Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің жеткен жетістіктер


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің жеткен жетістіктер.

Алдымен сөз алған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов облысымызда Елбасының Жолдауына орай атқарылған ауқымды шаралар мен қол жеткен табыстарға, жүзеге асырылып жатқан жоба-жоспарларға кеңінен тоқталып, өз кезегінде Жайық өзенінің экологиялық жағдайы мен оңтүстік аудандарды сумен қамту сияқты күрделі проблемаларды шешуде белсенділік танытқан депутаттарға өз ризашылығын білдірді. Облыс аумағында іске асқан ірі жобалар туралы айта келіп облыс әкімі:

- Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында облыс өнеркәсібі 793, 1 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Ол өнімнің нақты көлем индексі 97, 1 пайызды құрады. Газ өндіру көлемі 12 млрд. 5 млн. текше метр, газ конденсаты 9 млн. 122 мың тоннаны құрады. Облыста Елбасының берген тапсырмасына сәйкес индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Облыс бойынша 271, 5 млрд. теңгеге 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Индустрияландыру картасы аясында биыл құны 89, 8 млрд. теңге болатын 9 жоба іске қосылмақ.

Биылғы жыл ауыл шаруашылығы үшін өте ауыр болды. Көптен болмаған қуаңшылық, жаз бойғы аптап ыстық егін мен мал шаруашылығына үлкен қиындық әкелді. Елбасының тікелей қолдауымен және Үкімет басшысының нұсқауымен облыста астық қоры жасақталды. Негізгі азық-түлік тауарларының соның ішінде нан мен ұнның бағасына тұрақты мониторинг жүргізіліп, бағаның көтерілуіне жол берілмеуде. Дегенмен өңірімізде шешімін күтіп тұрған проблемалық мәселелер де бар.

Мен облысқа басшы болып келгенде ұстанған бағытым - облыстың елді мекендерін табиғи газға қосу болатын. Бұл мәселе қаржыға тірелетіні белгілі. Тек соңғы 2007-2010 жылдары бұл мақсатқа 48 млрд. 490 млн. теңге жұмсалды. Осы жылдары жалпы ұзындығы 968, 3 шақырым газ құбырлары тартылды. Облыс бойынша газбен қамту 82 пайызға жетті. Келесі 2011 жылы Бөкей ордасы ауданының Бисен, Жәнібек ауданының Ақоба, Теректі ауданының Сарыөмір және Жайық өзенінің сол жағалауындағы елді мекендерге газ құбырлары тартылады. Оған барлығы 2 млрд. 792 млн. теңге қаржы қажет. Жобалық-сметалық құжаттары дайын, сараптамадан өткізілген. Аталмыш жобаны іске асыру үшін келесі жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлу жөнінде Мұнай және газ министріне хат жолданды. Екінші - жол мәселесі. Жол салу мен жол жөндеу жұмыстары қыруар қаржыны қажет ететіні белгілі. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуден өткізудеміз. Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолының 76-113 шақырымына күрделі жөндеуді аяқтау, Деркөл ауылынан Орал-Тасқала-РФ шекарасына дейінгі жолды жөндеу және Алғай-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу жолының 71-73 шақырымын Қараөзен ауылына кірме жолымен жөндеу үшін барлығы 4 млрд. 098 млн. теңге қажет. Үшінші мәселе - «Қазақстан Инжиниринг» акционерлік қоғамының 90 пайыз үлесі бар кәсіпорындардың жұмысын жандандыру. Біздің облыста «Омега» прибор зауыты, «Зенит» зауыты және «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы деп аталатын үш кәсіпорын бар. Қазіргі кезде «Қазақстан Инжиниринг» АҚ тарапынан қажетті көмектің болмауына байланысты олар өздерінің өндірістік әлеуетін толығымен пайдалана алмай отыр. Егер аталмыш өндіріс ошақтары толық қуатымен жұмыс жасап, тапсырыспен қамтылған жағдайда жергілікті жұртты тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіші де әлдеқайда жақсарар еді. Сондықтан «Қазақстан Инжиниринг» АҚ тарапынан өз кәсіпорындарын тапсырыспен қамту бойынша жұмысын жандандыру қажет, - деген облыс әкімі аталған мәселелердің шешімін табуға Парламент де­путаттарының қолдау танытуын сұрады.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев республика көлемінде ел игілігі үшін атқарылып жатқан ауқымды шаралар мен іске асып жатқан ірі жобаларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар тәуелсіздік алғалы 19 жылдың ішінде қол жеткізген толағай табыстарымызды саралаған М. Көпеев әлемдік деңгейдегі биік белестерден көрінуіміз Елбасымыздың сұңғыла саясаты мен ел-жұрттың ынтымағының арқасы екендігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Сенат төрағасының орынбасары облыс басшылығының ұсыныс-тілектері бойынша мүмкіндігінше оң шешім қабылдануына атсалысатынын алға тартты.

КЕЛЕШЕКТІҢ БЕРІК ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ

ЕЛДІК МҰРАТЫМЫЗДЫҢ САРА ЖОЛЫ

Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың халыққа алғашқы Жол­дауы 1996 жылдың қазан айында жолданды. Көшбасшымыздың бұл Жолдауының құндылығы алғаш­қылығында емес, күнкөріс қамы қиындаған халықтың үмітін үкілі етер, діттеген мақсатқа мүмкіндік туғызған сәт болатын. Міне, сол кезден бері қарай Елбасымыз жыл сайын дәстүрлі Жолдауын ұсынып келеді. Негізгі мақсат, ортақ міндет, басты ерекшелік - халық тұрмысы мен әл-ауқатына, денсаулық пен білімге, тыныштық пен бейбітшілікке негізделеді.

Ал, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы негізінен әлеуметтік бағытқа ие. Оның маңыздылығы - Тәуелсіздігіміздің 20 жылында еліміз жеткен жетістіктері мен алдағы онжылдықта даму бағытын айқындауында дер едім. Сол себеп­тен болар, Қазақстан халқы Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын үлкен үмітпен күтеді. Президент өзінің биылғы Жол­дауында еліміз алдағы онжыл­дықта иек артар жаңа мүм­кін­діктерді жүзеге асыратын негізгі күш -бүкіл Қазақстан халқы дегенді баса айтты. Әлеу­меттік қамсыздандыру, азамат­тарды еңбекпен қамту, ауыл шаруашы­лығына баса көңіл бөлу, ауызсу мәселесін шешу, әсіресе, қазақ тілі мәртебесіне ерекше мән беруі көпшілікті риза еткені даусыз.

2011 жыл - Қазақстан дамуы тарихында ерекше мәртебеге толы жыл. Ол Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 20 жылдығы» деп жария­ланды. Осыған орай, биылғы жыл «Бейбітшілік пен жасампаз­дықтың 20 жылы» деген ұранмен өтеді. Елбасы өз сөзінде бұл мерейтой - барлық елді мекен­дердің бірін қалдырмай ретке келтірудің жақсы мүм­кіндігі екендігін, олардың абаттанды­рылуына назар аударып, газ тар­тып, ауыз сумен қамтып, жасыл желекке айналдыру жұмыстарын қолға алу қажеттігін атап өтті. Яғни, айқын бағыт, нақты мін­деттер жүктелді. Енді осы мақсатта жұмыла жұмыс істеуіміз қажет.

Сондай-ақ жақында ғана өткен еліміздің саяси өміріндегі негізгі күш болып саналатын «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съезінде ауқымды мәселелер көтерілді. Партия болашаққа арналған ауқымды бағдарламасын қабыл­дап, биылғы жылы өтетін сай­лауға тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаевтың кандида­турасын ұсынды.

Жалпы, саяси жүйедегі ре­формалар ойдағыдай жүруде. Бүкіл жаһандық дағдарысқа қарамай Қазақстан нарықтық экономиканы құрды. Елордамыз Астана төрінде ЕҚЫҰ-ға төра­ғалық етіп, Ұйым Саммитін абыроймен өткізді. Биыл Ислам конференциясына төрағалық етпек. Осы жетістігіміздің барлығы Елбасымыздың көреген саясаткерлігінің арқасы.

