Дүниежүзілік су әлемінің ластануы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Жоспары:
1. Дүниежүзілік су әлемінің ластануы.
2. Атмосфералық ауаның ластануы:
а) «Жылу эффектісі»; ә) «Озон тесігі»;
б) «Қышқылдық жаңбырлар»
3. Әлемдік су қорлары.
4. Тұщы судың жетіспеу проблемалары.
5. Топырақтың экологиялық мәселелері:
а) Қазақстандағы топырақ эрозиясы және оның түрлері;
ә) Шөлдену мәселесі;
б) Топырақтың тұздану және батпақтануы.
Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы, ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен, топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.
Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған тұщы су көздері жоқ деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы түсінік те алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы олардың олиготрофтылығынан, өздігінен тазару қабілетінің әлсіз болуы мен төмен температурасымен теңеседі. Осы уақытқа дейін мұхиттың шексіз өздігінен тазаруға қабілеті туралы түсінік қалыптасқан. Қазір бүкіл адамзат мұхиттың дүнежүзілік қоқыс төгетін жер еместігіне көзін жеткізіп отыр.
Атақты француздың мұхит зерттеушісі Жак Кусто: «Егер мұхитты уландыру тоқталмаса, оның тіршілігі жойылуы мүмкін» - деген қауіп айтады. Қазір кең таралып отырған, қауіпті ластаушы заттарға мұнай мен мұнай өнімдері жатады. Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0, 05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0, 5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек еткізеді.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттар мен азоттың әртүрлі қосылыстарымен биологиялық байланысы.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
Атмосфералық ауаның ластануы
Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және анропогендік жолдармен жүреді.
Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б.
Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілер.
Антропогендік ластану 5% құрайды. Химиялық құрамы күрделі, әрі улы, қауіпті.
Атмосферадағы ластанған заттардың негізгі бөлігі 3 км. -лік қашықтықта болады. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы шаңдық бөлшектер 1км дейін көтеріліп, желсіз ауа - райында күмбез құрап 300-500 м-де, осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Париж бен Чикагода әрбір кв. км. 260т. шаң қонады, Нью-Йоркке-300т., Лондонға- 390т., Алматыға 125т. шаң қонады.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Жоғарғы шаң ауа да- өкпе ауруларының бір себебі.
Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.
Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды.
Екібастұз көмір бассейінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс. Бурятқа, Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды.
Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, Атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.
Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 446 химиялық заттар мен 33 олардың комбинациялар бойынша. Қазақстанда «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 1981ж. қабылданған.
Атмосфералық ауаның құрамы мен функциясы.
Атмосфера- әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады.
Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және көмір қышқыл газы жатады.
Атмосфераның маңызды компонентінің біріне озон О3 жатады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабатын 122-124км. биіктікте орналасады «озон экраны» деп атайды.
Жер шарындағы «Жылу эффектісі».
Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады.
Американ экологы Б. Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін» болашақтағы орасан зор катастрофа ретінде қарастырады.
Егер 60млн. жыл бұрын болған катастрофа, Небел пікірінше, жануарлар мен өсімдіктердің тұтастай жойылып ктуінесебеп болса және осы катастрофаның болуңын жер бетіне ірі астероидтың түсуінен болса, ол климат өзгеруіне байланысты катастрофада жеке ағзалар тобына немесе экожүйеге ғана емес, бүкіл биосфераға қауіпті.
Негізгі жылу газына көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісінің» 50-65% құрайды.
Басқада жылу газдарына метан(20%) , азот оксидтері (5%), озон, фреондар (хлорфтар, көміртектер) және басқа газдар (10-25% жылу эффектік газдар) . Барлығы 30% жылу газдары белгілі.
Жылу газдарының жылыту эффектісі атмосферадағы санына ғана емес, бір молекулаға әсер ету белсенділігіне де байланысты. Мыс: СО2 -1; метан үшін 25 тең, азот оксидтері үшін -165, фреондар үшін -11мың . Алынған мәліметтер бойынша жылу газдары әсерінен жердегі ауаның орташа жылдық температурасы соңғы жүзжылдықта 0, 3-0, 60С көтерілген.
XXI ғ-да планетаның орташа жылдық t0- сы әртүрлі жерлерде 1-3, 50С көтерілуі мүмкін.
Болжам: егер мұхит деңгейі 1, 5-2 м. көтерілсе, құрлықтың 5млн. км2 жері су басып кетеді. Бірақ бұл аудан көп емес(құрылықтың 3% ғана құрайды.
Болжам: климаттың жылуы ауа-райының тұрақсыздануына табиғи зоналардың шекараларының ауысуына, шторм мен ураганның көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктерінің жойылуының жылдамдауына әкеліп соғады.
Мәңгі қатып жататын топырақтардың ауданы кішірейіп, олардан
(әсіресе бетпақты территориялардан) метан көп бөлінеді, ал ол жылу эффектісін күшейтеді.
Осылардын барлығы 1979ж. Торонтодағы Халықаралық конференцияда климаттың өзгеру проблемасы бойынша келесідей пікірді туғызды: «жылу эффектісінің соңғы салдарын әлемдік ядролық соғыспен салыстыруға болады» - деген.
Атмосферадағы СО2 енуінің негізгі техногендік көзін органиркалық жанар майларды жағу болып табылады. Қазіргі кезде тек жылу энергетикасына атмосфераға жылына бір адамға 1т. көміртек енеді. Болжаулар бойынша XXI ғ-ң бірінші жартысында С енуі 10млрд. т. жылына тең болады екен. Климатологтар айтуынша 15-20 млрд. т. жыл бөлінуі өте қалыпты.
Атмосферадан С-көміртегінің негізгі шығу факторларына фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі жатады.
«Озондық тесік» туралы құбылыс, озон тесігінің пайда болуының негізгі себептері және атмосфераны қорғау бойынша іс- шаралары.
Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар:
1. Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы ( «озон экраны») .
Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.
Егер озон экранының шекарасындағы озон(О3) екі атом оттегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен оттек молекуласы ыдырау нәтижесінде жасады. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның азаюы 3% құрайды. Мынадай мәліметтер бар, егер озонның азаюы 1% болса, онда тері рак ауруы 5-7% көтеріледі. Ең көп озондық жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерден соңғы 30жылда озон қабатының 40-50% азайған.
Озон концентрациясының азаюын тркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.
«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес . Ең бірінші рет олар XX ғасырда 80-жылдардың басында байқалған.
Озон бұзатын негізгі антропогендік факторге фреондар( хладондар) жатады деп есептейді.
Пропилент- фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп, күшті хлорда бөледі. Әрбір хлор атомы 100мың озон атомын бұзады.
Монреальдық отырыста 1980ж. -2000ж. көптеген мемлекеттерде фреондарды өндіруді 50% қысқарту және пропилленттерді басқалармен алмастыру.
Бірқатар елдерде(АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар (ХФС) -> (ГХФС) , (ГФС) алмастырылып жатыр, олардың өмір сүру 2-25 жылға қысқа, О3 ыдырату потенциялы ХФС-ға қарағанда 10 есе аз. Озон қабатының тұрақтылығын жоғарлатудың басқа жолдары іздестірілуде. Озон қабатына этан мен пропан беру атомдық хлорды әлсіздендіріп хлорсутекке айналдырады. Тағы да озонның түзілуімен жинақталуына электормагниттік сәулелендіру, лазер сәулелері, электр зарядтары ықпал етеді. Олар оттектің фотодиссоциясын жақсартады және озонның жинақталуымен түзілуіне ықпал етеді
4) «Қышқылдық жаңбыр туралы» түсінік . Оларды жою жолдары.
Күкірт оксиді- қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты, әсіресе, оның ішінде СО2.
Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2, 2-2, 3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинов елдері үшін, Англия, ФРГ, Белгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.
Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.
Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы микроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.
Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.
Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтық немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.
Су қорлары.
Судың жердегі әлемдік қоры өте көп. Ол 1353985 мың км3. Жердің 2/3 бөлігін Әлемдік мұхиттар алып жатады.
Әлемдік су қорлары. 100%
теңіз (тұзды) су 97, 5 % тұщы су 2, 5 % 96, 5 %
Әлемдік мұхит 1, 74% мұздықтар
Әлемдік су балансы- Жердегі жауатын жаңбыр буланумен теңесіп отырады. Осы 2 шама жылына 577 мың км. 3 тең. Бұл жағдайда мұхиттағы булану жаңбырдан жылына 47 мың км. 3 артады. Құрлықта бұл заңдылық керісінше-булану жаңбырдан 47 мың км. 3кемиді. Бұл ылғалдылыққа өзен ағысымен құйылады.
Қазіргі уақытта әлемдік су балансы мұхитқа қарай бағытталған. Мұхит буланудан гөрі, суды көп алады. Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріледі. (75% осындай қосымша ылғалды мұздықтардың еруі нәтижесінде алады, 18 %-жер асты су қорларын пайдалану есебінен және 7%-өзендер береді) .
Құрлықтағы буланудың жеткіліксіздігі экожүйенің су айналымының реттеу қасиетін жоғалтуы. Экожүйедегі суреттеу факторларына топырақ пен өсімдік жамылғысы жатады.
Тұщы судың жетіспеу проблемалары
Тұщы судың негізгі бөлігі 70% полярлы мұздарда, мәңгі мұздықтарда, таудың шыңдарында қатып жатыр. Тек 30 % құрлықтағы суды өзен мен көлдер құрайды.
Тұщы суды пайдаланудың экологиялық негіздемесі деп жүйелерден алынған судың көлемі, судың қоры және сапасы бойынша негізгі қасиеттерін сақтауын айтады. Осыған байланысты су қорларының жаңару жылдамдығын ескеру керек. Ол өзен суы үшін 12-16 тәулік, көл сулары 17 жылдан кейін жаңарады, ал жер асты сулары 1400 жылда жаңарады.
Адамзат үшін судың жетіспеуі емес таза тұщы судың жетіспеушілігі төніп тұр.
Тұщы судың жетіспеу проблемасы келесідей себептерге байланысты:
Планетада халық санының тез өсуі мен су қорларын өте көп пайдаланатын іс әрекет салаларының дамуына байланысты суға деген қажеттіліктің көбеюі.
Су таситын өзендердің қысқаруы салдарынан тұщы судың жағалауы.
Өндірістік су қоймаларының және тұрмыстық құбырларының су ластануы.
Қазіргі кезде адам тұщы судың табиғи қорынан 0, 12-0, 15% суды пайдаланады. Ең ірі су тұтынушыға ауыл шаруашылығы жатады.
Ауыз су және шаруашылық мақсат үшін судың сапасын жақсартудың негізгі әдістеріне-ағарту, түссіздендіру және залалсыздандыру жатады. Суды ағарту дегеніміз суда қалқып жүрген заттардан тазарту. (Тұндыру, сүзу) .
Суды түссіздендіру-судағы түрлі-түсті боялған коллоидты немесе ертілген заттарынан түссіздендіру. Ол үшін әртүрлі тотықтырғыштарды пайдаланып, суды коагумециялайды (Хлор, калий перманганаты, озон), сорбенттер (активтенген көмір) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz