Тәртібі қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу



1 Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу
2 Тәлiм.тәрбие
3 Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі
Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан - бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тәртібі қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.
1.Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.-Алматы, 1973.
2. Баласұғын Ж. Құтты білік Ауд.А.Егеубаев.-Алматы: Жазушы,1986.
3.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.-Алматы: Ғылым, 1994.
4. Құнанбаев А.Шығармалар жинағы.-Алматы: Жазушы,1991.
5.Аймауытұлы Ж. Психология.-Алматы: Рауан, 1993.
6.Жұмабаев М. Педагогика. .-Алматы: Ана тілі,1992.
7. Куфаев В.И. Юные нарушители.-М,1925.
8.Невский И.А. Предупреждение и преодоление педагогической
запущенности школьников Автореф.дис.докт.пед.наук.-М., 1982.
9.Керімов Л.К. «Қиын» оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу
мәселелері.-Алматы,1991.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ТӘРТІБІ  ҚИЫН  ОҚУШЫЛАРДЫ  АДАМГЕРШ ІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ–ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ПРОБЛЕМА
 Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі қиын оқушылар санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда қиын оқушыларға көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан қиын оқушыларды ерте жастан - бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.
Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр.
Қазақтың ғұламаларының ішінде әл–Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім.
 Әл–Фарабидің білуінше, Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады  - деп ескертеді [1]. Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз – адамның санасы мен мінез - құлқы оның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болатындығы.
Ж.Баласағұни Құтты білік дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады. Оның Адамшылық жаса адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол деген ой-пікірлері әл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр [2].
Осы ой-пікірлер қазақ  даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу- бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың шығармаларынан да орын тауып, кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына болып отыр.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінде мұғалімдердің бала тәрбиесінде адамгершілік мәселесін жоғары талап етіп көрсеткендігі байқалады. Оның өзінің досы Н.И.Ильминскийге 1861 жылы қаңтардың 19 жұлдызында жазған хатында: Осы жылы қаңтардың 8 жұлдызы күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар... Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын , - деп өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскеннін зор қуанышпен хабарлады.
Сондай–ақ, 1882 жылы шілдеде Н.И.Ильминскийге жазған хатында:
Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша, жақсы педагогика құралы да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды, - деп жазды. Мұғалім өз шәкірттерін жан–тәнімен жақсы көрсе, оқу–тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес, оның беделі тек шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата–аналар, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертіп былай дейді: Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай білу қабілеті, адамгершілік    қасиеті   ұстазға   байланысты. Ағартушы–педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті – оқу–тәрбие үрдісінің арқауы ете отырып, бала тәрбиесінде мұғалімнің ролі айрықша екендігін түсіндіреді. Әрине, бұл мәселенің қазіргі таңда да көкейтестілігін жоймағандығы анық.
Ы.Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасынан да бүкiл әлемдiк тәлiм- тәрбиенiң деңгейi гуманистiк көзқарас, яғни шәкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерiнiң көрiнiс тапқанын көремiз. Ол өз еңбегiнде Мен балаларды жазалауды сүйетiн қатал адам емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең, балалардың адамгершiлiк қасиетiн бұзып аласың дедi [3].
Ұлы ойшыл Абай адамның өсiп жетiлуiндегi тәрбиенiң ролiне ерекше тоқтала келе,  адам баласы бiр-бiрiнен  ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы озады. Онан басқа жолмен озамын демектiң бәрi - ақымақтық дей келе, адамды тәрбиелеудегi қоғамдық ортаның ролiнiң ерекшелiгiн саралап көрсетіп бердi. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негiзге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтiн теріс көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенiн дәлелдедi. өзiнiң отыз жетiншi сөзiнде:  Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм-дедi [4].     
Ж.Аймауытов баланы саналы азамат етіп тәрбиелеуге байланысты құнды пікірлер айтқаны белгілі. Ол Тәрбиенiң негiзгi мақсаты - мiнездi түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете бiлуге тәрбиелеу  деген қағиданы қуаттай келiп, баланы тәрбиелеу үшiн әрбiр тәрбиешiнiң өзi тәрбиелi болуы керек. Себебi, бала айтып ұқтырғаннан гөрi, көргенiне көп елiктегiш келедi. Солай болған соң балаға не жақсы мiнез болсын, iспен көрсету керек- дейдi [5].
Тәлiм-тәрбие ғылымының теориялық жағына тұңғыш терең үңiлушiлердiң бiрi Мағжан Жұмабаевтың пiкiрiнше, тәрбие саласы тұтас бөлiнедi. Олар дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Егер де ол жөпшенді ыстық,  суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне осылай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын... [6], Тәрбиеден мақсұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару ғой деу арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қиын балалар психологиясы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Баланың психологиялық диагнозы
Мектепте оқушы мінезінің қалыптасу ерекшеліктері
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Педагогикалық қараусыз балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Мектеп жасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Қиын бала
Пәндер