«Біздің баға жетпес бай­лы­ғымыз - бабалардан өсиет болып қалған, халқымызға қасиет болып қонған береке-бірлігімізде» - деп Елбасы айтқандай, алдағы он­жыл­дықтағы тұтас кезеңді қамти­тын орасан зор жұ­мыс­тарға ден қоя кірісуіміз қажет. Бірігіп ат­қарған іс қашан да берекелі бол­мақ. Жолдау сонысымен құнды.

Әділхан АЛДАНОВ,

Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы.

***

ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМНЫҢ ҚАСИЕТТІ ШАРАЛАРЫ

Жаңақорған аудандық мә­дениет үйінде Қазақ­стан Респуб­ликасы Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың биылғы халыққа арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын насихаттау мақсатында жиын өткізілді.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Бекмырза Еламанов елімізде атқарылған ұлан-ғайыр шаруалардың дені халықтың әл-ауқатын арттыруға арналғандығын тілге тиек етіп, аудандағы игілікті істерге тоқталды. Қаншама жаңа мектептер, денсаулық саласына қажетті нысандар соңғы екі-үш жыл көлемінде есігін айқара ашып, қызмет көрсетіп келеді, - деді ол. Мінбеге көтерілген аудан­дық емхананың бас дәрігері, ау­дан­дық мәслихат депутаты Сәу­ле­бек Ысқақов, ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Әбутәліп Сүйіндіков, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Патима Тілеубаева, Үкіметтік емес ұйымдар атынан сөз алған Жақсыгүл Бегманова және басқа­лар Елбасы жүргізіп келе жатқан сара саясатының негізділігін атап айтты. Жолдауда ауыл шаруашы­лығына айрықша мән берілгендігі атап көрсетіліп, денсаулық, білім тұрғысындағы істер айрықша айтылды. Соңынан мерекелік шара тамашаланды.

«Тұғырлы тәуелсіздік». Жаңа­қорған ауда­нындағы Республика Тәуелсіз­дігінің 20 жылдығы құрметіне арналған іс-шаралар көшбасы осылай аталынды.

Алдымен аудандық орталық­тан­дырылған кітапханада та­қы­рыптық кітап көрмелері ұйым­дастырылды. Сонан соң аталмыш кітапхананың библиографы Зәуре Аманова «Тәуелсіздік - елімнің ең биік тұғыры» атты тақырыпта баяндама жасады.

Халқымыздың баға жетпес байлығы, бейбіт қоғам құн­дылығын биік ұстаған Қазақ­станды қазір әлем таниды. Сон­дықтан да қандастарымыздың «Мен қазақпын» деп мақтаныш­пен айтуы рухты көтере түседі. Осы шара аясында аталмыш әнді №169 мектептің оқушысы Өмір­ұзақ Серікбаев орындады. Жиын барысында сөз алған «Нұр Отан» ХДП Жаңақорған аудандық фи­лиалы төрағасының орынбасары Сүлеймен Садыбай, аудандық мә­дениет және тілдерді дамыту бө­лімінің бастығы Әбілқайыр Сыз­дықов және басқалар өз­дерінің құттықтау сөздерін арнады.

Осы күні «Арман» мәдениет үйінде «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты тақырыптық кеш те жоғары деңгейде өткізілді.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Жаңақорған ауданы.

***

БАЯНДЫ БОЛАШАҚҚА БІРЛІКПЕН ҚАДАМ БАСАДЫ

Елбасының биылғы Жолдауы­ның «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталуының ерекше мәні бар. Жыл сайын республика жұртшылығы Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын асыға күтеді. Өйткені, ол тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуіне жол ашатын әлеуметтік маңызы зор құжат саналады.

Биылғы Жолдауда да әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінді. Оның басты ерекшелігі - халыққа, қарапайым азаматтардың тұрмыс-тіршілігін көтеруге бағытталған модернизациялық бағыттар көрсетілді.

Әлеуметтік кепілдік дегеніміз қай қоғамда да әлеуметтік топтар үшін маңызы жоғары екендігі рас. Сол үшін де бұқаралық ақпарат құралдарында «әлеуметтік кепілдік» мәселесінің қоғамның рухани түлеуімен, мәдени дамуымен астарлас келуін атап айтуға болады. Яғни, саяси билік үшін де, қоғам үшін де адам факторы негізгі қағида саналады. Қоғамдағы адам факторы, оның әлеуетін арттыру әлеуметтік кепілдіктің өзі болып қала береді. Ал Қазақстан халқының бұл тұрғыдағы дамуы - Елбасының жыл сайынғы Жолдауының басты бағытының бірі. Әрбір мемлекет халқының әлеуметтік ахуалы қашанда мемлекеттік саясаттың басты стратегиялық нысаны екені айдан анық. Бұл жөнінде Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Жолдауларында басым бағыт беріп, ерекше атап өтеді.

Мемлекет басшысы 1997 жылдан бері қарай Қа­зақстан халқына арнаған Жолдауларында әрдайым халықтың әл-ауқатын көтеруге, әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Оларда ел, халық, азамат мүддесі басты назарда ұсталған. Биылғы жылы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы­ның жалғасы ретінде эко­номикалық жаңғырту қадамдарына басымдық берілген. Сондықтан да оның әлеуметтік салмағы басым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекет дамуының басты векторын таңдау тұрғанда Елбасы «алдымен экономика, сосын саясат» деп тектен-текке айтпаса керек. Өйткені, экономикасы дамыған елдің ғана саясаты салиқалы, идеологиясы мызғымас тұрақты болады.

Жолдаудың кешендік тұтастығының дәлелі қоғам өмірінің барлық басты салаларының үйлесімді бірлікте қарастырылуында. Мәселен, Мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғырту жаңа әлеуметтік саясаттың тірегі деп қарастыра келе, қордаланған мәселелердің шешімін табуы мен жылдам жүзеге асуына негіздейді. Білім беру мен денсаулық сақтау саласын өркендетудің, тілдерді дамытудың, соның ішінде қазақ тілінің өрісін кеңейтуді басым бағыттар есебінде атап өткен. Елбасымыз саяси бағдарлаудың дәлелі ретінде алдағы онжылдықта елде мемлекеттік тілде сөйлейтін азаматтар санын 95 пайызға артуы тиістігін тілге тиек етті. Оның негізі болашақтан емес, бүгінгі күннен бастау алатыны айтылды.

Қашаннан да әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмайтын Елбасы Үкіметке азаматтарды жұмыс­пен қамтудың жаңа стратегиясын жасауды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жол­дарын қарастыруды, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын табуды тапсырды. Олар шынында да қоғам үшін маңызды мәселелер екені белгілі жайт. Ел азаматтарының табысын арттырудың өмірдің жаңа сапасының кепілі ретінде қарастырылуы тарихи әрі бұқаралық құжатта толық негізделеді. Яғни, табыс көзі өмірдің жаңа сапалы деңгейіне көшу идеясының түпқазығы.

Тұтастай алғанда, Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын қарсы алатын жылы Ел Президентінің кезекті Жолдауы елдегі азаматтардың әлеуметтік өмірін, тұрмысын жақсартуда экономикалық және саяси, рухани және мәдени модернизациялық үдерістердің жылдам қарқын алуының кепілі ретінде танылып отыр.

Әділ ҚАҢТАРБАЕВ.

***

НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сәрсенбі күні «Болашақ» уни­верситетінің мәжіліс залында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған ақ­па­рат­тық-насихаттық топ студент­термен кездесті.

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдау бола­шақтықтардың да басты ұранына айналды. Оқу орнында білім алып жатқан жастарға ақпараттық-насихаттық жұмысқа шыққан арнайы топ Елбасы Жолдауының басым бағыттары мен негізгі міндеттері жайы түсіндірді.

Кездесуді облыстық ішкі сая­сат басқармасы бастығының орынбасары Айдын Қайруллаев жүргізді. Аталмыш топтың құра­мына түрлі саланың өкілдері енген. Олар өз кезегінде Жол­даудан туындаған жастарға қатысты мәселелерге тоқталды. Елбасы қай Жолдауында болма­сын салауатты өмір салтына, бұқаралық спортқа аса мән бере­ді. Бұл халықтың денсаулығына да мән беру деген сөз. Кездесу барысында ондағы айтылған бағыт­тар мен міндеттерге сәйкес денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласы бойынша өзгерістер мен ерекшеліктер, со­нымен қатар «Дипломмен - ауыл­ға» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында ақпараттар берілді.

Басқосуда студент жастарға жаңадан ашылған «Қызылорда жастары» қауымдастығының құрамы таныстырылды. Олар да өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ақпараттық-насихаттық топ­тың келесі нысаны Қызылорда гу­манитарлық университеті мен гу­манитарлық заң колледжі болмақ.

1. 2 Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мен Астана саммитінің «Қазақ елі - Жерұйық» идеясын танытудағы орны

Әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар адамның рухани сұранысын қанағаттандыру кезек күттірмес маңызды шаралардың бірі екені белгілі, өйткені ол адами капиталды күшейтудің бірден бір жолы. Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі - адамдардың бойында еліміздің тәуелсіздігін баянды ететін ұлттық келісім рухын және отансүйгіш ұлттық идеологияны нығайту. Елдің рухын және идеологиясын көтеру, ұлтжандылық қасиетін қалыптастыру тәуелсіз мемлекетіміз үшін айрықша маңызды мәселе болып отыр. Өйткені, материалдық байлығымен танылып қана қоймай, ұлттық ерекшелігі сақталған рухани құндылықтарын дәріптеген, идеологиясы мықты, тарихи зердесі таза мемлекет қана ертеңгі күні халықаралық қауымдастықтың ортасында өзінің мәдени-адами қорымен зор беделге ие болады. Сол жолда ұлттың рухани діңгектерін нық қадайтын ұлттық идея, алға қойған биік мақсат болуы тиіс. Серпінді дамып келе жатқан жас та тәуелсіз мемлекет Қазақстан жағдайында қоғамның ұйытқысы, мемлекеттіліктің тірегі, ақпараттық саясаттың негізі боларлық ұлттық идея мәселесі өзекті. Осы орайда «Жерұйық» концептінің идеологиялық әлеуеті және де оның ел имиджіне әсері жайлы сөз болмақшы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген Қазақстан халқына Жолдауында тиянақтап көрсетіп кеткеніндей: «Болашаққа белгіленген ұлан-ғайыр міндеттерді біріктіруші ұлттық страте­гия­сыз жүзеге асыру мүмкін емес. Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда біздің әрқайсымыз мынадай қағидаттарды негізге алуға міндеттіміз:

Бірінші - бәрінен бұрын біздің Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!

Екінші - мемлекет және әр азамат ел ішінде, сондай-ақ оның сыртында қоғам­дағы тұрақтылық пен қазақстандық­тар­дың игілігіне кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамдардан бас тартуы тиіс. »

Біздің ұлттық идеямыз да, ұлттық идеологиямыз да биік адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық келісім рухы негізінде құралып, тәуелсіздік құндылығын ұлықтауы тиіс. Ал сол айтылғандардың барлығын өз бойына сыйдыратын, қысқа да нұсқалығымен бағалы идея «Жерұйық Қазақстан» болмақ.

Адам адам болғалы - әуелi тайпа, ұлыс, кейiн келе ұйысқан қоғам - елге айналғалы - жер үстiндегi өзінің жұмағын iздеп келедi. Елдің оңаша ойға көмген хәкімдері, ақылман-ойшылдары болсын, артына жұртын ергізген көшбасшылары болсын - бәрі-бәрі «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты желмаямен іздеген арманшыл Асан-қайғыдай өз еліне малға шүйгін жері бар, жанға жайлы елі бар болашақ тілейтіні мәлім. «Құтты қоныс» іздеу - әлем халықтарының дүниетанымында жақсы өмірді күткен арман-аңсардан туған рухани интенция. Ғалымдар бұл интенцияны әлеуметтік утопияға жатқызады.

Сол тұрғыдан болмасты аңсады, табылмасты іздеді, сондықтан ол қазақ жерінен шыққан алғашқы әлеуметтік утопист деп Асан-қайғының атына тағы бір анықтауыш қосамыз… Онда тұрған несі бар?! Утопист болса болған шығар. Честертон айтпақшы, «утопиясы жоқ адам мұрны жоқ адамнан да қорқынышты». Утопия болмаса қоғамдық қозғалыс та, алға ұмтылу да болмайды. Кім де кім өзінің болашағы туралы армандамаса, оның болашағы да неғайбыл болады демекші, алға нақты қадам жасау үшін, ең алдымен, оны көз алдыңа елестете білу де керек қой.

Меніңше, Платон өзінің мінсіз мемлекет туралы диалогтарын жазғанда, әл-Фараби құт дарыған қала тұрғындары туралы толғағанда, Мор Утопияны ойлап тапқанда, Кампанелла күн қаласы туралы қиялдағанда, сол сияқты, Асан-қайғы да Жерұйығын іздеп зар илегенде елінің жарқын болашағын көз алдына елестеткені күмәнсіз.

Асан-қайғы… Қайғыру, біле білгенге, ақылдың көрінісі. Экклезиаст «Көп ақылдан - көп қайғы» деп бекер айтпаған. Ақылсызда қайғы жоқ. Антикалық философияның бастауынан ақылының артықтығынан күңіренген күрең Гераклитті естіген болсақ, түркі елінің ақылмандарынан Асан-қайғыны көреміз. Ақылды адам бір күндігімен шектелмейтін, алдын болжап отыруға деген талпынысымен, биік мүдделерге қол созған қиялқанаттылығымен ақылды. Ішкен-жегеніне мәз, салған сайранына мәз, ақыл иесі - адам деген ортақ атты жамылған қаншама жан бар, бірақ шынайы ақылмандар аз.

«Асан қайғы Жерұйығын таппай зар жылады» дегенде біз оның қиялындағы елінің болашақ замандағы ешкімнен (батысы - орыс, шығысы - қытайдан) қысым көрмей, өз жерінің амандығын тілегенін меңзейміз. Сондықтан да Жерұйық идеясын бүкіл халқының қамын ойлаған Асан-қайғының елді берекелі бірлікке, шынайы түсіністікке, адал еңбек табысы арқылы мамыражай заманға жетуге шақырғаны деп ұғынған жөн. Ендеше, Асан-қайғы кезінде таба алмаған Жерұйық қай бір заман адамдары үшін шындыққа айналуы әбден мүмкін.

Асан-қайғы Жерұйығын таппады деп біз утопияның орындалмайтындығын меңзейміз. У-топия, аты айтып тұрғандай, Жоқстан. Дегенмен, ол сол кезең үшін табылмаған арман, ал уақыты жеткенде құр қиялдан шындыққа айналуы мүмкін ғой?! Олай болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - Асан-қайғының Жерұйығы емес деп кім айтты?!

Идеялар тарихы ұғымның өз тарихынан мүлде бөлек болуы да заңды дүние. «Жерұйық» концептіне мәдени-әлеуметтік талдама берген академик Ғарифолла Есім оны «жерге ұю» деп этимологиялық тұрғыдан әрі сол Асан-қайғы тұсындағы тарихи жағдайды ескере отырып, яғни қазақ жеріне қол сұға бастаған орыс экспансиясының басталған тұстағы жер мәселесінің өткірлігін ескере отырып, жердің құндылығы тұрғысынан түсіндіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік декларациясының қабылдану сипаты
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы жайлы
Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Жаһандық дағдарыстан шығу және қалыптасқан мемлекет (2000-2022) жж
Жаһандық дағдарыстан шығу және қалыптасқан мемлекет (2000-2021) жж
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы, дамуы
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
«Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім және жасампаздықтың 20 жылы!»
Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің айтулы жетістіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz