Мәдениет және өркениет туралы



1 “Мәдениет” пен “өркениет” ұғымдары
2 Күнделікті өмірде мәдениет пен өркениет
3 Қақазақ тарихы . түркілердің далалық өркениетінің құрамдас бөлігі
Күнделікті өмірде мәдениет пен өркениетті бір ұғым деп түсініп жүрміз. Шындығында, екеуінде жақындық болғанымен, бұлар бір түсінік емес. Сондықтан да оларды синоним ретінде айтпай, өз орнына пайдалану керек. Мәдениет пен өркениет сөздерін ауызекі әңгімеде әрі қоғамдық ғылымдар саласында жиі қолданып жүрміз. Біздің әрқайсымыз бұл сөздерді түсінбей жүрміз деген ой қаперімізге де келмейді. Басы ашық ұғымдар ретінде ойланып жатпай-ақ қолдана береміз. Көбінесе бұл екі ұғымның өзара байланысы бола тұра, бірақ олардың мәні бір емес екенін ескере бермейміз. Синоним ретінде пайдаланамыз. Бірақ, бұл сөздерді өз мағынасында қолданып жүрмегенімізді де сезіне бермейміз. Әрі бұл терминдердің нақты анықтамасын да бере алмай келеміз. Бұл біздің елдің шеңберінде ғана емес, бүкіл ТМД аймағында осындай. Бір ізге келген ғылыми түсінік қалыптаспай отыр. Сөз еткелі отырған екі тер­минді қарапайым жұртшылық түгілі оқымысты ғалымдардың өзі шатастыра береді. Шындығына келсек, бұл екеуі – мәдениет пен өркениет туралы қаншама еңбек, қаншама мақала жазылды десеңізші. Бірақ, солардың бәрінде тиянақты бір тоқтамға келіп, осы екі терминнің басын ашып, қайсысын қандай жағдайда қолдануға болатыны толық айтылмай келеді. Жазылған еңбектердің иелері әр кезде әртүрлі пікір айтып, кейінгілері соларды қайталаумен немесе сынға алумен ғана шектеліп, өзіндік байламдарын ұсына алмай жүр

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МӘДЕНИЕТ және ӨРКЕНИЕТ

Күнделікті өмірде мәдениет пен өркениетті бір ұғым деп түсініп жүрміз. Шындығында, екеуінде жақындық болғанымен, бұлар бір түсінік емес. Сондықтан да оларды синоним ретінде айтпай, өз орнына пайдалану керек. Мәдениет пен өркениет сөздерін ауызекі әңгімеде әрі қоғамдық ғылымдар саласында жиі қолданып жүрміз. Біздің әрқайсымыз бұл сөздерді түсінбей жүрміз деген ой қаперімізге де келмейді. Басы ашық ұғымдар ретінде ойланып жатпай-ақ қолдана береміз. Көбінесе бұл екі ұғымның өзара байланысы бола тұра, бірақ олардың мәні бір емес екенін ескере бермейміз. Синоним ретінде пайдаланамыз. Бірақ, бұл сөздерді өз мағынасында қолданып жүрмегенімізді де сезіне бермейміз. Әрі бұл терминдердің нақты анықтамасын да бере алмай келеміз. Бұл біздің елдің шеңберінде ғана емес, бүкіл ТМД аймағында осындай. Бір ізге келген ғылыми түсінік қалыптаспай отыр. Сөз еткелі отырған екі тер­минді қарапайым жұртшылық түгілі оқымысты ғалымдардың өзі шатастыра береді. Шындығына келсек, бұл екеуі – мәдениет пен өркениет туралы қаншама еңбек, қаншама мақала жазылды десеңізші. Бірақ, солардың бәрінде тиянақты бір тоқтамға келіп, осы екі терминнің басын ашып, қайсысын қандай жағдайда қолдануға болатыны толық айтылмай келеді. Жазылған еңбектердің иелері әр кезде әртүрлі пікір айтып, кейінгілері соларды қайталаумен немесе сынға алумен ғана шектеліп, өзіндік байламдарын ұсына алмай жүр. Бүгінгі мақаламызда соларға сүйене отырып, өз пікі­рімізді білдіруді орынды көрдік. Мәдениет жайы басы ашық дүние. Көп еңбек жазылды. Оған 300-дей анықтама берілді. Бірақ солардың бәрінің түйіні мәдениеттің екі негізі – материалдық және рухани құрамы барын мойындау. Қарапайым тілмен айтқанда, адам қолымен және миымен жасалған жаңа құндылық. Мәдениет (культура, латынның culttura деген сөзі – қолдан жасау, тәрбиелеу, білім беру, даму, қадірлеу мағыналарын білдіреді) адамзат баласының қолымен және ақыл-ойымен жасалған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Ол қоғам дамуының белгілі бір деңгейін бейнелейді. Мәдениет материал­дық және рухани еңбектің туындыларында, әлеуметтік норма мен мекемелердің жүйелерінде, рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа қатынасында және өздерінің бір-бірімен байланысында, сондай-ақ адамның өзіне қатынасында көрініс береді. Ол адамзат тіршілігінің тіршіліктен басқа биологиялық айырмашылығын да көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, мәдениет адам қоғамының негізгі мазмұны. Өйткені, бұл ұғымның жалпылық қасиеті бар. Адамның интеллекті, білім-санасы, оның ойлап тапқан қондырғылары, компьютер, интернет, кітап шығару, кино, бәрі – мәдениеттің жемісі, соның төл аймағына жатады. Мәдениеттің жемісі болып табылатын компьютердің жұмыс істеуі үшін оның ақпараттық қызметін жолға қою керек, яғни бағдарламалармен жабдықтау қажет. Сондай-ақ, қоғамның толыққанды жұмыс істеуі үшін, оны жобалармен қамтамасыз ету керек. Қоғам үшін міне, осылар мәдениет болып есептеледі. Мәдениеттің қоғамдағы атқаратын рөлі өте күшті, әрі маңызды, сондай-ақ көп салалы. Оны зерттейтін арнайы ғылым бар, ол – мәдениеттану (культурология). Бұл сала өзіне тән әдістермен, амалдармен мә­дениеттің іші-сыртын, қызметін, шарттылықтарын тексеріп-зерттейді. Мәдениет философиясы атты тағы бір ғылым бар. Ол бұл сала қандай болу керек, оның жалпы даму заңдылықтары қандай деген сұрақтарға жауап іздейді. Мәдениеттің болашағы жөнінде әлемде екі бағыт бар. Бірі Шпенглерден басталған батыс мәдениетін сынау, оның болашағын бұлыңғыр етіп көрсету, соның нәтижесі – батыс мәдениеті күнінің батуы деп топшылайды. Оны болдырмау үшін мұның теоретиктері ежелгі көне заманның архаикалық мәдениетіне қайта оралуға үндейді. Осындай да романтикалық желпініс бар. Бірақ, әр кездерде әртүрлі дағдарыстарды бастан кешіргені болмаса, батыс мәдениетінің күні әлі батқан жоқ, ол заман сұраныстарын өтеп келеді. Екінші бағыт – әлемде ешқандай қатып қалған ештене жоқ, ақиқат пен құндылықтардың ауысып, жаңарып тұруы заңдылық деген қағидаға сүйенген постмодернизм. Ол қалыптасқан құндылықтарды ревизиялап, оларды жаңа техникаға, озық технологияға негізделген құндылықтармен алмастыруды ұсынады. Қол жеткен мәдениеттің дәстүрлі үлгілерінен бас тартып, ескі архаикалық нұсқаларға кері бұрылуды да қолдамай, жалған постмодернизмге де құлап түспей, осы екеуінің ортасынан заманға сай іргелі концепциялар мен жобалардың белсенді бастамашысы болу бұл күнде маңыздырақ болып отыр. Өмір осыны талап етуде. Питерлік профессор А.Кармин кез келген мәдениет өз қауашағынан босанып шығуға зәру, өйткені, өзінің мүмкіндіктерін толық іске қосу үшін, басқа мәдениеттердің тәжірибесіне үңілу және оларды игеру қажет, деген пікір айтады. Басқа мәдениеттермен байланысы жоқ, олардың әсер-ықпалын сезінбейтін мәдениет әлемдік мәдениет ағысынан сырт қалатыны белгілі. Бұрын мәдениетті материалдық және рухани деп екіге бөліп қарастырып келген болсақ, А.Кармин мәдениетті үш өлшемді кеңістік ретінде қарастырады. Атап айтқанда: рухани, әлеуметтік және технологиялық деп үшке бөледі. (“Вопросы философии”, 2006, № 2). Инженерия бұл күнде технологиялық мәдениеттің бірден-бір маңызды саласына айналды. Технологиялық мәдениет өнер мен философияға қарай ойысып барады. Рухани және әлеуметтік мәдениет құндылықтар мен идеалдарды қалыптастыруға бағытталса, ал технологиялық мәдениет нені жасақтауды және оны қалай жасақтауды өзіне нысана етеді. Бұл күнде технологиялық мәдениет пен рухани мәдениет арасында жарияланбаған соғыс жүріп жатыр. Технологиялық мәдениеттің прагматизмі өмірде белең алуда. Ол рухани мәдениеттің дамуына теріс әсерін тигізуі ықтимал. Қоғам рухани мәдениетсіз, тек материалдық игілікке ғана иек артса, онда прогресс жолына түсе алмайды. Сондықтан да технологиялық мәдениеттің қажеттілігін жоққа шығармай, рухани мәдениеттің адамзат дамуына ықпалының күшті екендігін әрдайым естен шығармаған абзал. Мәдениеттің маңызына және оның қоғамдағы орнына көзқарас бірыңғай. Мұны түсінуде бірізділік бар. Ал енді өркениет (цивилизация) жайына тоқталайық. Бұл термин латынның “cіvіlas” деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы: 1) азаматтық, 2) азаматтық қоғам, мемлекет, 3) қала. Сондықтан да тарихшылар, археологтар қоғамның өркениеттік кезеңін зерттеуді ең алдымен урбанизациямен тығыз байланыстырады. Өркениет (цивилизация) термині ХVІІІ ғасырдан бері айналымға еніп, адамзат тарихында варварлықтан (варварство) кейін келетін кезеңді белгілейтін ұғым ретінде дүниеге келді, қарабайыр тілмен айтқанда, варварлықтың қарама-қарсы беті деген мағынада қолданылды. Кеңес өкіметі кезінде қоғамның формациялық даму концепциясы басшылыққа алынды. Алғашқы қауымдық құрылыс, құлдық, феодалдық және социалистік қоғам болып жіктелді. Бұл жіктеудің негізіне өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктену түрлері алынды, яғни қоғам таптық көзқараспен айшықталды. Буржуазиялық гуманитарлық ғылым таптық жіктелуден құтылу үшін, цивилизациялық даму типтерін айналымға қосты. Өркениет мәселесімен батыс пен орыс оқымыстылары көп шұғылданды. Зерттеулер жүргізді. Мәселен, орыс социологы Н.Данилевский “Россия және Еуропа”, неміс философы О.Шпенглер “Еуропаның сөнуі”, ағылшын тарихшысы А.Тойнби “Тарихты игеру”, американ философы С.Хантингтон “Өркениеттің қақтығысы”, жапондық американ тарихшысы Ф.Фукуяма “Тарихтың ақыры”, қазақ философы Д.Кішібеков “Мәдениет және өркениет” деген еңбектерін жариялады және басқа еңбектер жарық көрді. Бұл авторлардың бәрі өркениетті зерттеу нысанына алып, өз пікірлерін ортаға салды. Олардың жазылу жылдары да әртүрлі, әрі берген анықтама-тұжырымдары да бірдей емес, әрқайсысы аталмыш мәселені қарастыруға әр жағынан келген, ой байламдары да бір-біріне сәйкес келмейді. Неміс оқымыстысы О.Шпенглер өркениетті мәдениеттің құлдырауынан туындайтын құбылыс ретінде қарастырады, яғни өркениет адамзат мәдениетінің жаңару, жетілу нәтижесі емес, белгілі мәдениеттің ішкі мүмкіндіктерін сарқып, одан әрі даму деңгейі шектеліп, күйреуге бет алып, жаңа өркениетке жол салуы болып табылады деген тұжырым жасайды. Әрине, бұл дұрыс емес. Өркениеттің шығу тегін, әрі оны классификациялауды жан-жақты қарастырған ағылшын тарихшысы Арнольд Тойнбидің 12 томдық еңбегінің ғылыми маңызы күшті. Ол өркениетке 21 қоғамды жатқызады. Оның 10-ы – тәуелсіз өркениет болып есептеледі. Өркениеттен басқа А.Тойнби жабайы (примитивное) қоғамды есепке алады. 1915 жылғы батыс антропологтары мұндай қоғамның санын 650-ге жеткізді. Бұл тізімді жасаған кезде әлгі қоғамның бәрі бар еді. Өркениетті жабайы қоғаммен салыстырғанда екеуінің айырмашылығы жер мен көктей болатын. Жабайы қоғамның өмірі ұзақ болмады, территория жағынан шағын, халқының саны аз болды. Ал өркениет болса, ұзақ өмір сүрді, территориясы кең, ел саны қомақты-тын. Өркениеттер басқа әлсіздеу қоғамдарды бағындыру немесе ассимиляциялау арқылы күшейіп, үлкейіп отырды. Сөйтіп, жабайы қоғамдар шабуылға ұшырап, өркениеттердің жұмырына жұтылып, өмір сүруін доғарды, сөйтіп кейін жойылып кетті. А.Тойнби “Өркениеттің бірлігі” деген концепцияны да теріске шығарады. Әдетте бұл 21 өркениетті салыстырудан тумаған тұжырым екенін, қазіргі заманғы батыс өркениетін жеке алып қарастырған жалған түсінік деп бағалайды. Бұл осы заманғы батыс тарихшыларының тұжырымы болып табылады. Өйткені, батыс өркениеті өзінің экономикалық жүйесін бүкіл әлемге таңды, таратты, күштеп енгізді. Бұл экономикалық экспансиямен қатар саяси ыңғайластыруды да жүзеге асырды. Соның нәтижесінде, өркениет атаулының бәрі бірдей, бір-біріне ұқсас деген қағиданы қалыптастырды. А.Тойнбидің айту­ынша, өркениеттің бәрі бірдей емес, әрқайсысының өз ерекшеліктері, өз деңгейлері бар. Бұл қағиданың түпкі мәні, А.Тойнбидің айтуынша, әлемді тұтас бір өркениет деп қабылдау, яғни батыс өркениетіне жат­қызу, біріктіру болып табылады. Батыс экономикалық жүйесінің негізінде, дейді А.Тойнби, әлемді уни­фикациялау туралы тезис адамзат тарихының бірыңғай әрі үздіксіз даму процесінің занды қорытындысы ретіндегі фактілерді дөрекі бұрмалауға және тарихи танымды мейлінше шектеуге әкелетін сөзсіз (Постижение истины, М. “Прогресс”, 1991). Қазіргі заманға мұндай көзқарас әлеуметтік өмірді экономика және саясат аспектілерімен ғана шектеп, оны мәдениеттен бөліп тастауды мақсат етеді. Батыс тұрғындары басқа өркениет өкілдерін өздеріндей адам ретінде емес, жергілікті жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің бір бөлігі деп қарайды, олардың құқықтарын шектеп, өздерін кемсітеді, дейді А.Тойнби. Ағылшын тарихшысы өркениетті қатып қалған құрылым тұрғысында емес, эволюциялық тұрпаттағы динамикалық құрылым тұрғысында қарастырады. Ол бұл қозғалысты бір бағытта ғана жүріс рұқсат етілген көшедегі көрініске балайды. Өзі айтқан 21 өркениеттің 14-і бұл тәртіпті бұзып, кейін жүргенде бақытсыздыққа ұшырап, тарих қойнауына жұтылып кетті, дейді. Қазіргі өмір сүріп отырған 7 өркениеттің қайсысы көшенің ақырына дейін жете алатындығын, не бір жағына бұрылып, апатқа ұшырамайтынын, қайсысының қозғалыс ережесін бұлжытпай сақтап, алға жылжи беретінін ешкім де білмейді (Қараңыз: сонда, 87-бет). Жабайы қоғам кейде ішкі мутация арқылы өркениетке ұласады. Бұл екеуінде де мимсенс (еліктеу) орын алады. Жабайы қоғамда еліктеу аға ұрпаққа немесе өмірден өтіп кеткен аруақтарға қарай бағытталады. Бұл өткенге бағытталған қоғамда әдет-ғұрып үстемдік етеді, әрі қоғамда тұрақтылық басым болады. Ал өркениетте еліктеу шығармашыл (творчестволық) тұлғаларға арналады. Мұндай қоғамда, яғни өркениетте әдет-ғұрып ұмыт қалып, қоғам өзгеріс пен өрлеу жолына түседі. Сонымен, өркениетке ілгері жылжу тән де, жабайы қоғамға самарқаулық, тоқырау тән болып келеді. А.Тойнби өркениет кейбір артық жаратылған ақ нәсілділердің қызметінің жемісі деген көзқарасты жоққа шығарады. Өркениетті жалғыз бір нәсілдің емес, әртүрлі нәсілдердің (раса) қатысуымен дүниеге келген феномен деп есептейді. Соңғы уақытта бірқатар ұжымдық жинақтар мен осы өркениетке байланысты мақалалар жарияланды. С.Капицаның басқаруымен “Преодолевая барьеры: Диалог между цивилизациями” (М. Логос, 2002), Т.Тимофеевтің жетекшілігімен “Дилеммы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски” (М.: Вариант, 2008), М.Мчедловтың басқаруымен “Российская цивилизация: этнокультурные и духовные аспекты. Энциклопедический словарь” (М.Республика, 2001) және басқа жинақтар шықты. Бұлардың бәрінде жоғарыдағы екі мәселенің ерекшеліктері мен сипаттары сөз болады. Бірақ зерттеушілердің көбі бұрынғы өткен ғалымдардың пікірлерін қайталаумен шектеліп, өзінше пікір айтудан, өркениеттің анықтамасын беруден тайсақтай береді. Американ саясаттанушысы С.Хантингтонның “Өркениеттің қақтығысы” атты мақаласы “Полис” журналында (1994, №1) тұңғыш рет орысша жарияланды. Бұл мақала саясаткерлер, тарихшылар, саясаттанушылар, философтардың арасында үлкен дүрбелең туғызды. С.Хантингтон өзіндік қағида ұсынды. Бұл Д.Белльдің “Идеологияның ақыры”, Ф.Фукуяманың “Тарихтың ақыры” концепцияларының жалғасы еді. Ресейдің бүгінгі ғалымдары да өркениет проблемасына жете назар аудара бастады. Олар Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Ресейдің өркениеттік тұтастығын қалыптастыру жайына ерекше мән беріп отыр. Профессор С.Соколов Орыс жұртының өркениет жайын сөз ете отырып, бүгінгі таңда Ресей үшін өзіндік, шағын өркениетті қалыптастыру емес, осы елдің қазіргі өркениеттік тұтастығын сақтау басты міндет болып отыр, деп жазады. Кез келген қоғам өркениетке ие бола алмайды. Тек рухани-практикалық биік деңгейді игерген, біртұтас, толыққанды қоғам ғана ол биікке шыға алады. Қоғамдық жүйесі қалыптаспаған қоғам өркениетті қалыптастыра алмайды, өйткені ол “әлеуметтік денесінің” ғана тұтастығына жетті, ал рух пен тәннің тұтастығына жете алған жоқ. Ал өркениет дегеніміз, дейді С.Соколов, ол қоғамдық-рухани мегажүйе, ол қоғамдық болмыстың барлық салаларына ықпал жасайды, оған өркениеттік сипат береді (“Свободная мысль”, 2006, №7-8). Профессордың пікірінше, өркениет нендей бір атақты этностың (ұлттың) мәдениетінің биік деңгейін көрсетеді, кейін ол басқа халықтарды да рухани-практикалық жағынан тұтастырып, солардың игілігіне қызмет етеді. Мәселен, ежелгі гректердің мәдениетінің жаңашыл үлгілері (көзқарасы, институттары, қоғамдық болмыс салалары, өмір салты) басқа этностардың ортақ игілігіне айналып, өркениеттік сипат алды. Соның нәтижесінде өркениет этностан, ұлттан жоғары тұрып, интеграциялық күшке айналып, ұлттық оқшауланушылықты болдырмауға көмектеседі. Өркениеттің басқа да анықтамалары бар. Мәселен, американ ғалымы С.Хантингтонның ойын түпнұс­қасында келтіре кетейік: “Мы можем определить цивилизацию как культурную общность наивысшего ранга, как самый широкий уровень культурной идентичности. Следующая ступень составляет уже то, что отличает род человеческий от других видов живых существ. Мировые цивилизации определяются наличием общих черт объективного порядка, таких как язык, история, религия, обычаи, институты, а также субъективной идентификации людей” (“Полис”, 1994, №1). Өркениет үнемі қозғалыстағы феномен. Ол қалыптасу, дәуірлеу, күйреу, жойылу немесе басқа өрке­ниетке ұласу кезеңдерін бастан кешіреді. Өркениеттің қалыптасуы адамдардың бірқатарының өмір салтын өзгертумен, жаңа құндылықтардың пайда болуымен, харизматикалық көсемдердің сахнаға шы­ғуымен және өркениеттік доктринаның (қасиетті дін кітаптары, партияның бағдарламалары және т.т.) дүниеге келуімен басталады. Өрлеу кезеңі өркениеттің көзқарасы, менталитеті, институттық жүйелерінің жақсы жұмыс істеуінің жемісі. Ал күйреу – оның идеясын жақтаушылардың азаюымен бірге келеді. Өркениет ұғымы гуманитарлық әлемде ежелгі дүниеден бері белгілі. Тек ХVІІІ ғасырдан бастап қана айналымға ене бастады. Оған дейін адам баласының дамуында варварлық дүниенің антонимі ретінде белгілі болып келген-ді. Адамзат тарихында ол ұзақ мерзімге созылды. Варварлық қоғамның өркениетке ұласуы кейінірек жүзеге асты. Алғашқы кезеңнен дамудың бұл сатысы аса ұзақ болмады. Адамзат баласы дамуының варварлық кезеңінен кейін келген бұл дәуірді алғашқысынан айыру үшін өркениет (цивилизация) деген атау берді. Оның белгілері жеке адам, қоғам деңгейінде танылып, қабылданды. Варварлық ұғымы өркениет дүниеге келген соң ұмытылып кеткен жоқ. Қазір өркениеттің жер шарында кең қанат жайған кезінің өзінде өмірде кездесетін жантүршігерлік ауыр қылмыстарды, қатігездікті, озбырлықты, адам ғана емес, жаны бар тіршілік иесін азаптауды тағылық деп қабылдаймыз. Адам баласы әлі де көптеген жыртқыштық қасиеттерден арылып болған жоқ. Олардың көріністері барлық қоғамда сіркедей жабысып әлі қалмай келеді. Варварлық адамның табиғатқа, қоршаған ортаға қарым-қатынасынан көрінеді. Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Ол алғашқы дәуірде табиғаттың жемісін пайдаланды, сонымен күнелтті. Аң аулап, оның етін жеді, терісін үстіне киім етіп киді. Сан мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғат байлықтарын, жан-жануарларды қырып, өз кәдесіне жаратты. Олардың ертеңгі күнге де қажеттілігі ескерілмеді. Жыртқыш­тықпен, қатігездікпен ысырапқа ұшыратты. Кейін адам санасы өсті. Бірақ бәрібір қиғаштықтар болмай қалмады. Мысалы, табиғаттың бермегенін қолдан тартып аламыз, табиғаттың әміршісі бізбіз, деген түсінік кеңес дәуірінде үлкен белең алды. Мичурин ілімі осыны насихаттады. Табиғатқа зорлық жасалды, оның тепе-теңдігі сақталмады. Айталық, шіркейге қарсы күресеміз деп жүріп, онымен қоректенетін, жылда айналып, ұшып келетін сирек құстардан айырылып қалдық. Бұл жыртқыштық емей немене? Ресей философы Н.Матрошилова өркениетті медальдің бір жағы деп қараса, оның қарама-қарсы беті варварлық деп ұғынды. Варварлықтың бұл сыпайы түрі, көзге бірден шалынбайтын түрі күнделікті тіршілікте аз кездеспейді, деп жазады. Бірқатар елдерде әлі күнге дейін тұрмысқа бейімделмеген лашықтарда адамдардың тұруы, сусыз, жарықсыз, жылусыз, антисанитарлық күйдегі баспаналар, тауар­лардың жасанды түрлерін шығару, адам денсаулығына қауіпті дәрі-дәрмектерді сату, алдау-арбаумен аңқау жандарды жерге отырғызып кету – міне бұл жағымсыз жайлар өңі айналған варварлық құбылыс болып табылады. Бұлардың өркениеттен ауылы алыс дүниелер екені сөзсіз. (“Вопросы философии”, №2, 2006). Жуырда қазақтың көрнекті философы, академик Д.Кішібековтің “Культура и цивилизация” атты кітабы (Алматы. “Қарасай” баспасы, 2009) жарық көрді. Көптің назарында жүрген бұл тақырыпқа қалам сілтеген авторлардың жазғандарына шолу жасап, О.Шпенглер, Н.Бердяев, А.Тойнби, Н.Элиас, С.Хан­тингтонның еңбектеріне жеке-жеке тоқталған. Автор бұлардың “цивилизация” туралы айтқандары бір-біріне ұқсамайтынын, әрқайсысы бұл ұғымды талдауда өз тұрғысынан келгенін атап көрсетеді. Бұлардың тұжырымдарының дұрыс жақтарымен бірге кемшіліктерін дөп басып, өзіндік пікір айтуға ты­рысады. “Мәдениет” пен “өркениет” ұғымдары көзі ашық жанға түсінікті, әрі жиі қолданыста жүрген тер­миндер болғанымен, бұлардың бір-бірінен өзгешеліктері туралы нақты түсініктер жоқ. Бұларды көбінесе синоним ретінде қолдану жиі бой көрсетіп жүр. Автор мұндай көзқараспен келіспейді. Өзі тоқталған ғалымдардың анықтамаларындағы кемшіліктерді дөп тауып көрсетіп, оларды орынды сынға алады. Кітаптың қорытындысында Д.Кішібеков өз ойларын былайша түйген. Мәдениет пен өркениет синонимдер емес. Осы уақытқа дейін зерттеушілер бұл екеуін ажыратып қарастырған жоқ. Өркениетті мәдениетке жатқызады немесе мәдениетті өркениетке жатқызады. Кейінгі авторлардың бәрі О.Шпенглер, А.Тойнби, С.Хантингтон шырмауынан шыға алмай, солардың айтқандарын әртүрлі редакцияда қайталап, тақырыпты шиырлаумен келеді. Бірі өркениетті дамудың ақыры, мәдениеттің күйреуі деп түсіндірсе, екіншісі қоғамдық-саяси жүйенің формасы ретінде қарастырады, үшіншілерді өр­кениетті елдің дамуының биік деңгейі деп түсіндіреді, өркениетті мәдениет деп ұғып, әлсіз елдерді өркениеттен аулақтата түседі, деп қорытындылай келіп, Д.Кішібеков барлық алдыңғы авторлардың айтқандарын жоққа шығармай, олардың оңды пікірлеріне сүйене отырып, ол өркениетті өзінше қарастыруға ұмтылады. Дәлірек айтсақ: “попытался в данной работе рассмотреть по-другому, а именно как благо, в котором люди живут спокойно, довольны своей жизнью, независимо от того, на каком бы социально-экологическом уровне они не находились... Поэтому, чтобы стране считаться цивилизованной, ей надо строить жизнь на благо людей. Это когда в стране действует демократия и закон... Главное, чтобы народ был доволен своей жизнью. Чтобы люди были обеспечены работой, бы­ла крыша над головой, дети не страдали от недостатков самого необходимого, чтобы они учились, рос­ли физически и духовно крепкими. Вот что такое в моем понимании цивилизация”. (Қараңыз: 221-бет). Өркениет анықтамасын ашуда орыс философтары жақсы ой айтуда. Бұлардың еңбектерінен көңілге қонатын тұжырымдарды жиі табуға болады. Мәселен, әлемге есімі белгілі осы заманғы орыс философтарының бірі академик В.Степин 2005 жылы өткен ресейлік ІV философиялық конгресте жасаған “Философия және өркениеттік өзгерістер дәуірі” атты баяндамасында оған егжей-тегжейлі тоқталды. Ол мынаны атап көрсетті: “өркениет” ұғымы көптеген мағынада, негізінен үш мағынада: біріншісі адамзат жетістіктерінің жиынтығы ретінде, яғни адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, әлеуметтік даму сатыларымен алға өрлеу тарихы ретінде қолданылады. Өркениеттік жетістіктер деп ең алдымен дамуды, жүйелі түрде күрделілене түсуді, “екінші табиғаттың” – адам қолымен жасал­ған дүниелер мен процестің ұлғаюын бейнелеу мағынасында қолданылады. Өркениеттік жетістіктер деп дөңгелекті, бу машинасын, автомобильді, ұшақты ойлап табу, жарықты, атом энергиясын игеруді жатқызуға болады. Сондай-ақ, академик өркениеттік табыстарға әлеуметтік байланыстар мен адамдар арасындағы қатынасты реттеуді қамтамасыз етуді де жатқызады. Жазуды ойлап табу, нарық пен ақшаны, демократияны, адам құқықтарын анықтау да өркениеттің жемістеріне жатады. Өркениеттің екінші мағынасы: тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде дүниеге келген қоғамның ерекше бір типі. Бұл терминді осы мағынада Арнольд Тойнби де қолданған. Ол ұғым әлеуметтік организмнің ерекше бір түрі ретінде қабылданады. Бұл мағынаны еске алғанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет тарихы мен өркениет тарихы
Мәдениет философиясы туралы
МӘДЕНИЕТ және ӨРКЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Мәдениет және Өркениет туралы ақпарат
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы
Мәдениет пен өркениеттегі ғылым
Мәдениет және оның адамның өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі. Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлі. Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар
Мәдениет және өркениет аясындағы ұлттық тәрбие
Пәндер