Махаббатың христиан дініндегі алатын орны



1 Махаббатың христиан дініндегі алатын орны
2 Ағартушылардың махаббат жайлы көзқарастары
3 Орта ғасырдағы өзекті мәселе
Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы М.Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған М. жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға өтеді. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен М. жаңа сапалық өзгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйел арасындағы М. пен осындай басқа да М-тардың барлығы — олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген М-ының алғашқы сатыларының бірі.Хақты сүю махаббаты
Хақиқатты сүю — адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге қайшы келмейтін М. Мұндай хақты сүю М-ы жайлы өз М-тарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дәстүрлі қазақ қоғамында әулие ретінде құрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.
Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космол. ілімінде М. бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.Платон оны сезімдік және руха ни М. деп екіге бөліп қарастырды.Сезімдік М. — сұлулыққа сұқтанатын М-тың төм. сатысы,ал рухани М. — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.
Махаббатың христиан дініндегі алатын орны
Христиан діні М-ты Христос Құдайдың негізгі сипаты деп санады. Соның нәтижесінде Құдайдың өзі М. мағынасында ұғынылды. Ортағасырлық христиан этикасында, сезімдік және рухани М. бір-біріне қарама-қарсы қойылды. Табиғаттан тыс тұрған күш — христиандық М. (“адамды сүю”) ілімі жасалды. Бұл ерекше М. (“агапэ”) “жақыныңды сүй”, “жауыңды сүй” сияқты қағидалар негізінде таралды.
Ағартушылардың махаббат жайлы көзқарастары
Ағартушылар М. адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі деп есептеді. Мәселен, Шефтсбери М-тыынтымақ сезі мі және қоғамдық тәртіптер мен сұлулықтың ұйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, М. — адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы М. мәселесін әлеум. өмірмен байланыста қарастырды. Марксизм ілімі М-ты өзінің әр алуан формаларында жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғам өмірінің мәнді жақтарын тікелей әрі тереңнен қамтып, рухани берілгендік пен қаһармандықтың қайнар бұлағы болып табылатын әлеум.-таптық және жалпы адамзаттық ынтымақты бейнелейді деп көрсетті.
Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде М. жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстет.-көркемдік, этик.-ғибраттық зор маңызға ие болды.
Орта ғасырдағы өзекті мәселе
Орта ғасырларда М. ұғымы көркем шығарманың ғана нысаны емес, дүниетаным, дін, философия, э стетикасалаларының өзекті мәселелері бастау алатын кәусар бұлақ саналды. Ортағасырлық мұсылман және христиан теологиясында, діни әдебиетте, сондай-ақ шығыс поэзиясында да басты тақырып М. болды, көптеген онтол.,аксиол., гносеол. м әселелердің шешуін табар түйіні осы М. категориясы еді.
Философияның бір категориясы ретінде М. ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуи цияның) үлесіне қалдырып, оның эзотер., тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де М. филос. категория қызметін атқарды. Бұл бойынша М. — ғаламның, адамзат жаралуының телеол. себебі, оның рухани жетілуінің, эстет.ләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. М. әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан М. жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. М. әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен М-тың сипаты да түрліше.
Мыс.: адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы М.
Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы М. —имандылықтың,ер мен әйел М-ы — отбасының, Отанның беріктігінің,ұстаз бен шәкірт М-ы — білімнің,ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы М-тар — елдіктің, т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де М-тың бір көрінісі. Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысы —иман,Отан,отбасы М-қа негіз болар құндылықтар.
М-ты осылайша жіктеуге М. иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. М-тың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қор қыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі М-тың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни М-тың қай түрі болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, а далдыққа тәрбиелейді.
Ромео мен Джульетта (1884 жылы салынған сурет)
[Ер мен әйел арасындағы махаббат
Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы М.Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған М. жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға өтеді. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен М. жаңа сапалық өзгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйел арасындағы М. пен осындай басқа да М-тардың барлығы — олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген М-ының алғашқы сатыларының бірі.Хақты сүю махаббаты
Хақиқатты сүю — адамды иманының, Отанының, отбасының қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге қайшы келмейтін М. Мұндай хақты сүю М-ы жайлы өз М-тарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дәстүрлі қазақ қоғамында әулие ретінде құрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған. Сондықтан М. ұғымын ға-лам жаралуының сыры, адамның рухани кемелденуінің жебеушісі ретінде қарастырған Иасауи, Абай, Шәкерім с ияқты ғұламалар жырларына жүгініп, М. сырын түсінуге болады. Мұсылман діни танымында рухани кемелденудің шыңы болып табылар — “дидар талапқа” жеткізер басты күш-қуат осы М. Сондықтан ислам ғұламалары М-ты құдайдың “Халық” есіміне сай жаратушылық сипатының телеол. қағидасы ретінде қарастырды. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде: “Хазірет Хақ субхана уа тағала: мен кеңістіктің бір бұрышында жасырынулы тұрған кен-қазына едім. Менің Тәңірі екендігімді ешкім білмейтін, өз құдіретімді білдіруге махаббатым ауып барша, ғаламды жараттым”, — деді. Осыхадистен Тәңірінің адамға арналған М-ы барша ғалам жаралуының мақсатты себебі екендігі, яғни телеол. қағида туындайды. “Махаббатпен жаратқан адамзатты” деген қағида Абай, Шәкерім секілді ислам ілімінен сусындаған қазақ ойшылдары шығарм-ның негізгі мәні мен маңызы болғандығы мәлім. Мұсылмандық шығыста М. тақырыбында жырланған субъект — объектілік қарым-қатынас айқын, ол — ғашық пен мағшұқтың өзіндік орындарымен, қолданылар теңеулерімен анықталады. Мәселен, субъект — ғашықты көбелекке, объект —мағшұқты отқа балап Иасауи былай жырлайды: “Көбелек боп отқа түстім, шоқ боп ұштым, мінеки”.Ал Шәкерім “Сорлы бұлбұл жазға асық боп, нұрлы гүлге айтты зар, Көбелек те отты алам деп, Шамға түсті боп құмар”, — деген өлең Шығыс дәстүрінде қалыптасып, М-тың объект — субъектілік ішкі қарым-қатынасының мәнін ашатын от пен көбелек, раушангүл мен бұлбұл, т.б. теңеулерге жиі барады. “Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы” — деген Иасауи, “ариф” — хақты танушы ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану арқылы, өз тереңіне үңілу арқылы жетеді деп біледі.
Ғұлама шығармаларында ғашықтық күйдің бейнеленуі мен адамның даму, жетілу, ақиқатқа жақындау сатысындағы халдері көрініс тапқан, онда ғашық халі ақиқатқа ұмтылушының танымдық сатыларына сай келеді. Осыдан М-тың гносеол. мәселелердің шешіміне қатысы аңғарылады. Ақиқатқа талпынудағы түпкі мақсат — хаққа жету. М. иесінің істеген ісінен, көркем мінез-құлқынан, ғалам, дүние сұлулығына ғажаптанып, одан ләззаттануынан, дидар талап етуінен эстет. ізденістің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Діни антропология пәні және мәні мен мақсаты
Христиан дініндегі өнер
Нәби айтып жүргені сол жолдар
Растың төртінші қыры
Әлемдік діндер
Христиан дінінің құндылықтары
Христиан діні және отбасы
Діни туризм туралы
Қазіргі замандағы әлемдік діндер
Пәндер