Отырар жұртында тұрғындардың пайда болу кезеңі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ОТЫРАР

Отырар жұртында тұрғындардың пайда болу кезеңі оның Отырар Фараб аталауынан әлдеқайда ертеректі меңзейді. Жазба деректерде алғаш рет кала атының аталуы ІХ ғасырдан көп бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы ғасырларға саяды.

Сонымен катар бұл каланың тым әріректегі атауын анықтауға мүмкіндік беретін деректер де бар.

Отырар мен осы көгал алқаптың ескі қалаларынан жиналған теңгелер санаты жоғарыда аталған дәуірлерге жатады. Бірінші үлгіге жататын теңгелердің оң бетінде садақ түріндегі түргеш таңбасы, теріс жағында «х» белгісі таңбаланған. Жетісуда, Шашта және Сөғдыда жасалған ортағасырлық теңгелермен салыстырып көргенде бұл жергілікті билеушінің өмірімен шекілген ең жаңа түрлі теңгелер үлгісі болса керек деген пікірге келтіреді. Екінші үлгідегі теңгелер Кангу тарбанның кангар билеушілері қалауымен жасалған болар деген болжам да бар.

Шынғысхан сол кезде Орта Азияға үстемдік еткен Хорезм шахы Мұхаммедке Орта Азиялық саудагер Махмуд Хорезми Әлжихожа Бұхари және Иөсіп Отырари қатарлы адамдарды елші етіп жіберді. 1218-жылы көктемде Хорезм шахы Мұхаммед бұл елшілікті қабылдады. Елшілер оған Шыңғысханның хатына және жіберген сәлемдемелерін тапсырды. Бұл хатында Хорезм шахы Мұхаммедті «өз балам» деп атады және екі ел арасындағы сауда жолының қауіпсіздігін сақтау жөнінде бейбіт келісім жасауды ортаға қойды. Хорезм шахы Мұхаммед Шыңғысханның әскери күш-қуатының қаншалықты екенін білмейтін еді. Ол бұларға разылық білдірді.

Мұның артынан Шыңғысхан тағыда Орта Азиялық саудагерлерден Омар Қожа Отырари, Жамал Марағи бастаған бес жүз түйелі, төрт жұз елу адамы бар үлкен керуен жіберді, бұл керуен 1218-жылы жазда Отырар қаласына келді. Отырар қаласының билеушісі Қайырхан Иналшық (қыпшақ) бұл керуенді тыңшылыққа келген керуен деп адамдарын өлтіріп, жүктерін талатты. Мұны естіген Шыңғысхан хорезмдік Бағраны елші етіп Хорезм шахы Мұхаммедке жіберіп: «Біз еліміздің ешқандай саудагеріге тимейміз деп келісім жасасқан едік, біздін керуеннің саудагерлері Отырарда өлтірілді. Егер бұл іс өз әміріңмен істелмеген болса, қылмыстыны қолыма сал, сазайын өзім тарттырамын, әйтпесе соғысты күтіп ал» деп кесетпе тапсырды. Хорезм шахы Мұхаммед бұл елшіні де өлтіріп тастады. Мұны естіген Шыңгысхан: Сартауылдар менің алтын шылбырымды үзбекші ме? Бағра бастаған жүз елшімнің өшіне өш, кегіне кек аламың, сартауылдардың сазайын тарттырамын» деб қаһарланды. Отырар оқиғасы оның Орта Азия мен Қазақстанға жорық жасауына желеу болды. Бұл кезде Шыңғысханның алтын шатыры Ертіс өзенінің басында болатын.

Шыңғысхан бастаған қалың қол 1220-жылдың мамырына дейін Орта Азияның Амудария жағалауына дейінгі барлық территориясын алып болды. 1220-1221-жылдардың қысында Хорезмді жаулап алды, Хорезм шахы Мухаммед қашып, Каспий теңізінің бір аралына барып өлді. Осыдан соң Орта Азияны жаулап алу аяқталды да, бұл арада соғыс қимылдары тоқтады.

1221-жылдың көктемінде соғыс қимылдары Қорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ойысты. Бұл өңірде үздіксіз қарсылық көрсеткен Жалалиденді (Хорезм шахы Мұхаммедтін баласы) Инді өзеніне дейін қуалап барып, 1221-жылы 24-қарашада талқандады. Шыңғысханның қолбасылары Жебеноян мен Сүбедей батыр бастаған отыз мың әскер Иранның оңтүстігін басып өтіп, 1220-жылы Кавказ тауларына барып, грузиндер мен әзірбайжандардың бір бөлегін ойраңдап, Каспийдің жағасымен жүріп отырып, алаңдардың жеріне жетіп (1222-жылы), оларды талқандады, одан қыпшақ даласына шығып, қыпшақ ханы Қотанның әскерлерін қиратты. 1223-жылы 31-мамырда Қалқа өзенінің бойында орыс жасақтарын жеңіп Днепр өзеніне дейін ығыстырып тастап, өздері Еділдің орта ағысына қарай келіп, қазіргі Қазақстан (шығыс дешті қыпшақ) жерін басып, 1224-жылы Ертіс өзені бойындағы Шыңғысханның ордасына қайтып келді. 1225-жылы Шыңғысхан Моңғолияға қайтты. Сөйтіп 1219-1224 жыллдарда Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысханның маңғол патшалығының кұрамына енді.

Шыңғысханның жойқын жорығы Орта Азия мен Қазақстанға зор-зобадаң алып келді. Қазақстанның мәдениет орталықтарын: Жетісудың калаларын (Суяпты, Баласағұнды, Таразды) талқандап, Сырдария бойындағы қалаларды (Отырарды, Сауранды, Жентті, Сығанақты және баскаларды) жермен-жексен етті. Мұнымен бірге мәдениеттің көптеген тамаша ескерткіштері жойылып кетті.

Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу (1219-1221) және ол жерлерді ұлыстарға бөлуі, қазақ халқының басым көпшілігі Ертіс өзенінен Еділге дейін созылған Жошы ұлысының құрамына қосылып, алғашында Алтын Орда хандығына, кейін одан бөлінген Ақ Орда хандығына қарады. Ежелден бері Іле алқабы мен Жетісу өңірі мекендеген үйсін, дулат, тағы басқа тайпалар Шағатай хандығына қарады. Шағатай хандығы ыдыраған соң одан бөлінген Моғолстанға бағынды. Алайда, бұл алым-салық, әскер жинаудың көлемі еді. Бұл хандықтар арасыңда қазіргі мемлекет шекарасы тәрізді шекара бөлігі жоқ.

Отырардың күйреуі

Монғолдардың жақсылық күтпеген Отырар әміршісі Қайыр хан ұрысқа дайындалуда. Оның қол астында 20 мың әскер бар, ал 50 мың әскерді Хорезм шах берді. Қаланы қорғауға кәрі, жас демей әзірленді. Алдымен қорғанысты күшейту керек.

Моңголдар да алғашқы шабуылға мұқият даярлануда. Қаланы қоршаған олар қамал жанына қабырға бұзатын арбалар мен тас атқыш қаруларын орналастырды. Айдап әкелген төңіректегі ауыл тұрғындарына бөгет болған орларды көмдіріп, жерасты жолдарын қаздырады. Әскерлерін алғы шепте жүргізеді.

Атойлап моңғол әскері шабуылға шықты. Жебелер бұршақша жауып, атқылаған үлкен-үлкен тастар үй шатырларын қиратты.

Отырарлықтар да қарап тұрған жоң. Қамалдан төмен қарай қайнап тұрған қарамайды ағызып, ауыр-ауыр бөренелерді құлатып жатты. Ұзын баспалдақтармен жоғары өрмелеген моңголдардың көбі жарты жолға жетпей құлауда. Бірақ бірінің орнын бірі алмастырған олардың легі бір сәтке тоқтамады. Бұл шабуыл бейне бір толқын іспеттес. Артқысы алдыңғысынан басымырақ. Бала-шаға, кемпір-шал, әйел демей ұрысқа қолдануға болады деген заттардың бәрін жауынгерлерге жеткізуде. Жаралыларға жедел жәрдем көрсетіп, өлгендерді тасуда.

Қайыр хан әскерінде нағыз дала батырлары - қыпшақтар аз емес еді. Олар соғыс тәсілдерін тіпті моңғолдардан да жақсы білетін. Дегенмен Шыңғыс хан жасақтарының саны әлдеқайда көп болғандықтан қала қорғаушыларының күні күннен күнге әлсірей берді. Тамақ, су таусылды. Сыртқа шығуға еш мүмкіндік жоқ.

Хорезм шахтан қосымша күш келмеді. Оның жоспары басқа. Самарқанға жеткенше жол бойы орналасқан әр қамалмен ұзақ уақыт жауласуға моңғолдардын, шыдамы жетпес деп ойлаған. Сондықтан ашық соғысуды жөн көрмей, әскерін төңіректегі бекіністерге бөлген. Бірақ үміті ақталмады. Моңғолдар қанша шыдамсыз халық болғанымен, бұл жолы сабырлылық таныта білді.

Соғыс бес айға созылды. Қала тұрғындары қайтпас ерліктің үлгісін көрсетті. Шыңғыс хан әскері бұған дейін қарсыласының мұндай табандылығын, әжеттілігін көрген емес. Әбден қалжыраған олар енді Құдайларына жалбарына бастады.

Талай рет өлім аузынан аман қалған Қайыр ханды не қылыш, не найза алмады. Оның қайсар мінезін көрген халқы да:

- Әміршімізді құдіреті күшті, Құдай қолдап түр - деген қуаныш сезімі пайда болды. Тіпті моңғолдар да:

- Қайыр ханды Ұлы Аспанның өзі қорғауда, - деп сыбырласты.

Отырарлықтар арасында Қараджа хаджиб деген адам бар еді. Ол қалаға Хорезм шахтың бұйрығы бойынша 10 мың әскерді бастап келген. Енді өз басын сауғалап қалмақ болған Қараджа хаджибке: "Мен Шыңғыс хан тыңшыларын өлтірген жоқпын. Не үшін басым кету керек? Кінәлі Қайыр хан ба, жазасын өзі тартсын. Моңғолдарға көмектессем өмірімді сақтар. Мүмкін сыйлық та берер", - деген ой келді. Осы ой көкейінен кетпеді.

Қандай жағдайда болмасын Шыңғыс ханның сатқындықты кешпейтіні есінен шықты.

Моңғол барлаушыларымен келіскен хаджиб қаланың "Суфи хан" қақпасы арқылы түнде қашып шығады. Соңғы жауынгердің шыққаны сол еді моңголдар оларды тарпа бас салады. Жойқын соғыс басталып кетті. Жергілікті халық қылыш пен найзаның жағымсыз даусынан шошып оянды. Бірақ бұл кезде жау жолын бөгеу кеш еді. Өйткені Үгедей мен Шағатай жасақтары қақпа арқылы ішке еніп үлгерген. Олар жолындағының бәрін қиратып, ойран салды. Үйлерге басып кіріп, үйқылы-ояу адамдарды бала-шаға демей аяусыз қырды. Қаланы тонады.

Енді қамалды қорғаудың еш мәнісі жоң. Сол себепті Қайыр хан әскері қала ішіндегі бекініске (қорғанысты нығайту мақсатымен салынған берік қамал) жасырынуды ұйғарды. Діттеген жеріне жету үшін моңғолдардың шебін бұзу керек. Қан су боп ақты. Ақыры көздеген мақсатына жеткен Қайыр хан қалған әскербасыларын әр жерге бөліп қояды. Жауыңгерлер түні бойы қамал қабырғаларын бекітеді.

Қаладағы тонау, өлтіру бір сәтке тоқтамады. Қамалдың ұзақ уақыт берілмегеніне ызаланған моңғолдар тірі қалған қала тұрғындарын таң ата далаға ұрып-соғып айдап шығады. Араларындағы шеберлер мен қолөнершілерін іріктеп топ құрайды да шығысқа айдап әкетеді. Осылай қолдарынан өнері тамған отырарлық ұсталар мен кілем тоқушылар, зергерлер мен құмырашылар енді өз өнерлерімен бөтен елдің тұрмысын әрлендірмек.

Моңғолдар шеберлерді айдап әкетушілер ұзап кетісімен, қалған адамдарды қырып салады. Бұл - басқаларға сабақ болу үшін бірден берілмеген халықтарды жазалау түрі.

Қырып-жоюдан ләззат алып, көздері қанталаған Шыңғыс хан әскері енді бекініске шабуыл жасады. Оңты қарша боратып, қару-жарақтарын сақадай сайлап қамал ңақпасын бүзбақ. Шыдамсыздары үзын баспалдақпен жо-ғары қарай өрмелей бастады. Бірақ, төбеге шығып, шай-ңасып жатқаны шамалы. Көбісі жарты жолға жетер-жет-пестен Қайыр хан сарбаздарының қолынан қаза табуда.

Өліммен бетпе-бет кездескен отырарлыңтар күн де-мей, түн демей дамылсыз ңарсыласуда. Бұл уақытта қаланың басым бөлігі отқа оранып, үйлері қирап ңал-ған. Тек берілмеген ңамал ғана. Ашығып жараланса да қорғаушылардың қайсарлықтарында шек жок; . Арада бір ай өтті. Тірі ңалғандар - Қайыр хан мен екі жауын-гер. Моңғолдар оларды шатырга дейін қуып тықты. Үшеуі берілер емес. Оқтары әлдеңашан таусылған. Қол-дарына түскен нәрсемен қарулануда. Сынған кірпіш те, тас та жүмсалып жатыр. Енді ңұтылмасын білген олар Күшақтасып ңоштасты. Осы кезде "Қайыр ханды тірі-дей ұстаңдар!" деген бүйрықты алған жасақтар екі жа-уынгерді атып өлтіреді. Ал қала әміршісін ңолға түсіру оңайға түспеді. Бірнеше моңғолды шатырдан лаңтырып үлгерген оны тек жабылып жатып үстайды да Үгедей мен ПІағатайға алып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отырар ойпаты
Отырар қаласының пайда болуы
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Қазақ мемлекеттігінің құрылуы
Ғұн және Усун мемлекеттері
Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz