындыларын қою үшін театрға Ресейдің еңбегі сіңген қайраткерлері, қоюшы -режиссер Юрий Александров және қоюшы - суретші Вячөслав Окунев шақырылған еді. Жаңа театр өзінің «Ұлттық» мәртебесіне сай болуы үшін дамудың барлық ішкі, сыртқы, дәстүрлік және осы замандық, отандық және шетелдік түрлерін пайдалану арқылы, үздіксіз және тез өркендеу жағдайында болу қажеттігін ескере отырып, қоюшылар әртүрлі дәуірлермен стильдерге тән спектакльдерді таңдап алуды мақсат тұтты. Әлемдік театр өнерінің танымал шеберлерін шақыру өзін - өзі ақтады, театрға аса қажетті серпін әкелді, сондықтан болар театр тез қалпытасып, өркендеу жолында. Сахна шеберлері алғашқы спектакльдерді қою барысында, жоспарлы түрде, шығармашылық ұжымдарды нығайту, жас әртістердің қабілетін арттыру, әртүрлі шығармашылық мәселелерді шеше алатын топтарды құру үшін орасан еңбек атқарды.

Театрдың алғашқы қойылымдары репертуардың негізі болса, ал спектакльдерге қатысатын әншілер қалыптасқан өте жақсы әншілер тобының өзегі болды. Әншілер тобында Қазақстанның халық әртісі Хорлан Қалиламбекова және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаевпен қатар, жас дарынды әртістер жұмыс істеп жатыр, бұл театрдағы нақты шығармашылық атмосфера бар екендігінің және таза бәсекелестік рух қалыптасқандығының куәсі іспетті. Театрдың дирекциясы жыл сайын дарынды жас әншілерге кәсіби жағынан өсуіне - театр спектакльдеріне, мәртебелі халықаралық конкурстарға, шетөлдік гастрольдарға, фестивальдерге, концерттерге қатысуына тамаша мүмкіншіліктер жасап отыр. Алғашқы жылдан бастап - ақ театр әкімшілігінің артқан үміті ақталып Ұлттық театр әншілерінің есімдері көптеген елдердің опера жанкүйерлеріне белгілі болды. Оған куә Жанат Бақтай, Айгүл Ниязова, Байғали Момбеков, Наталья Мизюк, Маргарита Дворецкая, Ғалия Байғазинова, Жанат Шыбықбаев, Қияқбай Асамбаөв, Бағдат Бекішов, Ескендір Әбжанов, Гүлжанат Сапақова, Роза Сағындықова, Елена Низамутдинованың есімдерін атасақ та жеткілікті, бұлардың көпшілігін опера сахнасының жұлдыздары деп атауға болады. Олардың ізін басып, жаңа есімдер легі екпінді қарқынмен жұртшылыққа кеңінен танымал бола бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Вокалдық өнер саласы
Халықтық-қолданбалы өнер
Қазақ Ұлттық Опера және балет театры
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
Қазақстанның музыка және балет өнері
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
Бәйсейітова, Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz